1920-1930 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектебі: «әл-Фараби» мектеп-лицейі, СҚО, Петропавл қаласы

Мерзімі: 23.01.2017

Сынып: 11

Пәні: Қазақстан тарихы

Мұғалімі: З.К.Жиентаева

БиС технологиясын қолдану

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» технологиялық картасымен жасалған тапсырмаларды орындау жұмысы, БЖС технологиясы.Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 10 сынып.

Мақсат: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Көшбасшыға сөз беріледі - 1 минут

2. Қабылдауды ұйымдастыру - VII тарау- «1920-1930 жж.Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі»

Тірек сөздер:

1.Қоғамдық-саяси өмір

2. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы

3.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы

4.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

5."Бесеудің хаты"

6. «Халық жауы»

7.Мәдениет

- Тірек сөздерді жаттау - 2 мин.30 секунд

- Тірек сөздерді жатқа жазу - 2 мин.30 секунд

- Дәптерлерімен алмасады, оқып, сөз санын жазады-2 минут 30 сек.

- Мұғалім ООМ-ға жазады - 2 минут 30 сек.

3. Ұғынуды ұйымдастыру: 7 тарауға шолу жасайды -5 минут беріледі

4. Түсінудің бірінші тексерілуі: Қарама-қарсы сұрақ қойылады -10 минут

1. Қазақ АКСР-інің құрылуы жарияланды? - 1920 жыл, қазан

2. Қазақ АКСР-інің құрылуы қай қалада өткен құрылтай сьезінде жарияланды? - Орынборда

3.Қазақ АКСР ОАК-нің төрағасы болып кім сайланды? - С.Меңдешев

4. КСРО қашан құрылды?- 1922 ж.30 желтоқсан

5. 1923 жылы 22 қарашада қандай маңызды құжат қабылданды? - «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы» Декрет

6. Қазақ АКСР-інің әкімшілік бөлінісін қайта құру қашан аяқталды? -1925 ж.бас кезінде

7. Қазақтардың тарихи атауы қай жылы қалпына келтірілді? - 1925 ж.сәуірде

8. Қазақстанда «халық жауларын» «әшкерелеу» науқаны қашан жүргізілді? -1920 жж.аяғы мен 1930 жж. басы

9. Қазақ АКСР-і қай жылы Қазақ КСР-і, одақтас республика болып қайта құрылды? - 1937 ж. 26 наурызда

10. КСРО -ның жаңа конституциясы қабылданды? - 1936 ж. 5 желтоқсан

11. Қазақ КСР-інің конституциясы қашан қабылданды?- 1937 ж. наурыз

12. 1937 ж. 12 желтоқсанда республикада қандай оқиға болды? - Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті

13. 20-шы жылдар аяғында қазақ халқы Кеңес өкіметі бұйрығымен қандай алфавитке өтті? - латын алфавитіне

14. Кириллицаға қай жылы өтті? 40-шы жж.

15. Негізі Қазақстанда байырғы ұлтты жойып жіберуге бағытталған шаралар қашан басталды? - 1927 ж. көктемі мен күзінде

16.қазақ халқы қолдан жасалған ашаршылыққа қай жылдары ұшырады? -1929-1931 жж.

17.кеңестік биліктің асыра сілтеушіліктеріне қарсы шыққан ұлт зиялыларының бесеуін атаңыз?- Ә.Бөкейханов, Ахмет Б., Міржақып Д., Ж.Аймауытов, Мұстафа Шоқай, С.Садуақасов, т.б.

18. Қазақ халқы өлкені басқарғандар ішінен кімді «мырзажан» деп құрмет тұтқан? - Л.Мирзоянды

19. "Сауатсыздық жойылсын" қоғамы қашан ашылды? - 1924 ж.

20. 1926-27 жж.сауаттылар саны қаншаға артты? - 43,6 мыңға артқан

21. 1939 ж. Бүкілодақтық халық санағы қазақ халқының сауаттылығы неше пайызға артқанын көрсетті? - 54,5%-ға

22. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу қашан енгізілді? - 1930 ж, тамызда

23. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны қай жылы ашылды? -1928 ж

24. 1934 ж. қандай жоғары оқу орны ашылды? - Қазақ мемлекеттік университеті

25. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда қанша жоғары оқу орны жұмыс істеді - 20 ЖОО

26. Қазақстанды зерттеу қоғамы қашан құрылды? -1920 ж.

27. Қазақстандық ғалымдарды атаңыздар?- С.Асфендияров, А.Затаевич, Қ.Жұбанов, А.Чулошников, Ә.Диваев

28. 20-30 жж.қазақ әдебиетінің дамуына үлесін қосқан ақын-жазушыларды атаңыз?- С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов.,Ғ.Мустафин.,

Сыни сұрақтар:

4. ТСҚ -«1920-1930 жж.Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі» эссе жазу 5 минут

5. Бағалау

6. Үй тапсырмасы: VII тарау



© 2010-2022