6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Атамұратова Бибігүл Әбдірахманқызы Ақтөбе қаласы,  №18 ОМ тарих пәні мұғалімі   Сабақтың тақырыбы: §15 Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы. Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері туралы түсіндіру. Міндеттері: -сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы жан-жақты мағлұмат беру; -оқушыларға танымдық сипаты бар әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын дамыту, алған білімдерін тереңірек меңгерту; -еңбекқорлыққа жән... шаруашылық                                                                                                             қолөнер                             балық                                                             аңшылық   (оқушылардың айтқан жауабын тақтаға жазамын.) -Міне, балалар киіз үйдің түндігі ашылды. Енді сақтардың қандай шаруашылық түрлерімен айналысқанын оқулықтан оқып, танысайық. (оқушыларға 5 минут беріледі) Сонымен, сақтар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан екен?        ... Бұрынғы тұрмыс Қазіргі тұрмыс жылқы киіз үй қыш ыдыстар машина коттедж шөлмек ыдыстар  Балалар, енді мен сендерге проблемалық сұрақ қоямын: «Сендер өздеріңді сақтардың ұрпағымын деп есептейсің бе?» оған қандай дәлелің бар? (оқушы тақтаға шығып, шежірені пайдаланып, өз пікірін білдіреді.) III.Сабақты қорыту. Сақтар елінің патшайымы – Тұмар ханым сендерге хат жолдап отыр. Құрметті № 18ОМ 6 «Ә» класс оқушылары! Сақтар елінің мәртебелі патшайымы – Тұмар ханымның сіздерге деген ризашылық алғыс хатын қабыл алыңыздар. Еліміздің мықты мемлекетке айналып, мәдениетінің өркендеуіне сендер ...
Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы6 класқа арналған сабақ жоспары Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Атамұратова Бибігүл Әбдірахманқызы

Ақтөбе қаласы, №18 ОМ тарих пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: §15 Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері туралы түсіндіру.

Міндеттері:

-сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы жан-жақты мағлұмат беру;

-оқушыларға танымдық сипаты бар әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы олардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын дамыту, алған білімдерін тереңірек меңгерту;

-еңбекқорлыққа және тарихи деректерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Әдіс-тәсілдері: репродуктивті, ой-толғаныс, топтық жұмыс, салыстыру

Көрнекілігі: тірек-сызба, киіз үй макеті, суреттер,шежіре т.б

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме?

-Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күн жадын жазып қояйық.

-Бүгін аптаның қандай күні?

-Сәрсенбі...

-Сәрсенбі - сәтті күн. Ендеше балалар сендерге сәттілік тілеймін.

II.Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі:

-Мынау киіз үй балалар кімдікі?

-Сақтардыкі

-Мүмкін, үйсіндердікі шығар?

-Жоқ, таңбасынан білеміз.

Тақырыптың мәнін ашу үшін «шаруашылық» сөзіне кластер құрайық.

Егін мал

шаруашылық

қолөнер

балық

аңшылық

(оқушылардың айтқан жауабын тақтаға жазамын.)

-Міне, балалар киіз үйдің түндігі ашылды.

Енді сақтардың қандай шаруашылық түрлерімен айналысқанын оқулықтан оқып, танысайық. (оқушыларға 5 минут беріледі)

Сонымен, сақтар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан екен?

егін

Шаруашылық мал

аңшылық

қолөнер

-Енді балалар киіз үйдің есігі (сықырлауық) ашылады.

Одан әрі тереңірек меңгеру үшін топқа бөлінген оқушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

1-топ - Сақтар айналысқан шаруашылық түрлері

2-топ - Сақтардың қолөнер кәсібі

3-топ - Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптары

Оқушылар «сақтар» сөзіне бес жолды өлең құрастырайық.

Сақтар

батыр, еңбекқор

көшті, екті, дамыды

Сақтар арғы ата-бабамыз

Қазақтар

Ендеше, балалар сақтар жасаған заттарын қайда пайдаланды?

-Тұрмыста.

Онда сақтардың тұрмысы мен қазіргі тұрмысты салыстырайық:

Бұрынғы тұрмыс

Қазіргі тұрмыс

жылқы

киіз үй

қыш ыдыстар

машина

коттедж

шөлмек ыдыстар

Балалар, енді мен сендерге проблемалық сұрақ қоямын:

«Сендер өздеріңді сақтардың ұрпағымын деп есептейсің бе?» оған қандай дәлелің бар? (оқушы тақтаға шығып, шежірені пайдаланып, өз пікірін білдіреді.)

III.Сабақты қорыту.

Сақтар елінің патшайымы - Тұмар ханым сендерге хат жолдап отыр.

Құрметті № 18ОМ 6 «Ә» класс оқушылары!

Сақтар елінің мәртебелі патшайымы - Тұмар ханымның сіздерге деген ризашылық алғыс хатын қабыл алыңыздар.

Еліміздің мықты мемлекетке айналып, мәдениетінің өркендеуіне сендер өз тарихтарыңды білу, құрметтеу арқылы үлкен үлес қоса аласыңдар. Сендерге оқуда озат, отбасында амандық тілеймін.

Ыстық ықыласпен: Сақтар елінің патшайымы - Тұмар ханым.

27.12.2013ж


IY.Бағалау.

Y.Үйге тапсырма.

§15 Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы оқу,

«Менің сақтар арасында болғандағы көргендерім...» деген тақырыпта шағын әңгіме жазу.


© 2010-2022