Открытый урок по историй на тему Қазақ қалалары

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстан қалалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси - әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: салыстыра отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы,көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.Жеке және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, танымдық қасиетін дамыту.
Тәрбиелік: мәдениет туралы түсініктерін, қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Мәдени мұраларымызды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, Орта ғасырлық қалалар туралы деректер,Қазақстан картасы, қала бөліктерінің кестесі, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
Оқушыларды топпен отырғызып,сергіту сәтін ұйымдастыру.
Жаңа сабақты өткен тақырыппен «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары»
тақырыбымен тікелей байланыстыра, «Кім тез табады?» кестесін ойын түрінде өткіземін.
Ол үшін кесте жасап,ғалымдардың аты-жөнін жазып, қалған бағанды бос қалдырамын, оқушыларға осы кестедегі сұрақтардың жауабын қағаз қиындыларына жазып, араластырып топтарға бөліп беремін, әр ғалымның қарама-қарсы бөлігін бос бөлшегіне апарып, жабыстыруы керек.


Отырар қаласындағы ірі кітапханамен әйгілі екенін, сол заманғы қала мәдениетінің көрсеткіші деп, бүгінгі «Орта ғасырлық Қазақстан қалалары» деген тақырыппен байланыстырамын.
Жаңа сабақтың барысы:
Жоспары:
1 Қалалардың пайда болуы,
2 Қала бөліктері мен олардың қызметі
3 Қазақстан қалаларының орналасу картасы
Археологиялық зерттеулер VI-X ғасырда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып,өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Тараз Шу өңірлерінде қолөнер мен сауда және мәдениеттің шоғырланған орталықтары -қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте-бірте қаланың көлемі мен халқы саны көбейіп,ірі орталықтарға айналды.Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым жыл бұрын салынған екен.
Орта ғасырлық қалалар негізгі үш бөліктен тұрған.
Олар: орда (цитадель),шахристан,рабат деп аталады. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін көрсетеді.


Орта ғасырлық Қазақстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды.
Орта ғасырлық қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде еді.
Сондықтан олар қалаларында сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың негізгі табыс көзі еді.
Мысалы:
Отырар қаласында көпшілікке арналған монша салынған.Моншаның едені кірпіш тақталармен төселген, моншаны қыздыру үшін еден астынан жылу өткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.
Түркістан қаласының ежелгі атауы Йассы,ол қазргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан.
Түркістан -«түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді.Мұнда қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан.
Түркістан Есім ханның тұсынан бастап қазақ хандығының астанасы болған. Бүгінгі күні бұл жер қазақтардың рухани орталығына айналып отыр.
Тараз-орта ғасырда экономикасынан жоғары болған,сонымен бірге көпестер қаласы болған Тараз қаласының осы дәуірде алатын орны ерекше .Мұндағы тарихи ескерткіштер өз заманының тамаша туындылары болып саналады.
Сығанақ Сырдария өзені бойында орналасқан қала.,Қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы Дешті Қыпшақтың сауда айлағы деген атқа ие болған.
Қазіргі кездегі Қызылорда облысының территориясы.
1-топ Йассы (Түркістан ) қаласы туралы мәліметтер береді.
2-топ Орта ғасырлық Сығанақ- қаласы туралы мәлімет береді
3-топ Орта ғасырлық Тараз қаласы туралы мәлімет береді.
Топ бойынша оқушыларға тапсырмаларды орындау үшін көмекші құралдар беріледі
Әбір топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша ізденеді мұғалімге баяндап береді.
Қорытындылау: 3-топқа өздері зерттеген қаланы суретке түсіріп, қорғау.
Үйге тапсырма:25 тақырыпты оқу мазмұндау, тексеру тесті,сұраққа жауап жазу.

© 2010-2022