Ежелгі Ассирияның қалыптасуы 6 сынып

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабақ жоспарыСабақ: 11

Пәні: Ежелгі дүние тарихы

Күні: 19.11.16.

Мұғалім:Жунисова Жібек.

Сынып: 6 «Б»

Қатысқандардың саны:24

Қатыспағандардың саны:

Сабаққа негізделген жалпы мақсаты:

Урарту мемлекетінің қалыптасуы және Ассирияның гүлденуін,мәдениетін,отаршылдық саясатын оқушылардың бойына сіңіру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады,тарихи ұғымдарды талдап,салыстырып, қорытынды жасай біледі.

Тақырыпты оқу барысында оқушылардың патриоттық сезімдері оянып, көшбасшылыққа ұмтылады.

Тапсырмалар:

  1. 1.«Кім зерек» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақ қою,жауап беру арқылы шапшаңдыққа уйренеді.

2.Сергіту сәті.

3.Тақырыпты ашу. 4.»Мағынаны тану»

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.

Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

5.Дәптермен жұмыс.

6.»Сен маған мен саған» әдісі арқылы оқушылар жұп-жұп болып, бір-біріне сұрақ қойып жарысады.

7.»Ия жоқ» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймыз.

Алдыңғы тақырып

Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалар

Ресурстар

Басталуы.


« Кім зерек» бойынша сұрақ-жауап

1.Ассирия мемлекеті қай өңірде бой көтерді?

2.Ассирияның табиғаты қандай болды?

3.Ассирияның ауа-райы туралы не білесің?

4.Ассирияны картадан көрсетіңдер?

5.Ассириялықтардың шаруашылығы туралы не білесің?

6.Ашшур қала-мемлекетінің негізін салушы кім?

7.Ассириялықтардың жаулаушылық соғыстары туралы не білесіңдер?

8.Ассирия патшасы неге қатты көңіл бөлді?

9.Ассириялықтар қай елдерді өздеріне бағындырды?

10.Ассириядағы Ашшурбанипал кітапханасы туралы айтып бер?

11.Ассирия мемлекетін кімдер құлатты?

12.Ассирия б.з.б. нешінші ғасырда әскери қуатты мемлекетке айналды?

13.Ассириялықтардың құрылыс,сурет,өнері туралы не айтасыңдар?

Дүние жүзінің саяси картасы

Стикерлер

Тақырыпқа байланысты суреттер


Ортасы.


« Сергіту сәтін» жасап оқушыларды бір сергітіп аламын

Үш оқушы орындарынан тұрып,бір-бірінің құлақтарына ұлттық музыкалық аспаптарымызды сыбырлап айтады және сол аспаптың дыбысын салып көрсетеді ал, қалған оқушылар қай аспап екенін табады.

Жаңа тақырыпты сұрақтар қоя отырып ашып аламын. Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру. «Мағынаны тану» әдісі арқылы тірек-сөздермен жұмыс жасалады.

Жаңа тақырыпқа байланысты тірек-сөздер:

-Урарту

-Тушпа

-Ван

-Көшпелі мал шаруашылығы

-Бау-бақша

-Храмдар,сарайлар

-Сфинкстер

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы білімдерін толықтыра түседі.

Дәптермен жұмыс жасайды,тірек-сызба арқылы жаңа сабақты меңгеру,керекті мәліметтерді есте сақтау үшін дәптерге енгізу.

«Ия жоқ» ойыны

Сұрақтар қойылады, оқушылар дұрыс болса ия ал, дұрыс емес болса жоқ деп жауап берулері керек.

1.Қазіргі Армения жерінде ертеде Урарту елі өмір сүрген.

2.Урарту мемлекетінің астанасы Тушпа қаласы.

3.Урартулықтар ежелден аңшылықпен айналысқан.

4.Урартулықтардың құрылыс жұмыстары гректерге ұқсас болған.

5.Урартулықтар Ассирияны басып алды.

6 сыныпқа арналған ежелгі дүние тарихы оқулығы

Тақырыпқа байланысты суреттер


Аяқталуы.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтап смайликтер арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма беру: 1.Тақырыпқа байланысты тест құрастыру

2.» Егерде мен патша болсам» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Рефлексия



© 2010-2022