Астана – Отанымның жүрегі 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : Астана - Отанымның жүрегі

Мақсаты: оқушыларға еліміздің астанасы - Астана қаласының тарихымен оның мәдени орталықтарымен таныстырып, мағлұмат беру.Көркем сөзге баулу, білімін тереңдету.

Өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Астана туралы суреттер, газет материалдары, ҚР рәміздері

Әдісі: Сұрақ- жауап, әңімелеу, баяндау, әдеби монтаж

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қ.Р.Гимн айту

ІІІ. Мұғалім сөзі:

- Балалар, бүгін 1-қыркүйек - Білім күні..

Бүгінгі біздің сабағымыз Білім күнімен қоса биылғы елімізде елеулі болып аталып өткен Елордамыз - Астананың 10 жылдық мерей тойына арналады.

Астана - қазақты күллі әлемге танытқан айбары да, айбыны да, жүрегі де!

Мұхтар Құл-Мұхаммед

ІҮ. Тақтадағы суреттерге қарап әңгімелесу, газет материалдарымен танысу.

І. Президенттің мәдени орталықтары.

- Қазіргі заманғы көркемөнер мұражайы

- Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай

- Этно-мемориалдық кешен

- «Қазақстан картасы» Атамекен

- Тұңғыш Президенттің мұражайы

- К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры

ІІ. Концерт залдары

«Жастар» сарайы - Дворец «Жастар»

ІІІ. Ескерткіштер - Памятники.

С.Сейфуллин ескерткіші

«Отан қорғаушылар» монументі

А.С.Пушкин ескерткіші

Абай ескерткіші

Кенесары хан ескерткіші

Саяси қуғынға ұшырағандарды еске алу мемориалы

Әділет ескерткіші ( үш би)


ІҮ. Астана қаласының тарихы

(тақтада ілінген тарихи деректермен танысады)

Жүргізушілер:

  1. Астана қаласының 10 жылдығына арналған әдеби монтажымызды бастаймыз.

Астана – Отанымның жүрегі 7 сынып

Бәйтерек

Асқақтап, көкке өрмелеп,

Тамсандырған Бәйтерек.

Қазақты әлем көрсе деп,

Жар сап тұрған Бәйтерек.

Болашағын елімнің

Мезгеп тұрған Бәйтерек.

Көргің келсе мені кім,

Кел деп тұрған Бәйтерек.

Бейбітшілік мақсатым,

Біл деп тұрған Бәйтерек.

Елбасының арманын

Елге жайған Бәйтерек.

Ата-бабам қорғаған,

Кіндік қаным тамған жер

Ару қызым, ер балам,

Тауым, суым, кең далам

Сен аман бол, Туған ел!

Астана – Отанымның жүрегі 7 сыныпАстана – Отанымның жүрегі 7 сынып



10 жылдық құтты болсын мерекесі

Елімнің арта берсін берекесі

Еңселі 50 елдің сапында боп

Көрсетсін парасатты өнегесін!

Сарыарқаның төсінде,

Гүл жайнаған Астана

Ақпейілді арнайы

Ақ тілегін жас бала

Жыр ғып төктім сөзімнің,

Шумақтарын сезімнің

Әсем қала - Астана

Құрдасымдай өзімнің

Елордасы елімнің

Қазағымның жүрегі

Астанамды бүгінде

Күллі әлем біледі.

Бұрылымдай арудың

Бұлғаңдайды Есілім

Шаттық сыйлар көңілге

Сенің ғажап есімің.

Асқақтап, көкке өрмелеп,

Тамсандырған Бәйтерек

Қазақты әлем көрсе деп,

Жар сап тұрған Бәйтерек.

Сен - Астана, Отанымның тірегі,

Сен - Астана, Отанымның жүрегі

Көркейе бер, өркендей бер мәңгіге,

Әр қазақтың саған деген тілегі!

Алтын таңым, арай қалам, Астанам;
Келбетіңе қараймын да шаттанам.

Еліміздің бар әлемге паш еткен

О, Астана, өзіңменен мақтанам !

Астанам - мәңгі биік асқарымсың,

Астанам - мәңгі жарық аспанымсың

Астанам - пейіш қала, ел арманы,

Астанам- қайда жүрсем мақтанышым.

Астанам- шапағаттың шуағындай,

Астанам - махаббаттың тұрағындай

Астанам - періштелер мекені сен,

Астанам - Қазақстан тұмарындай!

Жүргізушілер: -Осымен, Сіздерге арналған сынып сағатымыз аяқталды.


© 2010-2022