• Преподавателю
  • История
  • Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, мұсылман партиялары, Алаш партиясының құрылуы

Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, мұсылман партиялары, Алаш партиясының құрылуы

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 26.09.2014 ж

Пәні:Қазақстан тарихы

Сыныбы: 11-сынып

Сабақ тақырыбы:

Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, мұсылман партиялары,Алаш партиясының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Қазан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық ахуал және ұлттық мемлекет құру идеясының жандануы, партиялардың құрылуы туралы түсіндіру

  • Ұлттық бірлік,ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту

  • Оқушылардың ойын еркін айтуға дағдыландыру;

  • Қоғамдық өмірдегі саяси шиеленістер кезеңіндегі ұлт зиялыларының іс-әрекеттері мен нәтижелерін көрсету.

Сілтеме:

Қазақстан тарихы пәнінің оқыту әдістемесі ;

қазақстан тарихы пәніне арналған дидактикалық материалдар;


Оқу нәтижесі:

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, дағды;

Оқытуды жақсарту үшін АКТ-ны қолдану


Негізгі идеялар:

Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту,өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.


Сабақта қолданылатын ресурстар:

Интербелсенді тақта, тақырып бойынша тұсаукесер, стикерлер, флипчарт, маркер

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер: сұрақ-жауап, АКТ,СТО

Бағалау түрі: формативті, дөңгелектер тарату

Жұмыс түрлері: жеке,топтық

Дерек көздері:

Б.Ғ.Аяған,М.Н.Шәймерденова "Қазақстан тарихы"

Т.Тұрлығұл,С.Жолдасбаев,Л.Қожакеева"Қазақстан тарихы "

Тапсырмалар:

Мәтінмен жұмыс, тақырып бойынша сызба,кесте,эссе қорғау

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

-----------------------

Тарих пәнінің мұғалімі Әли Ақтотының қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары




Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(5мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сыныптағы оқушыларға қоржыннан асық суырту арқылы топқа бөлу

Суырған асықтары бойынша

үш топқа бөлінеді.

ІІ.Жаңа тақырып

(10 минут)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсат-міндеттерімен таныстыру. Әр топтың топ басшыларын

интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сайлау.

Бағалау дөңгелектерін беру арқылы формативті бағалау.

1-топ: Қазақстанда бұқаралық ұйымдардың құрылуы.

2-топ: Қазақстандағы жастар қозғалыстары және жастар ұйымдары

3-топ:«Алаш»,«Үш жүз» партиясының құрылуын оқып түсінеді

Мағынаны ашу

(6 мин)

1.Оқушыларға мұғалім

қосымша мәліметпен таныстырады;

Оқушы тақырыпты зерттейді,сыни тұрғыдан ойланады,есте сақтау қабілетін айқындайды.алады.Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Тапсырмалар (11 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

2 минут

Жеке жұмыс. Мұғалім топтарға тапсырмаларын

топ басшысына суырту арқылы бөліп береді

.

Оқушылар тақырыптарын мұқият оқып танысады.Дәптерге түртіп алады

6 минут

Топтық жұмыс.

1-топ: "Қазақстанда бұқаралық ұйымдардың құрылуы "тақырыбында сызба.

2-топ: "Қазақстандағы жастар қозғалыстары және жастарұйымдары"тақырыбында кесте

3-топ:«Алаш», «Үш жүз» партиясының құрылутақырыбында эссе

3 минут

Қолпаштау сөздері арқылы бағалау

Әр топ тақырыбын

қорғайды.

ІІІ. Қорытындылау

(5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

"Миға шабуыл" стратегиясы

1.Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылған жыл.

А.1913ж. В.1915ж.

С.1916ж. Д.1917.

2. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланған басылым

А. «Ұшқын» В. «Айқап»

С. «Дала уәлаяты» Д. «Қазақ»

3.1917 ж.құрылған Түркістан автономиясының алғашқы басшылары.

А.Ж.Ақбаев,Ә.Ермеков. В.М.Тынышбаев,М.Шоқай С.М.Дулатов,К.Тоғысов

Д.Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов

4.1917ж. қарай Қазақстанда тартып алынған ең жақсы егістік пен жайылымдардың көлемі

А.6 млн десятина В.17 млн десятина С.45 млн десятина Д.4,5 млн десятина

5. «Жас қазақ» ұйымы құрылған қала

А.Ақмола В.Верный

С.Семей Д.Ташкент

6. «Алаш» партиясының төрағасы

А.Ә.Бөкейханов В.М.Дулатов С.М.Тынышбаев Д.М.Шоқай

7. «Алаш» партиясының бағдарламасы неше бөлімнен тұрды?

А.9 В.10 С.11 Д.12

8.1917ж. «Қара жұмысшылар одағы» құрылған қала

А.Ақмола В.Верный

С.Семей Д.Ташкент

9.Орынбордағы І жалпықазақ съезі қашан болды?

А.1917ж.20-22 қараша В.1917ж.21-26 шілде

С.1918ж. 21 маусым

Д.1917ж. 20 сәуір

10.1917ж.қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы

А. «Алаш» В. «Үш жүз» С.Түркістан федералистер партиясы

Д.Отан

Оқушылар тест жұмысын орындайды.

Кілті:

1-Д

2-Д

3-В

4-С

5-А

6-А

7-В

8-В

9-В

10-С

ІҮ.Үй тапсырмасы:

(2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда қандай саяси ұйымдар партиялар құрылды?

Мәлімет жинау

Үй тапсырмасын білу, күнделікке түртіп алу

Ү.Бағалау

(2 мин)

Формативті бағалау

Спикерлер бағалау парағы бойынша сөйлейді

ҮІ. Рефлексия

(4 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша стикерлерге жазу

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша стикерлер арқылы жеткізу







Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, мұсылман партиялары,Алаш партиясының құрылуы


Есір Айшуақұлы атындағы мектеп










Тақырыбы: Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, мұсылман партиялары,

Алаш партиясының құрылуы





Сыныбы: 11 сынып



Тарих пәні мұғалімі Әли Ақтоты

© 2010-2022