Ашық сабақ ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗЫМЫЗ

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жәнібек колледжі» МКҚК









Бекітемін____________

Директордың оқу жұмыстары жөніндегі

орынбасары Б.Сарбалина













ОТАНДЫ ҚОРҒАУ - ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗЫМЫЗ

(дәстүрден тыс сабақ)











Өткізген пән мұғалімі: Сагиндиков М.А.

















Жәнібек, 2016 ж



Сабақтың тақырыбы: Отанды қорғау - қасиетті парызымыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан қиын-қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау-фашизммен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру.

Тәрбиелік: Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, достық, бірлік, татулық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.

Дамытушылық: Оқушыларды Ұлы Отан Соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.

Көрнекілік: Карта «Ұлы Отан соғысы» 1941-145 жж., Кеңес Одағының «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы» фильмінің 1-2 бөлімдері, «Жәнібек соғыс жылдарында» фильмі, проектор, тірек-схемалары.

Жоспар:

  1. Ұлы Отан соғысының басталу барысы

  2. Соғыс уақытындағы ССРО, Қазақстан, Жәнібек

  3. Соғыс зардаптары

  4. Қорытынды. «Жеңіс - оңайлықпен келген жоқ»

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақ түсіндіру

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939ж.) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағында басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылы оргта кезеңінде - ақ (18 желтоқсан) Гитлер басшылығымен СССР-ге басып кірудің «Барбаросса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді.

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең-байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің сасатымыз», - деді Гитлер өз сыбайластарына,- алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Құыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашисттер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжән, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжаң кіргізілді. Фашисттер Кеңес адамдарын қырып - жою жолына осылай түсті.

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы

Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады.

Германия фашизмі

Соғыс өртін өршітті Италия

Жапон милитаризмі

Дүниежүзілік соғыс картасына қарайық:

1936 ж. Германия мен Жапония

1937 ж. Италия антикоминтерндік пактіге қол қойды

Берлин - Рим - Токио «Осі» пайда болды. Берлин пактісіне айналды.

1939 ж. Бұларға Венгрия, Испания қосылды.

1940 ж. Финляндия, Дания, Румыния, Болгария қосылды.

ССРО өзіне қарсы құрылған блоктар торын бұзуға тырысты. Карта 1939 ж. - ағылшын, француз, совет (кеңес) көктемде келіссөз басталды; (алайда империалисттік мемлекет көзқарасы). Осы жылы Польша, Румыния, Түркияны келіссөзге тарту ұсынылды, сәтсіз болды.

1939 ж. Жапония Хасан көлі жағын шабуыл жасады

1939 ж. Мамырда Жапония Халкин-Гол маңындағы Монғолия территориясына басып кірді. Соғыс 4 айға созылды.

Бұл оперияларға Г .К. Жуков басшылық кетті.

...Ой-толғам сәті:

Оқушыларға сұрақ - Ұсынылған мәліметтерді қорыта отырып, тұжырым жаса.

  1. ССРО соғыс қаупінен қалай құтылу керек деп ойласың? Жауап: мемлекеттердің антифашистік блогін құру қажет еді (М.М.Литвинов) . Алайда Литвинов пікірі ұнамайды. Сыртқы істер халық комиссары В.М.Молотов (1939ж.). келіссөздер жасалынды, алайда бір-біріне сенім болмады.

  2. Кеңес барлаушыларының мәліметтерін ақылға салу, бірлесіп шешу керек еді. Қолбасшылар Г.К.Жуков, И.М.Чистяков, С.К.Тимошенко, алайда Барлау Басқармасының басшысы Ф.И.Голиков, Ішкі істер халық комиссары - Берия В.И.Сталинді қауіп жоқ деп сендірді. Ең соңғы әңгіме - 1941 ж 21-06 болды. Мұны маршал Жуковтың «Воспоминанич и размышление» (294 бет) соғыс қарсаңындағы естеліктерінен көруге болады.

  3. Дүниежүзілік коммунистік партиялар бірлігін сақтау қажет еді, ынтымақтастықты нығайту.

  1. Алайда В.М.Молотов (1939 ж 28.09). Германия мен ССРО келісімін қорытындылай келіп: «Гитлеризмді жою үшін» соғыс жүргізу ақылға сыйымсыз және барып тұрған қылмыс деп мәлімдеді.

  2. Германия сыртқы істер министрі Риббентроппен соғыстың басталуына кінәлі Англия мен Францияға кінә артатын мәлімдемеге қол қойды.

  3. СССР-ға тұрып, қызмет істейтін партия өкілдері жаппай жазалауға ұшырады,

  4. Концлагерлерде тірі қалған неміс коммунистері Германияға гестапошылар қолына жөнелтілді.



№1 тірек схемасы

Соғыс қарсаңындағы КСРО, Қазақсатан, Жәнібек

Әкімшіл-әміршіл жүйе, тоталитарлық режим



1937-1938 жж. Қуғын-сүргін КАРЛАГ Жеке адам

СТЕПЛАГ құқығын аяққа

АЛЖИР басу. Жазалау

Лагерлер орталығы орг.кыз.кең.

Кеңестер қызметін шектеу

Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындарды Қазақстанға көшіру жүргізілді.

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:

  1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;

  2. 1942жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорус жерлерінен әкелінді.

Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті. Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авиация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, №3 Александр радио заводы, С.Орджоникидзе атындағы механика заводы және т.б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан 40 завод орналастырылды.

Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы,Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы және т.б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.

Қазақ КСР - не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар - Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтобе, Орал қалаларында орналастырылды.

Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дей болды.

Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.

Соғыс зардаптары. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

№2 тірек схемасы

Бірінші дүниежүзілік соғысқа - 1 млрд астам халқы бар 36 мемлекет қатысса, 1939-1945 жылдардағы соғысқа 1 млрд 700 млн халқы бар 61 мемлекет қатысты. 40 мемлекет территориясы - ұрыс шайқасына айналды.

№3 тірек схемасы

Кеңес Одағының дүние мүлік шығыны - 2 триллион 600 млн сом болды.



1710 қала 9800 колхоз 70000 ауыл 2876 совхоз 32000 өнер

Кәсіпорны

№4 тірек схемасы

Қазақстан халқы санының өсіп- кему динамикасы

1931 ж 1945 ж 1941 ж

5 млн 450000 3 млн 150000 3 млн 750000

Ұлы Отан соғысына 500000 қазақ аттанған. Оның 70 % қайтыс болған. Ұлы Отан соғысы тарихына алтын әріппен жазылған Сталинград шайқасын жатқызуға болады. Бұл шайқас екінші дүниежүзілік соғыс тарихында үлкен стратегиялық маңызға ие болған. Сталинград шайқасы тарихында Жәнібек ауданының үлесі бар. Неміс фашист көшбасшысымен әуеден бермек соққының негізгі күшін Жәнібек ауданы мен теміржол станциясына бағыттады. Әсіресе, Орал-Урбах-Астрахань темір жол торабына қатты шүйлікті. Өйткені, сол тұста бұл жол Сталинградты қорғап тұрған біздің әскерлер үшін траснпорттың негізгі күре тамыры іспетті еді. Басқа жолдар уақытша жау қолында болды. Сталинград майданына тікелей қызмет ете бастаған осы жоол болатын. Жәнібек ауданы жаудан қорғауды қамтамасыз етуді партия комитетінің сол кездегі бірінші секретары Мырзаәлі Әбрәхманов басқарды. Жәнібек ауданында 1941 жылғы шілде айының басынан бастап СССР дайындау халық комиссариатының өкілі болып істеген кезінде аупоркомның мүшесі болған Мұхамедияр Ғайсин өз естелігінде былайша көрсетеді: «Қырық екінші жылдың қыркүйегінен бастап жау самолеттері Саратов-Астрахань теміржол торабы бойындағы Палласовка, Кайсацк, Жәнібек, Эльтон, Сайхын станцияларын қатты бомбалаған.

1942 жылы 11-12 қыркүйекте фашист самолеттері Жәнібек ауданына қарасты «Алғабас» және «Жаңа тұрмыс» колхоздарының жеріне бомба тастап, 38 мың гектар жердің шөбі жанып кетті.

8 қазанда сағат 10-да Жәнібек ауданында 7 бомбардировщик шабуыл жасады. Осының нәтижесінде механикаландырылған төрт қабат мемлекеттік диірмен, екі жүк машина, жанармай тиілген 2 цистерна өртеніп кетті. Салмағы тонна тартатын ауыр бомбалар элеваторға да тасталды. Жергілікті тұрғындардан шығын көп болды. Қазір 93 совет солдатының денесі ауданымызда бауырластар бейітінде жерленген. Олардың ішінде: орыс, украин, қазақ, татар, грузин ұлттары бар. 11 қазанда жау самолеттері топ-тобымен келіп, Жәнібек теміржол станциясын тағы да бомбаның астына алып, теміржолды істен шығарды, бірақ, асқан жанқиярлықпен тез арада жол қалпына келтірілді. Орал облысының Жәнібек, Орда аудандары жаудың әуеден жасаған шабуылдың салдарынан соғыс жылдары 7 млн сом зиян шеккен.

Өлмейді ісі мәңгілік

Өшпейді абзал есімдер.

Ұрпаққа жетіп жаңғырып

Кетпейді естен есіл ер.

Оқушылар, енді біз «Жәнібек соғыс жылдарында» фильмінен үзінді көрейік.

Қорытынды:

«Жеңіс - оңайлықпен келген жоқ»

Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардң үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды.

Ел бірлігі

Жеңіс Қызыл Армияның ерлігі

Партизан қозғалысы

Тылдағы ерлік

Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азаматтар асқар таудай болып жүрген аталарымызға, апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытауға тиіс.

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар таптады,

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр елі үшін,

Ерденбек, Мәншүк, Хабиелер,

Жаулардың көзін жойды олар.

Жәнібектіктер майданда өшпес ерліктің үлгілерін көрсеткен. Шайқастарда көрсеткен каһармандығы үшін 300-ден астас жәнібектіктер жауынгерлік орден, медальдармен марапатталған. Ақобалық Николай Чуриков, Хаби Хабибуллин, Қамыстылық Ерденбек Ниетқалиев «Кеңес Одағының батыры» атағына ие болған. Ер ісімі- ел есінде. Жалпы Ұлы Отан соғысында 500 қазақстандық - «Кеңес Одағының батыры» атағына ие болған, оның ішінде 97-сі қазақтар. Кір жуып, кіндік жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар ешқашан ұмытылмайды.

Тарихи маңызы:

  1. Гитлерлік Германия мен империалистік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы;

  2. Кеңес халқы өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды;

  3. Кеңес халқы өзінің ерлік күресімен Еуропаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.

Үйге тапсырма: Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022