Ғылыми жоба Мыңғыш Даулетов

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұмыстың мақсаты:


  1. Оқушылардың тарих туралы білімін көтеру.

  2. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.


Жұмыстың міндеті:

1. Туған өлке тарихын тану-ғылыми ізденімпаздыққа бастайтын,нақты жол.

2. Ақсары болысының басқарушыларының өмірімен,өткен соқпақ жолдарымен

таныстыру.





2

Мазмұны:

  1. Жобаның мақсаты,проблема,күтілетін нәтиже--------------------- 2 бет

  2. Мазмұны --------------------------------------------------------------------3 бет

  3. Кіріспе ..............................................................................................4 бет

  4. Негізгі бөлімі -------------------------------------------------- --------- -- 5-10 бет

а) Ақсары болысының құрамы

ә) Мыңғырбайдың (Мыңғыш) болыстық қызметі

б) Мыңғырбай ұрпақтары туралы

  1. Қорытынды -----------------------------------------------------------------11 бет

  2. Пайдаланған әдебиеттер ..................................................................12 бет

ІІ.Слайд ----------------------------------------------------------------------








3


Кіріспе

Мыңғырбай (Мыңғыш) Байдәулетұлы ХІХ-ХХ ғасырда бұрынғы Қу ауданында «Майдан» қыстауында дүниеге келген . Сол Қу ауданында болыс болып,елді басқарған әулетті биік бай адам болған. 36 жыл қатарынан ел билеген,12 мәрте болысқа түсіп, биік мәртебеге ие болып елдің көңілінен шыға білген басшы болған.Ел бірлігін сақтаған,тыныштығын көксеген елге жайлы болған адам. Сол Қу ауданына 2008 жылы 100 жыл толды.

Менің «Туған жерім-тұнған тарих» тақырыбын таңдаған себебім,Мыңғырбай (Мыңғыш) Байдәулетұлы туған жері «Майдан» қыстағы.Сол қыстауында менің атам Сейфолла Зеиітұлы қоныстанған. Сол қыстауда Мыңғырбай (Мыңғыш) Байдәулетұлының тұрған үйінің орны бар..Сол қыстауда көне жәдігерлердің неше түрін таптым. Олар көне заманда жасалған бұйымдар: Білезік,сырға,сақина, үзеңгі,таға, кетпен, темір бетіндегі адам бейнесі. Әсіресе менің қызығушылығымды тудырған,сол қыстауында орналасқан ағаштан қиып салған тас құдығы бар. Ол құдықты Мыңғыш құдығы деп атаған.




4

Негізгі бөлім

Қарқаралы қаласынан 100 шақырым көлемдегі ауылдар 1871 жылға таман Қарқаралы болысына біріктірілген. 1884-1887 ж.ж-8 ауылдың құрамымен Ақсары болысы Берікқара болысынан бөлінеді. Болыс басқарушы болып ақсарылықтардың атақты биі Мыңғырбай (Мыңғыш) Байдаулетұлы сайланады, оның орынбасары болып Жуватай Жандаралов бекиді.

Мыңғырбай Байдаулетов он екі рет қатарымен болыс басқарушысына сайланған, бірнеше рет мәртебелі белгілермен марапатталған төмендегідей: І-ІІ-ІІІ разрядтағы Құрметті халаттармен, Станислав лентасындағы медальмен, күміс сағат пен күміс подстанниктер, тағы басқалары бар.

Осы жылдары ауылдар нөмірлене бастайды. Ауылдар бойынша билер тізімі:№1 Белқожа Нуров, №2 Байқұтты Жұманов, №3 Қошубай Қияқов, №4 Абди Салтанов,№5 Байбатыр Жаманбаев,№6 Садырбек Нұрманов,№7 Көке Байсамақов,№8 Иса Өскенбаев.

1884 жылы Дала генерал-губернатордың канцеляриясы Қарқаралы уезінің болыс басшыларынан ру-тайпалық тізім талап етіп, оған қоса шаңырақ саны қосылған. Ақсары болсының ру тайпалық құрамы төмендегідей:

Құдайберді руы: Усен-60, Қосағаш-340, Алтай руы: (Бұл кісінің аты Алдаберген болған) Итболды-100, Байболды-150, Қара руы: Жүзен-30, Өтен-50, Тоқабай-50, Қожас-340, Сейт-30, Төлеңгіт-ауылы, Қырғыз-120, Қамбар-83, Тарақты-40, Рамадан-60, Қанжығалы-60, Бөкей сұлтаннан тарағандар-35, барлығы 1540 шаңырақ (кибиток). 1887-1890 жылдар. Мыңғырбай Байдаулетов болыс басқарушы, Абди Салтанов-орынбасары. Ауылдар бойынша билер тізімі:№1 Белқожа Нұров,№2 Байқұтты Жұманов,№3 Сатыбалды Көшекбаев,№4 Сұлтан Абдрахман Абдин,№5 Кокебай Қарабатыров,№6 Садырбек Нұрмақов,№7 Көке Байсамақов,№8 Иса Өскенбаев.

Болыс тұрғыны Бек Асанов 7 шілде 1890 жылы күміс қасықтар сыйымен марапатталады.1890-1893 жылдар. Болыс басқарушысы Мыңғырбай Байдаулетов, орынбасары Шыңқұлақ Сердалин, ауылдар бойынша билер тізімі: №1 Сұлтан Құлжа Абілханов, №2 Т. Байғозин, №3 Сатыбалды Көшекбаев, №4 Сұлтан Абдрахман Абдин, №5 Қоқабай Қарабатыров, №6 Садырбек Нұрманов, №7 Ахмет Джаватив, №8 Иса Өскенбаев пен Жұматай Алтаев.1893-1895 жылдар. Болыс

5

басқарушысы Мыңғырбай Байдаулетов, орынбасары Майкеше Байдаулетов.

Ауылдар бойынша билер тізімі: №1 Иса Өскенбаев, №2 Көке Байсамақов, №3 Садырбек Нұрмақов, №4 Абылхан Абдин, №5 Құлжа Абылханов, №6 Байқұтты Жұманов, №7 Сатыбалды Көшекбаев, №8 Нұрпейіс Боқаев пен Қосыхан Беков.

1895-1897 жылдары Болыс басқарушысы Мыңғырбай Байдаулетов, орынбасары Сәнеке Мыңғырбаев. Ауылдар бойынша билер тізімі:

№1 Иса Өскенбаев ( 2 сәуір 1897 жылы қайтыс болған) №2 Көке Байсмақов, №3 Садырбек Нұрмақов (ауырулығына байланысты қызметтен 25 қараша 1895 жылдан босатылған) №4 Абди Салтанов, №5 Мұса Жақаев, №6 Байқұтты Жұманов, №7 Сатыбалды Көшекбаев, №8 Кокебай Қарабатыров.

19 қараша 1896 жылы Семей губернаторы Ақсары болысының тұрғыны Балсейіт Матаевты «Мақтау қағазымен» марапаттап, болыс басқарушысының орынбасары Сәнеке Мыңғырбаевқа №7 ауылдың биі Сатыбалды Көшекбаевқа және ауыл старшинасы Шолақ Бердалиндерге өзінің (губернатор) алғысын білдірген.

1877 жылдың мәліметі бойынша Ақсары болысында сегіз ауыл.1549 шаңырақ (кобиток) және 7737 адам болыс халқын құраған. 1898-1901 жылдар.Болыс Басқарушысы Мыңғырбай Байдаулетов, орынбасары Майшеке Байдаулетов. Ауылдар бойынша билер тізімі: №1 Әбіш Бейсенбаев, №2 Көке Байсамақов,№3 Өтелбай Бекхожин,№4 Абди Салтанов, №5 Құлжа Абылханов, №6 Байқұтты Жұманов, №7 Сатыбалды Көшекбаев, №8 Тлеубай Машаев. 1899 жылдан Қарқаралы мешітінің молласы болып Көбекбай Джетмышев ( Көмекбай Жетпісов) бекітілген.

1902-1904 жылдарға 15 қазан 1901 жылдан бастап басқарушы болып Мыңғырбай Байдаулетов бекіп, орынбасары-Сәнеке Байдаулетов. Осы жылдары Мыңғырбай. Байдаулетов Қоянды жәрмеңкесінің уақытша басқарма мүшелігіне кіріп, дала сауда-саттығының келешек құрылыс жоспарына қатысқан бабамыз болады. Орыс-жапон соғысы кездерінде Мыңғырбай Байдаулетов жетім-жесірлерге арнап қаржы жинап берген.

Ауылдар бойынша билер тізімі: №1 Әбіш Бейсенбаев, №2 Ахмет Коскин, №3Өтелбай Бекхожин, №4 Мұсағұл Әбдин,№5 Мұса Жақаев, №6 Байқұтты Жұманов, №7 Сатыбалды Көшекбаев, №8Тлеубай Машаев, 30 маусым 1901 жылы болыс тілмәшы Иван Чернышев, губернаторлық мақтау қағазымен

6

марапатталды.1905-1907 жылдар Мыңғырбай Байдаулетов сегізінші мерзімде болыс басқарушына бекіп, орынбасары Сәнеке Мыңғырбаев бекітілді.Осы

уақыттан бастап әр биге орынбасар бекітіле бастайды. Ауылдар бойынша билер мен орынбасарларының тізімі:№1 Келдібек Өскенбаев пен Ашкадер Сариков, №2 Ахмет Сағынаев пен Дәрібай Жарысбаев, №3 Құсайын Садырбеков пен Жар Расхожин, №4 Мусагул Абдин мен Абдул Султанов,№5 Құлжа Әбілханов пен Әділхан Абаев, №6 Қалыш Қостаев пен Байқұтты Жумаков, №7 Жанық Жайсанбаев пен Кенжебек Нұралин, №8 Нұрмағанбет Жылқыбаев пен Кокабай Қарабатыров.

Ресейдің Мемлекеттік думасына сайлаушылық құзыретін Ақсары болысы халқының атынан бекітілгендер: №3 ауылдан Ыбрай Койбасов-1875 жылы туған, №8 ауылдан Нұрмағанбет Жылқыбаев-1870 жылғы.

1908-1910 жылдар.Болыс басқарушысы Садуақас Мыңғырбаев, орынбасары Сәнеке Мыңғырбаев.Ауылдар бойынша билер тізімі: №1 Әбіш Бейсенбаев, орынбасары Балсейт Матаев(1 сәуір 1908 жылы қайтыс болды) №2 Ахмет Сағынаев(17 шілде 1909 жылы қайтыс болды) орнына А.Даулетов бекіді, №3 Қусайын Садырбеков пен Сейсенбек Игишев, №4 Мұсағұл Әбдин мен Әбдрахман Әбдин, №5 Құлжа Әбілханов пен Сыйқымбай Байтеміров, №6 Қалыш Қостаев пен Бодық Қостаев, №7 Жақын Жанабаев(Жайсанбаев) пен Серкембай Сәрсенбаев, №8 Аманбай Шоншаев пен Оспан Тлеубердин, №9 Жаужан Бурин мен Оспан Онтарбаев, №10 Калдырбек Каржин мен Махамбет Құдабаев. 23 наурыз 1909 жылдан болыс молдасы болып Егеубай Жантаев бекітілді.1910-1913 болыс басқарушысы Садуақас Мыңғырбаев, орынбасары Әбілқас Санекин. Ауылдар бойынша билер тізімі:

№1 Әбіш Бейсенбаев пен Омар Жолдасбаев, №2 Жүсіпбек Ахметов пен Мұқаметәлі Толыбаев,№3 Құсайын Садырбеков пен Әлібек Төлекбаев №4 Мұсағұл Әбдин мен Дүйсенбай Топаев, №5 Құлжа Әбілханов пен Солтанбек Ержанов, №6 Сүлеймен Байгуттин мен ахмет Райымбеков, №7 Жақып Жанабаев пен Беркін Макеев, №8 Төлепберген Сарымсақов пен Даулетбаев, №9 Қонқай Оңғарбаев пен Кендікбай Мергенбаев, №10 Киік Берданев пен Осман Бедисугоров, №11 Сүлеймен Санекин мен Есілхан Абаев. 1914-1916-14 желтоқсан 1913 жылдан Хасен Садырбеков Губернатор бұйрығымен болыс орынбасарлығы-

7

на бекітіліп, болыс басқарушысының міндетін атқарған. Дала губернаторының 28

наурыз 1916 жылғы бұйрығымен Ресей әскеріне кигіз үй бергені үшін, әскери отбасына көмек көрсеткені бар. 1915 жылғы егін орағын ойдағыдай аяқтағаны үшін, әскерге шақырушыларды жиналу нүктесіне жеткізуді қамтамасыз еткені үшін «Мақтау қағазымен» марапатталды. №5 ауылдың биі Танеке Киікбаев пен болыс хатшысы Ахмет Бектыбаевқа губернатор атынан алғыс жарияланады. Ауылдар бойынша билер тізімі: №1 Әбіш Бейсенбаев пен Смағұл Балсейтов, №2 Ахмет Коскин мен Бүркіт Дүйсенбаев, №3 Құсайын Садырбеков пен Тәтіқұл Әділбаев,№4 Аққыз Тобаев пен Мұсағұл Әбдин, №5 Тәнеке Киікбаев пен Құлжа Әбілханов, №6 Сқақ Айдаболов пен Сыздықбай Тұңғышев, №7 Жақып Жанабаев пен Ақыжан Кендібаев, №8 Төлепберген Саржанов пен Төкен Боқаев, №9 Жаужан Бурин мен Қонқабай Оңғарбаев, №10 Қалдырбек Карпин мен Киік Бердин, №11 Әблез Батылханов пен Әділхан Абаев.

Өз өлкемді танысам деген ізденушіге әр фамилия тарихи ізденістің кілті сияқты. Мысалы, Мыңғырбай Байдаулетовтің қыстауы Қарқаралыдан 70 шақырым жерде тұрады. Бұл жер қазына іздеушілер мен кен барлаушыларын қызықтырған жер. Семейге апаратын «генерал жолындағы» Бүркітті бекетіне тоқтағандар «Мыңғыш» құдығына соқпай өтпейді екен.

Мыңғырбай Байдаулетовтың қоныстанған жерінде қазір әкеміз Коскин Сейфолла Зейітұлы «Алға» шаруа қожалығын құрып, осы жерде мал асырап,егін салып еңбек етуде. Қазіргі күні қыстаудың аты «Майдан» деп аталады. Қыстақтың басында Мыңғыш атаның ағаштан қиып салған тас құдығы бар. Құдықтың астыңғы жағын ағашпен қиып шығарған. Осы Майдан қыстағында Мыңғыштың үлкен ағаштан салынған үйі болған. Оны 1965 жылы совхоз кезінде бұзып, ағашын үй салуға пайдаланған дейді. Ал Мыңғырбай (Мыңғыш) өзінің туған інісі Сәнекенің үйін бұзғызып 1908-1909 жылдар қазіргі Егіндібұлақ басына мектеп салғызған екен. Сол мектептен көп адамдар оқып білім алған. Егіндібұлақтың басына ағаштан салынған мектеп болған. Кейінгі кезде Егіндібұлақта дәрігерлік амбулатория болған көрінеді. Қазір ол үйдің орны ғана жатыр. Мыңғыш Байдаулетұлының зираты Балқантау селолық округіне қарасты Айнабұлақ ауылында. Байдәулетұлы Мыңғырбай ( Мыңғыш) түпкі атасынан бері дәулеті үзілмей келе жатқан тектінің бірі. Берікқара болысынан бөлініп шығып, Ақсары

8

болысы аталған Қаралар Мыңғыш Қарасы деп аталады. Мыңғыш атамыз 12 сайлау, яғни 36 жыл үзбей болыс болған. Бұл атамыз халықтан сойыс сойдырып,ат мінбеген, бар азық-түлігін өзімен бірге ала жүріпті. Салық төлеуге шамасы келмеген шаруаның салығын келесі жәрмеңкеде өтер деп, өзі төлейді екен. Осындай қайырымдылығы арқасында халық арасында сыйлы болған, болыстыққа таласуға ешкімнің құдіреті жетпеген. 1917 жылы дүние салған екен. Қартайған кезінде халқын жинап, « Мен енді қартайдым, басқа адамды болыс қойыңдар,» деп жағдайын айтыпты. Халқы «Сіздің балаңыздың біреуі болсын. Өзіңіз атаңыз,» дейді. Мыңғыш сайлауға дейін жауап бермей ойланумен болады. Баласының үлкені Сәнеке ойлайды-маған беретін шығар деп. Қара шаңырақта отырған Сәду ойлайды- менің жолым деп. Ертең тас саламыз деген күні Мыңғыш Сәдуді атапты. Бұған наразы болған Сәнеке келесі сайлауда партияны құрып жіберіп, болыстықты тартып алады. Екі жағы кезек болыс болып,тіпті,кейде басқа адам болыс болған. Екі сұңқар таласса, бір қарғаға жем болар деген сол да.





9

Ел аузынан тараған әңгіме:

Мыңғыштың 1000 - нан артық жылқысы болған деседі. Жылқыларын Біләл деген адам баққан. Біләлді Самарын деп атапты. Жылқыны бір санаған соң, санамайды екен. Мыңғыш өзі жылқының иесі болса да «мынаны сой»,- деп айтпаған көрінеді. Жылқышыларына қайсысын сойғың келеді, соны сойып жей беріңдер- дейді рұқсат еткен. Жылқышылар қармен көмілген екі киізді мекендеген. Үйдің қардан тек мұржасы ғана көрініп тұрған. Таң атпай киіз үйде ет пісіретін көрінеді. Мыңғыштың екі әйелі болған. Бәйбішесі Байбол, тоқалдың аты Жапа. Малының көптігі сонша кәрі малды «жеті қазынаның бірі» деп итке беріп отырған.






10

Қорытынды бөлім

Қорыта келе, жаңа жасалып жатқан қазақ тарихына, аруақты бабалардың шыққан тегі, өмір сүрген ортасы, ұрпағы жөнінен мәлімет беріп, Қарқаралы өңірінің тарихына Мыңғырбай (Мыңғыш) бабамыздың жүріп өткен ізіне үңіліп зерделеп үлес қостым .

Қуаңшылық кетер, бел қалар.- деп Биатам айтқандай олар да кетер, ұрпақ қалар, Сол келер ұрпақ қайдан шықтық демесін.

Ғылыми жоба Мыңғыш ДаулетовҒылыми жоба Мыңғыш ДаулетовҒылыми жоба Мыңғыш ДаулетовҒылыми жоба Мыңғыш ДаулетовБайдәулет

Ғылыми жоба Мыңғыш ДаулетовҒылыми жоба Мыңғыш ДаулетовҒылыми жоба Мыңғыш ДаулетовҒылыми жоба Мыңғыш ДаулетовСәрік Мыңғыш Жұмаділ Майшеке

Ғылыми жоба Мыңғыш ДаулетовМұқаш, Әшкер Тілеубек,Ахмадия Ескендір Сәнеке

Ғылыми жоба Мыңғыш ДаулетовРымбек

Ғылыми жоба Мыңғыш ДаулетовМекен

Мирас



11

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қарқаралы газеті . 2006ж 23 желтоқсан

  2. Жұмажан Нұртайұлы Әлиманов «Қара - Шормыз...» Шежіре тарихи әфсаналар Қарағанды 1999ж.







12




© 2010-2022