Қазақстан тарихы пәнінен сынақ жұмысы

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы пәнінен 1-жартыжылдық сынақ жұмысы

5-сынып


  1. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

А) «шежіре» Б) зерттеу С) жазу

  1. Жазба тарихтың негізін салушы кім?

А) Сыма Цзянь Б) Геродот С) Рашид ад-Дин

  1. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?

А) 2 Б) 3 С) 4

  1. Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?

А) жазбаша Б) ауызша С) антропологиялық

  1. Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?

А) геральдика Б) нумизматика С) антропология

  1. Адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?

А) антропология Б) этнография С) нумизматика

  1. Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?

А) ономастика Б) топонимика С) этнография

  1. Археология-

А) адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым

Б) адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым

С) жер-су атауларын зерттейтін ғылым

  1. Тотем-деген не?

А) рулық қоғамда адамның шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарға байланыстырып қолданатын зат

Б) тобыр дегенді білдіреді

С) еңбек құралының дамыған түрі

  1. Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары қашан және қай жерде табылды?

А)1927ж Қытайдың Чжоу-коу-дянь үңгірінде

Б) 1890-1892жж Ява аралында

С) 1938ж Тесіктас үңгірінде

  1. 1938ж академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен кімнің сүйегін тапты?

А) неандерталь баланың Б) синантроптың С) питекантроп

  1. Австралопитектің миы неше куб см?

А) 1000 куб см Б) 600-650 куб см С) 700-750 куб см

  1. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар неше жыл бұрын мекендеген?

А) 1млн жыл бұрын Б) 500 мың жыл бұрын С) 800 мың жыл бұрын

  1. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?

А) 2 Б) 3 С) 4

  1. Палеолит кезеңінің хронологиялық шеңберін атаңыз.

А) б.з.б 2,5 млн-12 мыңжылдық

Б) б.з.б. 12-5 мыңжылдық

С) б.з.б. 5-3 мыңжылдық

  1. Мыс пен қалайының қоспасы қалай аталады?

А) темір Б) қола С) қорғасын

  1. Қола дәуірі қандай кезеңді қамтиды?

А) б.з.б. ІІ мыңжылдықты қамтиды

Б) б.з.б. ІІ-І мыңжылдықты қамтиды

С) б.з.б. І-ІІ мыңжылдықты қамтиды

  1. Қола дәуірі неше тарихи кезеңге бөлінеді?

А) 3 Б) 5 С) 4

  1. «Тарих атасы» Геродот сақтарды қалай атаған?

А) азиялық скифтер Б) сақтар С) турлар

  1. Шошақ бөрік киетін сақтар қалай аталды?

А) хаумаварга Б) тиграхауда С) парадарайа

  1. Сақ парадарайа-

А) шошақ бөрік киетіндер

Б) теңіздің арғы жағында тұратындар

С) хаома сусынын дайындайтындар

  1. Б.з.б. шамамен 570-520жж өмір сүрген сақ билеушісі кім?

А) Зарина Б) Томирис С) Спаргапис



  1. Сақтарда үш әлеуметтік топ бірін-бірі қалай ажыратты?

А) тек бас киімдерінен

Б) қымбат матадан тігілген киімдер

С) киген киімінің түсіне қарап

  1. Парсы патшасы Кир қай жылы сақтарға шабуыл жасады?

А) б.з.б.519ж Б) б.з.б. 530ж С) б.з.б.518ж

  1. 1969ж Есік қорғанынан «алтын киімді адамды» тапқан кім?

А) Әлкей Марғұлан Б) Кемел Ақышев С) Қаныш Сатпаев

  1. Б.з.б ІІІғ шаньюй атағына ие болған ғұн билеушісі кім?

А) Мөде Б) Чжи-чжи С) Тұман

  1. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» қай тайпа түрткі болды?

А) Аландар Б) Ғұндар С) Вестготтар

  1. Алғаш «түрік»атауы қай елдің деректерінде кездеседі?

А) Парсы Б) Араб С) Қытай

  1. Түрік мемлекетінің алғашқы ел билеушісі кім?

А) Тоныкөк Б) Бумын С) Білге

  1. Түрік қағанаты құрылған жыл?

А) б.з.552ж Б) б.з.553ж С) б.з.554ж

  1. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?

А) Геродот Б) М.Қашқари С)Ж.Баласағұн

  1. Ұлы Жібек жолының қалыптасқан ғасырын анықтаңыз

А) б.з.б. ІІ ғ соңы Б) б.з.б. І ғ басы С) б.з. ІІғ

  1. Қандай жаңалықтың ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолы өз маңызын жойды?

А) әуе жолының ашылуы

Б) теңіз жолының ашылуы

С) темір жолының ашылуы

  1. Отырар қаласының неше қақпасы болған?

А) 4 Б) 5 С) 6

  1. Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдарын анықтаңыз.

А) 1850-1790 Б) 870-950 С)930-1010

© 2010-2022