Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 08.02.2017 жыл

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін жан - жақты талдайды, біледі.

Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық пен құндылықты сақтауда және түрлі қоғамдық қарым-қатынастарды қалыптастырудағы ролін көрсетіп, маңызын түсінеді.

Табыс критерийлері: Оқушылар Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, салыстырмалы талдау жасайды, шартты белгілермен жұмыс жасай алады, өз шығармашылықтарымен таныстыра алады, өз бетінше ой қорытып, өз бетінше еңбектене алады, тапсырманы топ болып жинақтап қорытындылай алады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, топпен бірлесіп, ынтымақтаса жұмыс жасайды. Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі арқылы қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін жан - жақты талдайды, тәрбиелік маңызын түсінеді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданылатын әдістер: «Өзін-өзі бағалау парағы», Кері байланыс, диалогтық сұрақ қою, тірек -сызба.

Сабақтың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін және оқуды бағалау, оқыту мен оқуды АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту.

Сабақтың ресурстары: Оқулық, кесте, карта, суреттер, интербелсенді тақта, сызбалар, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:


Кезекші оқушы сыныпты түгендеп, үйге берілген тапсырманы айтады. Үйге берілген тапсырманы айтады.


Топқа бөлу

Оқушыларды оқу құралдары арқылы топқа бөлу Бағалау парақтарын тарату. «Нысана әдісі».

Бағалау парақтарын алып аты-жөндерін жазады


2

Үй тапсырмасын сұрау . І кезең

Топпен жұмыс

Оқушыларды бағыттап отыру

1 топ: Шартты белгілер:

  • Ұлттық ойындар: айгөлек, ақсүйек,аударыспақ, күміс алу, көкпар,қыз қуу, асық ойнау,тоғызқұмалақ,алтыбақан тебу,жамбы ату,жілік сындыру

  • Қазақ халқының мереке-тойлары: наурыз,қымызмұрындық, соғымбасы, сүндет той, тоқымқағар

Халық емшілері: тәуіп, дәрігер,сынықшы,бақсы-балгерлер.

2 топ: : Қазақтың ұлттық ойындарының денсаулыққа пайдасы? (Постер арқылы орындайды) Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

Ұлттық ойынды қалай жандандыруға болады?

Ұлттық ойынды қалай қолдауға болады?

Неге қазіргі балалар ұлттық ойындар ойнамайды?

Бүгінгі күні қандай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді?

3 топ: Сәйкестендіру.

Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындарына зерттеушілердің айтқан мәліметтерін сәйкестендіру.


4-топ:Қазақтардың мықты денсаулығы мен ұзақ жасауының себептері

Тірек-сызба құрастыру.Көп уақытын далада

таза ауада өткізеді.

Экологиялық таза тағам түрлерін ішіп-жеген.Қымыз ішкен.

Өмірі ат үстінде өткен.

Арақ-шарап ішімдіктерінен аулақ болған.Темекі тартпаған.

Білікті халық емшілерінің ем-домын пайдаланған

Ұлттық ойындар,ат спортымен,

аңшылықпен айналысқан.


3

ІІ кезең

Ой қозғау.

Топпен жұмыс

Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет - ғұрып дегенді қалай түсінеміз?

Оқушыларды белгілі тәртіппен алты топқа бөледі

Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолданамыз.

Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана.

Топтық қорғау.
"Ақ қалпақ" тобы қазақтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары туралы толық мәліметтер келтірді. Қонақжайлылық әдет - ғұрыптары, әдептілік пен сыпайылылық байланысты қазақтың салт - дәстүрлерін жан - жақты ашып берді. Өздері білетін өмірден мысалдар келтірді.
"Қызыл қалпақ" тобы қазақтың салт - дәстүрлерін айта отыра, мысалы жұртшылық дәстүріне және асар дәстүрлеріне тоқталып, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ауыл болып көмектесуі, ауылдастары бірлесіп баспанасын салып беруге үлкен таңдану, құрметтеу сезімдерін жасыра алмады. Сонымен қатар қонақжайлылығына да қазақтар ғана емес, басқа халықтардың да таңдана жазғанын айтып кетті.
"Қара қалпақ" тобының міндеті қазақ дәстүрлерінің келеңсіздіктерін, кемшіліктерін атап өту болғандықтан, оларда өз міндеттерін толығымен орындап шықты. Әсіресе, "Белқұда", "бесік құда" дәстүрлерінің қазіргі заманға сай еместігін алға тартты. "Қыз алып қашу" дәстүрінің адам құқығына қарсы бағытталған дәстүр ретінде атап өтті. Сонымен қатар "әменгерлік","туысқанның баласын бауырына басу" дәстүрлеріне қарсы өзіндік ой - пікірлерін білдірді.
"Сары қалпақ" тобы қазақтардың дәстүрлерінің ішінен "ерулік беру" "үлкендерді құрметтеу", "бата беру", отбасы мен некеге дәстүрлерін атап өтті. Олардың тәрбиелік маңызын атап өтті. Қазірге дейін осы дәстүрлеріміздің сақталмауының маңыздылығын атап өтті.
"Жасыл қалпақ" тобының міндеті: шығармашылық ойлау, жаңа идеялар айту болғандықтан, бұрынғы салт - дәстүрлерін дамыта отырып, жаңа дәстүрлер ұсынады. Қазіргі заманға сай жаңа дәстүрлерді ұсынды.
"Көк қалпақ" тобы барлық топтардың ой - пікірлерін толығымен тыңдап, жан - жақты талдауға кірісті. Әр топқа жеке - жеке тоқталып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап берді.

Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғауға көшті.


4

ІІІ кезең

Оқушылардың алған білімін бекіту

«Автобус аялдамасы» ойынын ойнату

І-аялдама тапсырмасы:Тірек сызбамен жұмыс

ІІ-аялдама тапсырмасы: Тірек сөздермен жұмыс

ІІІ-аялдама тапсырмасы:Төменде аталаған әдет-ғұрып салт-дәстүрлердің қайсысы сақталған.

ІV-аялдама тапсырмасы:Жабық тест

V- аялдама тапсырмасы:Бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдер

VІ- аялдама тапсырмасы:Ғалымдардың деректері


5

ІV кезең

Оқушылардың алған білімін қорытындылау

Қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін жаңғырту керек пе?

Дөңгелек үстел

Оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап береді .


6

Оқыту үшін және оқуды бағалау

Оқушылардың білім дәрежесін тексеріп бағалау

Оқушыларды бағыттап отыру

Жеке оқушыны бағалау мақсатында бағалау шкаласына салып қорытынды бағаны шығарады.

15-13-5

12-10-4

9-7-3

6-0-2

7

Оқуды бағалау

Кері байланыс

«Оқушыларды өзін-өзі бағалау»

8

Үй тапсырмасы

Үй тапс

беру

Үйге "Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" деген тақырыпта эссе жазу тапсырылды.

Эссе жазып келу.Үй тапсырмасын оқып келу.

9

Қорытынды

Н.Назарбаев өзінің халыққа ұсынған "Қазақстан -2030" ұзақ мерзімді еңбегінде Қазақстанның 8 артықшылығын көрсеткенде, соның біреуі "қазақстандықтардың байсалдығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілдігі мен ақжарқындығын" атаған. Дәстүрді сақтау, ұлықтау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау біздің парызымыз.


Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы












Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері


Мұғалімі :Жарылгапова Ж.К

Сынып:8 «а»


Сарыкемер 2017жыл



© 2010-2022