Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ дайындық

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып

1. Ежелгі Қосөзен елдері

Азияның оңтүстік-батысындағы бір-бірімен қатар жарыса ағатын екі өзен - Ефрат пен Тигр Кавказ тауларының сілемдерінен басталып, Парсы шығанағына құяды. Бұл өзендерді жергілікті тұрғындар Қосөзен деп атады.

Қосөзеннің оңтүстігіндегі тұрғындар тарихта Шумер мен Аккад халықтары деп аталды. Шумерліктердің тілі шығыс семиттік тіл тобына жатады. Кейін осы тілді Аккад тілі ығыстырып, негізгі тілге айналды. Түрлі тілде сөйлеген халықтар өзара бір-бірімен жауласпай, ортақ атаумен өздерін «қарабастылар» деді.

Б.з.д IV мыңжылдықта Қосөзенде қалалар қалыптаcты. Негізінен, бірнеше қала мемлекеттер бір-бірінен дербес өмір сүрді. Ең әйгілі қалалары: Ур, Урук, Ниппур, Киш, Лагаш, Умма, Шуррупак болды.

Қосөзенде өркениетті дамытушылар шумерліктер болды. Олар елдің басшысын «нубанда» деп атады. Қала-мемлекеттерде қоғамдық мекемелер, базарлар, шеберханалар, патша сарайлары, ғибадатханалар және тұрғын үйлер болды.

Дүниедегі ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге әкелген шумерліктер болды. Әріптер үшкір таяқшамен жұмсақ балшыққа батыру арқылы жазылатын болды. Балшыққа батыра отырып, сызу арқылы жазылған әріптер балшық кепкен соң кәдімгі сынаның орнындай болып қалатын. Сондықтан бұл жазу жүйесін сына жазу деп атайды.

Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин тұсында болды. Ол Сирияны басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Тигрдің бойын тұтас бағындырды. Египетке жол ашты. Шығыста Элам билеушісімен келісімге отырды. Осылайша елдің төрт құбыласындағы ірі елдерді өзіне бағындырды.

Орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет б.з.д. ХХIV ғасырда құрылды. Оның негізін қалаған патша Саргон ( Шаррум-кен немесе Шаруккин) болды. Ол елді 55 жыл яғни б.з.д. 2316-2261 жылдары басқарды. Ол Шуммер-Аккад патшалығын құрды. Оның тұсында Қосөзенде қырқысу тоқтады. Саргон біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады. Сол күшпен бастыста «Күміс таулар» деп аталған Сирия жерлеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны тіпті «әлемнің төрт құбыласының билеушісі» деп те атады.

Хаммурапи - б.з.д. 1792-1750 жылдар арасында патшалық еткен Вавилонның атақты патшасы. Ол өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде ежелгі дүниедегі таланты елбасылардың қатарына қосылды. Қосөзенді Вавилонның қоластына қаратып, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығын құрды.

«Вавилон» сөзі «Бабили» немесе «Бабилу» - «құдайға барар қақпа» деген мағынаны білдіреді.

Хаммурапи елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып, зерттеді.

Заңның мақсаты - Вавилон тұрғындарының мүліктері мен дәстүрлі құқықтарын қорғау еді. Бұл заңдар жинағы негізінен Хаммурапидың жеке басын мадақтауға арналды.

Басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғашында әртүрлі құдайлар бар деп есептеген. Вавилон мемлекетінің құрылу барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір қаланың, ауылдың қамқоршы құдайлары бар деп есептелінді. Вавилон қаласының қамқоршысы Мардук құдай болды. Ол дүниені жаратушы болып сипатталды.

Қосөзенде құрылысқа қажетті ағаштар мен тастар аз болды. Сондықтан үй немесе басқа да тұрмысқа қажетті жайларды салу үшін балшық пен қамыс кең түрде пайдаланылды.

Б.з.д VII ғасырда Вавилон тәуелсіздік алып, қайта гүлденді. Ол әсіресе, II Навуходоносор патша кезінде көркейіп, әсем де сәулетті қалаға айналды. Ол алыстан көрінетін, шағын көгілдір жазықтағы жер мен көктің арасындағы әйгілі Аспалы бақты жасатқан адам. Аспалық бақ - әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Навуходоносор Вавилонның сыртын айналдыра жүз шақты қақпа салдырды, ең құдіреттісін Иштар құдайдың құрметіне арнады. Барлығын мыстан жасатты. Қаланың ортасындағы биік мұнараны құдіретті Мардук құдайға арнады. Вавилонға әлемнің әр түпкірінен сауда керуендері мен саудагерлер келіп жатты.

Вавилонда аңыз бойынша «Вавилон мұнарасы» болған. Ғаламат мұнара көкке тірелуге аз қалғандықтан, құдай мұнара салушылардың тілін сапырылыстырып, бір-бірін түсінбес үшін араластырып жіберген делінеді. Шынында да, бұл мұнараны түрлі ұлт өкілдері: египеттіктер, иудейлер, ассириялықтар және т.б. салған деседі. Олардың көбін басқа жақтан осындай құрылыстарды салу үшін айдап әкелген. Вавилондық бақылаушының таяғының астында ауыр халде жұмыс істеген құрылысшылар бір-бірінің тілін түсінбей, ығы-жығы, бей-берекет тіршілік кешкен. Осыдан «Вавилон сапырылысы» туралы аңыз қалды.

Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар діни түсініктермен тығыз байланысты болды. Олардың бірі әйгілі «Гильгамеш туралы дастан». Бұл дастан - өлім мен өмір арасындағы күрес туралы тамаша шығарма.

Конспект сұрақтар

  1. Қала-мемлекеттер пайда болған аймақтар:

  2. Ежелгі Қосөзендегі алғашқы әдеби шығарманың аты:

  3. Қосөзенде қалалардың қалыптасқан кезеңі:

  4. Шумерліктер ел басшысының аты:

  5. Қосөзен деп аталатын өзенді көрсетіңіз

  6. Қосөзендіктердің ежелгі жазуын табыңыз.

  7. Хаммурапидің патшалық құрған жылдары.

  8. Қосөзендіктер үй салу үшін пайдаланған материалдар.

  9. Қосөзенде Аккад мемлекеті гүлденген кездегі патша.

  10. «Бабилу» деп аталған қала

  11. Шуммер-Аккад патшалығының негізін қалаған патша

  12. Тигр мен Евфрат қайдан бастау алады?

  13. Елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнту үшін Хаммурапи:

  14. Қосөзенде өркениетті дамытушылар:

  15. Хаммурапи заңдары жазылған тас бағана табылған жыл:

  16. Вавилонда болған әлемнің жеті кереметінің бірі:

  17. Хаммурапи заңдарының көздеген мақсаты:

  18. Қосөзеннің алғашқы тұрғындары

  19. Вавилон қаласының қамқоршысы саналған құдай

  20. Б.з.д VII ғасырда Вавилонды гүлдендіріп, сәнді де сәулетті астанаға айналдырған патша

  21. Вавилон тұрғындарының сиынып, жалбарынған су құдайы

  22. «Вавилон сапырылысы» тіркесінің мағынасы

  23. Вавилон қаласындағы қақпа саны:

  24. Вавилондағы «Аспалы бағын» салғызған патша

  25. «Әлемнің төрт құбыласының билеушісі» атанған патша

Тақырыптық тест:

2. Ежелгі Египет.

Конспект

Әлемдегі ірі өзендердің бірі - Ніл оңтүстіктен солтүстікке қарай шөлдерді басып өтіп, Орталық Африкадағы үлкен көлдерден ағып шығады. Оның ұзындығы - 5589 шақырым. Египетті ежелгі заманда «Қара жер» деп атаған. Оның себебі - Ніл алқабын үнемі қап-қара құнарлы тұнба басып жататын еді. Адамдардың еңбегі арқылы Ніл аңғарындағы қоғам қатты өрледі. Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет халқы тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Нілдің тасуының маңызы зор болды.

Б.з.д IV мыңжылдықта Египетте шағын мемлекеттер пайда болды. Олардың саны 40-қа жетті. Олар бірі-бірімен жиі соғысып отырды. Бірінің жерін бірі тартып алып отырды. Б.з.д. 3000 жылы шамасында оңтүстік патшалығының патшасы Египеттің солтүстігін жаулап алды. Сөйтіп, Ніл шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейінгі жерді алып жатқан біртұтас мемлекет құрылды.

Ежелгі Египетте Тутмос, Аменхотеп, Рамзес есімді атақты перғауындар болды. Перғауындар билігінде шек болмады. Б.з.д. 1500 жылы III Тутмос өз әскерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Бұл жорықтар Египеттің Алдыңғы Азиядағы беделін күшейтті. Нәтижесінде Вавилон, Ассирия, Хетт патшалары Египетке алым-салық төлеп тұрды.

Көрші елдерді жаулау кезінде көптеген тұтқындар қолға түсті. Оларды «тірі өліктер» деп атады. Египет жылнамасында 50 жылғы соғыс жорығы кезінде 100 мың құл қолға түскенідігі жазылған.

Египеттіктер таңба суреттерді - иероглифтер деп атады. Б.з.д IV мыңжылдықта Египеттте білім дами түсті.

Ежелгі Египетте өлген адамдардың денесін «мәңгі өмір сүрі үшін» бальзамдап, мумияға айналдырған. Египеттіктер мумия жасау арқылы адам денесінің ішкі құрылысын жақсы білді. Түрлі ауруларды емдеді. Перғауындар мен бай адамдарды жерлеу үшін жартастарды қашап, бірнеше бөлмелі мазарлар салған. Мумияны соның ішіне қойды.

Әлемнің барлық жеті кереметтерінің ішінен бүгінгі күнге жеткені Хеопс пирамидасы ғана. Басқалары қирап, тек орындары мен оларды көзімен көрген адамдардың естеліктері ғана қалды. Хеопс перғауынға арналған пирамида б.з.д 2600 жылы салынған.

Египетте құдайлардың қызметшісі - храмдардағы абыздар болды. Құдаймен сол ғана тілдесе алады деп түсінді.

Египетте егіншінің қанша астық жинайтынын есепке алып, қолөнершіге қанша қалайы мен мыс керек екендігін мөлшерлейтін. Египеттіктер бөлшекті білді, арифметикалық амалдарды қолданды. Каналдар қазғанда, оның көлемі мен бұрышын шығару үшін геометрияны пайдаланды. Тік төртбұрыш, үшбұрыш, трапеция және шеңбердің бет көлемін есептей білген.Жұлдыздың, аспанның картасын жасаған. Күн және су сағаттарын пайдаланған.

Египеттің негізгі байлығы тас болды. Ніл аңғары алтын, гранит сияқты қымбат тастарға бай. Бұл тастар құрылыс материалдары ретінде әртүрлі әшекей бұйымдар жасау үшін пайдаланылды.

Ауылшаруашылығы мен қолөнер египеттіктердің басты шаруашылығы болды.

Конспект сұрақтар

  1. Ежелгі Египетте шағын мемлекеттер саны:

  2. Тутанхамон перғауынның мәйіті табылған жыл:

  3. Египеттің солтүстігін Оңтүстік патшалығы жаулап алған уақытты көрсетіңіз

  4. Ежелгі Египеттің атақты перғауындарын атаңыз

  5. Б.з.д. 1500 жылдары III Тутмос жаулап алған жерлер

  6. Египет жылнамасында перғауындардың 50 жылғы жорықтары кезінде тұтқынға түскен құлдар саны:

  7. Хеопс пирамидасы қанша қабатты үйдің биіктігіне тең келеді?

  8. Ежелгі Египетте білімнің дами түскен кезеңі

  9. Египеттіктердің адам денесінің ішкі құрылысын танып-білу үшін қолданған тәсілі:

  10. Ежелгі Египетте иероглифтер саны:

  11. Ежелгі Египеттіктер өлген адамның денесін қандай мақсатта мумияға айналдырған?

  12. Хеопс перғауынға арналған пирамида салынған жыл:

  13. Египетті ең алғаш біріктіруші перғауынды табыңыз

  14. Ежелгі Египетте жақсы дамыған ғылым саласы

  15. Египеттің орналасқан жерін көрсетіңіз

  16. Египет храмдарындағы құдайға қызмет етушілер:

  17. Ежелгі Египетте жазу үшін қолданылған материалдар

  18. 1922 жылы мәйіті табылған перғауынды көрсетіңіз

  19. Египет мемлекетінің алғашқы астанасын табыңыз

  20. Сирияға 17 рет жорық жасаған Египет перғауыны:

  21. Ежелгі заманда «қара жер» деп аталған қаланы табыңыз

  22. Ежелгі Египеттің негізгі байлығын атаңыз

  23. Ежелгі Египеттіктердің басты шаруашылығы

  24. Египеттіктер сыйынған күн құдайын табыңыз

  25. Бүгінгі күнге дейін жеткен Египеттегі әлемнің жеті кереметінің бірі:

Тақырыптық тест:









3. Азияның оңтүстік - батысындағы ежелгі мемлекеттер

Конспект

Ассирия - Вавилонның солтүстігіндегі ел болатын. Ассириялықтар - тасты құрылысты кең пайдаланды. Ассирияның негізгі тұрғындары ұсақ өндіруші әрі жер өңдеуші ерікті қауым мүшелерінен құралды. Ассириялық отбасы таза патриархалды, яғни барлық билік әкенің қолында болды. Майорат дәстүрі бойынша, мұраның қалған екі үлесті бірінші болып таңдау үлкен ұлдың үлесінде болатын. Отбасында әйелдердің құқығы шектелді.

Ассирия ұзақ уаыт көршілес елдердің қол астында қалып қойды. Хаммурапи кезінде ол Вавилонға тәуелді болды. Осы жағдай Ассирияда ірі мемлекеттің құрылуын кештетті. Б.з.д. IХ ғасырда II Ашшурнацирапал және III Салманасар кезінде Ассирия өз ықпалын күшейтті. Мидия тайпаларын талқандап, Тигр өзенінің шығысына кірді. Шығыс Жерорта теңізінің жағалауына жиі жорықтар жасады. Маңызды сауда жолдары өтетін Тир, Сидон, Дамаск, Библ, Арнад, Каркемиш қалаларын өз бақылауында ұстады. Солтүстіктегі Урарту мемлекетімен соғыс жүргізді. Оның астанасын басып алып, Вавилонға қауіп төндірді.

Ассириялық әскердің артықшылығы - күтпеген жерден, тез соққы бере білуінде болды. Ассирия әскерінің барлаушыларына ол кезде ешкім тең келмейтін. Армияны 10,100,1000 адамнан құрайтын отрядтарға бөлді. Әскерінде кем дегенде 120 мың адам болған деседі.

Ашшурбанапал- Ассирияның соңғы билеушісі. Қатал билеуші болса да, ол өнерді құрмет тұтқан шығыс елдерінен кітаптар жинатқан. Біразын балшық тақтайшаларға көшіртіп, жаздыртыпты. Олардың ішінде әдеби шығармалармен бірге, жұлдызнамалық, дәрігерлік туралы кітаптар да болыпты. Бұлармен бірге ассириялық ақындардың өлеңдері мен жырлары да сақталған. Әсіресе ассириялық патшалардың жылнамалары ерекше болды.

Ассирияның солтүстігі мен шығысындағы көшпелі халықтар бірте-бірте күшейіп, Ассирияға қауіп төндіре бастады. Ассирия әскерінің соңғы шайқасы Харран деген жерде б.з.д 609 жылы болды. Ақыры, б.з.д. 605 жылы Мидия мен Вавилон патшалықтары одақтаса отырып, Ассирияны жеңді.

Б.з.д. ХIV ғасырдың соңында Сирия жері үшін Хеттер мен Египеттіктердің күресі қайта өршіді. Соғыс ұзаққа созылды. Ақыры, адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты дүниеге келді. Ол б.з.д 1296 жылы Египет пен Хетт мемлекеттері арасында жасалды. Ол шарт бойынша Сирия жері екіге бөлінді.Солтүстігі - Хетт, ал оңтүстігі Египет мемлекетіне қарады.

Хетт мемлекеті ерте заманда қазіргі Түркия жерінде құрылды. Оны басқаша Анатолы немесе Кіші Азия деп атады. Хетт жерін үш жағынан да теңіздер қоршап жатты.Солтүстігінде - қара теңіз, батысында - Мәрмәр, Эгей, ал оңтүстік-батысында - Жерорта теңізі. Кіші Азияның табиғаты мал бағуға, қой өсіруге ыңғайлы болды. Күміс, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар да мол еді. Сондықтан деректер бойынша оын «Күміс таулар» деп атады.Хетт патшалығын I Лабарна (б.з.б 1675-1650 жж.) құрды.

I Лабарнаның жиені Хаттусили (б.з.б. 1650-1625 жж.) елдің астанасын Хаттусу қаласына ауыстырды. Осыдан кейін мемлекет «Хетт» деп аталды.

Тирдің оңтүстігінде филистимдіктер деп аталатын халық өмір сүрді. Оларды египеттіктер пелестим деп атады. Сол халықтың атынан Палестина деген жер атауы пайда болды. Оның ежелгі тұрғындары - хананей тайпалары еді. Олар қалалар салған, көрші елдермен сауда жасаған. Хананейліктердің жерін Египет жаулап алды. Кейін палестина жеріне еврей тайпалары көшіп келді. Оларға хананейліктер қарсы болды. Б.з.д. ХI ғасырда палестинаның әскери қуаты күшейе бастады. Ал Израbль тайпалары олардың соққысына төтеп бере алмады.

I Дарии кезінде парсы патшалығы ең мықты ел болып, «елдер патшалығы» аталып, әміршісі «ұлы патшалардың патшасы» деген атаққа ие болды.

Парсылардың тілінде жазылған әдеби шығарма «Авестада» діни Заратуштра ілімі уағыздалды. Заратуштраның мәні - Ахурамазда (жақсылық, қайырымдылық құдайы) мен Анхра Манью (жамандық пен қатігездік құдайы) арасындағы күрес баяндалады. Өйткені бұл күрес әлемдік дамудың негізі болатын. Олардың күресі ұзақ жылдарға созылды. «Авестада» осы күресте Ахурамазда жеңіске жетті деп баяндалады.

Парсы патшалығында қосөзендік сына жазудың таңбаларын азайтып, 42 әріптік жазу жүйесі жасалынды. Бұл жазу анағұрлым жеңіл болды. I Дарий патшадан «Бехистун» жазуы қалды. I Дарий ол жазуды биік жартасқа жаздырған. Оның биіктігі - 10 метрден астам. I Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірі - әлемдегі ең таза алтын теңге шығаруы болды. Ол «дарик» деп аталды. Оны парсы мемлекеті ғана емес, көптеген басқа да елдер құнды ақша ретінде пайдаланды. Халықаралық саудадағы негізгі ақша қызметін атқарды. Бұл парсы елінің беделін көтерді.

I Дарий кезінде Ахурамаздаға (жақсылық пен қайырымдылық құдайы) жаппай сыйыну кең тарады. Парсы патшасы - жерді, аспанды, адамдарды сол жаратты деп есептеді. Ал өзін патшалардың патшасымын, жасаушы қасиетті құдаймын деп жариялады. Бас құдай, аспан патшасы - Ахурамазда да сонымен бірге I Дарийдің қамқоршысы болып есептелінді. Орасан зор аймақты иеленген парсы патшалығының құрылуы біртұтас құдайға табыну - жалпы мемлекеттік дін болуды қажет етті. I Дарийдің таққа мұрагерлері арасында Ахурамазда парсылардың көктегі иесі болып саналды.

Израиль мен иудей халықтарының басты құдайы - Яхве болды. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептелген Яхве, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді.

Сүлеймен - б.з.д. 965-926 жж өмір сүрген Израиль-иудей елінің атақты әрі ақылды патшасы. Оның билігі кезінде ел гүлдене түсті. Сүлеймен патша қасиетті әрі өте әділетті болды.

Б.з.д. 331 жылы А.Македонский Қосөзенде Гавгамелы елді мекен жанында парсы патшасы III Дарийді жеңеді. Парсы патшалығын жеңгеннен кейін А. Македонскийге «Азия патшасы» деген атақ берілді. Б.з.д 328 жылы Александр Үндістанның солтүстігін жаулады. Александр Орта Азия халықтарын - соғдыларды, бактриялықтар мен сақтарды өзіне толық бағындыра алмай, еліне кері қайтты.

Б.з.д 324 жылы Қосөзенге қайтып оралып, шығысқа он жылға созылған жорығын аяқтап, Вавилон қаласын өзінің астанасы етіп жариялады. Б.з.д 323 жылы «Азияның патшасы» атанған Александр Македонский кенеттен науқастанып қайтыс болды.

Бактрия - бүгінгі Тәжікстан мен Ауғаныстан жерінде құрылған ел еді. Бүл елді кей деректерде «тулары биік көтерілген ел» деп атайды. Ал Бактрия патшаларын «мың қаланың басшылары» деді. Бактрияда қалалық өмір дамыды.

Б.з.д 140-130 жылдары Бактрияға солтүстіктен көшпелі тайпалар юечжілердің соққысы ауыр тиіп, Бактрия мемлекеті құлады.

Бактрия патшалығы тарих сахнасынан кете бастағанда, ірі саяси бірлестік - Кушан мемлекеті пайда болды. Кушан мемлекеті Азияның орталық бөлігінде орналасты. Оның негізін құрағандар көшпелі селевкіліктер болатын. Кушан мемлекетінің негізін қалаушы - I Кадфиз. Оған «патшалардың патшасы» деген атақ берілді. Ол өз жерін нығайту мақсатында Гиндукуштан Үндістанға дейін жорық жасап, бірнеше аймақтарды өзіне қаратады. Бұрыңғы Бактрия жерлерін басып алып, орталығын Бактр қаласы деп бекітеді. Кушандық шеберлердің мүсіндеу,бейнелеу және құрылыс өнеріндегі жетістіктерін паш ететін «Жеңімпаз Канышке храмы». Храмның қабырғаларына тақта отырған патша, оның әйелі, патшаның туыстары, ақсүйектері бейнеленген.

Негізінен сарайлардың қабырғаларында құдайлардың емес, патшалардың және оның туыстарының бейнелері жиі бейнеленген.

Кушандықтар Ұлы Жібек жолы бойында үлкен сауда жасады. Металдан тұрмыстық заттар мен сәндік бұйымдар жасады. Кушандықтар садақты бес бөліктен, ерекше қылып жасаған Бұл садақтың түрі Иран,Үндістан, Қытай да белгілі болды. Метал бұйымдар, қару-жарақтар, бағалы тастар, қойдың терісі мен жүнін Қытай, Үндістан, Египет, Римге өткізді. Кушандықтар әр түрлі діни көзқараста болды. Көпшілігі заратуштралық ілімді ұстанды. Кушандық дәуірде дүниеге келген - манихей діні. Заратуштра, будда, манихей діндері - кушан елінде қатар өмір сүрді.

Б.з.д. III ғасырда Бактрияның батыс жағындағы құрылған қуатты патшалық - Парфия болды. Оның негізін Аршак атты көсем қалады. Парфия Римнің басты бәсекелесіне айналды. Парфияның басқару жүйесінің басында Аршак әулетінен шыққан патшалар тұрды. Олардың басқару жүйесі ахемендік парсыларға ұқсас болды. Мемлекеттің жері бірнеше әкімшілік аймақтарға бөлінді. Оны сатраптар басқарды. Көбіне олар патшалыққа тәуелді бола бермеді. Парфия бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекет бола алмады. Б.з. I ғасырдың ортасында Рим Кіші Азия мен Сирияны жаулап алғаннан кейін, Парфияның Рим үшін басты кедергі екенін түсінді. Сөйтіп, парфиялықтар мен римдіктердің әскерлері б.з.б 53 жылы солтүстік Месопотамия жерінде Карра қаласының түбінде кездесіп шайқасады. Ауыр қаруланған парфиялықтардың ат-әбзелдері мен сауыт-саймандары озық еді. Рим қолбасшысы Красс парфиялықтарды жазықтан қоршауға алды. Ал жазықта Парфия әскерінен мықты соғысатын армия жоқ болатын. Мыңдаған әскер қаулап шыға келіп, жауға қарай жебені қардай борататын. Ал римдіктер әскері өзара арасы тығыз, жиылып тұратын. Парфиялықтарға керегі осы еді. Ауыр да қатты соққыдан жау сескене, шегініп, қаша жөнелетін. Осы шайқасқа Красс қырық мыңдай әскерімен кіріп, оның отыз мыңынан айырылды деседі. Б.з. II ғасырдың басында әлсіз елге айналған Парфия жеріне Рим әскерлері басып кірді.

Конспект сұрақтар

  1. Парсы патшалығы I Дарий патша кезінде…

  2. Израйл-иудей елінің гүлденген кезіндегі патшасы

  3. А.Македонскийдің Орта азия халықтарына жасаған жорығының нәтижесін көрсетіңіз

  4. «Мың қаланың басшылары» атанған патшаларды көрсетіңіз

  5. Еврейлер мәдениетінің қалыптасып, дамуына әсер еткен…

  6. Кушан елі храмдарының ерекшелігін көрсетіңіз

  7. Парфияның басқару жүйесіне ұқсас жүйелерді көрсетіңіз

  8. Финикиялықтарда Ваал құдайы деп атады:

  9. Ассирия патшасы Ашшурбанапалдың сарайында жиналған затты белгілеңіз

  10. Адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шартына келген мемлекеттерді көрсетіңіз

  11. Ежелгі Хет мемлекеті қазіргі мына елдің территориясында орналасқан:

  12. Ассирияны бірігіп жеңген мемлекеттерді белгілеңіз

  13. Кушан территориясы арқылы өткен сауда жолы

  14. Ассириялық әскердің артықшылығын белгілеңіз

  15. «Дүние екі нәрседен - жақсылық пен жамандықтан» тұрады деп уағыздаған дінді көрсетіңіз

  16. Сириялықтарға қарсы соғысу үшін Парфия патшасы көмек сұрады:

  17. Яхве құдайына сыйынған халық:

  18. «Авеста» әдеби шығармасында баяндалатын оқиға:

  19. Б.з.д. 53 жылы Парфиялықтарға жорық жасаған Рим қолбасшысы

  20. Бактрия мемлекетінің құлау себебін белгілеңіз

  21. «Бехистун» жазуын жаздырған патша:

  22. «Азия патшасы» атағына ие болған патша:

  23. Ежелгі тұрғындарын хананей тайпалары құрайтын мемлекет

  24. I Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірін атаңыз

  25. Мемлекеттік дінді енгізу қажеттілігі туған ел:

  26. I Дарий патшалық еткен кезеңде парсы патшалығы:

Тақырыптық тест:



4. Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия

Конспект

Азияның оңтүстігіндегі үлкен түбек Үндістан деп аталады. Үндістанның солтүстік бөлігі өмір сүруге қолайлы. Биік тауы Гималайдан басталған екі ұлы өзен: Ганга мен Үнді. Үнді өзенінің жоғары арнасына бес өзен келіп қосылады. Сондықтан бұл аймақты Пенджаб «Бес өзен елі» деп атайды.

Б.з.д. II мыңжылдықтың басында Үндістанда қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Үйлер әдетте екі қабатты етіп салынды. Оларды тас тұғырға орнатты.

Б.з.д. II мыңжылдықтың соңында Үндістанға солтүстіктен арий тайпалары көшіп келді. Арийліктерді таза қанды, асыл текті адамдар деп атады.

Үндістанда алғаш қауымдық, сосын ру-тайпалық құрылым болды. Үнділіктердің арасындағы мүліктік және әлеуметтік жағынан жіктелу бай мен кедейлердің шығуына әкелді. Өз билігін мұраға қалдырып отыратын тайпа көсемдерін раджалар деп атады.

Үндістанда б.з.б VI ғасырда бірнеше мемлекеттер: Гандхара, Хинду, Магадха, Кошала, Ватса, Аванти өмір сүрді. Б.з.б. IV ғасырдан бастап Ганг өзенінің төменгі ағысы бойындағы Магадха тез күшейе бастады. Чандрагупта атты билеуші Маурия (б.з.б. 317-180 жж.) әулетінің негізін қалады.

Үнді қоғамы үлкен төрт топқа бөлінді. Әр топтың өз міндеттерін орындауын патша мен оның қызметшілері бақылап отырды. Каста дегеніміз - қатаң түрде белгіленген құқықтары мен міндеттері бар адамдардың топтары.

Үндістанда халық арасында қолдау тапқан - будаға табыну болды. Оның негізін салған Сиддхардһа Гаутама атты шакья әулетінен шыққан патшазада. Аса білімділігі үшін халық оны Будда - «жарық сәулелі» деп атап кетті.

Б.з.б I мыңжылдықта үнді халқы батырлардың ерліктері туралы көптеген өлеңдер шығарды. Соның бірі - «Махабхарата» дастаны. Дастанда раджалардың екі әулеті арасындағы күрес туралы баяндалады. «Рамаяна» дастанында Рама есімді жігіт ерлік, қайырымдылық, намысшылдық үлгісін көрсетті. Ракша деп аталатын құбыжықтар елінде жиырма қолы бар Равана Рамаға қарсы болып, оның әйелі Ситаны ұрлап әкетеді. Хануман атты ақылды, әрі білгір маймыл Рамаға көмектесіп, Равананы екеуі бірігіп жеңеді. Равананы жеңген күні Үндістанда бүгінге дейін мереке ретінде тойланып келеді.

Үндістан - шахмат ойының отаны. Сүйектен ойып жаслған шахмат фигуралары ежелгі Үндістан әскерін бейнелейді. Шахмат ойынын Үндістанда «әскердің төрт түрі» деп атаған.

Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қытайда Хуанхэ өзенінің төменгі ағысында бір-біріне өктемдік жүргізген тайпалар өзара билік үшін күресті. Чэн Тан деген адам Шань-Инь мемлекетінің негізін қалады. Біраз уақыттан соң Вэй өзенінің бойындағы чжоу тайпалары осы мемлекетті талқандап, жаңа мемлекет құрды. Оны Чжоу мемлекеті деп атады. Ол б.з.б. III ғасырға дейін өмір сүрді. Б.з.б. III ғасырда Қытайда өзара жауласып тұратын бірнеше мемлекет бар еді. Цинь патшалығы олардың ішіндегі ең күштісі болды. Цинь патшалығы күшпен, айлакерлікпен қимыл жасап, бүкіл Қытайды өзіне бағындырды.

Қытайлар үшін ең жоғарғы күш аспан көгі деп есептелді. Сондықтан Қытайды «Аспан асты елі», «Көктің ұлы» деп атайды.

Б.з.д III мыңжылдықта Қытайда жібек маталар жасалынды. Бұл жұп-жұқа, үлбіреген жібек маталарды ойлап табу үлкен жетістік болды. Ақсүйектер мен байлар жібектен тоқылған киімдерді алтынға сатып алды. Ежелгі Қытайда қола мен тастан жасалған ыдыстары сан алуан болды. Ыдыстардың сыртында айдаһарлар бейнеленген.

Қытай халқы шамамен б.з.д екі мың жылда жазу ойлап тапты. Жазу үшін иероглиф таңбасы қолданылды. Әрбір иероглиф бір сөзді білдірді. Қытай жазуында бірнеше ондаған мың иероглиф бар.

Кун-Фуцзы (Конфуций) - Ежелгі Қытай данышпаны. Ол б.з.д. 551 жылы дүниеге келген. Жас кезінен көп оқыды. Өз халқының салт-дәстүрлерін, өлең-жырларын жақсы білді. Жастар өздерін Конфуций шәкіртіміз деп есептеген. Ал ұстаздарын Кун-фуцзы, яғни данышпан Кун деп атады.

Сяма Цянь - Қытай тарихының атасы. Б.з.д. 151 жылы дүниеге келген. Ол қыруар көп жазба құжаттарды жинап - зерттеген. Бүкіл Қытайды дерлік аралап, тарихи оқиғаларды зерттеп жазды. Ол өз өмірінің соңына дейін Қытай тарихының жазбаларын жазды. Кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады. Еңбегі 130 тараудан тұрады. Сыма Цянь жақсыны бұрмаламай, жаманды жасырмай жазды.

Б.з.д II ғасырдан б.з. II ғасырға дейін Қытайды билеген Хан әулеті үлкен шапқыншылық соғыстар жүргізді. Негізгі жорықтары батысқа қарай бағытталды. Жер көлемін көбейтіп, жаңа жерлер қосты. У Ди патша екі үлкен жорық жасады. Біріншісі - Лобнор көліне дейін, екіншісі Ферғананы басып алды. Қытай қолбасшысының бірі - Бань Чао Шығыс Түркістанға аяусыз тонаушылық жорықтар жасады.

Хан әулеті кезінде алым-салық көбейді. Бұл халықтың халін ауырлатып жіберді. Халық наразылығы күшейді. Көтерілісшілер қастарын қызыл бояумен бояп алғандықтан, көтерілісті «Қызыл қастылар» көтерілісі деп атады. Ол б.з. 18 жылы болды. Б.з. 184 жылы көтеріліс жасаушылар бастарына сары орамал тақты. Тарихта оны «Сары орамалдылар» көтерілісі деп атады. Көтерілісшілер жеңілгенмен, халыққа жексұрын болған Хан әулетінің күш-қуатын әлсіретіп кетті. Патшалық бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлініп, ыдырап кетті.

Конспект сұрақтар

  1. « радамты елі» атанған ел:

  2. Қытайлықтар «Қытайдың соры» деп атап кеткен өзен:

  3. Қытайда жібек маталарды жасай бастаған кез

  4. Қытайлықтар «Паньгу» деп атады:

  5. Ежелгі Қытайда тұрығын үйлер жасалынған материалды белгілеңіз

  6. Қытай тарихының атасы атанған адам

  7. Қытай ыдыстарының сыртында жиі бейнеленген суретті белгілеңіз

  8. Ежелгі Қытайда жазу пайда болған кезеңді көрсетіңіз

  9. Өзін «бірінші Цинь патшасы» деп атаған патша

  10. Ежелгі Қытай данышпаны:

  11. Қытай тарихының екі жарым жылдағы оқиғалары баяндалған шығарманы белгілеңіз

  12. Көне кітаптарды өртеген, Конфуций ізбасарларын өлтірген Қытай императоры:

  13. Қытайдағы «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» көтерілісі болған кездегі әулет

  14. Үндістанда алғашқы қалалардың қалыптасқан кезеңі

  15. Үндістандағы тайпа көсемдерін белгілеңіз

  16. Үнділіктер алғаш пілдерді мына мақсатта пайдаланды:

  17. Үнді қоғамындағы кастаның саны

  18. Үндістанға арий тайпалары қоныстана бастаған кезеңді көрсетіңіз

  19. Үндістан дастандарындағы бүгінгі күнге дейін мереке ретінде тойланып келген оқиға

  20. Брахма құдайдың аяғынан жаратылғандар:

  21. Будда сөзінің мағынасын белгілеңіз

  22. Үндістанда «әскердің төрт түрі» деп аталған ойын түрін көрсетіңіз

  23. Үндістанның «Бес өзен елі» деп аталған бөлігі:

  24. Қытай патшасы Цинь Ши Хуандидің айыпкер ақсүйектерді жазалау әдісі:

  25. Шығыс Түркістанға, Ферғанаға тонаушылық жорықтар жасаған императорлық әулет

Тақырыптық тест:

5. Ежелгі Грекия.

Конспект

Грекия - Балкан түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Балкан түбегін айнала Эгей, Ионий және Жерорта теңіздері қоршап жатыр.

Ежелгі еуропалық өркениет Крит аралында мөлшермен 4500 жыл бұрын пайда болды. Оны басқаша, аты аңызға айналған Крит патшасы Миностың атымен Миностық деп те атайды. Криттіктер өзара мықты жолдармен біріктірген ірі қалалар салды. Су құбырларын жүргізді. Крит сәулетшілері тамаша патша сарайларын салды. Сарайлардың қабырғаларын фрескалармен әшекейледі. Астанасы - Кносс қаласы болды.

Б.з.д ХII ғасырда Балкан түбегіне солтүстіктен дорийліктердің шабуылы басталып шағын мемлекеттер жойылып кетті.

Грекияны табиғаттың өзі үш бөлікке бөлді: Оңтүстік, Орта және Солтүстік. Оңтүстік Грекияны, яғни Пелопоннесті Орта Грекиядан теңіз шығанақтары бөліп тұрады. Оларды жіңішке мойнақ қана жалғастыратын. Тау мен теңіз арасында Фермопил өткелі бар. Осы өткел Грекияны солтүстіктен жалғайтын. Орта Грекияны Аттика аймағы деп атады.

Грекияда мереке күндеріінде спорт жарыстары өткізілді. Ең әйгілісі - Пелопонестегі 4 жылда бір рет өткізілетін Олимпиялық ойындар болған Гректер Олимпияны қасиетті жер деп қатты құрметтеген. Олимпиялық ойындар өткізілген ай қасиетті саналып, бұл уақытта Грекияда соғыс тоқтатылған. Гректер жыл есебін алғашқы ойыннан бастап жүргізді. Аңызға қарағанда, алғашқы олимпиялық ойындар б.з.д 776 жылы өткен. Олимпиялық ойындар өткізілген ай қасиетті саналып, бұл уақытта Грекияда соғыс тоқтатылған.

Грек қалаларының бәрі дерлік өз алдына бөлек, дербес мемлекеттер болды. Олардың қарамағына қалалар мен оған жақын елді мекендер кірді. Қала-мемлекеттердің әскері, қазынасы, тіпті ақшасы болды. Қалалардың өсуі қолөнер мен сауданы дамытты. Қала-мемлекеттерді полистер деп атады. Б.з.д. VIII-VII ғасырларда Грекияда полистер пайда болды. Грекияда полистер саны жүзден асты.

Афиныда б.з.д VII ғасырдың аяғында Аттика жерінің бәрін шонжарлар иемденді. Афиныны ақсақалдар кеңесі, осы кеңес сайлайтын тоғыз әкім басқарды. Афины шонжарлары ғана кеңес мүшесі, әкім және сот бола алды. Шонжар гректер өздерінің ел басқаруын аристократия деп атады, оның мәні «таңдаулылардың билігі» деген сөз болатын. Сондықтан шонжарларды аристократтар деп атады.

Б.з.д. V ғасырда Афиныда жоғарғы өкімет билігі - халық жиналысына тиесілі болды. Барлық азаматтар Афиныдағы халық жиналыстарына қатыса алды. Ол айына төрт рет шақырылды. Оған 20 жасқа толған ер-азаматтар ғана қатысты. Жиналыс мемлекеттің маңызды істерін шешті. Әкімдерді, соттарды, басқа да лауазымды адамдарды сайлады. Шешімдер көпшілік дауыспен қабылданды.

Афины мен Спартаның Периклдің көзі тірісінде-ақ бәсекелесуі екеуінің арасында соғыстың шығуына апарып соқты. Афины мен Спарта дара билік етуге ұмытылып, б.з.д. 431 жылы соғыс басталды. Аттиканы Афины басқарса, Пелопоннес Спартаның қолында болды. Бұл соғыс тарихта Пелопоннес соғысы деп аталды. 30 жылға созылған соғыстың зардаптары ауыр болды. Соғыс Афинының жеңілуімен аяқталды.

Ежелгі грек мектептері үш сатыдан тұрды. Бірінші басқыш - мектеп жасына дейінгі 3-7 жасар балаларға, екінші басқыш 7-12 жасар балаларға арналған. Үшінші басқыш - гимнасия деп аталды. Оларда көбінесе дәулетті адамдардың ғана ұл балалары оқыды.

Ежелгі гректер Гомердің дастандарын ерекше құрметтейтін. Ондаған мың жолдан құралған «Илиада» және «Одиссея» поэмаларын көптеген адамдар сол кезде жатқа білген. Бұл поэмалар б.з.д VIII ғасырда жырланып, б.з.д VI ғасырда хатқа түскен деген жорамал бар.

Грек ғалымы Гиппократ медицина ғылымында 60-қа жуық еңбек жазды. Ол өте білімді оташы (хирург) болды. Қазіргі қолданыстағы «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлердің антының мәтінін де өзі жазған.

Пифагор - математика біліміне үлес қосқан адам. Ол сан - барлық нәрсенің бастапқы негізі деп түсінген. Тек сан ғана мәңгі өзгермейді деді.

Герадот өзінің шығармасына соғысқа қатысқан халықтар жайында көп мәлімет енгізді. Олардың б.з.д V ғасырдағы тіршілігін ғана емес, одан да ертедегі тіршілігін жазды. Герадоттың тарихи еңбектері баяғы заманның өзінде-ақ аса жоғары бағаланып, жұрт оны «Тарихтың атасы» деп атады. Ол «Тарих» атты 9 кітаптан тұратын еңбек жазды.

Грекияның солтүстік шекарасына б.з.д. IV ғасырда Македония елінің патшасы II Филипп үлкен қауіп төндірді. Ол соғыстан әлсіреген грек қалаларын бірінен соң бірін басып ала бастады. Грекияның құл иеиелінушілері Отанның тәуелсіздігінен гөрі өздерінің байлығын көбірек ойлады. Тек Афины демосы Македония патшасына табан тірескен қарсылық көрсетті. Б.з.д 338 жылы Херонея қаласы маңында гректердің македондықтарға қарсы шешуші ұрысы болды. Осы ұрыстан кейін Грекия түгелімен Македонияға бағынуға тиісті болды. Филипптің ұлы Александр Кіші Азияны толық бағындырды. Жерорта теңізін жағалай Финикия жеріндегі Библ, Сидон және т.б. қалаларын жаулады. Египет ұрыссыз берілді.Үндістанның солтүстік бөлігін басып алған соң Александр Қосөзенге қайта оралып, Вавилон қаласын астана етіп жариялайды. Б.з.д 323 жылы «Азияның патшасы» атанған Александр кенеттен науқастанып қайтыс болады.

Конспект сұрақтар

  1. Минос өркениеті өмір сүруін тоқтатқан кезең:

  2. Б.з.д. 776 жыл Гректердің жыл есебін бастайтын оқиғаны белгілеңіз

  3. Ежелгі Грекияда театрдың пайда болу себебі:

  4. Ежелгі грек мектебі неше сатыдан тұрды?

  5. Ежелгі гректер жатқа бөлінген поэмаларды белгілеңіз

  6. Гректерде қосымша палестра мектептерінде ұл балалар айналысқан шаралар

  7. «Гиппократ антын» қабылдайтындарды көрсетіңіз

  8. «Сан барлық нәрсенің бастапқы негізі» деген ғалым

  9. Грек мектептерінде бастауыш сыныптан кейін оқуын жалғастыра алмағандарды атаңыз

  10. «Тарихтың атасы» атанған адам:

  11. Ежелгі Грекиядағы Афина қаласының бас алаңы:

  12. А.Македонскийдің атына арнап салынған Александрия қаласы орналасқан жерді белгілеңіз

  13. Грекиядағы Олимпиялық ойын кезінде тыйым салынған әрекет

  14. Грекияның Аттика деп аталатын өңірін белгілеңіз

  15. Б.з.д ХII ғасырда Грекия мәдениеті мен өркениетінің құлдырау себебі

  16. «Ахилл өкшесі» сөзінің мағынасын табыңыз

  17. Грекияда олимп құдайларын белгілеңіз

  18. Афинының ел басқару жүйесі

  19. Пелопоннес соғысын бастағандарды көрсетіңіз

  20. Солон реформасы бойынша халық жиналысына қатысуға құқығы барлар

  21. Грекиядағы қала-мемлекеттерді белгілеңіз

  22. Грекияның Пелопоннес аймағы орналасқан бөлігі

  23. Ежелгі Грекия өркениеті бастау алатын аймақты белгілеңіз

  24. Олимпия ойындарының жеңімпаздары марапатталды:

  25. Крит патшалығы жойылған кезең

  26. Грек қалаларының Гомер үшін таласы

Тақырыптық тест:

6. Ежелгі Рим.

Конспект

Аппенин түбегінің орта шенінен Тибр өзені ағады. Жазықта латындар тайпасы тұрады. Б.з.д. VIII ғасырда Тибр сағасынан 25 шақырым жерде, жотада Рим қаласы пайда болды.

Римнің өте ертедегі тұрғындарының ұрпақтары патрицийлер деп аталды. «Патер» әке деген сөз, яғни қаланың негізін өздерінің әкелері қалағанын патрицийлер мақтан еткен. Олар ортақ егіндік жері мен жайылымдығы бар қауым болып тұрды. Әрбір отбасын латынша фамилия деп атады.

Римдіктер арасынан ірі жерлері бар, шаруашылығында көптеген құлдарды ұстайтын ақсүйектер шықты. Халықтың ең жоғарғы тобын - аристократтар құрады. Олар өзінің шығу тегі жағынан бұрыннан ауқаттылардың қатарына жататын ежелгі ұрпақ, ата-бабасының даңқы шыққан адамдары болды. Қоғам олар туралы үнемі жоғары пікірде болып, мемлекеттің маңызды істерін сеніп тапсырды.

Рим тарихын үш кезеңге бөлеміз: патшалық кезең, Республикалық және империялық кезеңдер. Римнің алғашқы патшасы Ромул болды. Римдегі патшалық кезең б.з.д. 753-509 жылдарды қамтиды.

Римнің соңғы патшасы Тарквиний өте қатал, адамгершілігі төмен болды. Ашынған Римдіктер патшалық билікті жойып, патшаның өзін отбасымен елден қуады. Римді республика деп жариялады, ол - «жалпыхалықтық іс» деген сөз. Б.з.д. 509-27 жылдары Рим республикасы өмір сүрді. Бұл Рим тарихының екінші және ең ұзақ дәуірі болды.

Рим республикасында патрицийлердің ақсақалдары құрған кеңес-сенат Рим өмірінде ерекше орын алды. Оның мүшелерін сенаторлар деп атады. Олар осы қызметті өмір бойы атқарды. Сенат құрамы 300 адамнан құралды. Жоғарғы мемлекеттік деңгейге жетті. Сенаттың билігі үлкен болды. Сенатта қаражат, соғыс бітім, келісім мәселелері кеңінен қаралды.

Рим республикасында халық жиналысының 3 түрі болды:

Курия- ру бірлестіктерінің жиыны,

центуриат - патрицилер мен плебейлердің жиналысы,

трибалар - халық жиналысының соңғысы.

Атқарушы өкімет билігін жүргізушілерді магистраттар деп атады.

Сенатта қолдау тауып, Октавиан «Август» (қасиетті) деген атақ алып, Рим мемлекетін және оның бүкіл иеліктерін дара билей бастады. Ол Римде дара басқарушы император болды. Оның императорлық билігі б.з.д. 27 жылдың 13 қаңтарынан басталды. Осы күн Римде империалық дәуірдің басы болып есептелді.

Октавианның кезінде елді басқаруды приципат деп атады. Принципат басқару жүйесі б.з.д. II ғасырға дейін сақталды. Билік бір адамның қолында шоғырланды. Билік мұрагерлік жолмен берілді. Халық жиналыстары шақырылмады.

Б.з. 98-117 жылдары өмір сүрген Рим империясының императоры - Траянды римдіктер «ең жақсы император» деп атаған. Оның кезінде жалған шағым мен дарға асуға тыйым салынды. Рим бойынша тыңшыларды тұтқындап, біреудің ізіне түсуге тыйым салды.

Б.з.д II ғасырда Римде тамаша сәулет ескерткіштері көбейе түсті. Олар гректер мен шығыс елдерінің үлгісінде салынды. Ғимарат төбесін доға тәрізді жауып, арка, күмбез, қалау арқылы сәулет өнерін шебер меңгерген. Осындай құрылыстың бірі - Пантеон. Латынша - «барлық құдайлардың ғибадатханасы». Ол көлемі жағынан ең көлемді күмбезді храм. Храмның төңкеріп қойған табаққа ұқсайтын куполы - төбесі бар. Қазір пантеон храмы ұлттық кесене сияқты, онда итальяндық қайта өрлеу дәуірінің көрнекті қайраткері Рафаэль Санти жерленген.

Б.з.д. I ғасырдың соңы - б.з. I ғасырдың басында ежелгі Римде аса дарынды ақындар өмір сүрді. Римнің атақты ақындарының бірі - Вергилий (б.з.д 70-19 жж) «Энеида» поэмасын жазу үшін он жыл еңбек етті. Латын поэзиясының жоғары даму деңгейіне ақын Горацийдің шығармалары жетті. Ол бірнеше поэмалар жазды. Рим әдебиетінің жарқын өкілі Лукреций - әрі ақын, әрі ғалым болған адам. Оның «заттардың жаратылысы туралы» поэмасы сол кезде танымал болды. Бұл кезеңді тарихта Рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атады.

Римдіктер Сицилия аралы мен металға бай Испанияны басып алуды көздеді. Бұған карфагендіктер қарсы болды. Карфаген қаласы Африканың солтүстік жағалауында орналасқан. Оны кезінде финикиялықтар орнатқан. Римдіктер карфагендіктерді пундар деп, ал соғысты пуни соғысы деп атады. Соғыс 20 жылдан астам уақытқа созылды. Бірінші пуни соғысы б.з.д 264-241 жылдары арасында Римның жеңісімен аяқталды. Рим Сицилияға толық үстемдік орнатады. Б.з.д. 218-201 жылдары екінші пуни соғысы болып, ақыры карфагендіктер жеңіліп Римге 50 жыл ақша төлеуге міндеттеледі. Рим мемлекеті батыс Жерорта теңізінің қожалығына айналады. Ал б.з.б. 149 жылы үшінші пуни соғысында, Карфаген біржолата жеңіліп, қала егістік жерге айналдырылды.

Римнің жаулап алған жерлері провинциялар деп аталды. Провинцияларды сенат тағайындаған наместниктер басқарды. Жерорта теңізі өңіріндегі халықтардың көбі римдіктерге тәуелді болды.

Б.з. I ғасырдың соңы - II ғасырдың басында Христосқа сиынатын әртүрлі қауымдар мен ұйымдар пайда болды. Христиан дінін негіздеген еврейлер болды. Алайда бұл дінді басқа ұлттар - гректер, сириялықтар, египеттіктер, римдіктер, галлдар қабылдай бастады.

Елдің ішкі әлеуметтік дағдарысын христиан діні тоқтатады деп сеніп, осы дінге ашық қолдау көрсеткен Константин император болды. Ол 313 жылы христиандық храмдар салуға ресми түрде рұқсат етті.

Римдегі алғашқы заңдар б.з.д. V ғасырда он екі мыс тақтаға жазылды, сондықтан оны «ХII кесте заңдары» деп атады. Бұл заңдар өз тұрмысы мен ақсүйектердің үстемдігіне наразылық білдірген плебейлерді тыныштандыру үшін жазылды. Әуелі бай патрицийлердің мүддесін қорғайтын 10 кесте жасалды. Кейін плебейлердің қысымынан соң, оған 2 кесте қосылды. Кесте жұрттың көз алдында тұруы үшін Форумға қойылды. Қалада тұратын радам 12 кесте заңдарын білуге міндетті болды.

Константин Босфор мойнағы жағасында қала салды. Қала Константинополь (қазіргі Стамбұл) деп аталды. Император Константин б.з. 337 жылы қайтыс болып, елде билік үшін талас басталды.

Империяның күші әлсіреп тұрған кезде, оның шекарасына «варварлар» кіре бастады. Олармен бірге ғұндар мен готтардың шабуылы да күшейді. 378 жылы Рим әскері готтармен шайқасты. Готтар империяға үлкен қауіп төндіре бастады.

395 жылы император Федосий қайтыс болғаннан кейін Рим империясын оның екі баласы ыдыратты. Ағайынды екеуі империяға қарасты жерлерді бөліп алды. Нәтижесінде шығыс және батыс аталған екі империя құрылды. Шығыстың құрамына Балқан түбегі, Египет және Азиядағы Рим иеліктері кірді. Батыста Италия, Еуропа мен Африканың батыс бөлігі қалды. Батыс Римнің жағдайы барған сайын ушығып, елде көтерілістер көбейді.

Конспект сұрақтар

  1. Ежелгі Римдегі «барлық құдайлардың ғибадатханасы» деп аталған храм:

  2. Рим республикасының саяси-басқару жүйесінің сипаты:

  3. Рим республикасында соғыс пен бітім мәселесін қарайтын халық жиналысы

  4. Рим поэзиясының «алтын ғасыры» аталған кезең:

  5. Рим қаласы пайда болған өзен сағасы

  6. Рим тұрғындарының өте ертедегі ұрпақтары

  7. Римнің алғашқы патшасы

  8. Рим республикасы өмір сүрген жылдар

  9. Карфаген әскерін басқарған қолбасшы

  10. Римнің жаулап алған жерлерінің атауы

  11. Римде жерді жалға алушылар

  12. Рим империясында «ең жақсы император» атағын алған патша

  13. Б.з. III ғасырында Рим империясындағы абсолюттік билік жүйесі

  14. Рим империясының екіге бөлінген жылы

  15. Христиан дініне ашық қолдау көрсеткен император

  16. Рим мектептерінде дәріс беруші ұстаздар

  17. «Заттардың жаратылысы туралы» поэманың авторы:

  18. «ХII кесте заңдары» кімнің мүддесін қорғағанын көрсетіңіз

  19. Римдегі базар алаңы болған орталықты атаңыз

  20. Рим империясында христиан діні негізін қалағандар:

  21. Рим республикасындағы патрицилер мен плебейлердің жиналысы

  22. Римдегі барлық билікті иеленді:

  23. Римдегі салық жинау жүйесін басқарғандар

  24. Римде империялық дәуір бастаған:

  25. Октавиан тұсындағы ел басқару жүйесі

Тақырыптық тест:











7 сынып

1. V-ХI ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропа

Конспект

Орта ғасырлар тарихында еуропа елдері үшін V-X ғасырл ар ал Азия елдері үшін ІІ-ХІ ғасырлар ерте орта ғасырлар дәуірі деп аталды. Бұл дәуірде адамзат баласы тарихының дамуында көптеген тайпалар құлдық қоғамды аяқтап, жаңа қоғамдық қатынас феодализмге енді. Ерте орта ғасырларда ірі жер иеліктері дамыды. Феодалдық қоғамның негізгі байлығы жер болды. Ерте орта ғасырлық мемлекеттер өмірге келді. Солардың ішінде Франктер империясы мен Византия империясы құрылды. Азияда Араб халифаты дүниеге келді. Ислам діні таралып, Азия елдерінде мұсылмандық кең етек алды. Ислам дінін уағыздаушы Мұхаммед пайғамбар ислам дүниесіне зор әсер етті.

Шығыс Еуропа елдерінде ерте ортағасырлық дәуірде славян тайпалары бірікті. Батыс, Оңтүстік және Шығыс славян тайпалары ІХ-Х ғасырлар аралығында өз мемлекетерін құрды. Шығыс славян тайпаларының жерінде Киев Русі мемлекеті, Батыс славян тайпаларының жерінде Морав, Чех мемлекеттері, оңтүстік славян тайпалары жерінде - Балқан түбегінде Бірінші Болгар патшалығы құрылды. Бұл славян мемлекеттері дүние жүзі халықтары тарихынды айтарлықтай із қалдырды.

Ерте орта ғасырлар кезеңіндегі мемлекеттердің саяси құрылымы ерте феодалдық монархия болды. Ірі жер иелер імен дін басшылары феодалдардың мүддесін қорғап, үстемдік жасап отырды.

Мемлекеттік аппаратта король, герцог, барон, кінәз бен боярлар феодалдық сатыны құрады.

Ірі жер иеліктері феодалдық поместьелер болды. Ерте орта ғасырлыр кезеңінің бір ерекшелігі - монархиялық империялар қандай күшті болғанымен, феодалдық қоғамның заңды дамуы - бытыраңқылықты бастан кешірді. Оның себебі, біріншіден, барлық феодалдық мемлекеттер байлық үшін, билік үшін әр уақытта бақталастықта болды. Екіншіден, феодалдық қоғамда тұйық табиғи шаруашылық дамыды. Мемлекеттер елді басқару мен шаруашылықты ұйымдастыру ісін өз мәнінде жүргізе алмады. Бұл тарихи процесс Франктер, Византия, Киев Русі мемлекетерінің әлсіреуіне және құлауына әкелді.

V-Х ғасырлар аралығында шаруалардың жіктелуі күшейді. Яғни шаруалар кедейленіп, жерін ірі феодалдар тартып алған, жерсіз шаруалар көбейіп олар феодалдарға еріксіз кіріптарлыққа түсті. Еріксіз шаруалар Еуропа және Азия елдерінде ірі феодалдарға қарсы күреске шығып отырды.

Феодалдық қоғамның дамуы өндірістік күштердің дамуына, өндірістік қатынастың күшеюіне әкелді. Еуропа елдерінде жерге жеке меншік үстем болды. Азия елдерінде жерге иелік негізінен мемлекеттік меншік арқылы дамыды. Ерте орта ғасырлар кезінде феодализм дамып, феодалдық қоғам өз дамуының жоғарғы сатысына өтті.

IV ғасырда Рим ипериясы әлсірей бастады. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себеп - құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. Еңбегіне ақы алмай тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, жұмыстан жиі бас тартты.

Билік басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан-жылға өсе берді. Сөйтіп өкіметке қарсы тек құлдар ғана емес, қарапайым қала халқы мен шаруалардың да наразылығы күшейе түсті.

Құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-сыяпат, зекет ретінде алым-салықтар төлеп тұрды. Тойымсыз дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды.

Қатты күйзеліске ұшыраған Батыс Рим империясына герман тайпалары - вандалдар, весготтар, осготтар, ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті. Бұл тайпалардың қоғамдық даму деңгейі біркелк емес еді. Кейбіреулері отырықшылық өмір сүріп, егіншілікпен шұғылданса, екіншілері мал шаруашылығымен айналысып, қоныс аударып отырды.

Герман тайпалардың негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Қауым мүшелері тапқа бөлінбей, жерді бірлесіп өңдеді. Германдықтарда мемлекет болмады. Қауымдарды сайланып қойылатын көсемдер басқарды. Тайпалар өзара соғысып, бірін-бірі бағындырып отырды. Соғыс кезінде батырлығымен көзге түскен тайпа көсемі әскербасы болып сайланатын.

Герман тайпаларын шығыстан ғұндар ығыстырған соң олар Батыс Рим империясыны басып кірді. 410 жылы Аларих бастаған вестготтар Римді басып алды. Вестготтар қаланы үш күн бойы тонады. Бірақ олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды, оның үстіне Империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан жоқ еді. Сол себепті вестготтар Оңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы оңтүстік-батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды.

Б.з.б. 50-жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударды Ал IV ғасырдың 70 жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.

Ғұндар Еуропаға келіп, рулық қоғамда өмір сүріп отырған герман тайпаларын батысқа қарай ығыстырды. Осы ғұндардың Одакр (Әдекер) деген батыры герман тайпаларының әскерін басқаратын. Сол әскермен ол 476 жылы құл иленуші Батыс Рим империясын басып алып, құлдықтың жойылғандығын жариялады.

Сөйтіп 476 жыл құл иеленуші қоғамның жойылып, феодалдық қоғамға көшу жылы деп саналады. Ғұндар күшті Рим әскерін озық технологияның арқасында жеңді. Ол технология - ер-тоқымның үзеңгісі болатын. Ал Рим әскері ол кезде үзеңгіні пайдалануға көшкен жоқ еді.

486 жылы Солтүстік Галлияда құрылған Франк мелмекетін меровей руының көсемі Холдвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын қол астына біріктіріп, Римнің қарамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясынң осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.

Хлодвиг король деп жарияланды. Король сарай ел басқарудың орталығына айналды. Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.

Франктердің пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Сондықтан Хлодвиг 489 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорыққаннан кірді.

511 жылы Холдвиг өлгеннен кейін оның мұрагерері жер мен билік үшін өзара күрес жүргізді. Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың (латынша «үйдің үлкені, басшысы») ықпалы күшейе түсті. Сарай шаруашылығын басқаратын майордамдардың қызметі баласына мұра болып қалатын ең жоғарғы қызметке айналды.

Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның кезінде араб тар Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Кал Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан шаруаларымен бірге жер үлестерін алды. Алғашында жер жауынгердің меншігінде мәңгілік емес еді, кейін жер үлестері әкеден баласына мұра ретінде берілетін болды.

Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.

741 жылы Карл Мартел өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына тиді. Ол Меровингтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннің корольді құлатып, өзін король деп жариялануына болатын еді. Бірақ ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп ұйғарды. Бұл мақсатқа жету үшін ол құдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдаланды.Италиядағы Лангобардтық корольдіктен қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зәру еді.

751 жылы папаның келісімі бойынша, франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер королі деп жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті.

Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға Лангобард корольдігіне екі рет жорық жасап, жаулап алған жерін Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол «Пипин сыйлығының» жұрнағы болып табылады.

Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер әулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік құрды.

Ұлы Карл Испанияға, Италияға, герман тайпаларына жорықтар жасады. Сакстер Карлдің күштеуімен христиан дінін қабылдады. Ұлы Карлдің билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады.

Қиын кезде көрсеткен көмегі үшін 800 жылы папа Римде Карлге тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп Батыста жаңа империя өмірге келді.

Қарудың күшімен және Ұлы Карлдің беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ол өлген соң 843 жылы оның балалары мен немелері Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Кіші ұлына империяның батысы, ортаншысына - шығыс бөлігі, ал ең үлкен немересіне Италия тиді. Сөйтіп империя үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.

Конспект сұрақтар

  1. Аларих бастаған вестготтардың Римді басып алған жылы:

  2. 476 жылы Батыс Рим императорына қарсы шыққан қолбасшы:

  3. Франк мемлекетінде салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы:

  4. Франк мемлекетіндегі аллодтың иелерін белгілеңіз:

  5. Франк империясының королі Ұлы Карл билік еткен жылдар

  6. 732 жылы араб әскерлерінің франктерден жеңілген жері

  7. Франк империясы ыдыраған соң құрылған үш корольдікті белгілеңіз

  8. V-X ғасырлардағы Византия:

  9. Император Юстиниан билік құрған кезең:

  10. VII ғ. 70-жылдары Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті

  11. Ұлы Карл император болып жарияланған жыл:

  12. Франк мемлекетінде Майордомның атқарған қызметі:

  13. Франктерде қылмыскерге қолданылатын негізгі жаза

  14. V ғасырда Солтүстік Африкаға өткен герман тайпасы:

  15. V ғасырда Галлия жеріне барып мемлекетін құрған герман тайпасы:

  16. Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуына себеп болған жағдай

  17. Батыс Рим империясында құл иеленушілік құрылыс жойылған жыл:

  18. Майордом Қортық Пипин король болу үшін пайдаланды:

  19. Франктер билеушісі «Пипин сыйлығының» жұрнағы аталған мемлекет:

  20. Франктер империясы ыдыраған жыл:

  21. ІХ ғасырда орталық Еуропада құрылған тұңғыш Батыс славян мемлекеті:

  22. Рим имериясының ресми түрде Шығыс және Батыс болып екіге бөлінген жыл:

  23. IV ғасырда Рим империясының құлау себебі:

  24. Шығыс Рим империясының тарихтағы атауы:

  25. Византия императоры Юстинианның Константинопольде салдырған храмы:

Тақырыптық тест:









2. V-Х ғасырлардағы Византия,Таяу Шығыс, Орталық Азия және Русь

Конспект

Рим империясының Шығыс аймақтары экономикасының даму деңгейі жағынан варварлар шапқыншылығынан зардап шеккен Батыс аймақтардан әлдеқайда алда болды. Сол себепті император Константин 324 жылы астананы Рим қаласынан Босфор бұғазындағы Византий деген шағын қалаға көшірді. 330 жылы ол қаланың аты Константинополь деп өзгертілді.

395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Константинополь Шығыс Рим империясының астанасы болып қалды. Бұл қаланың бұрыңғы атауымен Шығыс Рим империясы тарихта Византия империясы деп те аталады.

Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға дейін созылып жатты. Оның құрамына Балкан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Месопотамия мен Арменияның біраз бөлігі, Жерорта теңізінің шығысындағы аралдар мен Қырымдағы, Кавказдағы иеліктер кірді. Латын халқы азшылық болса да VII ғасырға дейін латын тілі мемлекеттік тіл болды. Кейін оны грек тілі ығыстырды.

Константинополь Шығыс пен Батыс арасындағы «алтын көпір» атанды. Бұл қалаға әлемнің түпкір-түпкірінен - Қытайдан, Түрік қағанатынан, Ираннан, Үндістаннан, Батыс Еуропадан, Африкадан келген саудагерлерді кездестіруге болатын. Византияның алтын ақшасы - номисма барлық елдерде ең сенімді ақша болды.

Византия империясы бір адамның шексіз билігіне бағындырылған монархия болды. Барлық өкімет билігі василевстің қолына шоғырланды. Ол өзі жоғарғы сот болды, сыртқы саясатты жүргізді, заңдар шығарды, әскерді басқарды. Оның билігі құдайдың әмірімен берілді деп саналды. Императордың билігін мұрагерлікпен иелену заң жүзінде бекітілмеді. Сондықтан шамасы келген бүлікші жеңіске жетіп, тақты басып алса заңды мемлекет басшысы болып шыға келетін.

Византия империясы күшейген кезі Юстиниан (527-565 жж) билік құрған кез болды. Ол христиан дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Империя ынтымағын нығайтқан дін ретінде Константинопольде Әулие София соборын салғызды.

VI ғасырдың аяғынан бастап Византия шіркеуінің ең жоғарғы басшысы Константинополь патриархы болды. Императорлар шіркеулерге жер бөліп беріп отырды, оларды салықтан босатты.

VII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Византияға арабтар қауіп төндірді. Арабтар Византияның бай жерлерін - Сирияны, Палестинаны, Жоғарғы Месопотамияны,Египетті тартып алды. Араб әскерлері Константинопольді бірнеше рет қоршап, шабуылдағанымен, оны басып ала алмады. Жергілікті халық арабтарды өздерінің азат етушісі ретінде қарсы алып отырды.

Біздің заманымыздың III ғасырында Арабия түбегінде Лахмид патшалығы өмір сүрді. Лахмид әулетінің билеушілері тұсында бұл патшалық дамыған ірі мемлекетке айналды.

Арабияда өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық шаруашылықтың дамуы, мүлік теңсіздігінің тереңдеуі, сондай-ақ жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет құруға негіз болды. Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды. Ислам идеясын таратушы Мұхаммед пайғамбар (570-632 жж.) Меккеде туып өскен. Ол өзін Алланың жердегі елшісі деп жариялап, арабтарды ислам дініне енуге уағыздады.

Мұхаммед Арабия түбегін түгелдей бағындырып, Ислам мемлекетін құрды. Пайғамбар өлгеннен кейін оның ізбаарларына халиф (пайғамбар ісін жалғастырушы, жолын қуушы деген мағынада) деген атақ берілді. Сөйтіп Араб халифаты деген ірі мемлекетті оның ізбасарлары басқарды.

Үндістаннан Атлант мұхиты жағалауына дейінгі жер Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды. Араб халифаты жаулап алған жерлердің бәріне ислам дінін таратты.

Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды. Бұл құрлықтардағы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері болды. Олар әр түрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрлерін ұстанды. Бұл сияқты ала-құлалық түбінде әлемдік державаның күйреуіне әкеліп соғатын. Мұндай тағдырдан Халифатта қашып құтыла алмады. VIII-Х ғасырларда Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Араб тарихшысы Әл- Масуди «Замана тарихы» атты 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедияны жазды. Әлем кеңістігі туралы ілімді туғызды.

V-VI ғасырлар аралығында Орта Азия, Ауғаныстан, Солтүстік-батыс Үндістан және Шығыс Түркістан жерінде эфталит - ақ ғұндар тайпалық бірлестіктері құрылды. Эфталит тайпаларының негізгі иеліктері Шығыс Иран, Тоқарыстан және Шығыс Ауғаныстанда орналасқан. Ақ ғұндар - Орта Азия аумағында мекендеген көшпелі тайпалар.

V ғасырда эфталит тайпалары әскери-саяси жағынан бірігіп, Ауғаныстан аумағында ірі мемлекет құрады.

Эфталиттер жаулап алған елдеріндегі мәдениет ошақтарын қиратпаған. Ақ ғұндардың өзіне тән мәдениеті болды. Қазақ даласындағы көшпелі ғұндардан айырмашылығы, олар парсы тілінде сөйлеген. Эфталиттер жергілікті тайпалармен бірігіп, қазіргі ауған халқының негізін құрады.

Иран мен түріктер арасында эфталит жері үшін соғыс ұзаққа созылды. Түріктер эфталиттер жеріндегі сасанилерге шабуыл жасап, эфталиттер жерінде түрік билігін орнатты.

Ежелгі славян тайпаларының шыққан жері - Еуропа. Грек тарихшысы Птолемей өз еңбектерінде славян тайпаларын венед, ант, славин деп атайды.

Еуропада кең тараған славян тайпаларын үш топқа бөлуге болады.

Батыс славян тайпаларының жерінде қазіргі чех, словян және поляк халықтары қалыптасқан.

Оңтүстік славяндар Балкан түбегіне VI ғасырда Днепр өзенінің бойында барған. Олар Балкан түбегіндегі қазіргі кездегі болгар, серб, хорват, словен, черногор халықтарының арғы атасы болып табылады.

Шығыс славяндар туыстас орыс, украин, белорус халықтарының арғы тегі болып табылады.

Батыс және Оңтүстік славян тайпаларының негізгі шаруашылығы егіншілік болған. Батыс славян тайпаларында өндіргіш күш жедел дамыды. Ол қоғамдық құрылымның дамуына әсер етіп, IХ ғасырда Чехия және Словакия жерінде ежелгі феодалдық мемлекеттің құрылуына әкелді. 833-836 жылдары кінәз Моймир Морав жеріндегі неміс феодалдарын жеңіп, орталық Еуропадда тұңғыш батыс славян мемлекетін құрды. Ол мемлекет Ұлы Морав деп аталды.

Х ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына Чех мемлекеті құрылды. Алғашқы кінәз Пшемыслав тұқымынан шыққан I Болеслав болды.

Польша жерінде IХ ғасырдың орта кезінде полянк тайпаларының ірі кінәздік бірлігі құрылды. Х ғасырда батыста Одер өзеніне дейін, шығыста Батыс буг, Карпат тауынан Балтық теңізіне дейінгі жерде Кіші және Ұлы Польша тайпалары бірігіп, Польша мемлекеті құрылады. Мемлекетті алғашқы Польшаның Ұлы кінәзі Мешко басқарды.

VI-VIII ғасырлар аралығында славяндарда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодалдық таптық қоғам орнады. Шаруашылықта жеке меншіктік қатынастар орнығып, мүлік теңсіздігі күшейе түсті. Сонымен қатар славяндар қоғамында көршілік, қауымдық меншік те дамыған.

VI-IХ ғасырлар аралығында Батыс және Оңтүстік славян тайпаларында таптық қоғам жетіліп, мемлекеттер құрылды.

681 жылы Балкан түбегінде Аспарух хан Болгар мемлекетін құрды. VII ғасырдың басында Еділ бойында түрік тайпаларының Болгар хандығы болған. Аспарух - осы болгар тайпалық одағын басқарған Кубрат ханның баласы. VII ғасырдың ортасында Хазарлардың қысымымен ығысқан болгар тайпаларының бір бөлігі Византияға қарайтын Дунайдың оңтүстік жағалауына өтіп кетеді. Осында Аспарух хан Болгар мемлекетінің негізін қалады.

Славян тайпалары V-VI ғасырларда Шығыс Рим империясына шабуыл жасап, Балкан түбегін жаулап алады. Константинополь қаласы құлап, Шығыс Рим империясы күйрейді. Сөйтіп, славяндар ерте құлдық құрылыстың жойылуына, феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуына өз үлесін қосты.

Шығыс славяндарда Киев мемлекетінің астанасы салынуын Кий деген адамның атымен байланыстырады. Ұлы кінәз Ярослав Мудрый Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалады. Ол орыс мемлекетінің дамуына жағдай жасады. Монастырьлар жанынан мектептер ашылды. Сәулет өнері дамыды. Киев қаласында алтын қақпалы София соборы салынды. Бұл собор күні бүгінге дейін Киев қаласында тұр.

Ярослав мудрый Еуропа елдерімен туыстық қатынас орнатты. Өзі швед королінің қызына үйленсе, қызы Анна француз короліне күйеуге шықты. Баласы Византия императорының қызына үйленді. Сөйтіп Ярослав Мудрый Еуропа елдерінің көбімен құдандалық қатынаста болды. Бұл қатынастар бейбіт саяси дамуға мүмкіндік жасап отырды.

Владимир кінәз тұсында Киев Русіндегі аса маңызды оқиға 988 жылы христиан дінін қабылдауы болды. Христиан діні арқылы бұл дінді бұрын қабылдаған Болгар патшалығымен тығыз байланыс дамып, болгарлар - Кирилл және Мефодий жасаған славян әліпбиі қолданыла бастады. Осылайша күні бүгінге дейін орыс, украин және белорус халықтары пайдаланатын альфавит - кириллицаны IХ ғасырда орыстар да қабылдады.

Монастырьлардан табылған жазба деректерді, күн сайынғы болған оқиғалар жазбасын орыстар летопись - жылнама деп атаған. Бізге дейін жеткені «Бағзы бір замандардың хикаясы». Бұл жылнама Киев русі мемлекетінің құрылуы, славян тайпаларының көшпелі тайпалармен соғысы, алғашқы кінәздар туралы жазылған тарихи дерек, жазба ескерткіш болып табылады.

Киев Русінің әдеби мұрасы - «Игорь жорығы туралы жыр» 1185 жылы жазылған шығарма әрбір кезеңде толықтырылып, өңделіп отырған. Бұл шығарма қыпшақ ханы Қоншақ пен кінәз Игорь арасындағы соғыс баяндалады.

Орыс халқы христиан дінін қабылдағаннан кейін, басқа славян халықтарындағы сияқты өнері де дамыды.

Орыс, украин және белорус жерінде салынған барлық православие шіркеулері бір-біріне ұқсас болып келеді.

Конспект сұрақтар

  1. Рим империясының құлауының басты себебі:

  2. Франк мемлекеті құрылған жыл

  3. Француз тілінің негізін құраған:

  4. Король Хлодвиг қайтыс болған жыл:

  5. Франк мемлекетінде «Мойордомның» атқарған қызметі:

  6. Византия императоры Юстинианның шығарған заңы:

  7. Мұхаммед пайғамбардың өмір сүрген жылдары

  8. Мекке билеушілерінің талап етуімен Мұхаммед пайғамбар кетуге мәжбүр болған қала

  9. Мұхаммед пайғамбар құрған мемлекетті көрсетіңіз

  10. VIII ғасырда арабтар жаулап алған Еуропадағы ел.

  11. Араб халифатының құрамынан бөлініп шыққан Еуропадағы ірі халифат.

  12. Араб халқының көпшілігі ислам дінін қабылдаған жыл:

  13. Араб халифатында ең ірі кітапхана орналасқан қала

  14. Ислам діні бейнелеу өнерінде тыйым салды:

  15. Араб ғалымы Ибн Синаның жазған еңбектерінің көбі арналды:

  16. Еуропалықтар арабтардан үйренді:

  17. Отыз томдық «Замана тарихы» атты тарихи-географиялық энциклопедияның авторы

  18. Құран сөзінің мағынасы:

  19. Арабтарда жоғарғы мемлекет және дін басшысы:

  20. Аббас әулетінің өмір сүрген кезеңі

  21. Араб халифатының тәуелсіз мемлекеттерге ыдыраған кезеңі:

  22. V ғасырда эфталит мемлекеті құрылған аймақ:

  23. Эфталит мемлекетінің құлау себебі:

  24. 681 жылы Балкан түбегінде Аспарух хан құрған славян мемлекеті

  25. Киев Русінің құрылған жылы

Тақырыптың тест



3. Ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктері

Конспект

Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде IХ-X ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі - жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құдіретті де құрметті адам болды. Ақсүйек шонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік меншігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті.

Атқарған қызметі үшін әр адамға сыға берілетін жер үлесі «феод» деп, ал ол үлестің иесі «феодал» деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруалармен қоса иемденді.

Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поместье деп аталды. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптарлыққа салды. Ерте орта ғасырлар кезеңінің бір ерекшелігі - монархиялық империялар қандай күшті болғанымен, феодалдық қоғамның заңды дамуы - бытыраңқылықты бастан кешірді. Оның себебі, біріншіден, барлық феодалдық мемлекеттер байлық үшін, билік үшін әр уақытта бақталастықта болды. Екіншіден, феодалдық қоғамда тұйық табиғи шаруашылық дамыды. Мемлекеттер елді басқару мен шаруашылықты ұйымдастыру ісін өз мәнінде жүргізе алмады. Бұл тарихи процесс Франктер, Византия, Киев Русі мемлекетерінің әлсіреуіне және құлауына әкелді.

Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі - шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның поместьесінде өндірілді.

VI-Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.

Натуралды шаруашылық жағдайында жеке феодалдық иеліктер арасындағы экономикалық және саяси байланыстар өте мардымсыз болды. Ірі феодалдық жер иеліктері одан әрі дамыды, ол иеліктерде күштеу аппараты құрылды. Күшейіп алған жекелеген феодалдар өздерін корольмен тең санай бастады.

Осының бәрі IХ-X ғасырлардағы Батыс Еуропада феодалдық бытыраңқылықтың негізгі себептері болды. Бағыныштылар бір-бірінің мырзаларының иеліктеріне шабуыл жасап тұрды. Бұл қақтығыстар феодалдық өзара қырқысулар деп аталды.

Феодалдық құрылыстың тағы бір ерекшелігі - феодалдар атақ-лауазымы бойынша бірнеше сатыға бөлінді. Ол бөліну тарихта феодалдық саты деп аталды. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал - король тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі баспалдақта корольдің бағыныштылары герцогтер мен графтар болды. Оларға жүздеген деревнялар қарады. Олардың билігінде үлкен әскер отряды болды.

Графтардан кейінгі баспалдақта олардың бағыныштылары - барондар мен виконттар тұрды. Олар 20-30 деревняны басқарып, шағын әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдардың - рыцарлардың мырзасы еді. Ал рыцарлар әлі рыцарь ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды.

Ерте орта ғасырлар кезеңіндегі мемлекеттердің саяси құрылымы ерте феодалдық монархия болды. Ірі жер иелерімен дін басшылары феодалдардың мүддесін қорғап, үстемдік жасап отырды.

Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді. Әскери іспен айналысатын феодалдар Х ғасырдың аяғынан бастап рыцарьлар деп аталды. Рыцарь болу үшін үміткердің жер үлесі «феоды» болуы керек еді. Рыцардың басты кәсібі - соғыс. Сондықтан олардың барлық тұрмысы мен әдет-ғұрпы соғыс талаптары мен соған байланысты тәртіптерге бағындырылды.

Осман империясындағы «сипахилер», Жапониядағы «самурайлар» ортағасырлық Батыс Еуропадағы рыцарьлар іспетті болды. Кейін тұрақты армияның құрылуына, оқпен атылатын қарудың тарауына байланысты рыцарлардың әскердегі рөлі азая бастады. Бірақ рыцарлар біржолата жойылып кеткен жоқ. Олар дворяндарға айналды.

Феодалдар мықты аула-бекінісі бар үйіне азық-түлік, киім-кешек, еңбек құрал-саймандары мен қару-жарақ қорын жинады. Табиғи апат, жұт, өрт зардаптарынан кейін әр шаруа осы қордан қарызға көмек алып, қайтадан әл жиятын. Олардың аула-бекінісі қорғаныс қамалы да болды. Бекіністі айнала дуалдар соғылып, су толтырылған орлар қазылды. Ор үстіне көтерме көпір салынды.

Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар басыбайлы және ерікті болып екіге бөлінді.

Басыбайлы шаруалар феодалдарға толық тәуелді болды, олардың өз беттерімен шешім қабылдап, әрекет етуіне тыйым салынды. Феодалдар ондай шаруаларды сатуға, айырбастауға, сыйлауға ерікті еді. Басыбайлы шаруа қашып кетсе, қожасы оны тауып алып, өзіне қайтаратын. Басыбайлы шаруалар қатарына бірте-бірте бұрыңғы құлдар да қосылды. Шаруалардың бұл тобы Францияда «сервтер» деп аталды.

Шаруалардың екінші тобына жататын жеке басы ерікті шаруалар. Англияда «вилландар» еді. Олардың жағдайы біраз жеңілдеу болды. Олар өз қарамағындағы мүліктерін, еңбек құрал-жабдықтарын еркін жұмсай алды. Ерікті шаруалар өз жер үлесін мұрагерлік жолмен балаларына қалдыруға құқылы болатын.

Шаруалар өз қожайындары мен корольдеріне көптеген міндеткерліктер өтеді.

Ол міндеткерліктерді өтеудің бірнеше түрі болды. Басты түрі - еңбекпен өтеу. Ол «барщина» деп аталды. Шаруалар заттай алым-салық - «оброк» та төлеп отырды. Сонымен қатар «қоғамдық жұмыстар» атқару міндеткерлігі де болды.

V-Х ғасырлар аралығында шаруалардың жіктелуі күшейді. Яғни шаруалар кедейленіп, жерін ірі феодалдар тартып алған, жерсіз шаруалар көбейіп олар феодалдарға еріксіз кіріптарлыққа түсті. Еріксіз шаруалар Еуропа және Азия елдерінде ірі феодалдарға қарсы күреске шығып отырды.

Феодалдық қоғамның дамуы өндірістік күштердің дамуына, өндірістік қатынастың күшеюіне әкелді. Еуропа елдерінде жерге жеке меншік үстем болды. Азия елдерінде жерге иелік негізінен мемлекеттік меншік арқылы дамыды. Ерте орта ғасырлар кезінде феодализм дамып, феодалдық қоғам өз дамуының жоғарғы сатысына өтті.

Конспект сұрақтар

  1. Феодалдық құрылыстың ең басты белгісі:

  2. «Барщина» сөзінің анықтамасы:

  3. Феодалдық сатыға жатпайтындарды белгілеңіз

  4. Феодалдардың жерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық

  5. Феодалдардың атақ-лауазымы бойынша бөлінуі:

  6. Х ғасырда әскери іспен айналысатын феодалда:

  7. Еуропадағы феодалдық бытыраңқылықтың себептері:

  8. Рыцарь болу үшін үміткерде міндетті түрде болуы керек:

  9. Феодалдық сатыда тұрғандардың бәрі өздерін төменнен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептейтіндер

  10. Англиядағы ерікті шаруалар:

Тақырыптың тесті













4. ХI-ХV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері

Конспект

Орта ғасырлырдың екінші кезеңі XI -XV ғасырлар аралығында феодалдық қоғамның дамуында өндірістік қатынастар толық бір жүйеге келді. Негізгі байлық - жер иеліктеріне жеке меншік толық орнады. Шіркеу иелері жер иесіне айналды. Жер корольдердің меншігінде болды. Бұл кезеңде шаруалар өз жерінен айырылып, өз қожайындарына кіріптар күйге түсті. Жері жоқ шаруалар қожайындарына тәуелді күй кешті.

Феодалдық бытыранқылық бұл кезеңдегі негізгі құбылысқа айналды. Бұл процесстің барысында Ұлы Карл империясы ыдырап, оның орнына Батыс Еуропада қазіргі Франция, Италия және Германия мемлекетеррі құрылды. Киев Русі мемлекеті ыдырап, бірнеше кінәздіктерге бөлінді.

XI-XV ғасырлар арасында феодалдық экономиканың жедел қарқынмен дамуы сауданың өркендеп, калалардың гүлденуіне әсерін тигізді. Натуралдық шаруашылықтың орнына ақша - тауар қатынасы өмірге келді. Алғашқы базар саудасы қалыптасты. Жаңадан пайда болған әлуметтік топтар - ерікті қала адамдары мен ақша буржуазиясы (саудагерлер) феодалдық қоғамда монархияның саяси билігіне қарсы тұрып, өздерінің билігі үшін күрес жүргізді.

Монархияның шексіз билігі тежеле бастады. Батыс Еуропа елдерінде бір орталыққа бағындырылған мемлекеттері құрылды.

Ақша - тауар қатынасы қоғамды жаңаша құрудың реформалық көзқарастарын тудырды. Реформа қоғамның қозғаушы күшіне айналды. Орта ғасырлық мәдениет дамып, гуманизм кең етек алды. Феодалдық қоғамның екінші кезеңінде феодал (ірі жер иесі) мен кедейленген шаруалар арасында күрес күшейіп, Батыс Еуропа елдерінде ірі шаруалар көтерілісі болды.

Оңтүстік және Шығыс Азия елдерінде феодалдық қоғам өз ерекшеліктерімен дамыды. Феодалдық жерге мемлекеттік меншік сақталды. Жапония, Қытай және Үндістан мемлекеттерінде экономикалық - саяси даму процесі бір қалыпты деңгейде болды. Саяси билікке монархия иелік етті. Үндістанда Дели сұлтандығы күшейді. Қытайда Мин династиясы нығайды. Жапонияда сегундардың билігі сақталып, императорлық шексіз билік жалғасты.

Азия елдерінде феодалдық шаруашылықтың өркендеуі барысында сауда, қолөнер кәсібі дамыды. Ақша-тауар қатынасы кең етек ала бастады.

ХІІІ ғасырдың бас кезеңінде Шыңғысхан империясы күшейе түсті. Алғаш рет Шыңғысхан Қытайға шабуыл жасайды. Шыңғысхан Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алды. ХІІІ ғасырдың 40-жылдарында Бату хан орыс жерін бағындырып, Еділ өзенінің төменгі ағысында Алтын Орда мемлекетін құрды. Моңғол - татар шапқыншылығы бұл аймақтарда феодалдық қатынастың дамуын тежеді. Моңғол - татар шапқыншылығына қарсы орыстар, сондай-ақ Балтық теңізі жағалауы халықтары күрес жүргізді.

ХI ғасырға қарай еуропа елдерінде қалалар өсті. Қала мен ауыл арасындағы еңбек бөлінісі айқындала түсті: ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығымен, қала тұрғындары - қолөнер кәсібімен және саудамен айналысты.

Қала және оның төңірегіндердің мекендердің сауда орталығына айналды. Еуропада тауарлы шаруашылық дами бастады.

Король билігінің күшеюін, бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын, қатаң тәртіп орнауын шіркеу де қолдады.

ХII-ХIV ғасырдың басында көптеген Еуропа елдерінде сословиелік-өкілдік монархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты. «Сословие» дегеніміз әлеуметтік топтар: шаруалар, феодалдар, дінбасылары, әскери адамдар, әкімшілік қызметкерлері, қала халқы. «Монархия» грек тілінен аударғанда «бір адамның билігі» дегенді білдіреді. Еуропаның көптеген елдерінің басшылары монархтар болды. Халық қолдаушылығына мұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып қабылдайтын.

Бірте-бірте мұндай өкілетті билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы - «бас штаттар», Чехия мен Польшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.

ХIV ғасырда Англия мен Франция арасында тарихтағы ең ұзақ соғыс басталды. Ол біраз үзілістермен жүз жылдан астам уақыттқа (1337-1453 жылдар) созылды. Бұл соғыс француздар үшін әділетті соғыс еді.

Соғыс ауыртпалығы шаруалардың наразылығын туғызды. 1358 жылы олар көтеріліске шықты. Көтеріліс Жакерия деп аталды. «Жак» деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан. Француз шонжарлары шаруаларды келеке етіп солай атайтын.

Францияда XIV ғасырдың басында сословиелік монархия - орталықтанған феодалдық мемлекет қалыптасты. Король ел басқаруда сословиелер өкілдерінің жиналысы - Бас штаттарға сүйенді.

1429 жылы VII Карл сарайына ер адамның киімін киген 17 жасар шаруа қызы Жанна д Арк келеді. Ол Францияны азат ету үшін жасақ беруін сұрады. Жаннаға рыцарлар отряды берілді. Ол отрядпен Жанна тоғыз күннен кейін Орлеанды ағылшындардан босатты. Француз әскері жеңістен-жеңіске жете бастады. 1430 жылы Компьен түбіндегі ұрыста Жанна тұтқынға түсті. Ағылшындардың шіркеу соты оны сиқыршы деп айыптап, 1431 жылы отқа өртеп жібереді.

Францияны біріктіру негізінен ХI Людовик тұсында (1461-1483 жж.) аяқталды. Күшті бір орталықтандырылған мемлекеттің негізі қаланды.

1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол «жаулап алушы» деген атаққа ие болды. Жаулап алушы Вильгельм тұсында Англия қуатты державаға айналды. Ол әсіресе Вильгельмнің шөбересі ІІ Генрих Плантагенет (1154-1189 жж) тұсында онан сайын қанат жайды. ІІ Генрих Англия мен қатар Франция жерінің 3/2 бөлігін иемденді.

ІІ Генрих әскери реформа да жүргізді. Енді феодалдар әскери қызмет атқарғысы келмесе «қалқандық ақша» төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарларды жалдады.

Англиядағы Ланкастерлер мен Иорктер әулеті арасындағы билік үшін талас-тартыс ұзаққа созылған қантөгіске әкеп соқты. Иорктер туында ақ, ланкастерлердің туында ал-қызыл раушанның суреті бейнеленді. Сол себепті бұл соғыс Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы деп аталды. Соғыс 1455 жылдан 1485 жылға дейін созылды.

Парламент екі палатадан тұрды. Бірінші палата лордтар палатасы деп аталды. Оған ірі жер иелерінің өкілдері - герцогтер, маркиздер, графтар мен барондар, епископтар сайланды. Екінші палата қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлар мен халық бұқарасының өкілдері сайланатын.

962 жылы Германия королі I Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді «Қасиетті Рим империясы» деп аталды.

1237 жылы Герман рыцарьлары Тевтон ордені деп аталған одақ құрды. Оның иеліктері Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын түгелге жуық қамтыды. Бұл одақ өзінің жерін Орыс елінің есебіннен ұлғайтуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.

Х-ХІ ғасырларда қолөнер кәсібінің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Германияда қалалар пайда болып, өсе бастады. Қалалар қолөнер мен сауда орталығына айналды.

XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы күшейді. Оның ұлан-байтақ жер иеліктері болды. Католик шіркеу иелері жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салып отырды. Бұл арабтарға қарсы күрес реконкиста деп аталды. Ол «қайтарып алу» дегенді білдіреді.

711-714 жылдары Пиреней түбегіндегі Вестгот корольдігіне арабтар өз үстемдігін орнатты. Бұл жерде арабтарды «маврлар» деп атады. Арабтар мұнда 756 жылы Кордова әмірлігін құрып, оны 929 жылдан бастап тәуелсіз халифаттық деп жариялады.

Арабтар билігі кезінде еврейлердің тұрмыс жағдайы өте жақсы еді. Пиренейде Испандық король билігі орнаған соң 1492 жылы еврейлер Испаниядан қуылды.

Орта ғасырлардадағы қала-мемлекеттердің ең қуаттысы Солтүстік-Шығыс Италиядағы Венеция болды. Ол Еуропа мен Шығыстың арасындағы сауданың ірі делдалдық орталығына айналып, Х-ХІІ ғасырларда теңізде үстемдігін орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті.

Түріктермен соғыста Венеция Балкандағы және Жерорта теңізінің шығысындағы иеліктерінен толық айырылды. Ұзаққа созылған Венеция -Түрік соғыстары кейін Венецияның саяси және экономикалық құлдырауының басты себебіне айналды.

Өсіп келе жатқан қалаларға және король өкіметіне сауатты адамдар керек болды. Саудадан түсетін пайданы есептеу, қалалық кеңестерде іс жүргізу қажет еді. Қалаларда шіркеулік емес мектептер пайда бола бастады. Шіркеу мектептеріне қарағанда, бұл мектептер жазу мен арифметиканы тәуір оқытты, табиғаттану жөнінде мағлұматтар берді.

Еуропада ХІІ ғасырда тұнғыш жоғары мектептер, университеттер пайда болды. Олар атақты мұғалімдері бар қалаларда ғана ашылды. Бұларда оқу латын тілінде жүргізілді, сондықтан онда көптеген елдердің жастары оқи алатын еді.

ХІІІ ғасырда Англияда атақты ғалым Роджер Бәкон өмір сүрді. Ол бақылаудың және тәжірибенің көмегімен ғана білім алуға болады деп дәлелдеді. «Ғылымның мақсаты, - деп көрсетті ол, - табиғатты зерттеп, оны адамға қызмет еткізу». Шіркеу алдыңғы қатарлы адамдарды қудалады, Бәконның шығармашылығына тыйым салынды, ал өзі көп жыл түрмеде отырды.

Халыққа кең тараған рыцарьлық дастан «Роланд туралы жыр» ХІІ ғасырдың бас кезінде Францияда жазылды. Бұл дастанда Ұлы Карл Испаниядан шегінген кезде граф Роланд отрядының ерлікпен қырылғаны туралы айтылады.

ХІ ғасырда Батыс Еуропада үлкен құрылыс басталды. Байыған шіркеулер сансыз діндарларды сыйғызу үшін храмдарды ұлғайтты. Сол уақыттағы құрылысшылар Ежелгі Римнің сәулет өнерінен көп үлгі алды, сондықтан да ХІ-ХІІ ғасырлардағы ғимараттарды роман (латын сөзі «Рома» - Рим) ғимараттары деп атайды.

Бейнелеу өнерінің зор жетістігі кітап миниатюрасы болды. Ашық салынған суреттерде орта ғасырлар адамы өмірінің барлық жағы бейнеленді.

Конспект сұрақтар

  1. XIV ғасырда жүз жылдық соғыс мың елдер арасында болды:

  2. Франциядағы Жакерия көтерілісінің басшысы:

  3. Франциядағы XIV ғасырдағы саяси-басқару жүйесінің сипаты

  4. Францияда сословиелік монархия - орталықтанған мемлекет пайда болған кезеңі:

  5. Ағылшын шіркеу сотының Жанна д' Аркке таққан айыбы:

  6. Франция бірігуін аяқтаған король

  7. Англияда әскери қызмет атқарғысы келмегендерге ІІ Генрихтың енгізген салығы.

  8. Англиядағы ал қызыл раушандар мен ақ раушандар соғысы болған жылдар:

  9. Англия парламентінің палаталары:

  10. Англия парламентінің лордтар палатасына сайлануға құқығы жоқтар:

  11. Х ғасырда «Қасиетті Рим империясы» деп аталған корольдік

  12. 1237 жылы Герман рыцарлары құрған одақ

  13. Х-ХІ ғасырда Германияда қалалардың пайда болуына алып келген еңбек бөлінісі:

  14. XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда үстемдік еткен шіркеу:

  15. Реконкиста дегеніміз - ол:

  16. 756 жылы Испания жерінде арабтар құрған әмірлік

  17. 1492 жылы Пиреней түбегінен қуылған халықтар:

  18. Италиядағы қала-мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы

  19. Венеция қала-мемлекетінің құлдырау себебі:

  20. Еуропада тұңғыш жоғары мектептер, университеттер пайда болды:

  21. ХІІІ ғасырда білім тек бақылау мен тәжірибе арқылы алынады деген ағылшын ғалымы:

  22. ХІІ ғ. Францияда кең тараған рыцарлық дастан:

  23. ХІ-ХІІ ғ. Еуропада қолданысқа енген сәулет өнерінің үлгісі:

  24. Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігіін белгілеңіз

  25. Англия мен Франция арасында болған жүз жылдық соғыс жылдары:

Тақырыптың тесті





















































5. ХI-ХIII ғасырлардағы Христиан шіркеуі және крест жорықтары

Конспект

ХI ғасырдың ортасына дейін христиан шіркеуі біртұтас деп саналды. Дегенмен екі шіркеу арасындағы айырмашылықтар ұлғая түсті.

Шығыс Рим империясындағы шіркеу басшысы - патриархтың Рим папасындағыдай ұлан-байтақ иелігі болған жоқ. Рим папасы Батыс елдеріндегі әлсіреген өкімет билігін өзіне тәуелді етуге тырысса, Шығыстағы шіркеу жолға қойылған мемлекеттік құрылымның бір бөлігі болды.

Батыста ресми тіл латын тілі болды. Діни рәсімдер сол тілде жүргізілді. Киелі кітапты жергілікті халықтың тіліне аударуға рұқсат етілмеді. Ал Шығыс шіркеу рәсімдерді әр ұлттың өз тілінде атқаруына рұқсат берді. Батыста барлық дінбасылардың үйленуіне тыйым салынса, ал шығыста монархтарға ғана үйленуге рұқсат етілмеді. Шығыстағы дінбасылар сақал-мұрттарын қырмады.

Бұл тіл мен мәдениет арасындағы айырмашылық бірте-бірте діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдердегі ерекшеліктерді туғызып, ұлғайта түсті. Оның үстіне Рим папасының шығыстағы шіркеуді өз қол астына бағыдыру әрекеті Константинополь патриархының наразылығын туғызды. 1054 жылы екі шіркеу біржолата бөлініп кетті.

Батыстағы Рим папасы басқарған шіркеу католиктік («бүкіләлемдік» деген сөзден шыққан) деп, Шығыс Рим империясындағы патриарх басқарған шіркеу православиелік («құдайды дұрыс мадақтайтын» деген сөзден шыққан) деп аталды.

Папалардың императорлармен күресі екі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Ол күрес алма-кезек жеңіспен жүріп отырды. Папа билігі III Инокентий (1198-1216 жж) тұсында қатты күшейді. Салтанатты қабылдауларға қатысушылардың бәрі папаның алдында тізелерін бүгіп, оның аяқ киімін сүюге тиіс болды. Мұндай құрметке Еуропа корольдерінің бірде-бірі бөленген жоқ еді.

Бірнеше приходты епископтар, бірнеше епископтықты архиепископтар басқарды. Барлық архиепископтардың басшысы Рим папасы болды.

VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.

Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермо қаласында халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды.

1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. 1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді.

Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп айырыла берді. Папалар мен корольдер 1217-1221 жылдары - бесінші, 1228-1229 жылдары - алтыншы, 1248-1254 жылдары жетінші жорықтар ұйымдастырды. Барған сайын ол жорықтарға қатысуға тілек білдірушілер қатары азая берді. Кедейлер де, феодалдарда Шығысқа енді бұрынғыдай ұмтыла қоймады. Мұсылмандармен соғысудың оңай емес екеніне олардың көздері жетті. Папа кезекті крест жорығын ұйымдастыру үшін жаңа салық енгізіп жатты. Халық салық жинаушылардың көзінше қайыршыларға садақа беріп, «Христостан да күшті Мұхаммедтің аруағы үшін ал» деп папаны, кресшілерді мазақтай бастады.

1270 жылғы сегізінші крест жорығынана кейін Батыс Еуропа басқыншылары мұсылман елдеріндегі өздерінің барлық иеліктерінен айырылды.

Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті.

Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды.

Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті.

Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтардан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық моншаға түсіп, іш киімдерін, төсек орындарын ауыстырып тұруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді.

Үшіншіден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.

Конспект сұрақтар

  1. Христиан шіркеуініі католиктік және православиелік болып бөлінген жылы:

  2. IX ғасырдың ортасындағы папа билігінің әлсіреу себебі:

  3. Папа билігі күшейткен:

  4. Ислам әлеміне қарсы крест жорығына аттануға шақырған папа:

  5. Бірінші крест жорығы басталған жыл:

  6. Кресшілер Иерусалим корольдігін құрған жылды белгілеңіз

  7. 1095 жылы II Урбан папа мұсылмандардан азат етуге шақырған қаласын көрсетіңіз

  8. Христиан шіркеуінің католиктік және православиелік болып екіге бөлінген жылы:

  9. Константинополь қаласы жаулап алған крест жорығын белгілеңіз

  10. Крест жорықтарының нәтижесінде Батыс Еуропа елдерінің Шығыстың мәдениетінен алған үлгілерінің бірі:

Тақырыптың тесті



































6. Шығыс елдеріндегі феодалдық құрылыстың орнауы

Конспект

XI-XIII ғасырлар аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. Бұл кезеңде Жапонияда мұрагерлік жер иелігі қалыптасты. Жер иеліктері - сёэн деп аталды. Мұрагерлік жер иеліктері салықтан босатылды. Шаруалардың екі түрі жұмыс істеді. Біріншісі бас бостандығы жоқ, тәуелді шаруа болды, екіншісі мемлекеттік шаруа деп аталды. Мемлекеттік шаруалар император сарайына тиісті жерде жұмыс істеді. Император қазынасына салық төлеп тұрды.

Жапонияда VII ғасырдан бастап орталық императорлық өкімет билігі орнады. Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі микадо қолында болды.

1192 жылдан бастап сегундардың саяси билігі күшейіп, император елдегі діни басшы ретінде ғана сақталып қалды. Солтүстік Жапон феодалы Минамото самурайлардың күшімен император әскерін жеңіп шығады. Ел астанасы Киото қаласын басып алып, сегундардың үстемдігін орнатады.

Минамото жасақшылары қарсыластардан тартып алған жерлерді өзара бөліске салып, кейін олардың көбі ірі феодалдар - даймёларға айналды.

Ірі және орташа феодалдардың жер иеліктерінде оларға бағынышты әскери адамдар - самурайлар қызмет атқарды. Самурайлар жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ болды.

Жапонияны біріктірумен Токугава (1598-1616) айналысты. 1603 жылы ол елді біріктіруді аяқтап, сегун деген атақ алды. Токугава әулетінің сегундары Жапонияны 1867-1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл биледі.

XVI ғасырдың соңында Жапонияда капитализмнің белгісі - сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын.

Соңғы құлдық мемлекет Хань империясы құлаған кезде Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар - Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шандань аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатты.

Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Қытайда ежелден жібек құрты өсіріліп келеді.

Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Сонымен қатар шаруалардың да үлестік жерлері болған.

589 жылы Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылады. Янь Цзянь елдің императоры болады. Осыдан бастап 616 жылға дейін Суй әулеті басқарады. 618 жылы оның орнына Тан әулеті (618-907 жж.) келді. Елдегі шаруалар көтерілісінен әлсіреген бұл әулет Х ғасырдың екінші жартысында ыдырап кетті. Сун әулетінің (960-1279 жж.) билігі кезінде Қытай елі қайта бірікті.

ХIII ғасырдың екінші жартысында моңғол феодалдары Қытайды толықтай дерлік басып алды. Билік моңғолдардың Юань әулетінің (1271-1368 жж.) қолына көшті. 1367 жылы Қытай халқы моңғол басқыншыларынан жерін толық азат етті. Өкімет басына қытайлардың Мин әулеті (1368-1644 жж.) келді.

Жаңа заманның I ғасырында Қытайда даосизм діні тарай бастады. Оның негізін қалаушы Чжан Лин адамдарды аңыз арқылы аспанға, жеке адамдардың құдіретіне табындырып отырды. Оларға тағзым жасау даосизмнің негізгі қағидасы.

IV-V ғасырларда Қытай мемлекетінде будда діні кең тарады. Будда Қытайға Үндістаннан келген. Қытайда V-IX ғасырларда будда мен даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды.

Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. Сауда ақша айналымын өсірді. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі.

VI-VII ғасырларда Үндістанда феодалдық қатынас толық үстемдік ала бастады. Үндістан жеріндегі Ганг және Үнді өзендерінің жағасында тұратын тайпалдар бірігіп, мемлекет құруға бет алды. IV-VI ғасырларда Магадха жерінде ең ірі Гупта империясы құрылды. Гупта билігі Чандрагуптаның (320-340 жж.) қолына тиді Оның баласы Сандрагупта (340-380 жж.) тұсында Гупта мемлекеті күшейіп, Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Үндістанды биледі.

Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі - әлеуметтік каста жүйесінің болуы. Әлеуметтік касталар брахман, кшатарий, вайший, шудра деп аталды.

V ғасырдың аяғында Гупта мемлекетіне ғұн-эфталиттер жойқын шабуыл жасап, батыстағы Мальва, гуджарат аймағын басып алды. Ұзақ уақытқа созылған эфталиттер шабуылы мемлекетті қатты әлсіретті. Ішкі тала-тартыстарда толастамады. Осының әсерінен VI ғасырдың аяғында Гупта мемлекеті құлады.

VII ғасырдың аяғында Үндістан мен Ауғаныстанды арабтар жаулап алып, ислам дінін енгізеді. Арабтардың жаулауы XIII ғасырға дейін созылады.

1206 жылы Кутб-уд-дин Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, жаңа мемлекет құрады. Мемлекет Дели сұлтандығы деп аталды.

1398 жылы Дели сұлтандығы әлсіреп, феодалдық бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан кезде, 120 мың қолымен Әмір Темір шабуыл жасайды. Ол Пенджаб қаласын жаулап алып, Дели сұлтандығын құлатып, Үндістанда Әмір Темір билігі орнайды. Әмір Темір заманында Үндістанның солтүстігінде мұслман діні толық орнайды.

1526 жылы Әмір Темірдің шөбересі Бабыр Ауғаныстан арқылы Үндістанға шабуыл жасап, Дели қаласын өзіне бағындырады. Бабыр шах (император) деген атақ алады. Солтүстік Үндістан жерінде Ұлы Моғол империясын құрады.

Бабырдың немересі Акбар (1556-1605 жж.) Үндістан жеріндегі жергілікті ақсүйектермен жақындасу саясатын жүргізді. Үндістанда тыныштық орнап, шаруашылық, сауда дами түседі.

VI-VII ғасырларда Үндістанда будда діні дамыды. Буддизм бойынша, адам өлгеннен кейін жаны басқа адамға - жануар, жәндік, өсімдікке ауысады, о дүниеде өмір бар, күнәһар адам құдай алдында жауапты.

Индуизм діні Үндістан қоғамындағы касталық бөліністі қолдап отырды. Киелі нәрсеге табынушылықтың ізі күні бүгінге дейін сақталған. Үнділер Ганг өзенін, жануарлардан - сиырды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санайды.

VIII ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғол империясына ислам дінін енгізеді.

Ортағысырлық Үндістанда ғылымның математика, астрономия және медицина салалары дамыған. Үнді математигі Арьбхата Пифагор теоремасын білген, синус және косинустар теоремасын ашқан.

Медицина саласында өсімдіктерден әр түрлі ауруларға қарсы дәрі жасауды ойлап тапқан. Операция жасау әдістерін білген. Көз ауруларын да емдеген. Үнді дәрігерлері адам тамырының лүпілі мен денсаулығының арасында тығыз байланыс бар екендігін дәлелдеді.

Үндістанда тамаша сарайлар мен храмдар салынды. Олардың ішінде тау өңірінде салынған Аджант сарайының орны ерекше. Аджант сарайы тастан қашап салынып, ішіне сол кездегі дін уағыздарын бейнелейтін көптеген құдай мүсіндері орналастырылған. Үндістан сәулетшілерінің әлемдік деңгейде салынған Тәж Махал кесенесі күні бүгінге дейін таңғажайып әсемдігімен таңқалдыруда.

Конспект сұрақтар

  1. Самурай деген сөздің мағынасы:

  2. Жапонияда VII ғ. бастап ең жоғарғы билік және барлық жер иелігін қолына ұстаған:

  3. Жапонияның бірігуін аяқтаған:

  4. Токугава әулеті сегундарының билік еткен мерзімін белгілеңіз

  5. XII ғасырда Жапонияда саяси билікті иеленгендер:

  6. Орта ғасырдағы Жапонияның ең ірі феодалдары:

  7. Жапон феодалдық қоғамындағы әскери топты белгілеңіз

  8. Жапонияда мұрагерлік жер иеліктерінің атауы:

  9. Орта ғасырлардағы Жапонияның астанасы:

  10. Жапонияны біріктіруді аяқтаған сегун:

  11. XVI ғасырдың соңында Жапонияда қалыптасқан тап:

  12. Б.з. I ғасырында Қытайда тараған дін:

  13. Монғолдардан азат етілген соң Қытайда билікке келген әулет:

  14. Үндістан феодалдық қоғамының өзіне тән ерекшелігі:

  15. XIII ғасырда Солтүстік Үндістанда арабтардың құрған мемлекеті:

  16. Ұлы Моғол империясын құрған билеушіні белгілеңіз

  17. Үндістанды арабтардың жаулап алған кезеңі:

  18. IV-V ғасырларда Қытайда кең тараған дін:

  19. «Пагода» сөзінің мағынасы:

  20. Ұлы Моғол империясын ірі мемлекетке айналдырған шах

  21. Үнділер киелі санаған үй жануары:

  22. Қытайда қағаз ақша шығарыла бастаған кезеңді белгілеңіз

  23. VII- ІХ ғғ. дүниежүзіне әйгілі болған Қытай өнімі:

  24. Синус және косинус теоремасын ашқан Үнді математигі

  25. Үндістанда дамыған ғылымның бір саласы:

Тақырыптың тесті













7. ХI-ХV ғасырлардағы Орта, Орталық Азия және Африка елдері

Конспект

ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік-Осман империясы құрыла бастады. Оғыз тайпаларының басым көпшілігі Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп келе бастайды. 1071-1081 жылдары Оғыздардың салжұқ тайпалары Кіші Азияны жаулап алды.

Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды. Монғолдардың шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін Осман сұлтан (1258-1326) қалаған еді.

ХIV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352-1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын және бірқатар қалаларды басып алып, Балкан түбегінде тұрып жатқан Болгария мен Сербияға соғыс бастайды. 1363 жылы сұлтан I Мұрад Андрионопольды басып алып өз астанасын сонда көшіреді. 1453 жылы сәуірдің басында II Мехмед сұлтан 260 мың түрік әскерімен Константинополь қаласын жаулап алады.

Константинопольдің құлауы Византия империясының өмір сүруін тоқтатты. Ол Осман империясының астанасына айналдырылды. Түркия Осман империясы болып жарияланды.

Балкан түбегіндегі жер түрік сұлтанының иелігіне көшті. Түрік жерінен шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөлді. Феодалдық жер иелігі - спахи деп аталды. Ал мешіт иелігіндегі жерлер - вакуф деп аталды. Түркияда жер мемлекет меншігі саналды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды.

Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.

Балкан түбегіндегі халықтардың 5-7 жастағы ер балаларын Түркияда тәрбиелеп, әскери янычар құрамдарына алып отырды.

Империяның қол астында қалған халықтар түрік езгісіне қарсы күресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік әскерлеріне шабуыл жасады.

Түркияда жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері ХIII ғасырда пайда болды. Математика, астрономия ғылымдарына талдау жасаған және философия пәндері бойынша бірқатар еңбек жазған Лютфи Такади еді.

Түрік эпостық дастандары қатарынан «Оғызнама», «Китаб Дәдәм Коркуд» пен «Көрұғлы» шығармалары ерекше орын алады. Географ адмирал Пири Реис 1513 жылы дүние жүзінің картасын, ал 1523 жылы «Бахрийе» атты теңіз атласын жасады.

Х ғасырдың соңында Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед елді біріктіріп, біртұтас қуатты мемлекет құрады. Хорезм мемлекетінің астанасы - Үргеніш қаласы болды.

Орта Азия қалаларының орталығы - цитадель, ал қаланың сыртындағы қолөнершілер мен саудагерлер тұратын бөлігі рабад деп аталды.

Монғол шапқыншылығы алдында Хорезмді II Мұхаммед (1200-1220 жж.) биледі. Хорезм мемлекетінің ірі қаласы Самарқанда 1212 жылы Мұхаммед хорезмшахқа қарсы халық көтерілісі болды. Мұхаммед қалаға көп әскер жіберіп, көтерілісшілерді қатал жазалайды. Самарқан қаласында 10 мыңдай адам қаза табады.

1219-1220 жылдарда Шыңғысхан бастаған моңғол әскері Отырар қаласын алған соң, Мұхаммед Хорезмшах әскерін Самарқан қаласында талқандайды. Хорезм мемлекеті жойылып, Орта Азия жерінде монғол үстемдігі орнайды.

Орта Азияда феодалдық жер иеленудің негізгі түрі сойырғал болды. Феодалдар жерін шаруаларға үлестіріп беретін де, олардан ақы алып отырды. Сойырғалға берілген жер әкеден балаға көшіп отырды.

1428-1429 жылдары Самарқан қаласында аспан әлемін бақылайтын орын - обсерватория салынды.

Әбу Әли ибн Сина (980-1037) әл-Фарабидің шәкірті болған. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның балалық және жастық шағы Бұхара қаласында өтті.

Самарқан қаласында сол заманғы ең ірі кітапхана болды. Кітапхана қорында 15 мың кітап сақталған.

Әл-Хорезми (795-857) - алгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласында ең ірі еңбегі «Китабал-жабрва мукабаа» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны «алгоритм атасы» деп атаған.

ХI ғ. Қарахан дәурінде өмір сүрген ақын, ойшыл ғалымдардың бірі Жүсіп Баласағұни болды. Оның 1069 жылы жазған атақты шығармасы «Құтадғу-білік» түрік әдебиетінің ескерткіштері қатарына жатады.

XIV ғасырдың соңында - Әмір Темір дәуірінде Орта Азияда қала салу, суландыру жүйелерін құру, керуен сарайлар, медреселер, діни ғимараттар тұрғызу ерекше қолға алынды. Олардың санатында сол дәуір сәулетшілерінің тамаша туындысы - Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі бар. Ол құрылысты Темір бастап салғызып, Ұлықбек аяқтаған.

Африкадағы ең ежелгі мемлекет Египет еді. Египетті 639-642 жылдары арабтар басып алды. Жергілікті копт халқы арабтарды өздерін Византия қысымшылығынан құтқарушылар ретінде қуана қарсы алды.

VII ғасырдың ортасына қарай Египеттің халқы ислам дінін қабылдап, араб тіліне көше бастады. IХ ғасырда Араб халифатының әлсіреуіне байланысты Египет тәуелсіздігін алды.

1171 жылы Египеттегі өкімет билігі Айюбилер әулетінің қолына көшті. Ол әулеттің негізін қалаушы сұлтан Салах ад-дин болды. Айюбилер сұлтандары мәмлюктер деп аталған құлдардан құрылған ұлан ұстады. 1250 жылы мәмлүктер өкімет билігін басып алды.

Мәмлюктердің ұлы әскери және мемлекет қайраткері қазақ даласының перзенті, қыпшақ Бейбарыс болды. Ол 1260-1277 жылдары Египетті биледі. 1517 жылы мәмлюктерді түріктер жеңіп, Египетті Осман империясына қосып алды. ХI ғасырдың басында Каир қаласында «Білім үйі» ашылды. 1004 жылы обсерватория салынды. Каир мәдениеттің, ғылым-білімнің орталығы болды.

Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттің бірі Аксум болды. Ол қазіргі Эфиопия мемлекетінің солтүстігінде III ғасырға қарай құрылған болатын. IV ғасырда аксумдықтар христиан дінін қабылдады. VII ғасырға қарай өзінше жеке мемлекет болуын тоқтатты.

Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттердің бірі Мали болды. Оның қалыптасуы VIII ғасырға жатады. ХI ғасырда билік құрып тұрған әулет ислам дінін қабылдады.

Мали мемлекеті әлсірей бастағанда оның шығысындағы Сонгай мемлекеті күшейіп келе жатты. Ол тәуелсіздігін XV ғасырдың басында жеңіп алды.

Конспект сұрақтар

  1. ХІ ғасырда Осман империясын құрған түрік тайпалары:

  2. Египет тұрғындары Византия езгісінен құтқарушылар деп қарсы алды:

  3. Осман түріктерінің мемлекеті құрылған жыл:

  4. Византия астанасы Константинопольды басып алған түрік сұлтаны:

  5. Түріктерде феодалдық жер иелігінің атауы:

  6. Жаулап алған халықтардың балаларынан жасақталаған әскери құрама:

  7. Болгар және Серб партизандары өздерін атады:

  8. Мешіт иелігіндегі жерлер:

  9. Осман империясының әлеуметтік құрамында құқығы шектелген топтар:

  10. Дүниежүзінің картасы мен теңіз атласын жасаған түрік географы:

  11. ХІІІ ғасырда Хорезм мемлекетінің жойылуына әкелген жағдай:

  12. 1212 жылы Мұхаммед хорезмшахқа қарсы халық көтерілісі болған қала:

  13. Біртұтас Хорезм мемлекетін құрған билеуші:

  14. Орта Азияда жер иеленудің негізгі түрі:

  15. Хорезм мемлекетінің астанасы

  16. Орта Азия жеріндегі қалаларда қолөнершілер мен саудагерлер тұратын бөлігі:

  17. Самарқан қаласында салынған ірі ғылыми орталық

  18. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Ибн Синаның жастық шағы өткен қала

  19. Самарқан кітапханасының қорындағы кітаптар саны:

  20. Орта ғасырларда «алгоритм атасы» атағын алған:

  21. ХI ғасырда Қарахан дәурінде өмір сүрген ақын, ойшыл ғалым:

  22. 1250 жылы Египеттегі өкімет билігін басып алғандар:

  23. Б.з. III ғасырында қазіргі Эфиопия жерінде құрылған мемлекет:

  24. ХI ғасырдың басында қай қалада «Білім үйі» ашылған қала

  25. Түркістандағы сәулет өнерінің тамаша туындысы

Тақырыптың тесті













8.Халықтардың моңғол-татар шапқыншылығына қарсы күресі

Конспект

XII ғасырдың 30 жылдары мен XV ғасырдың аяғына дейін Орыс мемлекеті жаңа тарихи кезеңді басынан өткізді. Бұл кезең тарихта феодалдық бытыраңқылық деп аталады.

Юрий Долгорукий (1125-1157) - Владимир-Суздаль кінәзі. Ол көршілеріне шабуыл жасап, кінәздік жерін кеңейтіп отырды. Бүгінгі Ресейдің астанасы Мәскеу қаласын 1147 жылы осы кінәз салдырды.

ХII ғасырда ежелгі Орыс мемлекетінің солтүстік-батысында Новгород жерінде тағы бір кінәздік құрылды. Қаланы Волхов өзені екіге бөліп жатты.

Орыс мемлекетінің оңтүстік-батысында орналасқан бұл кінәздіктің жер көлемі өте үлкен болды.

Новгород қаласының тез өсуіне біріншіден, географиялық жағдайы- орналасқан жерінің өте қолайлы болуы әсер етті. Екіншіден, Балтық теңізінен Қара теңізге баратын сауда жолы осы Новгород арқылы өтті.

Днестр жағасында Галич қаласы өте әдемі болған, қыштан сәулетті үйлер, мұнаралар, шіркеулер көп салынған.

Галич-Волынь княздігінің күшейген кезі - Ярослав Осмомысль (1153-1187) билік еткен тұс. Бұл кнәздік Византиямен, Еуропа елдерімен қатынас жасап тұрды.

XII-XIII ғасыр аралықтарында сауданың өсуі қалалардың көптеп салынуына жол ашты. Олар: Владимир-Суздаль, Переславль-Залесский, Стародуб, Ростов, Галич, Кострома, Тверь, Нижний Новгород, Мәскеу т.б. қалалар болды.

1155 жылы Есугей баһадур отбасында ер бала дүниеге келеді. Есугей баһадур татар тайпасына шабуыл жасап, Темучин атты батырын қолға түсірді. Сол жылы дүниеге келген баласының есімін Темучин деп қояды.

1206 жылы көктемде Онон өзенінің бойында моңғол тайпаларының құрылтай жиыны болып, Темучинді ақ тудың аясында хан деп жариялайды.

Осы жиында Темучиннің ата-анасы қойған атын өзгертіп, Шыңғысхан деп атайды.

Шыңғысхан Солтүстік Қытайдың билеушісі етіп Мұқалиді қояды. Оған Го Ван деген ең жоғарғы атақ берген. «Го Ван» - ұлы кінәз, қазіргі генералиссимус атағын білдіреді.

ХIII ғасырдың басында Моңғол мемлекеті мемлекет басқару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген құқықтық нормалар мен заң ережелерін бекітті. Заңдар мен ережелердің жиынтығы Шыңғысханның «Ұлы ясасы» деп аталды. Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері қатаң жазаланатын болды.

Моңғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының жалпы империялық жиналысы - құрылтай зор роль атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болды. Құрылтайда ірі әскери мәселелер шешіліп отырды.

Жетісу өңіріне моңғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар әмірі Ғайырхан 20 мың әскермен қаланы қорғайды. Алты айға созылған шайқастан кейін Отырар қаласы құлайды. Моңғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді.

Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұқара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.

Шыңғысхан Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік Ираннан кейін моңғол әскерлері Әзірбайжан жеріне кіреді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей әскерлері Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басты. Осы жерде қыпшақтармен кездеседі.

1223 жылы 31 мамырда Қалқа өзенінің бойында моңғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама қарсылық көрсетеді. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан Қалқа өзені бойында монғол-татар әскері жеңіске жетеді.

1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта ол ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салды. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады.

1235 жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды. Жорықты бастау Жошының баласы Батуға тапсырылады. Көп кешікпей 1236 жылы Батудың Орыс жеріне жорығы басталады. Бату ханның жеті жылдық жорығы 1236-1242 жылдар аралығында болды.

1236 жылдың соңында Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп, Бұлғар елін жаулап алды. Жолында кездескен қалалар мен ауылдарды жаулап алып, 1240 жылы Киев қаласына келіп жетеді. Киев қаласы сегіз күн қарсылық көрсетеді. Күштің тең болмауы, кінәздардың дер кезінде күш біріктіре алмауы Киев кінәздігінің жеңілуіне әкеп соқтырады.

Орыс жерін жаулап алған соң, Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі ағысына оралып, осында 1243 жылы Сарай-Бату қаласын салғызады. Алтын Орда мемлекетін құрады. 1240-1480 жылдар аралығында Орыс жеріне моңғол-татар үстемдігі орнайды.

Алтын Орда Бату (1227-1255) кезінде жерін кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай өзеніне дейінгі ұлан-байтақ өңірді қол астына қаратты.

Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет еді. Алтын Орда мемлекетінде өмір сүрген халықтардың даму дәрежесі әркелкі болды. Орыс жерінің халықтары Еділ алқабында отырықшы-егінші шаруашылықпен айналысты. Алтын Орданың қол астындағы түрік тектес халықтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды.

Алтын Орданың Орыс жеріне әлсірей бастаған үстемдігін қайта қалпына келтіру үшін Мамай Руське 1380 жылы аса көп әскер аттандырады. Мамаймен күресу үшін Мәскеу кінәзі Дмитрий әскер жинап, Дон өзеніне қарай бағыт алады. Дон өзенінен өтіп, Непрядва сағасына, екі өзен аралығындағы Куликова даласына келіп орналасады. 1380 жылы 8 қыркүйекте ертеңгісін шайқас басталады. Халықтың қолдауы, бірлік пен ерлік орыстарға жеңіс әкеледі.

Моңғол-татар шапқыншылығы бұл аймақтарда феодалдық қатынастың дамуын тежеді. Моңғол-татар шапқыншылығына қарсы орыстар, сондай-ақ Балтық теңізі жағалауы халықтары күрес жүргізді.

Конспект сұрақтар

  1. Шыңғыс ханның (Темучин) туған жылы:

  2. Шыңғыс ханның шығарған заңдар жинағын белгілеңіз

  3. 1236 жылғы жорықта Бату жаулап алған ел:

  4. Моңғолдарда құрылтай дегеніміз:

  5. Моңғол әскері Жетісу жеріне алғаш енген жыл:

  6. 1240 жылы Бату жаулап алған орыстың қаласы

  7. Орыс жері моңғол-татар езгісінде болған кезең:

  8. Алтын Орданың Бату хан кезіндегі географиялық орны:

  9. Бату ханның Шығыс Еуропаға жеті жылдық жорығының мерзімі:

  10. 1380 жылғы Мамай мен Дмитрий Донскойдың арасындағы шайқастың тарихи атауы

  11. Алтын Орда мемлекеті ққұрылған жыл:

  12. Мәскеу қаласын салдырған князь

  13. Ұлы Новгород осы өзеннің бойында орналасты:

  14. XII ғасырдың 30 жылдары мен XV ғасырдың аяғына дейін Орыс мемлекеті басынан кешкен кезең:

  15. Галич қаласы осы өзеннің бойында орналасты:

  16. Орыс жерінде қалалардың өсуі қамтыған мерзім:

  17. Галич-Волынь княздігінің күшейген кезі:

  18. Новгород қаласының тез өсуіне әсер еткен жағдай:

  19. Темучин хан болып жарияланған жыл:

  20. Моңғолдарда «Го-вань» сөзінің мағынасы:

  21. Моңғолдарда ірі әскери мәселелер шешімін тауып отырған жиын

  22. Моңғолдардың Отырар қаласы үшін шайқасы созылған мерзім:

  23. Шыңғысханның өсиетіне сәйкес өлген соң хан тағына отырызылған мұрагері:

  24. Орыстармен Калка түбіндегі шайқаста моңғолдардың жеңіске жетуінің себебі:

  25. Алтын Орда мемлекетін құрған хан:

Тақырыптың тесті













































9. ХVI-ХVII ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері

Конспект

Орта ғасырлар тарихының үшінші кезеңі жаңа қоғамдық қатынастар заманына өтуге дайындық кезі болды. Бұл кезеңде Еуропа мен Азияның жоғарғы дәрежеде дамыған елдерінде феодалдық қоғам дағдарысқа ұшырап, ыдырауға бет алды. Ол қоғамның ішінде жаңа капиталистік қатынас та қалыптаса бастады. Бұған ғылым - білімнің дамуы, еңбек құрал-жабдықтарының жетілуі, қоғамдық еңбек бөлінісінің онан әрі тереңдей түсуі, ақырында, еңбек өнімділігінің арта беруі себеп болды.

Бұрынғы цех қолөнерінің орнына әлдеқайда оңай, сапалы, әрі бұйымды көп шығаратын мануфактуралар қалыптаса бастады. Оларда жерінен, мал-мүлкінен айырылған кедей қолөнершілер жұмыс істеді. Олар мануфактура иесінен нақтылы өндірген өнімнің мөлшеріне қарай жалақы алып отырды. Неғұрлым өнімді мол өндірсе, жалақысыда соғұрлым көп болды.

Осындай жалақы алып істейтін мануфактура жұмысшылары жалдамалы жұмысшылар деп аталды. Мануфактура иелері де өз табыстарын жерден емес, жалдамалы жұмысшылар өндірген өнімнен тауып отырды. Мұндай жалдамалы жұмысшылар еңбегімен байып алған мануфактура иелері буржуазия деген атқа ие болды.

Сөйтіп орта ғасырлардың үшінші кезеңінде феодалдар мен шаруалардан басқа қоғамның жаңа таптары - буржуазия мен жұмысшы табы қалыптаса бастады.

Буржуазия жалдамалы жұмысшылар есебінен баюменен ғана шектелмеді. Олардың келесі бір табыс көзі - отарлар басып алу болды. Отарлар басып алу ұлы географиялық жаңалықтардан басталды. Буржуазия отарлардың кең байлықтарын, өндіріске қажетті шикізаттарын тегін иемденіп отырды. Оның үстіне отарлардың жергілікті халықтарын жаппай құлдыққа сату да буржуазияның байлығын арттыра түсті.

Буржуазия - феодалдық қоғам кезінде орташа ауқатты қала тұрғыны, капиталистік қоғамда өндіріс құрал - жабдықтарының иесі болып табылатын үстем тап.

Жаңадан қалыптаса бастаған капиталистік қатынастар феодалдық қатынастарға қарағанда заман талабына, еңбек құрал-жабдықтарының даму дәрежесіне сай, озық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл қатынастар адамзат дамуының келесі бір жоғарғы баспалдағы капиталистік қоғам қатынастары еді.

Еңбекке ақылы төлеу өндірілген өнімнің мөлшеріне байланысты болғандықтан, жалдамалы жұмысшылар еңбек өнімділігін арттыра түсуге мүдделі болды. Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қарқыны өсті. Өндірістің өркендеуі сауданың кең көлемде дамуына ықпал етті.

Бірақ, жаңа қатынастардың орнығуына ескі қоғамдық қатынастардың жақтаушылары қарсыласып бақты. Олар өкіметтің көмегімен өздерінің жер иелену құқықтарын қорғады. Буржуазияға еселеп салық салып отырды, шаруаларды өздеріне тәуелділікте ұстай берді.

Феодалдардың мұндай зорлық-зомбылығына қарсы еңбекші халық бұқарасының, буржуазияның назарлығы күшейе түсті. Шаруалар, қала кедейлері, қолөнершілер мен буржуазия феодалдық қатынастарды жою үшін күреске шыға бастады.

Буржуазия мен еңбекші халық бұқарасының алғашқы соққысы католик шіркеуіне бағытталды. Халық шіркеуде қайта құруды, оның арамтамақтық, қанаушылық әрекеттерін жоюды талап етті. Бұл күрес тарихқа реформация деген атпен енді.

Католик шіркеуі феодалдық өкіметтің көмегімен халықты қатаң жазалауға көшіп, ескі тәртіптерді сақтап қалуға күш салды. Шіркеуге қарсы шығушыларды күпірлер деп жариялап, отқа өртеді, қудалауға ұшыратып, тәркіледі. Әсіресе халықтың саналы тобы - оқымысты ғалымдар қатаң жазаланып, қудаланды.

Жаңа қоғамдық қатынастарға қарсы күрес феодалдарды өкімет билігін күшейтуге итермеледі. Осы мақсатпен орта ғасырлардың үшінші кезеңінде көптеген елдерде корольдердің тежеусіз билігі орнады. Ондай билік монархиялық билік деп аталды. Монархтар әскердің, шенеуніктердің, сот пен түрменің көмегімен жаңа қатынастардың орнауына жол бермеуге тырысты.

Дегенмен ескі қоғамдық қатынастарды күшпен қорғап қалу, жаңа, озық қатынастарды жазалау жолымен тежеп тұру мүмкін емес еді. Халық бұқарасының қолдауымен буржуазия жаңа қоғамдық қатынастың- капитализімнің қалыптасуына карай бет алды.

ХVI ғасырдың басында Францияның саяси-экономикалық күш-қуаты артып, бүкіл ел бір орталықты өкіметке - король билігіне бағындырылды.

1539 жылы Франция королі І Франциск мемлекеттік тіл ретінде француз тілін енгізді. Осыдан бастап мемлекеттегі ресми құжаттар латын тілінде емес, француз тілінде жүргізіле бастады.

1555 жылы француз дәрігері, математик, астролог Нострадамус «Жүзжылдықтар» атты кітап жазып, онда 2025 жылға дейінгі адамзат тарихындағы болатын алапат соғыстар мен қанқұйлы қатыгездіктерді алдын-ала болжап айтты.

ХVI ғасырда Франция алғашқы қорлану кезеңіне аяқ басты. Феодалдық қоғамның ішінде капиталистік өндіріс туа бастады. ХVI ғасырдың басында мануфактуралық өндіріс өмірге келді.

ХVII ғасырдың басында сыртқы сауданы дамыта түсу мақсатымен Франция Америка құрлығына отар басып алуға кірісті.

ХVI ғасырдың екінші жартысында «діни соғыстар» басталып, елдің саяси-экономикалық жағдайына зардабын тигізді. Бұл соғыстар католик дінінің озбырлығына, кертартпалығына қарсы бағытталды.

Француз халқының католиктік дінге наразы тобы гугеноттар деп аталды. Ол атау немістің одаққа біріккендер деген сөзінен шықса керек. Осы екі діни бағыттың арасындағы текетірес 1572 жылы тамызда Варфоломей түні деген оқиғаға әкеліп соқты. Католиктер гугеноттарды қырып салды.

Бұл қырғын елді оңтүстік және солтүстік болып бөлінуіне себеп болды. 1593 жылы король Генрих IV католиктік дінге мойынұсынған соң азамат соғыстары аяқталды.

ХVII ғасырдың екінші жартысында Францияда шексіз, абсолюттік монархия түпкілікті орнады, ел билігі түгелдей корольдің қолына жинақталды.

Кейінгі орта ғасырларда Англияда капиталдың алғашқы қорлануы қызу қарқынмен жүрді. Оның негізін қауымдық жерлерді қоршап алу қалады. Король Генрих III (1509-1547 жж.) қайыршылық пен қаңғыбастыққа қарсы жарлық шығарды. Ол жарлық бойынша қайыршылар қандай да болмасын жұмысқа орналасуы тиіс болды, әйтпесе жекелеген отбасыларына малайлыққа берілді.

Ирландияны жаулап алу жүйелі жүргізілді. 1607 жылы Америка құрлығындағы Виргинияда Англияның ең алғашқы отарының негізі қаланды.

1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды. VIII генрих 1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті. Шіркеу басшысы король деп жарияланды. Тюдорлар әулетінің жүргізген ішікі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті.

1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. 1603-1625 жылдары I Яков, 1625-1649 жылдары I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген жұмысшылар бірте-бірте жалдамалы жұмысшыларға айналды.

XVI ғасырда Германияның ең бай мемлекет болу мүмкіндігі жеткілікті еді. Германия дүниежүзілік сауда жолындағы қолайлы орынға орналасқан болатын. Осындай ұтымды жақтарына қарамастан Германия экономикалық дамуы жағынан артта қала берді. Ол артта қалудың бірнеше себептері бар еді.

Оның ең бастысы елдің саяси бытыраңқылығы болды. Германия іс жүзінде өзара қарым-қатынасы жоқ ұсақ кінәздіктерден тұрды. Әрбір кінәз өз теңгесін шығарды, алым-салық жинады, сот жүргізді. Мұндай бытыраңқылық елді экономикасының онан әрі дамуына зиян келтірді.

Католик діні аддамды күнәдан шіркеу ғана құтқара алады деп уағыздады. Шіркеу күнәні кешіру грамоталарын сатты, халықтан салық жинады. Католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс Германия тарихына реформация деген атпен енді. Ол қозғалысты дін саласының білімдары, университет профессоры Мартин Лютер (1483-1546) бастады.

Ол күнәдан құтылудың басты жолы Киелі кітапты оқу, оған толық сену» деді. 1517 жылы Лютер шіркеу озбырлығы мен папа индульгенциясына қарсы көзқарасын білдіретін үндеуін - «95 тезисін» таратты. 1520 жылы Лютер папа зорлығына қарсы күресті бүкіл неміс ұлтының ісі деп жариялады.

Мартин Лютердің пікіріне дін уағыздаушысы Томас Мюнцер (1490-1525 жж.) қарсы көзқарас ұстады. Ол барлық езгіге, зорлық зомбылыққа шыдағандарға құдайдың мейірім-шапағат жасайтыны туралы түсінікті жоққа шығарды. Мюнцердің пікірінше, адамдардың өзінен тыс, олардың өмірдегі тіршілігінен басқа ешқандай өмір жоқ. Мюнцер монастырьларды, дворяндар мен кінәздарды қамалдармен қоса күл-талқан етуге шақырды. Ол әлеуметтік теңсіздік болмайтын қоғамдық құрылысты уағыздады.

Мюнцерді қолдаған кедей шаруалар мен қолөнершілер 1524 жылы көтеріліске шықты. Көтерілісшілер анабаптистер, яғни «басқаша шоқынушылар» деп аталды. Олар байлар мен шіркеудің байлығын күшпен тартып алып, жерде жұмақ орнатпақ болды.

1555 жылы кінәздар мен императордың арсында бітім жасалды. Ол бітім бойнша кінәз өз халқына қайсы дінді ұстайтынын белгілейтін болды. Сөйтіп реформациядан кейін Германияның бытыраңқылығы онан әрі күшейді.

Германия 1618 жылдан 1648 жылға дейін жалпы еуропалық соғыстың басты алаңына айналды.

Испания королі Фердинанд пен оның жұбайы Изабелла өздерін «католиктік корольдерміз» деп атады. Олар Испанияны таза христиандар еліне айналдыруды көздеді.

Еуропадағы католиктік күштер Испанияның дүниежүзілік империя құру құралына айналды. 155-1598 жылдары билік құрған король II Филипп католиктік реакцияны бүкіл Еуропа елдеріне таратуға тырысты.

XVI ғасырда Испания корольдігі Еуропаның ең күшті державаларынң бірі саналды.

Алайда бұл қуаттылық ұзаққа созылмады. 1588 жылы Испан королі 130 желкенді кемеден тұратын флотын Англия жағалауына аттандырды. Жеңетіндігіне күмән келтірмеген король ол флотты «Жеңілмейтін армада» деп атады. Бірақ испан флоты тас-талқаны шығып, жеңіліп қалды. Сөйтіп, XVI ғасырдың аяғында Испания теңіздегі үстемдігінен айырыла бастады.

1566 жылы Испан Абсолютизміне қарсы Голландия мен Зеландияда революция басталды. 1581 жылы Голландия мен Зеландия ресми түрде Импан королі II Филиптің тақтан түсірілгенін жариялады. 1609 жылы Нидерланды тәуелсіз мемлекеттке айналды. Сөйтіп, Нидерланды ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел болды. Ол елде тарихта ең алғашқы буржуазиялық республика орнады.

Испания мен Франция арасындағы Италия үшін жүргізілген күрес 1559 жылы аяқталды. Бітім шарты бойынша Италияның көп жері Испанияның қол астында қалды. Тәуелсіздікті тек Папа аймағы мен Венеция және Савойя ғана сақтап қалды.

Батыс Еуропада XV ғасырдың бірінші жартысында ірі қалалар дамып, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың онан әрі дамуына себепші болды. Теңге соғу үшін алтын-күміс металдарына деген сұраныс артты. Өндіріс заттарын өндіру үшін арзан шикізат керек болды.

Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген кәуесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдармен морж тісіне кенелгісі келді.

XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме - каравелла жасалды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды еді. Каравелламен алыс сапарға шығуға болатын еді.

Х.Колумб үш кемемен 1492 жылы тамызда Испания жағалауындағы Полос қаласынан сапарға шықты.

Америка материгін тұңғыш ашқан Христофор Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін жаңа материк ашқанын білмеді. Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспучи болды. 1507 жылы космограф Мартин жаңадан ашылған жерді Америго деп атау керек дейді.

Сөйтіп жаңа құрлық А.Веспучидің атымен аталып кетті.

Х.Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істетйтін Доминико Колумб отбасында туған.

Х. Колумб батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді - Американы ашып жүргенде, Васко да Гама Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.

Ацтектер Мексикадағы теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі қыратта, тау шыңдарының етегінде, ауарайы жұмсақ және топырағы құнарлы, табиғаты сұлу алқапта орналасқан. ХIV ғасырда солтүстіктен келген Ацтектер үлкен көлдің ортасындағы аралдарға Теночтитлан қаласын салды. Аралдарды бөгеттермен жалғастырды. Қалада көшелер, храмдар мен сарайлар салынды.

Сәулет өнерінде Майя тайпасының жетістіктері үлкен болды. Олар биік тұғырларға және жасанды төбелерге сарайлар мен текшелі пирамида түрінде храмдар салды. Құрылыстарды бедер өрнекпен, құдайлардың мүсіндері және фрескалармен безендірді.

Географиялық ашулар және отарлық басқыншылық Еуропада тауар өндіруді жеделдетуге біршама ықпал етті. Алайда Азия мен Африканың халықтары үшін отарлық езгіге түсудің бастамасы еді.

Конспект сұрақтар

  1. 1539 жылғы Франция королі І Францискінің қабылдаған тарихи шешімі:

  2. 1555 жылєы Нострадамустың «Жүзжылдықтар» атты кітабында айтылған болжамдар:

  3. 1607 жылғы Англия тарихында:

  4. 1603 жылға дейін Англияда билікте отырған корольдік әулет:

  5. Орта ғасырдағы Германия жеріндегі католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс:

  6. XVI ғасырдың аяғында Испанияның дүниежүзілік теңіздегі үстемдігінен айырылуының басты себебі:

  7. 1588 жылы Испанияда орын алған оқиға:

  8. Еуропада ең алғашқы буржуазиялық революция жеңіске жеткен ел:

  9. Италия үшін күрес жүргізген еуропалық елдер

  10. Католик шіркеуінің күнәні кешіру туралы арнаулы грамоталары:

  11. Германиядағы халықтық реформацияның көсемі:

  12. XVI ғасырда Лютердің таратқан үндеуі:

  13. Италияндық саяхатшы А.Веспуччидің атымен аталған құрлық

  14. Үндістанға баратын теңіз жолын ашқан саяхатшы:

  15. Еуропалықтар барғанға дейін Мексика жерін мекен еткен үндіс тайпасы

  16. Христофор Колумбтың туған жері:

  17. Текшелі пирамида түріндегі храмдарды салған тайпа

  18. XV ғасырда еуропалықтар алтын-күміс «төгіліп жатыр» деген елі:

  19. Испания жағалауынан Колумбтың батысқа алғашқы сапары:

  20. Колумбтың ашқан жерін жаңа материк екенін дәлелдеген саяхатшы:

  21. ХVII ғасырдың екінші жартысында Францияда орнаған билік түрі:

  22. Францияда 1624-1642 жылдары билік басында отырған билеуші:

  23. Англияда «Қанішер» деген жанама ат берілген монарх:

  24. Тюдорлар әулетінің Англияны билеген жылдарын белгілеңіз

  25. «Анабаптистер», яғни «басқаша шоқынушылар» көтерілісі болған жыл:

Тақырыптың тесті











10. Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы

(ХV-ХVI ғғ.)

Конспект

Моңғол-татар үстемдігі орыс жерінің шаруашылығын күйзеліске түсірді. Феодалдар шауаларды басыбайлы етуге тырысты. XV ғасырдың аяғынан (1497 ж.) бастап шаруаларға өз қожайындарынан жылына бір рет Юрий күні ғана кетуге рұқсат етілген.

Кінәз өзіне қызмет еткені үшін феодалдарға жер иелігін - поместье беретін болды. Поместье иелері помещиктер деп аталды.

XIV ғасырдың орта шенінде III Иван кезінде Мәскеу кінәздігі күшейіп орыс жері біріге бастайды. Алтын Орда жасақтарыменбірге Тверь көтерілісін басуға көмектескен Иван Калита Алтын Орда ханы Өзбектің сеніміне ие болады. Алтын Орда пайдасына орыс жерінен алым-салық жинау жөнінде ханнан құқық алады. Мәскеу кінәзіне енді жергілікті кінәздар тәуелді бола бастайды.

1328 жылы Иван Калита ұлы кінәз атағын алады. Жиналған салықтан Мәскеу жерін күшейту үшін ол өзіне көп қалдырып отырған, сондықтан халық оны «Қалталы Иван» деп атаған.

Алтын Орда ханы Мамай өзіне бағынбай бара жатқан орыс жерін уысынан шығармау үшін жорыққа шығып, 1380 жылы Куликова даласында жеңіліске ұшырайды. Бұл шайқастан кейінде Мәскеу кінәздігі Алтын Ордаға салық төлеп, бағынышты қала берді.

IV Иванның қатал билігі кезінде шаруашылық құлдырап, елде тыныштық бұзылды. Ресей патшасы IV Иван өлгеннен кейін дүрбелең кезең болды. Дегенмен, осыншама қиыншылыққа қарамастан Ресей патшасы жаңа жер арқылы империяның жер көлемін кеңейтті.

XVII ғасырда Ресей жері тағы да кеңейіп, 1654 жылы Украина жері Ресейге қосылды.

Әлеуметтік топтар арасындағы бақталастық, билік үшін күрес XVII ғасырда Ресейде дүрбелең кезеңдер тудырды. Бұл кезең 1584-1613 жылдарға дейін созылды.

1613 жылы ақпан айында Мәскеу қаласында 700 адам қатысқан Зем соборы шақырылды. Халық жиналысына боярлар, дворяндар, шіркеу қызметкерлері, посадтар, казактар және шаруалар қатысты. Зем соборы Ресейге патша болуға лайық адамды сайлауы керек еді. Ол 16 жастағы Михайл Романов болды. Ресей тарихында Романовтар әулетінің билігі үш ғасырға созылды.

Конспект сұрақтар

  1. Мемлекеттік жерде жұмыс істейтін шаруаларды белгілеңіз

  2. Орыс жерінің бірігуіне әсер еткен саяси жағдай:

  3. XIV ғасырда ерекше күшейе бастаған Орыс жеріндегі кінәздік:

  4. «Қалталы Иван» атанған орыс князі

  5. 1654 жылы Ресейде орын алған оқиға:

  6. XVII ғасырда Ресейде орын алған «дүрбелең кезең»:

  7. Ресейде Романовтар әулеті таққа отырған жыл:

  8. Куликово шайқасы болған жыл:

  9. Боярлар билігін төмендетіп, дворяндар билігін күшейткен князь:

  10. Мәскеу қаласы шетел басқыншыларынан азат етілген жыл:

Тақырыптың тесті





11. ХV ғасырдың соңы - ХVII ғасырдың алғашқы жартысындағы Еуропа халықтарының мәдениеті

Конспект

ХV ғасырдың соңы және ХVI ғасырда қайта өркендеу мәдениеті гүлдену деңгейіне жетті. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өрлеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениетте тұңғыш осы елде қалыптаса бастады.

Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі - Флоренция қаласы. Ол Римнен Альпіге баратын сауда жолының үстіне орналасты. Қалада қолөнер кәсібі мен сауда өте жақсы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы ісі де алға басты.

Қала байлары мен ірі өндіріс иелері, папалар мен корольдер сән-салтанатты, әшекейлегенген әдемі үйлерде тұрды. Олар ата-бабаларының және өздерінің суреттерін салдырып, оны «мәңгілікке» қалдырғысы келді. Қала билеушілері суретшілерді қолдап, оларға тапсырыстар берді.

Леонардо да Винчи (1452-1519) сурет пен мүсін өнеріне машықтану үшін Флоренцияда оқыды. Ол жас кезінен еңбек етіп үйренді, қиыншылыққа төзімді болды. Кейін өз шәкірттеріне де осы қасиетін дарытуға тырысты. Шәкірттерін «кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады» деп үйретті.

Леонардо да Винчи сурет өнерін өнердің басты түрі деп есептеді. «Адам суреттің көмегімен дүниені таниды. Тәжірибе - дүние танудың бірден-бір қайнар көзі» деген тұжырым жасады.

Леонардо да Винчидің жобасы бойынша Миланды ауыз сумен қамтамасыз ететін канал қазылды. Ол сан қырлы өнер-ғылым салаларымен айналысты. Сәулет өнері, әскери анатомия, жарық пен көлеңке, құстардың ұшуы, судың ағысы мен өлшемі сияқты қыруар мәселелерді зерттеді.

Ұлы итальян суретшісі Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» (немесе «Джаконда») деген картинасы бүкіл дүние жүзіне мәлім. Жүзінде әрең ғана білінетін, бірақ соншалықты жұмбақ күлкі ойнаған бұл әйел беймәлім сыр сақтаған, әлдебір құпия жайдың боларын алдын-ала сезіп отырғандай болып көрінеді.

Микеланджело алып ғимараттар салумен көп шұғылданды. Сондай құрылыстардың бірі - Римдегі Әулие Петр храмы. Бұл храмды ондаған жылдар бойы салды.

Император және папа әскерлері Флоренцияны қоршауға алған кезде республика Микеланджелоны фортификация (қорғаныс құрылысы) жұмыстарының басшысы етіп тағайындады.

Қайта өркендеу дәуірінің ұлы қайраткері Микеланджело «Аяусыз жаза» атты орасан зор фрескасында (1536-1541) қиял-ғажайып кейіптегі жалаңаш алыптар ортасындағы жас, ержүрек әрі сұлу Христосты адамзаттың сазайын тарттырушы етіп бейнеледі.

Микеланжело адамды сом денелі, батыл қайтпас жігерлі етіп бейнеледі. Ол сомдаған орасан зор Давид мүсіні құдіретті күш, ерлік серпін, қайтпас жігер туралы өзгеше пайымдау жасайды.

Қайта өркендеу дәуірінің аса көрнекті суретшілерінің бірі Рафаэльдің ең даңқты картинасы - Сикст мадоннасы». Мұны суретші Италияның шағын қалаларының біріндегі Әулие Сикст монастры үшін салды. Бұл ғаламат шығарма адамға деген шексіз сүйіспеншілікке толы: суретші адамзат бақыты үшін өзінің ең қымбаттысы - баласын да құрбан ете алатын адамды дәріптейді.

Сурет өнерінің ұлы шебері, голланд кескіндемешісі әрі графигі Рембрандтың негізгі көңіл қойғаны - адам, оның мінез-құлқы, ақыл мен толғаныстары. Суретші тұрмыстық және діни тақырыпқа картиналар, байлардың әйелі мен баласының портреттерін салды. Ол жүз шақты автопортрет қалдырды.

Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы Дюрер Альбрехт аса үлкен портрет шеберлерінің бірі болды. Дюрердің таңдаулы гравюларының бірі «Төрт салт атты» деп аталады. Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалаууға жіберген - Індет, Соғыс, Ашаршылық және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген.

Адам денесінің сұлулығын дәріптеген антикалық өнерге қарағанда, ортағасыр суретшілері адамның ой байлығын, сезімі мен көңіл күйін ашуға көбірек ұмтылды. Орта ғасыр суретшілері адам бойындағы тамаша қасиеттерді - сымбат денені, терең ақылдылықты, ізгі мінезді бейнеледі.

Флоренцияда ақын, өз заманының ірі суреткері Данте (1265-1321) өмір сүрді. Ол өзінің атақты «Құдіретті комедиясын» жазды.

Рабле Франсуа (1494-1553) - француз жазушысы, Қайта өрлеу дәуірі әдебиеті ірі өкілдерінің бірі. Рабленің әдеби шығармашылығы 1532 жылы Лионда жарияланған «Гипократтың афоризмдерінен» басталады. Ол «Гаргантюа мен Пантагрюэль» атты бірнеше кітаптан тұратын фантастикалық романында ескі феодалдық тұрмысты сықақ етіп, гуманистік көзқарасты қолдады.

Испанияның ұлы гуманист жазушысы Сервантесті (1547-1616) әйгілі еткен 1605 жылы жазған «Дон Кихот» атты романы болды. Сервантес «бұл роман рыцарлық романдарға пародия ретінде жазылған» деп жазады.

Англияның ұлы жазушысы Уильям Шекспирдің (1564-1616) өмірі театрмен байланысты өтті. Ол әуелі актер болды. Кейін Лондондағы «Глобус» театрына иелік етті. Шекспир 37 пьеса, сондай-ақ көптеген өлеңдер жазды.

Дінбасылар Птолемейдің аспан шырағы эпицикл шеңберлерімен айналады, әрбір шеңбердің ортасы Жерді айналады, жер қозғалмайды деген ілімін қуаттады. Бұл ілім Жер мен адамды Құдай жаратты, ол Күн мен планеталарды Жерді айналып жылжуға мәжбүр етті деген діни қиялға қайшы келмеді.

Ғарыш әлемі жөніндегі діни көзқарастарға Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперник (1473-1543) күйрете соққы берді. Ол 1507 жылы жер және басқа да планеталар Күнді айналып жүреді деген тұжырымын ғылыми жолмен дәлелдеді. «Аспан денелерінің айналысы туралы» еңбегін жазды.

Үлкейткіш оптикалық түтік-телескоппен ең алғаш аспанға көз салған адам әйгілі итальян оқымыстысы Галилео Галилей еді. Галилейдің өзі ғылым тарихында тұңғыш екі телескопты ойлап құрастырды.

1609 жылы күзде Галилей алғаш рет өз телескопын айға бағыттап, оның бетінің тегіс еместігін, яғни таулармен аңғарлар бар екенін, ай хрусталь шар емес, ол да жерге ұқсайтынын, жер күнді қалай айналса, Юпитер планетасының төрт серігі де Юпитерді солай айналатынын дәлелдеді. Бұлардың бәрі жер жұмыр шарға ұқсас, сондықтан ол барлық жағынан өзінің ортасына тартылатын делелдеді.

Джордано Бруно көп жылдар бойы Италияны, Францияны, Англияны, Германияны шарлады. Ол тіршіліктің Жерде ғана еместігін, әлемнің шексіздігін, оның көптеген дүниеден тұратындығын түсініп, қана қоймай, басқаларға да үйретті. Оны өз пікірінен қайтуға көндірмек болды. Бірақ оны қорқыту мүмкін емес еді. Оны қан төгілмейтін өлім жазасына кесті. Бұл - тірідей отқа өртеу болатын.

Сөйтіп ғылым дінге қарсы бас көтерді және оның шырмауынан босанып шықты. Әлем құпиясын түсіндіру және табиғат заңдарын айқындау үшін ғалымдар алдында жаңа, даңғыл жол ашылды.

Конспект сұрақтар

  1. «Жер және басқа планеталар күнді айналып жүреді» - деген тұжырымды Европада алғаш айтқан ғалым:

  2. «Аспан денелерінің айналысы» атты кітаптың авторы:

  3. «Дон Кихот» романының авторы:

  4. Еуропадағы «Қайта өркендеу» мәдениетінің отаны

  5. «Қайта өркендеу» мәдениетінің толық гүлдену кезеңі:

  6. Ұлы итальян суретшісі Леонардо да Винчидің әлемге әйгілі картинасы:

  7. Римде Әулие Петр соборының құрылысына басшылық еткен көрнекті суретші:

  8. Германияның алдыңғы қатарлы суретшісі «Төрт салт атты» картинасының авторы:

  9. «Құдіретті комедияның»авторы:

  10. Француз жазушысы Рабле Франсуаның гуманистік көзқарасты қолдаған шығармасы:

  11. Англияның ұлы жазушысы Уильям Шекспирдің жазған пьесаларының саны:

  12. Ғылым тарихында тұңғыш рет телескопты құрастырушы:

  13. Итальян ғалымы Галилео Галилейдің 1609 жылғы жасаған көптеген жаңалықтарына жатпайды:

  14. Антикалық өнерге қарағанда орта ғасыр суретшілері бейнелеуге тырысты:

  15. Италияның басты мәдениет орталығының бірі:

  16. Қала байлары өз суреттерін салуға тапсырыс беру себептері:

  17. «Кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады» деген суретші:

  18. «Тәжірибе - дүниетанудың бірден-бір қайнар көзі» деп тұжырымдаған:

  19. Ұлы суретші ғана емес, өнертапқыштығымен әйгілі болған суретші:

  20. Соғыс бекіністерін салуға басшылық еткен мүсінші:

  21. Микеланжелоның Христосты адамзаттың сазайын тарттырушы етіп бейнелеген шығармасын көрсетіңіз

  22. Микеланжелоның адамды сом денелі, батыл қайтпас жігерлі етіп бейнеленген шығармасы:

  23. Адамзат бақыты үшін өзінің баласын құрбан ете алатын адамды бейнелеген суретші:

  24. «Сикст мадоннасы» атты картинаның авторы:

  25. Адамның мінез-құлқы, ақылы мен толғаныстарына басты көңіл бөлген суретші:

Тақырыптың тесті









8 сынып

1. ХVII-ХVIII ғасырлардағы дүниежүзі

Конспект

«Жаңа тарих» - немесе «жаңа заман» ұғымы ХV ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Жаңа заманның алғашқы жартысы деп аталатын мерзім ХV ғасыр мен ХVIII ғасырдың соңына дейінгі уақытты қамтыса, жаңа заманның соңғы дәуірі ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына дейінгі уақытты қамтиды.

Жаңа заман - қазіргі өркениет әлемін қалыптастырған дәуір. Бұл дәуірдің ортағасырлық заманнан айырмашылығы өте айқын байқалады. Ортағасырлық аграрлық өркениеттің біртіндеп индустриялық өркениетке ауыса бастағанын көреміз. Аграрлық өркениет мыңдаған жылдар бойы жер шарының әр түпкірінде - Еуропа мен Америкада, Африка мен Азияда өркендеп дамыды. Ал индустриялық өркениет алғаш рет Еуропада дами бастады. Индустриялық өркениеттің отаны деп ХVIII ғасырдағы Англияны санайды.

Бір жағынан, капиталистік тәртіпке негізделген жаңа өндірістік күштердің дамуы, екіншіден, ескі феодалдық өндірістік қатынастар арасындағы қарама-қайшылықтар Англиядағы буржуазиялық революцияның пісіп жетілуінің негізгі себептері болды. Жаңа мемлекеттік жүйенің негізгі құжаты - «Құқықтар туралы билль» айналымға енді. Англия парламенттік монархияға айналды.

Ағылшын революциясы абсолютизмді және көптеген феодалдық тәртіптерді жойды. Англияда капитализмнің дамуына маңызды қадам жасады.

XVIII ғасырдың соңында Англияда аса қуатты интернационалдық идеялық қозғалыс - Ағартушылық пайда болды. Оның негізін салушылардың бірі - философ Джон Локк еді. XVII ғасырда бұл қозғалыс Францияда дамудың шарықтау шегіне жетіп, бірнеше көрнекті ойшылдарды дүниеге келтірді. Ағартушылақ тез арада бүкіл Еуропаға тарады.

Ұлы географиялық ашулар еуропалық отаршылдық саясатты дүниеге әкелді. Шығыс елдері еуропалық қатігез отаршылдар алдында дәрменсіз болып, қарсылық көрсете алмады.

Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені - болашақ отар Виргиния жерінде, 1607 жылы мамырда Джеймстаун форты құрылған еді. АҚШ пен Англия қорытынды келісімшартқа 1783 жылы қыркүйектің 3-де қол қойды. Бұл келісімшартың басты нәтижесі - Америка Құрама Штаттарының тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылуы болды. Испания Флориданы алды, Канада Англияның иелігінде қалды.

АҚШ-тағы 1787 жылғы конституция одақтас немесе федералдық мемлекет құрды, штаттар өзін-өзі басқару құқығы мен жеке конституцияларын сақтап қалды. Заң шығару билігі өкілдер және сенаттан тұратын екі палаталы Конгреске берілді.

1787 жылғы АҚШ конституциясының прогресивті мәні болғанымен, әлі де демократиялық бола алмады. Ол революцияның жеңістерін құл иеленушілер мен ірі буржуазияның мүддесіне бекітті. Қара түстілерді құлдыққа алу заңдастырылды. Сайлау құқын реттей алмады. Әйелдер ешқандай құқықтар иелене алмады.

ХVII ғасырдағы Ағылшын және ғасырдың соңындағы Француз революцияларына қарағанда ХVIII ғасырдағы Америка революциясының (1775-1783жж.) артықшылығы - террордың болмағандығы еді.

1789 жылы басталған Ұлы Француз революциясының басты саяси жетістігі - буржуазия мен халықтың одақтастығы арқасында абсолюттік билікті құлату болды. 1789 жылы 26 тамызда Ұлттық жиналыс «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдады. Декларацияның 17 бабында: халық егемендігі принципі, әрбір адамның заңның алдында теңдігі, сөз, баспасөз және ар-ұждан бостандығы жөнінде жазылды.

Француз революциясының демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жариялауы аса зор тарихи маңызға ие болды. Тарихта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.

ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасы Батыс елдерінен анағұрлым артта қалды. Ресейде әлі де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Батыста бұл кезде капитализм қанат жайып тұрғанда, Ресейде капиталистік өндірістің элементтері енді ғана ене бастады.

1711 жылғы 2 наурыздағы жарлығымен І Петр екі жүз жылдан астам өмір сүрген Боярлық думаны жойып, оның орнына жоғарғы мемлекеттік ұйым - Сенатты құрды. Қолдарында барлық билік - заң шығарушы, атқарушы және соттық өкімет толығымен шоғырландырылған сенаторлар тек патшаның алдында ғана жауапты болды.

Нева жағалауын шведтерден толық азат еткен соң Ресейдің Балтық теңізіне шығуына қол жетті. Енді осы көптен күткен мекенге мығым бекіну керек болды. Осы мақсатпен 1703 жылы кейіннен Ресей империясының жаңа астанасына айналған Санк-Петербург бекініс-қалашығы тұрғызылды.

Солтүстік соғыс нәтижесінде Еуропа державалары Ресейді империя ретінде тануға мәжбүр болды.

XVIII ғасырдың ортасында Үндістанды отарлауға ұмтылған еуропалықтардың ішінде ең белсенділік танытқандары француз компаниясы мен ағылшындық Ост-Үнді компаниялары болды. Бұл екеуінің арасында Үндістан үшін күрес басталды.

Осман империясының мирасқорлары жаулаушылық саясатын жалғастырып, ең алдымен Кіші Азияның едәуір бөлігін бағындырды. Бұдан кейін Балкан түбегін жаулай бастады. 1400 жылы Константинополге шабуыл басталып, одан кейін 1453 жылы Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтар Түркияның билігіне көшті.

Батыс елдері түріктерді еуропа аумағынан толық қуып шығып, «осман мұрасын» бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. Бірақ Ресейдің Балкан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенген Англия мен Франция ІІ Екатеринаның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келіп империядан бөлінген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көшті. Осман империясынан бөлінген аумақтар үшін бәсекелестік күрес «шығыс мәселесі» деген саясатты дүниеге әкелді.

XVII ғасырдың басында Қытайдағы Мин империясы терең дағдарыс кезеңін бастан өткізді. Ішкі қайшылықтың күшеюі, сондай-ақ 15 жыл бойы елдің солтүстігінен манчжур тайпаларының шабуылы мемлекетті әлсіреткен еді. Манчжурлар қытайлықтардың қарсылығын күштеп жаныштап, бүкіл Қытай жерін бағындыруды 1683 жылы ғана аяқтайды. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билігі орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейін Цин империясы деп аталады.

Батыс Моңғолиядағы ойрат тайпаларының жоңғар хандығы циндіктерге қуатты қарсылық көрсетіп, ұзақ уақыт өзінің дербестігін сақтап тұрды. XVIII ғасырда ортасында жоңғар хандығының ішкі дағдарыстарын пайдаланып, Цин әскерлері жоңғар хандығына басқыншылық жасап, 1755-1757 жылдардығы соғыстың нәтижесінде бұл хандықтың жерін де иемденді.

XVI ғасырдың соңында Жапонияда мемлекеттік билік сегундардың қолында болды. Сегундық билік атадан балаға мұра ретінде беріліп отырды. Соңғы сегунат Токугава әулеті өзінің билігі барысында шетелдіктермен байланыс жасауға мәжбүр болды. Жапондықтар әсіресе техника, медицина және ботаника саласындағы білімдерді ерекше бағалады. XVII ғасырдың соңынан бастап Жапонияда «шығыстық король», «батыстық техника» деген принцип қалыптасты, яғни билік құруда шығыстық дәстүр сақталды да, ал экономикада батыстың техникалық жетістігі пайдаланылды.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар бойы араб әлемінің дамуындағы негізгі оқиға саяси-әкімшілік саласында болғанын байқаймыз. Түрік феодалдық билігі бір топ араб елдерінде әлсіреп, батыстық капиталистік-отаршылдық жүйенің қолына ауысты.

Шығыс елдері метрополияның аграрлық шикізат көзіне айналды. Бұл елдерде, негізінен, жергілікті шикізатты өңдеуден өткізетін өнеркәсіп салалары дамыды. Отаршылдар Азия мен Африка елдерінің артта қалған, нашар дамыған жағдайын өзгерткісі келмеді, олар халықты қанаудың ең ауыр әдістерін қолданып, саяси бытыраңқылықтарын барынша сақтауға тырысты.

ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адамның таным мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Нақты және гуманитарлық ғылымдардың көмегімен алынған білім қоғамды жақсартуға қабілетті күш деп жарияланды. Діни көзқарастар теріске шығарыла бастады.

Конспект сұрақтар

  1. Ағылшын буржуазиялық революциясы басталған жыл:

  2. XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі себептері:

  3. Англиядағы азамат соғысындағы қарама-қарсы екі топ:

  4. Парламенттің «жаңа үлгідегі» армиясына басшылық жасаған қолбасшы:

  5. Ағылшын буржуазиялық революциясының сипатын өзгерткен оқиға.

  6. «Құқықтар туралы билль» бойынша Англия мемлекетінің сипаты:

  7. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен тазартуды жақтаушылар:

  8. ХVІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай:

  9. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай

  10. Англияда ХVІ ғасырдан бастап қауымдық алқаптарды қоршаудың салдары:

  11. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:

  12. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы

  13. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі:

  14. 1649 жылы диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар:

  15. Англияда қабылданған жаңа конституция - «Басқару құралының» мәні:

  16. XVII ғасырда ағартушылық идеялар алғаш пайда болған ел

  17. ХVІІІ ғасырда қоғамдағы тәртіптере сын көзбен қарағандар:

  18. ХVІІ ғасырда қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:

  19. «Табиғат адамның санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді» дейтін ағартушылар:

  20. «Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек» деп есептеді:

  21. Атеистер - бұлар:

  22. Француз ойшылы Жан Мелье «ең әділетті қоғам» деп көрсеткен қоғам:

  23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:

  24. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені

  25. XVII ғасырдағы Солтүстік Америка жеріндегі үш түрге бөлінген ағылшын отарлары:

  26. «Бостондағы шай ішу» оқиғасы

  27. АҚШ-тың тәуелсіздігі ресми түрде танылған жыл:

  28. 1787 жылы қабылданған Конституция бойынша АҚШ-тың заң шығарушы органы:

  29. 1791 жылғы АҚШ-тың Конституциясына енгізілген 10 түрлі өзгерістер:

  30. 1787 жылғы Конституция бойынша атқарушы билік берілді:

  31. 1787 жылы қабылданған Конституция бойынша АҚШ-тың заң шығарушы органы:

  32. 1789 жылы сайланған АҚШ-тың тұңғыш президенті:

  33. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:

  34. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:

  35. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат

  36. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмауының себебі:

  37. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:

  38. Ағылшын және Француз революцияларына қарағанда Америка революциясының артықшылығы:

  39. Тәуелсіздік идеясын қолдамағандар тобы:

  40. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік монархияның жоғарғы мекемесі:

  41. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:

  42. Францияда өндірістік сауда дағдарысы тереңдеген кезең:

  43. Францияда өнеркәсіп пен сауда дамуының тежелу себебі:

  44. 1789 ж. 9 шілдеде жиналыс мүшелері өздерін жариялады:

  45. 1792 жылы 22 сәуірде Франция соғыс жариялаған ел:

  46. Францияда «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылданған жыл:

  47. 1792 жылы Ұлттық жиналыста тақтан түскен король

  48. Құрылтай жиналысының негізгі мүшелері:

  49. Ұлттық конвенттің сол жақ қанатындағы депутаттар:

  50. Ұлттық конвенттің оң жақ қанатындағы депутаттар:

  51. Жирондықтарды жою керек деген пікір ұстанғандар:

  52. 1793 жылы Конвент тағайындаған Қоғамдық құтқару комитетіне басшылық еткен:

  53. Термидорлық төңкерістің нәтижесінде…

  54. Француз революциясының басты саяси жетістігі:

  55. Францияда Құрылтай жиналысы қабылдаған құжат:

  56. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:

  57. 1792 жылы 22 қыркүйекте Ұлттық конвент қабылдаған құжат:

  58. 1793 жылы Жирондықтарды құлатып билікке келгендер:

  59. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:

  60. Якобиншілер диктатурасы орнаған уақыт:

  61. 1703 жылы тұрғызылған қала

  62. Солтүстік соғыстың нәтижесінде…

  63. Ресейде «Патша-ана» деген атпен тарихта қалған:

  64. Императрица II Екатеринаның билік құрған мерзімі:

  65. І Петрдің жарлығымен Боярлық думаның орнына құрылған жоғарғы мемлекеттік ұйым:

  66. Ресейде 1703 жылдан бастап шыға бастаған алғашқы жүйелі газет

  67. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:

  68. Солтүстік соғыста І Петр армиясының шведтерді тас-талқан етіп жеңген шайқасы:

  69. 1721 жылы Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:

  70. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:

  71. ХVІІ ғасырдың алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:

  72. XVIII ғасырдың екінші жартысында Үндістанның Пенджаб өлкесіндегі пайда болған мемлекет.

  73. XVIII ғасырдың ортасында Үндістанды отарлау жолында белсенділік танытқан Еуропалық державалар:

  74. XVIII ғасырдың 70-жылдары Англияның Ост-Үнді компаниясы басып алған Үндістанның бай өлкесі.

  75. Англия үкіметінің Үндістанды басқаратын генерал-губернатор қызметін енгізген жыл:

  76. Ағылшындардың жергілікті халықтан құрған жалдамалы жасақтарын белгілеңіз

  77. ХV ғасырда Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:

  78. ХVІІ ғасырда Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған жағдай:

  79. 1730 жылы Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған адам:

  80. Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:

  81. XVII ғасырдың ортасында Қытайды жаулап алған солтүстіктегі тайпа.

  82. Маньчжурлар билігі кезіндегі Қытай мемлекетінің ресми атауы:

  83. XVIII ғасырда Шығыс Түркістан жері Қытайдың құрамына кіргеннен кейінгі атауы:

  84. XVIII ғасырда ортасында жойылған көшпенділердің ең соңғы державасы:

  85. Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберген мемлекет:

  86. XVII ғасырдағы Жапониядағы ең ірі феодалдар:

  87. Сыртқы саясатта «шығыстық король», «батыстық техника» деген принцип ұстанған ел:

  88. XVII-XIX ғасырлардағы Жапонияның сыртқы саясатындағы басты ерекшелік:

  89. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:

  90. 1869 жылы іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет

  91. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:

  92. Метрополия дегеніміз - ...

  93. Шығыс елдерінің экономикалық, саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі:

  94. «Барлық білім тәжірибеден жинақталады» деген пікірді айтқан XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы:

  95. 1687 жылы әлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ағылшын ғалымы:

  96. Отар иеленген мемлекет:

  97. Францияда революция жаңа дағдарыс кезеңіне аяқ басқан жыл

  98. Францияда барлық феодалдық міндеткерліктерді толығымен жою туралы декрет қабылданған мерзім:

  99. 1703 жылы тұрғызылған қала:

  100. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай

Тақырыптың тесті





2. ХIХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы дүниежүзі

Конспект

ХIХ ғасырдың басында Англия экономикасы дамыған мемлекет болды. 1811 жылы Англияда сауда мен кәсіпорындарда халықтың 44% жұмыс істеді. Еңбекшілердің жағдайы өте ауыр болды. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар машиналарды қирата бастады. Бұл қозғалыс машинаны бірінші болып қиратқан жұмысшы Лудданың атымен, луддашылар қозғалысы деп аталды. Луддашылар қозғалысы 1811-1812 жылдары кең өріс алды.

ХVIII ғасырда Англияда капитализмнің мануфактуралық сатысынан капиталистік өнеркәсіптің машиалық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өту кезеңі - өнеркәсіп төңкерісі кезеңі басталады.

ХVIII ғасырдың ортасында машина өндірісі, оның ішінде машина жасау барлық негізгі құрылымда басым түсті. Өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Англия дүние-жүзілік шеберханаға айналды, оның бұйымдарымен ешкім бәсекелесе алмады.

ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы «чартизм» деген атауға ие болды. Чартизм (хартия, құжат) ағылшын сөзінен шыққан, онда әлеуметтік таптар мен топтардың саяси талаптары көрініс тапты.

Елде сонау ХVIII ғасырдың соңында қалыптасқан екі бақталас партия билік етті. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап консервативтік партия атағын алған тори партиясы Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғады. Консервативтік партияның тірегі фермерлер болды. Екінші бір көрнекті партия виги партиясы либералдар партиясы деп аталды. Бұл партияның басында ірі ақсүйектер тұрды. Либералдар сауда-өнеркәсіп буржауазиясының мүддесіне қызмет етті.

ХІХ ғасырдың басында Англияда заң шығару билігі парламенттің қолында болды. Атқару билігі - корольге және парламент тағайындаған үкіметке тиді. Қауымдар палатасы - парламенттің төменгі палатасын сайлау кезінде жеңген партиялар үкіметті құрады. Осы партияның жетекшісі премьер-министр болып тағайындалды.

Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Барлық билік бір адамның қолында болды.

1799 жылы 9 қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін барлық билік үш консулдың қолына өтті, бірақ іс жүзінде билік бірінші консул - Бонапарттың қолында болды. Конституция бойынша Франция республика болғанымен барлық билік бірінші консулдың қолына шоғырланды. Бірінші консул бас әскер қолбасшысы болды, заң шығаратын өкімет органдарының барлық мүшелерін тағайындады. Жергілікті өзін-өзі басқару жойылды.

1813 жылы 16-19 қазанында Лейпциг түбінде жарты миллионнан астам жауынгер қатысқан шайқас болды. 700 зеңбірегі бар 190 мың француз әскеріне, 1370 зеңбірегі бар 300 мыңдық одақтастар әскері қарсы тұрды. Тарихта бұл шайқас «халықтар майданы» деген атпен белгілі.

1815 жылдың 18 маусымында Ватерлоо түбінде Наполеон әскері мен одақтастар әскері арасында шайқас болды. Наполеон жеңіліс тапты. 22 маусым күні Наполеон ағылшындарға тұтқынға түсті, екінші рет тақтан бас тартып, Әулие Елена аралына жер аударылды.

Одақтастар және Франциядағы бұрыңғы француз ақсүйектерінің талабына сай Бурбондар билігі қалпына келтірілді. Король болып ХVIII Людовик деген атпен, 1793 жылы өлтірілген ХVI Людовиктің інісі граф Прованский отырды. 1814 жыл Король жариялаған хартияға сәйкес мемлекеттегі барлық билік орындары Бурбондарға берілді.

1848 жылы 25 ақпанда Францияда Екінші республика жарияланып, Уақытша үкімет құрылды. Оның құрамына екі париждік жұмысшы да кірді. Уақытша үкімет Францияны республика деп жариялауға мәжбүр болып, барлық дворяндар лауазымын жойды.

Францияның Пруссиямен болған соғысында жеңіліс табуы Париж тұрғындарынның ашу-ызасын туғызды. 1870 жылы 4 қыркүйекте революция басталды. Император III Наполеон тақтан түсіріліп, Франция республика деп жарияланды.

1871 жылы 10 мамырда Франкфуртте бітім шартына қол қойылды. Франция жаңадан құрылған герман империясын мойындап, оған Эльзасты және Лотарингияның бір бөлігін берді. Сөйтіп, франция-герман соғысы барысында Германияның бірігуі аяқталды.

1848 жылы басталған революциялар толқыны бүкіл Еуропаны қамтыды. 1848 жылы наурызда Пруссияда революция басталды. Революция барысында саяси, әлеуметтік және ұлттық қозғалыстар әрқайсысы жеке-дара қимыл жасады. Революцияшыл қарулы топтар әлі әлсіз екенін көрсетті. Германиядағы ұлттық қозғалыстар өз мақсатын орындаған жоқ. Пролетариат өз жағдайларын жақсартуға қол жеткізе алмады. Революция жеңіліспен аяқталды. Пруссия аумағы кейбір герман мемлекеттерінің жері қосылғаннан кейін Рейннен Неманға дейін созылды. Сонымен Солтүстік германдық одақ құрылды. Оның басшысы пруссиялық король болды. Үкіметті канцлер басқарды. Бірінші канцлер болып Бисмарк сайланды.

Италиядағы ұлттық қозғалыстар да өз мақсатын орындаған жоқ. Пролетариат өз жағдайларын жақсартуға қол жеткізе алмады. Революция жеңіліспен аяқталды.

ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің дамуы феодалдық-басыбайлылық жүйе дағдарысының өсе түсуімен және капиталистік укладтың күшеюімен ерекшеленді.

1861 жылы 19 ақпанда II Александр патша басыбайлылық құқықты жою туралы манифестке және «Шаруалардың жаңа құрылымы туралы ережеге» қол қойды. «19 ақпан ережесі» бойынша шаруаларға жеке бас бостандығы берілді.

1880 жылдары Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі және көрнекті үгітшісі Г.В.Плеханов (1856-1918) саяси сахнаға шықты. Г.В.Плеханов құрастырған бағдарламалық құжатында олар Ресейде саяси бостандықты жеңіп алу, тапаралық бөлінуді жоюды азаттық қозғалысына мақсат етіп қойды.

Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция империализм дәуіріндегі алғашқы бірінші орыс революциясы болды. Ол алдына самодержавиені құлату және демократиялық республика орнату міндеттерін қойды.

Алғашқы орыс революциясының өзіндік ерекшелігі, оның ұлттық айырмашылығы - аграрлық мәселені алға тартты. Батыстағы ХIХ ғасырдағы буржуазиялық революциялардан айырмашылығы - Ресейдегі шаруалар бұқарасы пролетариаттың одақтасы ретінде тарих сахнасына шықты.

ХVIII ғасырдың 90-жылдарында АҚШ-та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле бастады. АҚШ жалпы батыстық бағытта дамыды. 1861 жылдың өзінде-ақ АҚШ аумағында 40 штат болды.

Америкада скваттерлік - қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз еркімен иелену тәсілі дамыды. Ал 1841 жылдан бастап қоныстанушы басып алған жер бөлігін өзіне меншіктенуі жөнінде құжат алуына мүмкіндік туды. Көптеген фермалар «отбасылық» түрде болды. Мақтаға деген мол сұраныс, бос жатқан жерлердің көптігі, қолайлы табиғи жағдай, аз шығынмен құлдарды пайдалану мүмкіншілігі АҚШ-тың оңтүстігінің плантациялық шаруашылығын өнімді және пайдалы кәсіпке айналдырды. Оңтүстіктің құл иеленуші штаттарында плантаторлық құл иеленушілер үстемдік етті.

АҚШ-ғы жағдайдың ерекшелігі - ондағы құлдық жүйе қалыпты капиталистік дамуды тежеді. Өнеркәсіптің дамуына плантаторлық құл иеленушілік кедергі жасады.

ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе - құлдық мәселесі болды. Оңтүстік штаттар АҚШ-тан бөлініп шығып өз аумағында құлдықты заңды түрде бекітетін жаңа мемлекет құруды талап етті. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы шиеленіс Азамат соғысына (1861-1865 жж.) әкелді.

Азамат соғысының басты мақсаты құлдықты жою болды. Қара түстілер мен ақ түстілердің тең құқықты екендігін бекіту үрдісі басталғандығы, америкалық демократияның дамуындағы маңызды қадам болды.

XVI ғасырда Американы отарлаған испандық және португалдық басқыншылық нәтижесінде еуропалықтар үндіс халықтарына өз үстемдігін орнатты. Конкиста (басып алу) қатігездікпен жүргізілді. Конкистадорлар үндістерге католик дінін зорлықпен таңып, олардың храмдарын жойды, абыздарын қуғындады.

Латын Америкасы елдерінің тәуелсіздік үшін күресі нәтижесінде жерге жеке меншік орнатылды. Ірі жер бөліктері - лаифундиялар, олардың иелері латифундистер, ал олардың арасындағы қатынас латифундизм деп аталды.

ХІХ ғасырдың басында Латын Америкасы халықтарының отарлық тәуелділіктен азаттық алу үшін күресі басталды.

Цин өкіметінің Қытайды томаға-тұйық, оқшау жағдайда ұстауы оны дүние жүзі елдерінен даму жағынан артта қалдырды. Қытайдың алтын-күміс байлығы апиынға айырбасталып Англияға ағылды. Қытай оларға апиын әкелуіне тыйым салып, ағылшын кемелеріндегі апиын тиелген жәшіктерді суға лақтырды. Іздеген сылтауы табылған Англия Қытайға қарсы соғыс бастады. 1840-1842 жылдары болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетіп, Цин империясын тізе бүктірді.

Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптары Цин империясының елді дағдарыстан шығаруға дәрменсіздігі шаруалардың ашу-ызасын туғызды. 1850 жылы Хун Сюцюань бастаған қуатты шаруалар көтерілісі болды. Ол маньчжурларды Қытай жерінен қуып шығу, барлық шаруаларға жерді тең бөліп беру талаптарын ұсынды. Ол Тайпинь тянго - ұлы игілікті аспан мемлекетін құруға ұмтылды. Сондықтан көтерілісшілерді тайпиндер деп атады.

Алайда еуропалықтарға қарсы баскөтерулердің жаппай құлаш алуы оларды басу үшін күш жұмсаған ұлы державаларды Қытайды ықпал ету аймағына бөлу жоспарынан бас тартуға мәжбүр еткізді. АҚШ өз серіктестеріне Қытайда «ашық есік» саясатын жүргізуге ұсынды, ол Қытай рыногі үшін күресте барлық елдерге тең құқық берілетіндігін мәлімдеді.

1911 жылы күзде Синьхай революциясы басталды. Оны Қытайдың 14 провинциясы қолдады. Олар жергілікті үкімет билігін құлатып, елде Қытай Республикасының құрылғанын жариялады. 1912 жығы 1 қаңтар Қытай Республикасының ресми жарияланған күні болып есептеледі. Сунь Ятсен Қытай Республикасының тұңғыш президенті болды.

ХІХ ғасырдың басында Токугава әулеті сегундарының билігі кезінде Жапония қоғамы терең дағдарысқа килікті. Сегунаттың әлсіреуіне, сондай-ақ «жабық есік» саясаты да өз әсерін тигізді. «Жабық есік» саясаты елдің артта қалуын күшейтіп, өндіріс қатынастарын, ішкі және сыртқы сауданың дамуын тежеді.

1867 жылы Жапонияның императоры тағына 15 жасар Муцухито отырды. Муцихито императордың билік еткен кезеңі Мэйдзи деп аталды. Сондықтан да тарихта 1867-1868 жылдардағы императорлық билікті қайта орнату әрекеті «Мэйдзи қайта қалпына келтіру» деп аталды.

Мэйдзи үкіметінің Жапонияда капитализмнің дамуына апаратын жол - тауар өткізу рыногін кеңейту мен жаңа шикізат көзін табу деп есептеді. Сол үшін Жапония сыртқы басқыншылық саясатын іске асыра бастады. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны Қытайға тәуелді Корея болды.

1857-1859 жылдары Солтүстік Үндістанда аса қуатты халық көтерілісі орын алды. Сипайлар көтерілісінен кейін Англияның Үндістандағы саясатына өзгерістер енгізіле бастады. Үндістан істері жөніндегі арнаулы министрлік құрылды. Үндістандағы әкімшілік билік вице-корольге, провинцияларды билеу губернаторға берілді.

1885 жылы самарқау либералдар алғашқы жалпыүнділік саяси партия - Үнді Ұлттық Конгресі (ҮҰК) құрды. Оның орталығы Калькутта қаласы болды.

Үндістандағы отаршыл өкімет басында отырған Керзон 1905 жылы Бенгалияны екіге бөлу жөнінде шешім қабылдады. Шығыс Бенгалияда, негізінен, мұсылмандар, Батыс Бенгалияда үнділер тұратын. Ағылшындардың Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты - үнділер мен мұсылмандарды бір-біріне қарсы қойып, олардың арасында діни алауыздық тудыру, сөйтіп бенгалиялықтарды ұлт-азаттық қозғалыстан аулақтату болды.

XIХ ғасырдың бірінші ширегінде Осман империясы терең ішкі дағдарыс, шиеленіскен жағдайды басынан кешіп жатты. 1839 жылы қарашада сұлтанның жазғы сарайы алдында «Қасиетті жарлық» халыққа жарияланды.

Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең - танзимат - қайта ұйымдастырулар деп аталған реформалар дәуірін бастап берді.

1889 жылы Стамбұлда «Бірлік және прогресс» партиясы құрылды. Ұйымның алға қойған мақсаты конституциялық мемлекет құру болатын. Бұл қозғалыстың өкілдерін жас түріктер деп атады.

ХІХ ғасырдың 40 жылдары Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық ретінде халық көтерілістері жиілей бастады. Бұл көтеріліске дем беріп отырған исламның шиит тармағының өздерін бабшылдармыз деп атаған топтары болды. Бабшылдар ілімінің жетекшісі - Сеид Әли Мұхаммед деген адам 1844 жылы өзін Баб деп жариялайды.

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары Африкаға Англия мен Франциядан кейін Бельгия, Германия, Италия басқыншылары ұмтылды. 1884 жылы Конго өзені алқабының басым бөлігін Бельгия бақылауына алды.

1890 жылдардың соңына таман Англия Африканы отарлауды аяқтауға таяды. 1898 жылы ағылшын әскері француз әскерімен қарулы қақтығысқа түсті. Ағылшын үкіметі соғыс ашпақ болып қорқытты. Франция Англиямен соғыспауға шешім қабылдайды. 1899 жылы Англия мен Франция Африканы бөлісу туралы келісім жасасты.

ХХ ғасырдың басында дүние жүзін аумақтық тұрғыдан бөлісу аяқталды. «Бос жер» тіпті қалған жоқ. Өздерін Африкадағы бөлістен құралақан қалдық деп есептеген герман империалистері оның орнын Таяу Шығыстағы басқыншылық әрекетімен толтырмақ болды. Англия Германияның Түркияға енуіне қатты мазасызданды. Мұның бәрі екі империалистік жыртқыштардың арасындағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.

1882 жылы 20 мамырда Германия, Австрия-Венгрия және Италия арасында үштік одақ деп аталатын одақтық шартқа қол қойылды. Шарт 5 жылға жасалынды. 5 жыл сайын жаңартылып отыруы арқылы 1945 жылға дейін созылып келді.

Англия антигерманиялық коалицияға Ресейді тарту үшін бар күшін жұмсады. 1907 жылы құрамында Англия, Франция мен Ресей кірген үштік Антанта одағы құрылды. Сол кездегі жағдайда әрбір жаңа соғыс жергілікті сипатымен шектеліп қалмайтын еді, 1912-1913 жылдардағы Балкан соғысы дүниежүзілік империалистік соғысқа ұласты.

XVII-XVIII ғасырлар бойы Еуропа халықтарының мәдениеті мен өнерінде бір-бірін ауыстырып отырған үш көркемөнер бағыты болды. Олар классицизм, романтизм және реализм. ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында ғылым ерекше қарқынмен дамыды. Ұлы жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты. Бұл қандай да бір сиқыршының құпия сырларды ашып жібергеніндей әсер етті. Бұл сиқыршы адамзат ақыл-парасаты болатын.

ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ашылған табиғи-ғылыми жаңалықтардың басты маңыздылығы сонда, ол материяның құрылысы, кеңістік, уақыт, қозғалыс, тірі табиғаттың дамуы, табиғаттағы адамның орны, жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды түбірімен өзгертті.

Конспект сұрақтар

  1. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар:

  2. 1819 жылы Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің еңбек саласында жасаған маңызды қадамы:

  3. 1764 жылы «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:

  4. 1765 жылы бу машинасын ойлап тапқан адам:

  5. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні:

  6. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:

  7. ХІХ ғасырдың 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық-саяси революциялық қозғалысы:

  8. ХІХ ғасырда Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия

  9. ХІХ ғасырда Англияда сауда-өнеркәсіп буржауазиясының мүддесін көздеген саяси партия:

  10. ХІХ ғасырдың соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:

  11. ХІХ ғасырдың басында Англияда үкіметті тағайындағандар:

  12. ХІХ ғасырдың басында Англияда Виги партиясының жетекшісі:

  13. Чартизмнің үшінші және соңғы көтерілуі кезеңдері:

  14. ХІХ ғасырдың 70-ші жылдардағы Либералдар партиясының көсемі:

  15. 1804 жылы Рим папасы тәж кигізген император:

  16. 1799 жылғы 9 қарашада Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:

  17. 1814 жылы Францияда тақ басына келген династия:

  18. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы:

  19. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы:

  20. 1813 жылы болған Лейпциг түбіндегі шайқастың тарихи атауы:

  21. 1815 жылы Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі:

  22. Францияда екінші республика жарияланған кезең:

  23. Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:

  24. 1870 жылы 4 қыркүйектегі Франциядағы революцияның нәтижесін көрсетіңіз:

  25. Франция-Пруссия соғысында Францияның айырылып қалған аймақтары:

  26. 1848-1849 жылғы Германиядағы революцияның нәтижесі:

  27. Біріккен Герман империясының бірінші канцлері:

  28. 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі:

  29. ХІХ ғасырдың ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф:

  30. Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифестке қол қойған орыс патшасы:

  31. ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:

  32. 1861 жылы Ресейде қабылданған реформаның мәні:

  33. 1880 жылдары Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі:

  34. Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар:

  35. Жұмысшылардың оңтүстік Ресей одағының негізін қалаған революционер

  36. 1905-1907 жылдардағы революцияның өзіндік ерекшелігі, ұлттық айырмашылығы:

  37. 1860 жылы теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет:

  38. 1861 жылы АҚШ аумағындағы штаттар саны:

  39. АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі:

  40. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықты белгілеңіз

  41. 1793 жылы АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан адам:

  42. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда АҚШ экономикасының «королі» ретінде шетке шығарылған басты тауар:

  43. ХІХ ғасырдың І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:

  44. 1803 жылы АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері:

  45. ХІХ ғасырдың басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері:

  46. АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жыл:

  47. ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіс туғызған мәселе:

  48. АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:

  49. ХІХ ғасырдың басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы:

  50. Олигархтар дегеніміз - ...

  51. АҚШ-та азамат соғысы болған кезең:

  52. 1860 жылы АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:

  53. 1860 жылы құлиеленушілікті жоюды жақтаған АҚШ президентін көрсетіңіз

  54. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс:

  55. 1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:

  56. Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері:

  57. Конкистадорлар - ...

  58. Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:

  59. ХІХ ғасырда Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің алдына қойған мақсаты:

  60. 1810 жылы Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы:

  61. 1826 жылдан бастап Аргентина деп аталатын елді белгілеңіз

  62. 1791 жылы Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы:

  63. 1825 жылы құрылған өзінің азат етушісінің құрметімен аталатын мемлекет:

  64. 1823 жылғы «Монро доктринасының» мәні:

  65. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қытайдың дүниежүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі:

  66. Бірінші апиын соғысы болған кезеңді белгілеңіз

  67. 1840-1842 жылы Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі:

  68. 1850-1864 жылдары Қытайдағы шаруалар соғысы:

  69. ХХ ғасырда Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні:

  70. Қытай Республикасының тұңғыш президентін атаңыз

  71. ХІХ ғасырда «жабық есік» саясатын ұстанған мемлекет:

  72. 1867-1868 жылдардағы Мэйдзи төңкерісінің мәні:

  73. Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты:

  74. Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі:

  75. 1857-1859 жылдары Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға:

  76. 1857-1859 жылдары Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері:

  77. 1885 жылы Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партияны белгілеңіз

  78. 1905 жылы Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:

  79. ХІХ ғасырда Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:

  80. 1889 жылы Стамбұлда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты:

  81. 1826 жылы янычарлар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі:

  82. 1839 жылы Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең:

  83. Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы:

  84. 1796 жылы Тегеранға француз елшілерінің келу себебі:

  85. 1828 жылы Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:

  86. 1848-1852 жылдары Ирандағы халық көтерілісі:

  87. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:

  88. 1884 жылы Африкадағы Конго өзені алқабының басым бөлігін бақылауда ұстаған Еуропа мемлекеті:

  89. Англия мен Францияның арасында Африканы бөлісу туралы келісім жасалған жыл:

  90. 1882 жылы құрылған Үштік Одаққа кірген мемлекеттер:

  91. 1907 жылы Англия, Франция және Ресей құрған әскери-саяси одақ:

  92. Луи Пастердің енгізген жаңа ғылым саласы:

  93. XVII-XVIII ғасырлар бойы Еуропа халықтарының мәдениеті мен өнерінде бір-бірін ауыстырып отырған үш көркем бағыт:

  94. «Париж құдайана ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы:

  95. Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:

  96. 1895 жылы көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан, физиктерден тұңғыш Нобель сыйлығын алған герман физигі:

  97. Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы:

  98. «Мазурка королі» деп аталған композитор:

  99. «Шіріген жерлер» құқығы толығымен жойылған жыл:

  100. XIX ғасырдың 70 жылдары Германия Франциядан еншілеген жерлер

Тақырыптың тесті











9 сынып

1. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзі елдері

Конспект

Қазіргі дүниежүзі тарихы екі үлкен кезеңге бөлініп қарастырылады. Бірінші кезең, яғни 1914-1945 жылдар аралығы - Еуропа қоғамының әскери-соғыс топтарына бөлінуі, мемлекеттік-монополистік капитализмнің қалыптасып, одан әрі нығаюы, тоталитарлық қоғамдық жүйелердің басқа жүйелермен қатар өмір сүруі кезеңі басталды.

Германия императоры Австро-Венгрияны тікелей соғысқа итермеледі. Көп кешікпей 1914 жылы 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға қарсы соғыс ашты. Іле-шала Германия 1 тамызда Ресейге, 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Бірінші дүниежүзілік соғыс осылай басталды. 1918 жылы 11 қарашада Компьен орманында Германия мен Антанта мемлекеттері арсында уақытша бітімге қол қойылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

1914 жылы 4 тамызда неміс әскерлері «Шлиффен жоспары» бойынша Бельгия арқылы Францияның жеріне бас-көктеп кірді. Қысқа мерзім ішінде неміс әскерлері Францияның ең бай шеткі аймақтары - Фландрияны, Пикардияны, Артуаны жаулап алды. 30 тамызда неміс ұшақтары Париждің үстінде қалықтады.

1916 жылғы ақпан айындағы Германия армиясы Францияға қарсы - Верден қамалына шабуыл бастады. Бұл қанды шайқас тарихқа Верден қырғыны деген атпен енді.

Немістердің Верденге шабуылын әлсірету үшін, ағылшын-француз әскері Сомма өзенінің бойында шабуылға шықты 1916 жылы шілдесі мен қараша айларының аралығында жүрген Сомма шайқасында ағылшындар мен фрацуздар тарихта тұңғыш рет танктерді қолданды.

1917 жылдан бастап Германия соғысушы мемлекеттермен қатар бейтарап елдердің сауда және жолаушы кемелерін суға батыратындарын жариялады. АҚШ 1917 жығы 6 сәуірде осы мәлімдемеге қарсы Германияға соғыс жариялады. Келесі жылы Еуропа майдандарында 2 млн-нан астам АҚШ солдаттары соғысты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға болды. Ауқымы мен салдары жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарында 74 млн. адам шақырылды. Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қолданылды. Танктер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және адам шығындары болды. Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерлер, Осман империялары қирады, отаршыл державалардың тірегі әлсірей бастады. Тарихи аренаға Кеңестік Ресей, Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Балтық жағалауы аймағындағы жаңадан құрылған жас мемлекеттер шықты.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 қатарында Парижде бітім конференциясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітімшартын жасауға Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ кеңестік Ресей қатыстырылмады.

Конференцияның негізгі мақсаты Германиямен бітім шартын дайындау болды. Конференцияға Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекшілік етті.

Француз делегациясы өзінің қарсыласы - Германияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір алабын және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді. Англияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы бақталасы болудан қалды. Алайда Германия отарларын және Таяу Шығыстағы түріктер иемденген мұнай байлығын бөлісуде Англия мен Францияның арасында келіспеушілік байқалды. Ағылышын премьер-министрі Ллойд Джордж Германияны сақтап қалуды ұсынды. Ол Еуропада Франция күшейетін болса, оған қарсы Германияны пайдалануды ойлады.

АҚШ президенті В.Вильсонның халықаралық бейбітшілік ұйымын құру идеясы, онда АҚШ-тың басты роль атқаруы ең қызу мәселелерінің бірі болды.Ұлттар Лигасына халықтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Халықаралық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын Ұлттар Лигасының Ассамблеясы шақырылатын болды және ассамблеямен бірге дәл сондай өкілеттігі бар Кеңес құрылды. Кеңестің тұрақты мүшелері қатарында 5 мемлекет - АҚШ, Англия, Франция, Италия және Жапония болды. Ұлттар Лигасы Жарғысында басқыншы мемлекеттерге ұжымдық шара қолдану әрекеті белгіленді.

Вильсонның талабымен Ұлттар Лигасы Жарғысында мандат ұғымы енгізілді. Ұлттар Лигасы атынан 1919 жылғы мамырда Англия мен Франция герман отарлары мен Осман империясына қараған бірқатар елдерге қамқоршы ретінде мандат алды. Және Того мен Камерун жерін өзара бөлісті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдарына, сондай-ақ Шаньдун түбегіне Жапония мандат алды.

Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысын басқару ісі 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Кезінде Германия иеленіп алған Польша жері (Познань, Пруссия мен Померания аудандары) Польшаға қайтарылды. Бельгия, Дания, Литва елдері германия қарамағындағы өз жерін қайтарып алып, аумақтарын кеңейтті.

Версаль бітім шарты Германиядан дүниежүзілік соғысты ушықтырушы ел ретінде төлем өтеуін талап етті және оған әскери шектеулер қойды. Антанта елдерінің соғыс шығындарын өтеу үшін Германия репарациялық төлем төлейтін болды.

Германияға әскер флот, авиация, жаяу әскер ұстауға тыым салынды. Армияның қызметі тек мемлекеттің ішкі тәртібін сақтауға ғана бағытталды.

Германия делегациясы 1919 жылы 28 маусымда Версаль шартына қол қойды. Бұл шарт неміс халқына үлкен ауыртпалық әкелді.

Германияның одақтастарымен жасалған бітімшарттар Версаль шарты үлгісінде құрастырылды. 1919-1920 жылдары Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен келісімшарттарға қол қойылды. Германияның одақтастарына әскери шектеу белгіленді. Олар да төлем төлеуге міндетті болды. Версаль жүйесі арқылы Франция Еуропадағы басым жағдайын, Англия Таяу Шығыста және теңіздегі үстемдігін қамтамасыз етті.

АҚШ делегациясы Париж конференциясында көздеген мақсаттарына толық жете алмады. АҚШ сенаты Версаль бітімшартын бекітуден бас тартты. Шаньдун түбегінің Жапонияға берілгеніне қарсылық білдіріп, Қытай да қол қоюға келіспеді.

Париж бітім конференциясынан кейін отарлы державалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит алабындағы қайшылықтарын реттеу қажеттілігі туды.

Париждегі бітім конференциясында Жапония Шаньдун түбегіне өзінің құқығын бекітіп, тынық мұхиттағы Германияның бірқатар отарларын иеленіп алды. Осыған байланысты АҚШ-тың басқарушы топтары Қиыр Шығысқа қатысты Париж шартының шешімдерін қайта қарап, теңіз қарулы күштері туралы мәселе талқылау қажет деп шешті.

Аталған мәселелерді қараған конференция Вашингтонда 1921-1922 жылдары өтті. Оған АҚШ-пен бірге Англия, Жапония, Франция, Италия,Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай мемлекеттері қатысты. Кеңестік Ресей Тынық мұхиттағы ірі держава болғанымен, бұл жолы да конференцияға шақырылмады.

Тоғыз держава келісімі бойынша Вашингтон конференциясына қатысушы мемлекеттер Қытай аумағына қол сұқпауға, барлық елдер үшін Қытай аумағының есігі ашық болғандықтан, оның тәуелсіздігі мен егемендігін сыйлауға келісті, Шаньдун түбегі Қытайға қайтарылды.

1917 жылығы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Ресейдегі Романовтар монархиясын құлатып, дүниежүзілік соғысқа қарсы қозғалыстарды шапшаңдатты.

1918 жылы 31 қазанда көпұлтты Габсбургтер империясындағы демократиялық-революциялық көтерілістер барысында Австро-Венгрияда монархия құлады. Австро-Венгрия аумағында Австрия және Венгрия республикалары пайда болды.

1919 жылы 1 тамызда Румыния мен Чехословакия интервенциясының қысымына төтеп бере алмаған Венгрия Республикасы құлады. Венгрия адмирал Хортидің үстемдігіне бағындырылып, монархиялық мемлекет болып жарияланды.

Революциялық көтерілістердің соңғы ірі оқиғасы 1919 жылы 13 сәуірдегі Бавария Кеңес республикасының жариялануы болды. Бавария Кеңес үкіметі үш апта ғана өмір сүрді.

1917-1918 жылдары Ресейде және соғыста жеңіліске ұшыраған Германияда, бұрынғы Австро-Венгрияда, Түркияда демократиялық, социалистік, ұлт-азаттық революциялар болып өтті. Нәтижесінде жаңа ұлттық мемлекеттер құрылды.

1918 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңде жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси жүйелерінде құрылымдық өзгерістер болды. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді, буржуазиялық-демократиялық конституциялар қабылданды. Либерал-демократиялық партиялар қатысқан коалициялық кабинеттер құрылды. Сөйтіп, рволюциядан кейінгі алғашқы жылдарда Еуропаның саяси картасы елеулі өзгеріске ұшырады, жаңа саяси-идеялық, әлеуметтік-психологиялық ахуалдар пайда болды. КСРО-да, Германияда, Италияда, Испанияда тоталитарлық режимдер орнады.

1923 жылы қазанда Гамбургте коммунист Э.Тельманның басшылығымен көтеріліс ұйымдастырылды. Бұл қозғалыстарды үкімет тез арада аяусыз басып тастады.

Бұқаралық қозғалыс ұлттық социалистік жұмысшы партиясының ықалында болды. Шексіз билікке ұмтылған бұл саяси топтар Германияда тоталитарлық тәртіптің орнауына жол ашты. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург А.Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады. Елдің экономикалық күш-қуаты тоталитарлық мемлекеттің және корпорация басындағылардың қолында болды, олар Германияны біртұтас әскери лагерьге айналдыруға тырысты, сөйтіп, соғысқа дайындалуға кірісті.

1934 жылы 27 шілдеде ФКП (Франция коммунистік партиясы) мен социалистік партия қимыл бірлігі - Халықтық майдан құру туралы пактіге қол қойды.

Италияның фашистік ұйымдары 1919 жылдың көктемінде құрыла бастады. Фашистік топтарды,ал кейін фашистік партияны құрумен Бенито Муссолини айналысты.

Италия 1935 жылы қазанда соғыс қимылдарын бастады. Эфиопияның Ұлттар Лигасына арыз беруі еш нәтиже бермеді. 1936 жылы Эфиопия Италия отарына айналды.

1931 жылы буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде биліктен айрылған Испанияның реакциялық топтары қайтадан саяси билікке жетуді аңсады. Испан фашистері Гитлер мен Муссолини қолдауына сүйене отырып, 1936 жылы 17 шілдеде бүлік шығарды. Үкімет отставкаға кетті. Армияның 80%-ы бүлікшілер жағына өтті, оны генерал Франко басқарды. Испанияны азамат соғысы шарпыды. Испания халқының ұлттық-революциялық күресі 32 айға созылып, Испан республикасы құлады.

Германия басқыншылары күйреген кезде Польшада солшыл партиялар тәуелсіз үкімет құрды. Люблинде құрылған бұл үкіметті Игнаций Дашиньский басқарды. Польша Халықтық Республикасы жарияланды. 1918 жылы қарашада Польша тәуелсіздігін қайта орнату жолындағы поляк халқының 120 жылға созылған ұлт-азаттық күресі аяқталды.

Болгарияда Борис патшаның қатысуымен ұйымдастырылған 1923 жылғы төңкерістен кейін өктемшілдікке бейім тәртіп орнады. 1935 жылдың соңында III Борис патша билікті толығымен өз қолына алды.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған елдердің бірінші ондығына Чехословакия мен Австрия ғана кірді.Сыртқы саясатта Чехословакия Франциямен жақындасты.

1938 жылы қыркүйек айының соңында Франция, Ұлыбритания,Германия және Италия басшылары Мюнхенде конференцияға жиналды. Онда Чехословакияның тағдыры шешілді. Ел бөлініске түсті. Германия Судет облысын өзіне қосты.

1918-1920 жылдары Ресейде әртүрлі әлеуметтік топтар арасында саяси билік үшін қарулы қақтығыстар болып жатты. Көтерілістер қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктер партиясы мен биліктен айрылған күштер арасындағы қарсыласу салдарынан азамат соғысына айналды.

Кеңес үкіметі 1918 жылдың жазынан 1921 жылдың басына дейінгі ішкі саясаты «әскери коммунизм» деп аталатын төтенше шаралдарды жүзеге асыру дәуірі болды. Азық-түлік салғырты ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды жаппай мемлекеттендіріп, сауда-саттыққа, нарыққа тыйым салып, ақша айналымын тоқтатып, жұмысшылардың еңбек ақысын нан, ет, май, картоп түрінде төлеумен бірге жүргізілді.

Шешуші экономикалық өзгерістер РК(б)П-ның Х сьезінде (1921 ж. наурыз) айқындалды. Сьезд «әскери коммунизм» саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға шешім қабылдады. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда екі есе аз болды.

1932 жылы әдебиет пен өнерде социалистік реализм әдісі дегенді басшылыққа алу арқылы партия мен мемлекеттің саясатын мадақтау дәстүрге айналды.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық сьезі Кеңес Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Бастапқы кезде КСРО-ның құрамына РКФСР, Украина, Белоруссия және Закавказье Федерациясы біріккен еді.

1932 жылы қарашадағы АҚШ-тағы президент сайлауында Герберт Гуверге демократиялық партияның өкілі Франклин Рузвельт бәсекелес болды. Демократтар 48 шаттың 42-сінде жеңіске жетті. Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт» бағдарламасын ұсынды.

Сайлау науқаны кезінде Ф.Рузвельт «мен америкалықтарға жаңа бағыт беремін» дегенді айтты. Демократтар 48 шаттың 42-сінде жеңіске жетті. Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт» бағдарламасын ұсынды.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде «жаңа бағыттың» теориялық негізіне Джон Кейнстің экономикалық ілімі алынды. Бұл ілім бойынша, өндірістің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың мемлекет тарапынан белсенді реттелуі қажет.

АҚШ бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында Латын Америкасы елдеріне өзінің экономикалық енуін күшейтті. Мексикаға, Гватемалаға, Панамаға, Коста Рикаға, Никарагуаға және өзге де мемлекеттерге займ ұсына отырып, олар «доллар дипломатиясын» жүзеге асырды. Мұндай саясат латынамерикандық мемлекеттердің солтүстік көршіге толық тәуелділігін қамтамасыз етті.

1926 жылы Никарагуада Америка басқыншылығына қарсы қозғалысқа Аугусто Сесар Сандино басқарған күштер қатысты. Олардың қозғалысы «Бостандық, не өлім» деген ұранмен 7 жылға созылды.

20 жылдарда Латын Амермикасы тауарлары үшін дүниежүзілік саудада тиімді коньюктура сақталды. Алайда экономикалық өрлеу бұрынғыдай экстенсивті факторлардың негізінде жүріп жатты.

Латын Америкасының кейбір елдерінде өкіметті конституциялық нормаларды сақтай отырып, помещиктік-буржуазиялық олигархия мүддесін қорғаушы консерваторлар ұстап отырды (мысалы, Бразилия мен Колумбияда саяси өкімет «кофе» олигархиясының қолына шоғырландырылды.

Бразилияда помещиктік-буржуазиялық «кофе» олигархиясы өкіметімен ашық қарулы күреске түскен жас офицерлер - тененталықтардан (тенента-лейтенант) құралған ұсақ буржуазиялық демократтар еді.1922 жылы тенента жастары Рио-де-Жанейрода көтеріліске шықты. Оны жас капитан Луис Карлос Престес басқарды.

Генерал Плутарх Элиас Кальес (1924-1928 жж.) басқарған уақытта Мексикада революциялық каудильизм режімі нығая түсті. Жалғасушы революция тезисін қолдай отырып, Кальес өкіметі жұмысшы, шаруа және ұлттық кәсіпкерлердің бірлесуі негізінде әділетті қоғам құру және экономиканы дамыту шараларын іске асыруға тырысты.

1928-1930 жылдары Аргентинада үкімет Иригойена жақтастарына өтіп, ол 8 сағаттық жұмыс күнін енгізіп, АҚШ қысымына қарсы шықты.

Әділетсіз Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың қысымына шыдай алмай, ыдырай бастады. Еуропа аймағында монополистік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашистік күштер дүнижүзілік қайта бөлісуге бел байлады. Олардың қатарынан Германия, Италия және Жапония мемлекеттері бой көрсетті. Сөйтіп Берлин-Рим-Токио үштігі құрылды. Бұл блокты батыс елдерінің КСРО-ға айдап салу әрекетінен ештеңе шықпады.

ХIХ ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі байқалды.

Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында енгізілді. Бұрынғы ашулар мен техникалық өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фонограф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, алғашқы автомобильдер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 20-30 жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, автомобильдерді, автобустарды көруге болатын. Азаматтық авиация тұрақты және көп ұзамай - халықаралық көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, одан кейін түрлі-түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен жұрналдардың таралымы едәуір артты. Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Басты идеялық ағымдар - либерализм, әлеуметтік реформизм, консерватизм, марксизм - өзінің түпкілікті рәсімдеуін саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты.

ХХ ғасырдың басында империалистік елдердің отаршылдық жүйесі біржола тұрақтанды. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің шырмауына оралып, отарлық тепкіге ұшырады.

Патриархалды-феодалдық құрылыстың ыдырауы, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы, капиталистік шаруашылықтың пайда болуы аталған елдер халықтарының ұлт-азаттық қозғалыстарына алғышарттар әзірледі.

Конспект сұрақтар

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың болған уақыты:

  2. Бірінші дүниежүзілік соғысты алғаш бастаған мемлекет

  3. 1914 жылы "Шлиффен" жоспары бойынша қысқа уақытта тізе бүктіреміз деп жоспарланған мемлекет:

  4. 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесі:

  5. Австро-Венгриядағы демократиялық революция жүзеге асқан уақыт:

  6. 1916 жылғы ақпан айындағы Германия мен Францияның арасындағы қанды шайқас:

  7. 1916 жылғы Сомма шайқасында ағылшындар мен француздардың тарихта тұңғыш рет қолданған әскери техникасы:

  8. АҚШ-ң бірінші дүниежүзілік соғысқа кірген уақыты:

  9. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттер саны:

  10. 1919 жылы 18 қаңтарда Парижде бітім конференциясында қаралған негізгі мәселе:

  11. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасының негізгі міндеті:

  12. 1918 жылғы Венгриядағы революцияның басты нәтижесі:

  13. 1918-1919 жылдардағы Германиядағы революциялық көтерілістің ең соңғы ірі оқиғасы:

  14. Ұлыбританияның тұңғыш лейбористер партиясынан құрылған Үкімет басшысы:

  15. Ұлыбритания Ирландияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындаған жыл:

  16. Версаль бітімі бойынша Англия мандаттыққа алған ел:

  17. Бірінші дүниежүзілік соғыстагн кейін Францияның Германиядан қайтарылып алған жері:

  18. Францияда Халықтық майдан құрылған жыл:

  19. А.Гитлердің Үкімет басына келген жылы:

  20. 1923 жылы қазан айында Гамбургте болған коммунистер көтерілісінің басшысы:

  21. Германияның тоталитарлық экономикасының басты мақсаты:

  22. Еуропадағы фашистік ұйымдар алғаш пайда болған мемлекет:

  23. Италиядағы фашистік ұйымның көсемі:

  24. 1918 жылы 12-қарашада республика болып жарияланған еуропалық мемлекет:

  25. Испанияда азамат соғысының басталуына түрткі болған оқиға:

  26. Испаниядағы буржуазиялық-демократиялық революция кезеңі:

  27. Тәуелсіздікті қайта орнату жолындағы поляк халқының 120-жылдық ұлт-азаттық күресінің аяқталған уақыты:

  28. 1935 жылы Болгарияда барлық билікті толығымен қолына шоғырландырған патша:

  29. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы өнеркәсібі дамыған елдер:

  30. Сыртқы саясатта Чехословакия жақындасқан ел:

  31. 1938 жылы қыркүйекте Мюнхенде конференциясында бөліске түскен ел:

  32. КСРО-ғы азамат соғысы болған кезең:

  33. «Әскери-коммунизм саясаты кезінде жүзеге асырылған шаралар:

  34. 1921 жылы наурызда РКП(б) Х сьезі енгізілген экономикалық өзгерістердің бірі:

  35. 1932 жылы Кеңестік әдебиет пен өнерде басшылыққа алынған бағыт:

  36. 1922 жылы 30 желтоқсанда Ресейде болған оқиға:

  37. 1932 жылғы президент сайлауында жеңіске жеткен, қатарынан төрт рет АҚШ президенті болған тұлға:

  38. АҚШ президенті Ф.Рузвельттің елді экономикалық дағдарыстан шығару жолында ұсынған бағдарламасы:

  39. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде экономиканы мемлекттік реттеу қажет деп тапқан:

  40. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Латын Америкасы елдеріне қатысты АҚШ әкімшілігі жүргізген саясаты:

  41. Никарагуаны азат ету армиясын жеті жыл соғыс кезінде басқарған:

  42. Латин Америкасының экономикасы даму сипатын көрсетіңіз

  43. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси өкімет билігі «кофе» олигархиясының қолына шоғырланған елдер:

  44. 1926 жылы Никарагуада АҚШ басқыншыларына қарсы қозғалысты басқарған қайраткер:

  45. Мексиканың 1924-1928 жылдар аралығындағы президенті:

  46. 1920 жылы Аргентинадағы Иригойен өкіметінің жүргізген саясаты:

  47. Бразилияда «кофелік» олигархиямен күрескен жас офицерлер:

  48. АҚШ-тың «доллар дипломатиясы» деп аталатын саясатының мәні:

  49. 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясына шақырылмаған мемлекет

  50. 1936 жылы Италияның отарына айналған Африка елі

Тақырыптың тесті







2. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Азия және Африка елдері

(1914-1939 жж.)

Конспект

30 жылдары дүниежүзілік соғысты өршітуге айрықша қадамдар жасалды. 1936 жылдан бастап Германия Еуропа мемлекеттеріне қарсы тікелей жаңа басқыншылық жолға түсті. Жапония Қиыр Шығыста жеке билік ету үстемдігін жақтап, Ұлы Азия бірлігін орнатуды аңсады. Бұл жоспарды іске асырудың бастамасы 1931 жыл Маньчжурияны басып алып, Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарын қан қақсатты. Сөйтіп, Қиыр Шығыста алғашқы соғыс ошағы тұтанды.

Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті. 1939 жылы Жапон әскерлері Моңғолияға шабуыл жасады. Бірақ біріккен Моңғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды.

1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталған соғыс одағын құрды.

Коммунистік Интернационал өкілдерінің көмегімен 1921 жылы шілдеде Шанхайда Қытай коммунистік партиясының бірінші сьезі шақырылып, партияның жарғысы қабылданды, басқару органдары сайланды.

1925 жылы наурызда Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін Гоминдань басшылығына ұлттық буржуазияның өкілі генерал Чан Кайши келді.

Моңғолияда орыс большевиктері мен Коминтерннің қолдауы негізінде Сухэ-Батор 1921 жылы наурызда Монғол халық партиясын ұйымдастырды.

1924 жылы ақырғы боғдыхан дүниеден қайтты. Осы жылдың қараша айында конституция қабылданып, Моңғол Халық Республикасы құрылғаны жарияланды.

Моңғолия жаппай сауатсыз ел болды. Лама діні моңғол қоғамында шексіз үстемдік етті. 1918 жылы моңғол халқының жалпы саны 647 мыңдай ғана болды. 120 мыңнан астам жігіт үйленбеуге, балалы болмауға ант беретін ламалар болды. 1929 жылғы қаңтарда ірі феодалдық топтардың мал-мүлкін тәркілеу туралы заң қабылдады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қала тұрғындарының саны ірі қалалардың болуына қарамастан, халықтың 10-20% -ынан аспады.

Индонезия аралдары Голландияның ең маңызды отарларының бірі еді. Оны шексіз билігі бар генерал-губернатор басқарды. Отаршылдық үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясаты ірі шетелдік капиталға есік ашып, бұл елдерді француз капиталистерінің ауыл шаруашылығы және шикізаттық қорына айналдыру еді.

Француз капиталы тау-кен ісіне, өңдеуші өндіріс орындарын дамытуға жұмсалды. Француз отаршылдарынң дағдарыс жылдарындағы дәрменсіздігі Үндіқытай халқының ашу-ызасын күшейтіп, азаттық қозғалыстарының басталуына түрткі болды.

Коммунистердің сәтсіздікке ұшырауынан кейін антиимпериалистік күрестің басшылығына ұсақ буржуазиялық-демократиялық бағыттағы күштер және оның көрнекті жас өкілі Ахмед Сукарно келді.

Ахмед Сукарноның философиялық көзқарасы пісіп-жетілуіне Сунь Ятсеннің және голландия социалистерінің ілімдері өз әсерін тигізді.

Буржуазиялық партиялар Индонезияның тәуелсіздігін жақтап, осы талапты іске асыру үшін көптеген саяси ұйымдардың әрекетін біріктірмекші болды. 1937 жылы буржуазиялық ұйымдардың солшыл қанаты Гериндо (Индонезия халқының қимылы) атты партия ұйымдастырды.

ХХ ғасырдың басындағы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Үнді Ұлттық Конгресі партиясының басшылығына Б.Г.Тилак бастаған солшыл топ күшейіп, сварадж және свадеши (өзінді өнім шығару) қозғалыстарына халық бұқарасы кеңінен қатыса бастады.

1916 жылы елге М.Ганди оралып, бұл жағдай ұлт азаттық қозғалысын өрістете түсті. Ганди Үндістан дәстүрлеріне сүйеніп күш қолданбай қарсыласуды таңдады. Сатьяграха - ақиақаттағы батылдық тәсілін ол халық бұқарасы қолданатын негізгі қаруға айналдырды.

1917 жылдың басында Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, басып алды. Оңтүстігінде - ағылшындар, батысында - немістер, ал солтүстігінде орыс әскерлері орналасты.

1920 жылы 5 маусымда Иранда Гилян Республикасы жарияланды. Оның төрағалық қызметіне Көшек хан шақырылды.

1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына «Жас ауғандықтар» ұйымының өкілі - жас әмір Аманулла келіп, Ауғаныстанның тәуелсіздігін жариялады.

1918-1923 жылдардағы М.Кемал бастаған революция Түркияда сұлтан билігін біржолата жойды. 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды. Республиканың бірінші президенті болып М.Кемал паша сайланды.1923 жылы 13 қазанда мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді. 1924 жылы 3 наурызда халифат жойылып, халиф әулеті елден қуылды. 1934 жылы мәжіліс фамилия енгізу заңын жариялады. Сол жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы М.Кемалға Ататүрік (түріктердің атасы) деген фамилия берді. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды.

1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы Балкан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті. Түріктердің ықпалы Ливияда ғана ХХ ғасырдың басына дейін сақталып тұрды.

Бальфур декларациясына сәйкес, еврей ұйымдары араб помещиктерінің жерін сатып алып, өз қандастарын қоныстандыра бастады. Сөйтіп еврейлердің саны ұлғайды.

Ағылшындарға қараған Палестина жерінде де ереуілдер мен қарулы көтерілістер тоқтаусыз жүріп жатты. Оған қатысқан қала тұрғындары, феллахтар тәуелсіздікті қалады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалыстары басталды. Соның бірі - Египетте, екіншісі Мароккода өтті. Бұған дейін Франция Испаниямен бақталас болып, арабтарға қару-жарақ сатып келсе, 1924 жылы бұл екі ел бірігіп, 300 мың әскер күшімен Мароккодағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтырды.

1909-1910 жылдары Оңтүстік Африкадағы отарларына Англия өзін-өзі билеу құқығын беріп, Оңтүстік Африка одағы құрылған болатын. Ол осы құрлықтағы бірінші доминион болып шықты.

1922 жылы Генуя қаласында экономикалық қатынастарды жандандыру мақсатындағы Халықаралық конференция нәтижесіз аяқталды.

Еуропадағы қарыз және құн төлеу мәселесі «Дауэс жоспарына» тірелді. Жоспардың негізгі міндеті Германия экономикасын қалпына келтіру үшін оған қарыз беру еді.

1923 жылы Германия жағы соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, француздар мен Бельгия басшылары Рур облысын басып алды.

1925 жылы Ұлттар Лигасы қарусыздандыру мәселесін талқылау үшін халықаралық конференция шақыруға дайындық жұмыстарын бастады. Бірақ көп жылға созылған дайындық жұмыстары аяқсыз қалды.

Германия мен Италия арасында Берлин-Рим белдігін құру келісіміне қол қойылған соң, 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония арасында Коммунистік Иннтернационалға қарсы әскери-саяси одақ (Антикоминтерндік пакт) жасалды.

1938 жылы 30 қыркүйекте Мюнхенде Гитлер, Муссолини,Чемберлен мен Даладье бас қосқан кеңес өтті. Кеңесте Чехословакины бөлшектеу туралы ресми келісім жасалды. Чехословакия кеңеске шақырылмады. Англия мен Франция басшылары Чехословакия президенті Бенешке Гитлердің талабын орындау туралы шарт қойды.

Батыс елдерінің жалтақтығы салдарынан КРО-ның оқшауланып қалу қаупі туды. Дәл осы кезде Германия Кеңес үкіметін 10 жылдық мерзімге шабуыл жасаспау туралы пактіге келісуге шақырды. КСРО үкіметі ол ұсынысқа келісіп, 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германия шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды. Бұл шарттың құпия хаттамасы Шығыс Еуропа елдерін ықпалды аймақтарға бөлісу шартын тіркеді. КСРО-ның ықпалды аймақтары ретінде Финляндия, Латвия, Эстония, Бессарабия өңірлері аталды. КСРО үкіметі Литва Германияның ықпалды аймағы екенін мойындады. Екі ел Польшаны бөлісуге келісті.

1939 жылы 23 тамыздағы Кеңес - Герман келісімі Риббентроп - Молотов пактісі деп аталды. Осы құжат КСРО саясатына аса қатты зиян әкелгені белгілі.

Конспект сұрақтар

  1. 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкесінде Жапония құрған қуыршақ мемлекет:

  2. Жапонияның Ұлттар Лигасынан шыққан жылы:

  3. Жапонияның 1939 жылы Моңғолияға жасаған басқыншылық шабуылының нәтижесі:

  4. Жапония, Германия, Италия біріккен «Үштік пакт» соғыс одағының құрылған жылы:

  5. 1921 жылы шілдеде Қытай коммунистік партиясының бірінші съезі шақырылған қала:

  6. ХХ ғасырдың ортасындағы Қытайдың Гоминьдан партиясының белгілі көсемі:

  7. 1921 жылғы Моңғол Халық партиясының ұйымдастырушысы:

  8. Моңғол Халық Республикасы құрылған жыл:

  9. ХХ ғасырға дейін Моңғолия халқына ықпалын жүргізген будда дінінің тармағы:

  10. 1929-1934 жылдары Моңғолияда жүргізілген экономикалық саясат:

  11. Моңғолияда антифеодалдық, антиимпериалистік халық революциясының жеңіске жеткен жылы:

  12. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қала тұрғындарының пайыздық көрсеткіші:

  13. Индонезия аралдарын отарлаған ел:

  14. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің отаршылдық үкіметі өз есігін айқара ашты:

  15. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Үндіқытай елдерінде өнеркәсіптің дами түскен салалары:

  16. ХХ ғасырдың 30 жылдары Үндіқытайдағы ұлт-азаттық қозғалыстың басты себебі:

  17. Индонезиядағы ұсақ буржуазиялық-демократиялық қозғалыстың көрнекті өкілі:

  18. А.Сукарноның философиялық көзқарсына әсер еткен идеолог:

  19. Индонезияны басқаратын генерал-губернатордың билігі:

  20. Индонезиядағы «Гериндо» буржуазиялық партиясының алдына қойған мақсаты:

  21. ХХ ғасырдың басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу:

  22. Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыста М.Ганди насихаттаған үндеу:

  23. 1917 жылдың басында Иран аумағын бөлісіп, басып алған елдер:

  24. 1920 жылы 5-маусымда Иран жерінде құрылған республика:

  25. Ауғанстанның тәуелсіз ел болып жарияланған жыл:

  26. Түркияның Республика болып жарияланған жыл:

  27. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Түркиядағы революция мен жүргізілген реформаларды жүргізген қайраткер:

  28. 1918-1923 жылдардағы Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Түркия Республикасының бірінші президенті:

  29. Түркияда монархия, яғни сұлтан билігі біржолата жойылған кезең:

  30. 1923 жылы 29 қазанда Түркия тарихында болған маңызды оқиға:

  31. Түркияның Ұлттар Лигасына мүшелікке өткен жыл:

  32. 1934 жылы Түркияның Ұлы халық жиналысында Мұстафа Кемалға берген фамилиясы:

  33. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында еврей ұлты өкілдерінің қоныстанған Оңтүстік-Батыс Азиядағы аймағы:

  34. Араб шаруаларының атауы:

  35. ХХ ғасырдың басына дейін Осман империясының ықпалы сақталған Африкадағы араб елі:

  36. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар басталған Африкадағы араб елдері:

  37. 1924 жылы Франция мен Испанияның біріккен 300 мың әскері күшпен басқан ұлт-азаттық қозғалыс:

  38. 1909-1910 жылдары Англия өзін-өзі билеу құқығын берген Африкадағы бірінші доминионы:

  39. Еуропада экономикалық қарым-қатынастардың қалпына келтіруге арналған Генуя конференциясының өткен уақыты:

  40. 1923 жылы қаңтарда Француздар Бельгиялықтармен бірге басып алған жер:

  41. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін еуропадағы қарыз және құн төлеу мәселесі бойынша бекітілген жоспар:

  42. Версаль-Вашингтон жүйесінің күйреуін жылдамдатқан саяси жағдай:

  43. Антикоминтерндік пакт жасалған жыл:

  44. XX ғасырдың 20-шы жылдары қарусыздандыру мәселесін күн тәртібіне қойған ұйым:

  45. 1931 жылы алғашқы соғыс ошағы пайда болған аймақ:

  46. 1942 жылдың жазына дейін Жапония жаулап алған елдер:

  47. 1945 жылғы Қырым конференциясында талқыланған мәселе:

  48. АҚШ Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастаған мерзім:

  49. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезең:

  50. 1945 жылдың 8 мамырында орын алған оқиға:

Тақырыптың тесті



































3. Екінші дүниежүзілік соғыс - адамзат тарихындағы ең қайғылы қасірет

Конспект

1939 жылы 1 қыркүйегінде фашистік Германия әскері Польшаға бас-көктеп кірді Немістің 57 дивизиясына қарсы 33 поляк дивизиясы ерлікпен шайқасты. Жылжымалы топ бөлімшелеріне сүйенген Гитлер әскері майданды бірнеше жерден бұзып, Польша әскерін бөлшектеп, екі апта ішінде талқандады.

Кеңес Одағы 1939 жылғы 23 тамыздағы КСРО-Германия келісімінің құпия бағыты бойынша 17 қыркүйекте кеңес әскерін Польшаға енгізіп, Польша құрамындағы Украина мен Батыс Белоруссия жерін өзіне қосып алды.

Кеңес Одағы Фин үкіметінен шекарасын Ленинградтан шегіндіруді өтінді. Финляния бұл талапты орындаудан бас тартты. 1939 жылы 30 қарашада кеңес әскері Финляндияға қарсы соғыс әрекетін бастады. Ұлттар Лигасы КСРО-ның әрекетін басқыншылық деп бағалап, оны өзінің құрамынан шығарып тастады.

Кеңес-Фин соғысы 1940 жылы 12 наурызда бітімшартына қол қоюмен аяқталып, Финляндия шекарасы Ленинград қаласынан едәуір алыстатылды, ол елдің 1/4 аумағы КСРО-ға өтті.

1940 жылдың жазында Гитлер Англия жеңілді деп есептеп, оны келісімшартқа шақырды. Алайда Англия бұл ұсынысты қабылдамады.

АҚШ бейтараптық саясат ұстап, Германияның Еуропадағы жаугершілік әрекеттеріне жол берді. Соғысқа қатыспай-ақ АҚШ Англияға үсті-үстіне әскери-экономикалық көмек көрсетті. 1941 жылы наурызда АҚШ конгресі лендлиз (несие беру) туралы заң қабылдады. Ағылшын ғалымдары мен АҚШ мамандары бірлесе отырып, ядролық қару шығаруды қолға алды.

Үштік пактіге көп уақыт өтпей Германияға тәуелді жаңа одақтастар - Румыния, Венгрия, Болгария, Испания және Финляндия қосылды. Басты Еуропадғы үш мемлекет қана - Швеция, Швейцария және Ирландия - толық бейтараптылықты сақтады.

1940 жылы КСРО Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвияны өзіне бағындырды. 1941 жылы сәуірде неміс әскерлері Грекия мен Югославияны жаулап алды.

1940 жылығы 18 желтоқсанда Гитлер «Барборосса» жоспарына қол қойды. Гитлершілдер КСРО-ға қарсы «қауырт соғыс» ашып, ол 8-10 апта ішінде, қыс түскенге дейін, аяқтауға тиіс деп жоспарлады.

1941 жылдың 22 маусымында таңға жуық фашист әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса-көктеп кірді. Кеңес Одағына қарсы 190 дивизия, оның ішінде 153 неміс дивизиясы, жалпы Герман қарулы күштерінің 80 % -ы қатысты. Шығыс майдан Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші майданына айналды.

1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украинаны, Белоруссияны басып алды. Ленинградты қоршады, Мәскеуге жақындады. Бірақ герман әскерінің Мәскеу түбінде тоқтатылуы Гитлердің «қауырт соғыс» жоспарын іске асырмады.

1942 жылы Сталинград түбіндегі шайқаста 100-ден аса неміс дивизиясы талқандалды. Сталинград түбіндегі жеңіс және 1943 жылғы жаздағы Курск түбіндегі шайқас соғыстың түбірлі өзгерістерін айқындады.

1944 жылдың басында Кеңес армиясы жаппай шабуылға шықты. Кеңес Одағы аумағын түгел жаудан тазартып, күзге қарай Румыния, Польша, Чехословакия, Югославия, Венгрияны азат етуге қатысты.

Ағылшын-американ әскерлері 1944 жылы екі десанттық операция жүргізді: бірі - Францияның солтүстік жағалауын, Нормандияны (Оверлорд операциясы), екіншісі - Францияның оңтүстігіндегі Марсель ауданын қамтыды. Шабуылдың барысында Франция, Голландия, Бельгия және Орталық Италия азат етілді.

1945жылдың басында фашистік блок толығымен қирады Одақтастар армиясы Германия шекарасына шықты 13 сәуірде кеңес әскерлері Венаға кірді, ал 24 сәуірде Берлинді қоршауға алды.

1945 жылы 8 мамырда Берлинде маршал Г.Жуковтың төрағалығымен фашистік Германияның сөзсіз тізе бүгуі актісіне қол қойылды. 1945 жылғы ақпанда өткен Қырым конференциясының шешіміне сәйкес Германия аумағы - кеңестік, америкалық, ағылшындық және француздық - төрт басып алу аймағына бөлінді. Берлин де төрт секторға бөлінді.

1942 жылдың бас кезінде Жапон армиясы Филиппин мен Тайландтың бір бөлігін жаулап алды. 1942 жылдың наурызына қарай бүкіл Индонезияны, содан кейін Бирманы жаулап алды. 1942 жылдың жазына қарай Жапония 150 млн-нан аса тұрғын халқы бар кең байтақ аумақты жаулап алды.

1945 жылы 6 тамызда Америка ұшақтары жапон қаласы Хиросимаға атом бомбасын тастады, ал 8 тамызда екінші бомба Нагасакидің тас-талқанын шығарды.

9 тамызда КСРО Жапонияға соғыс ашып, Қытай, Корея жерлерінің бір бөлігін Сахалиннің оңтүстігін және Куриль аралдарын азат етті.

1945 жылдың 2 қыркүйегінде АҚШ-тың «Миссури» атты кемесінде Жапония сөзсіз тізе бүгу актісіне қол қойды.

Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылып, барлық әлемді қамтыды. Ғылым мен техника салаларында, атомдық энергияны меңгеруде үлкен жетістіктерге қол жетті. Германия, Италия, Жапония уақытша ұлы державалар қатарынан шығып қалды. Отаршылдық жүйе ыдырай бастады., ондаған тәуелсіз мемлекеттер өмірге келді. Франция мен Ұлыбритания біраз әлсіреді. Ал АҚШ соғыстың нәтижесінде барлық мемлекеттерді басып озып, дүниежүзіндегі аса ірі ұлы державаға айналды. Екінші ұлы держава Кеңес Одағы болды. КСРО-ның басшылығымен бүтіндей жаңа қоғамдық-саяси жүйе құрылды. Социалистік бағытты көздеген бірқатар жаңа мемлекеттер пайда болды. АҚШ пен КСРО екі державаның арасындағы қарама-қайшылық бүкіл ХХ ғасырдың екінші жартысын түгел қамтыды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы әлемдік саяси кеңістікте сапалы өзгерістер алып келді, «қырғи-қабақ соғыс» лаңын өршітіп, социалистік және капиталистік әлемнің арасындағы арпалысты тудырды, халықаралық қатынастарды екі жақты қарама-қайшылыққа жіктеді.

Конспект сұрақтар

  1. 1939 жылы 1-3 қыркүйекте орын алған оқиға:

  2. Құпия хаттама бойынша 1939 жылы 17 қыркүйекте Польшаның шығыс аудандарына әскер енгізген ел:

  3. Герман-Кеңес құпия хаттамасына сәйкес 1939 жылы КСРО басып алған жерлер:

  4. Германияның КСРО-ны талқандау жоспары:

  5. Ұлы Отан соғысы басталған кезең:

  6. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде кеңес әскерлерінің жеңілу себептерінің бірі:

  7. 1941 жылы құрылған Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің төрағасы:

  8. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия шаруашылығының жетілуіне жол ашқан жоспар:

  9. АҚШ Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастаған мерзім:

  10. 1945 жылдың 2 мамырында тарихта қалған оқиға:

  11. Екінші дүниежүзілік соғыста Германия мен Италияның Одағы болған мемлекет:

  12. Веймар Республикасының бірінші президенті:

  13. Неміс командованиесінің Мәскеу қаласын алу үшін жасаған жоспары:

  14. Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы:

  15. Берлинге Жеңіс туын тіккен қазақ жауынгері:

  16. «Неміс әскерлерінің жеңілмейтіндігі» туралы аңызды жоққа шығарған шайқас:

  17. Герман фашистерінің Солтүстік Кавказды жаулап алу жоспары:

  18. 1945 жылы 9 мамыр - Жеңіс күнінде Алжир патриоттарын қырғынға ұшыратқан мемлекет:

  19. Потсдам конференциясының шешімі бойынша Польшаға өткен Пруссияның бір бөлігі:

  20. 1941 жылы АҚШ-тың Жапонияға қарсы соғыс жариялауының себебі:

  21. БҰҰ-ның барлық мүшелерін біріктіретін басты орган:

  22. Екінші дүниежүзіділік соғыстан кейін КСРО-ның Жапониядан қайтарып алған аймақтары:

  23. 1945 жылы Потсдам конференциясында қаралған мәселе:

  24. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бейтараптылық саясат ұстаған Скандинавия мемлекеті:

  25. Ұлы Отан соғысы кезеңіне жатпайтын оқиға:

Тақырыптың тесті

















































4. Еуропа және Америка елдері (1945-2008 жж.)

Конспект

Дүниежүзі тарихының екінші кезеңі 1945 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі тарихи оқиғалардан тұрады. Бұл кезеңнің ерекшелігі - индустриялық өркениет барынша дамып, жаңа қоғам құрылысына бетбұрыс жасалды. Бұл кезең - ғылыми-техникалық революция кезеңі деп аталады.

Соғыстан кейінгі 1945-1970 жылдар аралығында Батыс Еуропа қоғамы британ ғалымы Джон Кейнстің ой-пікіріне сүйеніп, өзінің әлеуметтік-экономикалық тәжірибесінде шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа үлгісін пайдаланды. Бұл үлгінің ерекшелігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму барысында «кірісті теңестіру» саясатын іске асыруға күш салды. Мемлекет салық арқылы ауқатты топтардың кірісін кедей топтармен қайта бөлісіп, қоғамды теңестіруге талпынды. Батыстағы көптеген капиталистік мемлекеттер муниципиальдық үй салу, білім беру және денсаулық сақтау жөнінде кедейлерге көмек көрсету бағдарламаларына ерекше көңіл бөлді. Мемлекет органдары жалақының төменгі мөлшеріне кепілдік орнатып, жұмыс аптасы мөлшерін шектеп, еңбеккерлерді жұмыстан жөнсіз шығару әрекеттеріне бақылау орнатты. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап АҚШ және Батыс Еуропа қоғамы шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа үлгісіне көшті. Реформалардың негізгі міндеті - экономикалық қатынастарға мемлекеттің араласуын бәсеңдетіп, барлық дамыту іс-әрекетін жекеменшік кәсіпкерлікке тапсыру болды. Сөйтіп, мемлекеттік кәсіпорындардың акциялары жекеменшік иелеріне сатылды, жекеменшік кәсіпкерлікке арналған салық төмендетілді, баға белгілеу және тауар шығару ісіндегі мемлекеттік бақылау тәртібі өзгерді, сауда-қаржы салаларында фирмалардың еркіндігі жарияланды.

1945 жылғы 5 шілдеде өткен сайлау қорытындысы лейбористердің қауымдық палата шеңберінде ірі жеңіске жеткенін көрсетіп берді. К.Эттли бастаған лейбористік өкімет алдында аса ірі саяси, экономикалық және қаржы мәселелері тұрды. 1946 жылы Британияда атом бомбасын жасау туралы шешім қабылданды.

1957-1963 жылдарда жаңа үкіметті консерватор Г. Макмиллан басқарды. Г.Макмиллан жетекшілігі кезінде мемлекеттік саясатты жаңарту әрекеті байқалды.

1979 жылы сайлаудағы жеңісіе дейін консерваторлар партиясы «Дұрыс көзқарас» деп аталатын дағдарыстан шығу бағдарламасын жасады, билікке партияның жаңа жетекшісі Маргарет Тэтчер (1979-1990 жж.) келді.

Ұлыбритания көп жағдайда АҚШ-тың сыртқы саясатын толық қолдаушы ел ретінде танылып отырды. Таяу Шығыс, Иран, Орталық Америка өңірінде Никарагуа қайшылықтары мәселелерінде Англия АҚШ жағында екенін жасырмады.

Ұлыбритания Гонконг мәселесі бойынша Қытай Халық Республикасымен 1997 жылы ымыраға келді.

1982 жылы Фолкленд аралы үшін болған ағылшын-аргетиналық тартыста екі ел арасындағы қайшылықтарды бейбіт реттеуден Ұлыбритания бас тартты.

1946 жылғы жаңа Конституция бойынша Франция Парламенттік рсепублика болып жарияланды.

Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістерге сай кезеңдерге бөлінген. 1946-1958 жылдар Төртінші Республика кезеңіне жатады.

1960 жылы Францияның 14 отарына тәуелсіздік берілді.

1968 жылдың мамыр-маусым айларында жоғары білім жүйесін демократияландыру идеясын көтерген студенттер қозғалысы Шарль де Голльдің қызметтен кетуіне себеп болды.

1946 жылы Баварияда Ф.И.Штраус бастаған Христиандық әлеуметтік одақ (ХӘО) партиясы құрылып, Аденауэрдің саяси бағдарламасын жақтайтындығын мәлімдеді.

1949 жылы 7 қыркүйекте бундестаг және бундесрат конституцияны бекітті және Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. 20 қыркүйекте ХДО партиясының жетекшісі К.Аденауэр ГФР үкіметін құрды. 1963 жылы қазанында К.Аденауэр қызметтен кетті.

1983 жылғы көктемінде өткен сайлауда өкімет билігі ХДО/ХӘО тобына өтіп, оның жетекшісі Гельмут Коль 1998 жылға дейін канцлер орнын ұстап келді.

Шығыс Германия саяси партиялары 1949 жылы демократиялық Германияның Ұлттық майданын құрды. 1949 жылы 7 қазанда Герман Демократиялық Республикасы (ГДР) құрылды.

Италияда жаңа Конституция 1948 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Конституция бойынша, мемлекет басшысы - президент парламенттің екі палатасының біріккен отырысында сайланса, екі палата - Депутатар Палатасы мен Сенат - барлық азаматтардың қатысуымен сайланды.

Солтүстік-Батыс Италияда (Милан, Генуя, Турин қалалары) аса ірі өнеркәсіптік өндіріс алдынғы қатарлы технологиямен жарақтандырылды.

ХДП-ның көрнекті өкілі Альдо Моро үшінші фаза идеясын ұсынды, ол компартияны елді басқару ісіне қатысуға шақырды. Бұл кезде компартия тарихи ымыраласу идеясын жақтайтын еді.

Италия компаниялары Қазақстан елінің өндірістік салаларында да өзара тиімді жұмыстар жасауда, соның ішінде «Аджип» компаниясы Қазақстандағы мұнай-газ қорларын игерушілердің бірі.

Испанияда 1947 жылы Франко мемлекет басшысының мұрагерлігі жөніндегі заңы жарияланды. Оның Испания каудилиосы, әскери күштердің генералиссимусы деген атақтары мәңгілік сақталатын болды.

1959 жылдан бастап Испания ашық экономика бағытына көшті. Шетел капиталының қолдауымен Франко жүйесі экономиканы жаңартып, 1970 жылдардың бірінші жартысында Испанияны индустриялы-аграрлық елдердің қатарына көтерді.

Баск елі аймағында «Баск елі және бостандық» атты ұйым 1962 жылдан бері ұлтшылдық ұрандар көтеріп, Баск елінің Испаниядан бөлініп шығуын талап етуде.

1976-1978 және 1983-1985 жылдары Португалияда үкімет басшылығында социалистер болып, оның жетекшісі - тарихшы, заңгер, философ Мариу Соареш елді басқарды. 1986 жылы ол республика президенті болып сайланды. Бұл жағдай диктатурадан демократиялық жүйеге көшудің соңы болып есептелді.

Грекияда ПАСОК партиясы 1993 жылғы және 1996 жылғы сайлауларда зор жеңіске жетіп, осы партия жетекшісі Папандреу 19 жыл бойы бірпартиялық үкіметті басқарды.

Финляндия 1953 жылы Солтүстік кеңеске және БҰҰ-ға қабылданды.

Финляндия Еуропа қауіпсіздігі жөнінде мәжіліс шақыру ұсынысын қолдады. Оны дайындаудың ұйымдастырушылық ісін мойнына алды. 1975 жылы Хельсинкиде үшінші - қорытынды кезеңі жемісті аяқталды.

ХХ ғасырдың екінші жартысы - бұл Еуропа мен Солтүстік Американың неғұрлым дамыған елдерінде постиндустриялық қоғамның дүниеге келуі. Оның материалдық мәдениетін сипаттайтын ерекшеліктерінің қатарында кез келген жерде ақпараттық технологияны пайдалануға мүмкіндік берген - ғылыми жетістіктері бар.

Скандинавия елдері Еуропадағы экономикалық ықпалдастық үрдісінен шет қалмады. 1995 жылы Швеция және Финляндия Еуропа Одағына толық құқылы мүше болып қабылданды.

Кеңес армиясының неміс фашистерін Еуропа аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінің ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар Кеңес Одағының бақылауында қалды. 1947-1948 жылдары Шығыс Еуропа елдерінде коммунистер үкімет басына келді.

Польшадағы, ГДР-дегі 1953 жылығы көтеріліс және басқа да елдердегі ереуілдер, 1968 жылғы «Прага көктем» атты қозғалыс КСРО және ГДР мен Венгрия әскерлерімен басып жаншылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда және басқа да мемлекеттерде орналасты. Дүниежүзінің түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары жайғастырылды.

АҚШ-та 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңа қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды.

1945 жылы 12 сәірде Ф.Рузвельт қайтыс болуына байланысты АҚШ президенті орнын басқан Гарри Трумэн «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеді. 1930 жылдардағы бейтараптық және оқшауланушылық келмеске кетті.

1952 жылы сайлау науқанында Кореядағы соғыс мәселесіне ерекше көңіл аударылды. АҚШ сайлаушылары Кореядағы халықтың мазасын кетірген сұрапыл соғысты тоқтатып, елде бейбіт өмір орнатады деп сенді және сол үшін Д.Эйзенхауэрге дауыс берді.

1963 жылы 22 қарашада Техас штатында АҚШ президенті Дж.Кеннедиге қастандық жасалып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды.

АҚШ-та 60-шы жылдары нәсілдік қысымшылдыққа қарсы қозғалыстар кең етек жайды. 1968 жылы бұқараның кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдығы шебінде афроамерикалықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкер - қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. 1968 жылы 4 сәуір күні Мемфис қаласында М.Л.Кинг атып өлтірілді.

1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ ете түсті. Бұдан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы «Уотергейт» қонақүйінде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қырсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекеті ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Никсон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.

1991 жылы Мәскеуде екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл - стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті.

ХХ ғасырдың екінші жартысында отаршылдық жүйе күйреді. Отаршылдық тәртіптің ыдырауы Азия мен Солтүстік Африка аймағынан басталды. Өткен ғасырдың 60-жылдарында азаттық қозғалысының орталығы Африка аймағына ауысты 70-жылдардың ортасында Азия, Африка және Латын Америкасы аймақтарында 125-тен асам ел өз егемендігін жариялап, мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды.

АҚШ президенті Джон Кеннеди 1961 жылы тамызда 19 латынамерикалық мемлекеттер қабылдаған «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынды. Оның мақсаты - Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету еді.

Аргентинада перонизм қозғалысы болды. Оны, полковник, кейін генерал болған Хуан Доминго Перон басқарды. Ол артта қалушылықты жою негізінде әділетті өркендеген қоғам орнату үшін аргентиналықтарды бірігуге шақырды.

Мексикада ұлттық-реформалық саясат 1940 жылдарда бекітілді. Оған Л.Карденас үкіметінің ауыстырылуы жол ашты. Карденастан кейін Мексикада ұлттық өнеркәсіптік буржуазиялық топтардың мүддесі қайта жаңарды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Еуропа мен Америкада экономикалық ықпалдастық ұмтылысы айқындалды. 1992 жылы Еуропа Одағы келісімі дүниеге келді. Оған мүше елдер саны ұлғая түсті. Мұндай ықпалдастыққа Африка, Латын Америкасы, Азия елдері де ұмтылуды.

1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Бірінші сессиясы 1946-1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық жоспар қабылдады.

1985 жылы наурызда К.Черненконың қазасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туды. Кеңес қоғамында көптеген реформалар басталды. Бұл «қайта құру» деп аталды.

Қазіргі дүниежүзі тарихының екінші кезеңінде социалистік жүйе өзінің эволюциялық даму жолында терең дағдарысқа ұшырады. Социалистік елдердің тірегі болған еуразиялық алып мемлекет - КСРО ыдырап, одан бөлініп шыққан мемлекеттер дамудың нарықтық жолына түсті, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Еуразиядағы бір топ социалистік елдерде де дамудың осы жолын таңдады.

1991 жылы 18 тамыз айында Фороста демалып жатқан М.Горбачевке жоғары лауазымды мемлекеттік, әскери және партиялық құрылым басшылары келіп, барлық КСРО аумағында төтенше жағдай енгізуді талап етті. 19 тамыз күні Б.Ельцин ТЖМК әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай ереуілге шақырды.

Ықпалдастық ұмтылыстары бұрыңғы Кеңес Одағы аумағында құрылған жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында да жүзеге асты. 2000 жылы 10 қазанда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан басшылары Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымын құрса, 2003 жылы 23 ақпанда Мәскеуде бас қосқан төрт мемлекет - Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Украина басшылары біртұтас Экономикалық Одақ құру келісіміне қол қойды.

1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрыңғы КСРО құрамындағы Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан, Украина басшыларының кеңесінде ТМД құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.

1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев ыдыраған мемлекеттің президенті ретінде өзінің қызметін тоқтататындығы жөнінде мәлімдеді. КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты.

2008 жылы Ресей президенті Д.Медведев Ресей Федерациясының сыртқы саясаты жөніндегі жаңа тұжырымдамасына қол қойды. Бұл құжатта Ресей елінің халықаралық саясаттағы негізгі нысаналы мәселелері айқындалды және Ресей елі НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын ашық түрде қаламайтындығын атап көрсетіп, Украина мен Грузияның НАТО құрамына қабылдануына қарсылығын білдірді.

Орталық Азия аумағындағы елдері Біртұтас Орталық Азия кеңістігі Одағын құруға мүдделі болды. 2008 жылы маусым айында Астан-Душанбе-Бишкек, Ташкент пен Ашхабадтың шешімін күтпей Орталық Азиялық кеңістік Одағын құруға бел байлады.

Конспект сұрақтар

  1. 1945-1951 жылдары Ұлыбритания Үкіметін басқарған лейбористік партияның жетекшісі:

  2. Ұлыбританияда атом бомбасын жасау туралы шешім қабылданған жыл:

  3. Маргарет Тэтчердің Ұлыбритания Үкіметін басқарған уақыты:

  4. ХХ ғасырдың екінші жартыcында АҚШ-ң сыртқы саясатына үнемі қолдау көрсетіп келген Еуропа елі:

  5. 1997 жылы Қытайға қайтарылған Ұлыбританияның бұрынғы отары:

  6. 1982 жылы Фолкленд аралдары үшін таласқа түскен мемлекеттер:

  7. 1957-1963 жылдары жаңа үкіметті билеген консерватор:

  8. 1946 жылғы жаңа Конституция бойынша Францияның мемлекеттік басқару формасы:

  9. Франциядағы Төртінші Республика кезеңі:

  10. 1960 жылы Франциядан тәуелсіздік алған отарларының саны:

  11. Шарль де Голльдің қызметтен кетуіне себеп болған Париж студенттерінің жаппай ереуілі болған кезең:

  12. Францияда «қызыл мамыр» оқиғасына алып келген жағдай:

  13. 1946 жылы Баварияда құрылған Ф.Й.Штраус бастаған партия:

  14. Герман Федеративтік Республикасы құрылған мерзім:

  15. Герман Демократиялық Республикасы құрылған мерзім:

  16. Герман Федеративтік Республикасында К.Аденауэрдың үкіметті басқарған уақыты:

  17. 1982-1998 жылдар аралығындағы Германия Федеративтік Республикасының Үкімет басшысы

  18. 1948 жылығы Конституция бойынша Италияда мемлекеттік басқару формасы:

  19. Италияның өнеркәсіп өндірісі жоғары дамыған аймағы:

  20. Христиан демократиялық партиясының жетекшісі Альдо Мороның үшінші фаза идеясының мәні:

  21. Испаниядан бөлініп шығуын талап етушілер:

  22. Португалияда диктатурадан демократиялық жүйеге көшудің соңы болып есептелген оқиға:

  23. Грекияда 19 жыл үкіметті басқарған президент:

  24. Финляндия Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өткен жыл:

  25. 1975 жылы қауіпсіздік және бірлестік туралы келісім шарт актісіне қол қою өткізілген Еуропа қаласы:

  26. 1995 жылы Еуропа Одағына толық мүшелікке өткен Скандинавия елдері:

  27. 1968 жылы Чехословакияға әскери күштерін кіргізген елдер:

  28. 1947-1948 жылдары Шығыс Еуропа елдерінде КСРО-ның қолдауымен билікке келген саяси күштер:

  29. 1968 жылғы Чехословакиядағы коммунистік билік жүйесіне қарсы шыққан қозғалыс:

  30. ХХ ғасырдың 90 жылы Болгарияда билікке келген президент:

  31. АҚШ-та 1947 жылы қабылданған қәсіподақ құқығын шектеу, ереуіл ұйымдастырудағы кәсіподақ қызметі туралы заңының авторлары:

  32. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемнің түрлі елдерінде жайғасқан АҚШ-тың соғыс базаларының саны:

  33. 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеген АҚШ президенті:

  34. АҚШ сайлаушылары Кореядағы соғысты тоқтады деп дауыс берген президент:

  35. 1963 жылы 22 қарашада қастандықпен өлтірілген АҚШ президенті:

  36. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы АҚШ-ғы нәсілшілдікке қарсы күрестің көшбасшысы, қара түсті халықтың өкілі:

  37. 1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның өз еркімен қызметінен кетуіне себеп болған саяси оқиға:

  38. 1968 жылы атып өлтірілген АҚШ-та нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалысты ұйымдастырушысы:

  39. Стратегиялық қаруларды қысқартудағы АҚШ пен КСРО арасындағы бетбұрысты көрсеткен келісімшарттар мәні:

  40. Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдеткен бағдарлама:

  41. «Перонизм» қозғалысы болған ел:

  42. Латын Америкасы елдеріне «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынған АҚШ президенті:

  43. КСРО-да төртініш бесжылдық жоспары қабылданған мерзім:

  44. КОКП-ның бас хатышылығына келген М.Горбачевтің алғашқы ұсынған жаңа бағыты:

  45. Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің құрылу мақсаты:

  46. «Қайта құру саясаты » реформасын бастаған:

  47. КСРО-ның Президентінің қызметінен кеткен күні:

  48. 1991 жылы 21 желтоқсанда болған оқиға:

  49. НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын қолдамайтын ел:

  50. 2008 жылы маусымда Біртұтас Орталық Азия кеңістігі одағын құруға қатыспаған елдер:

  51. Қазақстанда мұнай-газ қорларын игеруші Италян компаниясы

  52. Латын Америкасы елдерінде «зая кеткен онжылдық» деген атпен белгілі кезең:

Тақырыптың тесті















5. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия мен Африка елдері (1945-2008 жж.)

Конспект

ХХ ғасырдың басында экономикалық, ғылыми-техникалық даму деңгейі жағынан Батыс Еуропа елдері анағұрлым алда болса, қазіргі кезде көптеген азиялық мемлекеттер (Жапония, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия) олармен бәсекелес елдерге айналуда. Осы сияқты үрдістер басқа аймақтарда да байқалды.

1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы Актіге қол қойды. Потсдам келісіміне сай елді Америка әскерлері басып алды.

АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез дами бастады. Бұған қосымша 1950-1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды.

1950-1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін жапондықтар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу, т.б. әдістер кеңінен қолданылды.

1956 жылы 19 қазанда Жапония Москвада КСРО мен екі ел арасындағы араздықты тоқтатату және дпломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойды. Алайда бітім туралы мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Қытай аумағы екі ірі саяси топтың бақылауында болды. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде гоминьдан партиясынң үстемдігі тұрақтанды.

1949 жылы Қытай ұлт-азаттық армиясы шабуылға шығып, Пекинді азат етті. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (КХР) жарияланды. КСРО оны бірінші болып мойындады.

1960 жылдардың ортасында Қытайда «мәдени революция» басталды. Қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін «буржуазия ықпалына шалдықты» деп кінәлап, оларды жазалауға кірісті.

Партия мен үкімет басында 32 жыл бойы билік құрған Ю.Цеденбал Моңғолияда социализмнің сталиндік моделінің құлаш жаюына үлес қосты.

1992 жылы жаңа Конституция қабылданып, елдің ресми аты өзгертілді. Бұдан былай елдің аты Моңғолия деп аталды. 1990 жылы 4 қыркүйегінде мемлекеттік заң шығарушы орган Ұлы Хурал Моңғолияда президенттік басқаруды енгізіп, Моңғолияны президенттік республика тәртібіне көшірді.

1945 жылы тамызда Жапония жеңіліп, Корея азаттық алды. Соғыс аяқталғаннан кейін Корея 38 паралель бойынша екіге бөлінді.

1960-1980 жылдары Ким Ир Сеннің басшылығымен Солтүстік Корея қоғамы «Чучхе» идеясын жүзеге асыра бастады. «Чучхе» идеясының мазмұны мынадай мәселелерді қамтыды: сыртқы саясаттағы тәуелсіздік, экономика саласында тек өз күшііне сену, елді қорғауға өз әскеріне сену.

1965 жылдан бастап АҚШ басқыншылары Вьетнам демократиялық республикасына соғыс қимылдарын бастады. 1965-1973 жылдар аралығында АҚШ басқыншылары Вьетнам жерінде ойран салды, бірақ көздеген мақсатына жете алмады. 1973 жылы 27 қаңтарда Париж келісіміне сәйкес, АҚШ соғысты тоқтатып, әскерлерін алып кетті.

1950 жылдың басында КСРО үкіметі Вьетнам Демократиялық Республикасын мойындады. Сыртқы саясатында Вьетнам КСРО-ға қарай бағыт ұстады.

1975 жылы Үндіқытай жерін АҚШ әскерлері шығарылғаннан кейін саяси билікті қызыл кхмерлер деп аталатын коммунистер тобы басып алды. Кхмерлердің саяси бастығы Пол Пот жылдам қарқынмен социалистіік ревоюция жассауға кірісті. Наразылық білдіргендерді және еңбекке жарамсыз тұрғындарды жаппай өлтіру саясаты іске асырылды. Екі-үш жылдың ішінде 3 млн-нан астам, жазықсыз Камбоджа азаматтарының өмірі қиылды.

Индонезияда тыныштық орната алмауына байланысты, 2001 жылы А.Уахид президенттік қызметтен тайдырылды. 54 жастағы Мегавати Сукарнопутри халыққа жағымдылығымен, тым асқақтамай, сақтық саясат жолын ұстады.

Жағдайдың ушығып бара жатқанын сезген Англия үкіметі 1947 жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағылшындар елден әскерін шығарар алдында елді екі мемлекеттке бөлу ісін қарастырды. Бірі - Үнді Одағы. Бұл елде халықтың көпшілігі үнділер, біраз мұсылмандар да бар. Екіншісі - Пәкістан. Оған мұсылмандары басым бірнеше провинциялар мен князьдіктер кірді, бірақ үнділерде жеткілікті болды.

1950 жылы Үнді одағы Үндістан Республикасы деп аталды. Үкіметті ұлт-азаттық күрес көшбасшыларының бірі Дж. Неру басқарды.

Үндістанда үкімет көмегімен ірі су қоймалары, тоғандар, құдықтар іске қосылды. Түрлі кооперативтер құрылды. Осы шаралар жасыл революция деп аталды.

Пәкстандағы жағдайды түзетуге шамасы жетпеген президент қызметіндегі Айюбхан орнынан түсуге мәжбүр болды. 1969 жылы билік генерал М.Яхьяхан қолына өтті. Ол елде әскери тәртіп орнатып сайлау қорытындысын жоққа шығаруы Шығыс Пәкістанда жаппай халық наразылығын туғызды. Желтоқсан айында ол биліктен кетіп, ел басына З.А.Бхутто келіп, әлем картасында жаңа Бангладеш мемлекеті пайда болды.

Пәкістанда саяси-таптық қатынастардың анықталмағаны, қоғамдағы іріткілік, саяси сананың мешеулігі, т.б. себептер әскери басшылықтың билік етуіне жол ашты. Сондай жағдайда елді біріктіретін күш ислам діні болды. 1947 жылдан кейін саяси тізгінді Мұсылман Лигасы ұстап тұрды.

Пәкістанда өкімет орындары жалпы пәкстандық ұлтшылдық саясатын жүргізгенімен, аймақтық ұлтшылдық та өрістей түсті. Соның арқасында урду тілі мен бенгал тілі ресми мемлекеттік тіл деп жарияланған еді. Бірақ ресми түрде урду тілі басымырақ болды. Шығыс Пәкістанда демократия, автономия, теңдік үшін күрес басында Авами Лига партиясы болды.

Цейлон өмірі тұрақсыз болды. 1964 жылы солтүстік аудандарда тұратын тамилдер бөлек мемлекет құру туралы талаптар көтеріп, кейін орталық үкіметке қарсы қарулы күрес бастауы салдарынан елдегі тыныштық бұзылып, ширек ғасыр бойы азаматтық соғыс жалғасып келеді.

2008 жылдың басында парламенттік сайлау өтіп, онда екі бағыттағы компартия жеңіске жетті. Неапал конгресі де мықты орын иеленді, ал монархияны жақтаушылар соққыға жығылды. Парламент корольдікті жеңіп, Непалды республика етіп жариялады.

1962 жылы Иранда реформа басталды. Шаһтың өзі бұл жаңалықтарды «Ақ революция» деп сипаттады. 1962-1974 жылдар аралығында жүзеге асырылып, ел экономикасын жаңартуды мақсат еткен рефомалар елді индустрияландыру, жер мәселесін реттеу, оқу-ағарту және денсаулық сақтау салаларын жаңартуды көздеді. 1963 жылы иран әйелдеріне сайлау құқы берілді.

80-жылдардың басында Ирак шекара мәселесін қозғап, оны соғыс арқылы шешпек болды. Иран-Ирак соғысы 8 жылға (1980-1988) созылды. Соғыс әрекеті Иран экономикасының даму қарқынын тежеп, көптеген ауылдар мен қалалар қиратылды.

1978 жылы 27 сәуірде армия офицерлері Ауғаныстан Халықтық-Демократиялық Партиясының мүшелері мен жақтастары мемлекеттік төңкеріс жасады. Елдің аты Ауғаныстан Демократиялық Республикасы деп өзгертілід. АХДП орталық комитетінің бас хатшысы Нұр Мохаммед Тараки бастаған революциялық Кеңес ең жоғарғы өкімет органы болды.

1979 жылы қыркүйекте пуштун Хафизулла Амин бастаған экстремистік фракция қастандық ойластырып, Н.Таракиді өлтіріп, билікті өз қолына алды. 1979 жылдың соңына қарай ислам ұрандарымен қимыл жасаған үкіметке қарсы оппозиция елдің көпшілік бөлігін басып алды. Мұндай жағдайда Х.Амин КСРО-дан әскери көмек көрсетуді өтінді. Ол Ауғаныстанға кеңес әскерлерін кіргізуді ұсынды.

Соғыстан кейін Түркия елі жаңаланудың капиталистік түрін таңдап, этатизм саясатының негізін әлсіретіп, жекеменшіктік шаруашылықтың дамуына жол ашты. Едеуір қалыптасқан ұлттық буржуазия талаптарын ескеріп, Түркия үкіметі 1946 жылдан бастап көппартиялық саяси тәртіпті жақтайтыны білдірді. Түркия 1952 жылы НАТО блогына, 1954 жылы Бағдад блогына мүшелікке тіркелді.

Тұрғыт Озал 1983-1989 жылдары премьер-министр, 1989-1993 жылдары президент қызметінде болып, Түркия Республикасының экономикасын жандандыру шараларын жүзеге асырды. Ол «Түркия моделі» деп аталды. Т.Озал өз саясатын «жаса, өндір, өзгеге сат» деген ұрандармен бастады.

ХХI ғасырға Түркия Республикасы әлі күнге дейін түпкілікті негізде шешілмеген мәселелермен кірді. Соның бірі әрі күрделісі - курд халқының мәселесі.

Араб мемлекеттері Батыс Азия мен Солтүстік Африка аймағында орналасқан.

1962 жылы Франция Алжирдегі соғысты тоқтатып, плебесцит өткізді. Оның нәтижесніде Алжир тәуелсіздігі мойындалды. Сөйтіп, күресте 1 млн-ға жуық азамат құрбан болған халық жеңіске жетті.

Артта қалған, көшепелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жылдардың екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды.

1956 жылы Египеттің жаңа конституциясы қабылданды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылдың күзінде Египеттің Израйльмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалға ұласты.

Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Арабтар бұл шешімді бірден мойындамады. Сол сағатта арабтар оған соғыс бастады.

1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания,Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.

II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады.

Африканың қазіргі саяси картасында көптеген шекаралар түзу сызықпен көрсетілген, өйткені оларды өз кезегінде Еуропалық державалар дәстүрлі тайпааралық шекараларды ескерместен белгілеген. Мұның нәтижесінде тегі бір халықтар бірнеше мемлекеттерге бөлініп кеткендей, ал мемлекеттердің өздері әр түрлі тайпалардан немесе тілі әр түрлі топтардан қалыптасқандай. Осының бәрі ұлтаралық, дінаралық, аумақтық жанжалдар туғызып, олар ондаған жылдарға созылады және халыққа орасан зор нұқсан келтіреді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әр түрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді.

Екі жақ та әскери-саяси одақтар құруға кірісті. АҚШ бастаған НАТО - 1949 жылы, КСРО бастаған Варшава Шарты Ұйымы 1955 жылы құрылып, «қырғи-қабақ соғыстың» негізігі орталықтарына айналды.

Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар бұғауынан құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі Батыс пен Шығыс топтарына қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние атты топ қалыптастырды.

1962 жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. Кубаны қорғауды сылтау еткен КСРО зымырандарын құпия түрде аралға орналастыра бастады. Ол анықталғанда, АҚШ екі елді қатты қысымға алып, 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді.

1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды.

Дүниежүзін елдерін үрейлендірген «қырғи-қабақ соғыс» 90-жылдардың басында аяқталды. Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті.

ХХ ғасыр әлем өркениетін білім мен техниканың алуан жетістіктерімен байытты. Атом қуаты игеріліп, ғарыштың ғажайып құпиялары зерттелуде, биотехнология, радиоэлектроника, компьютер өндірісте, ғылымда, өмірде кеңінен қолданылуда.

Соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың екінші жартысын қамтыған кезеңге ортақ үрдіс - адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім айқын көрінді.

Жаратылыстанудағы революция ғылыми, философиялық және дүниетанымдық маңызға ие болды. Атап айтқанда, ол физикадағы аса ірі жаңалықтар. Оның негізгісі атом және оның құрылысы болды. Қарапайым бөлшектердің атомның бөлінбейтіндігін жоққа шығарды.

Ашылған жаңалықтарының ішінде - қуаттың баламалы көздерін (күн, жел, теңіз толқындары), жасанды материалдарды пайдалану, өндіріс пен тұрмысты компьютерлендіру бар.

Бұл кезеңнің ғылымы мен техникасы бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді: зымырандық қозғалтқыштар жасалып, ғарыш кеңістігін игеру басталды. ДНК молекуласы ашылып, дәрі-дәрмектердің жаңа түрлері жасалды. Гендік инженерия мен генетикалық құрылымы өзгертілген өсімдіктер азық-түлік өнімдерін шығару көлемін күрт арттыруға мүмкіндік берді.

Кері байланыс пен ақпараттар беру туралы ғылым - кибернетика пайда болды, ал 1976 жылы мини-процессор жасалды. Бүкіләлемдік тор - Интернеттің жаһандық ақпараттық торабын жасау алыс қашықтықтарға ақпараттар берудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Алғашқы роботтар мен «адамсыз өндіріс» жасалды.

90-жылдар социализмнің дүниежүзілік жүйесінің дағдарысымен ғана емес, сондай-ақ жылдам қарқындап келе жатқан жаһандану процестерімен де атап өтілді. Жаһандану үрдісі де түйінді мәселелерді алға тартуда.

Жаңа басталған ХХI ғасырда әлем халықтары демократиялық жолмен бейбіт қатар өмір сүруге қай кездегіден де артық мүдделі болып отыр. Осы жолда кездесетін кедергілер де аз емес. Қазіргі кезде жұқпалы аурулар, қоршаған ортаның, ауа мен судың ластануы, экология мен азық-түлік проблемасы, ланкестік пен жаппай қырып-жою қарулардың көбеюі сияқты келеңсіз мәселелер көпшілікті мазалауда.

XX ғасырда жаһандану үдерісінің күшеюі ғасыр феномені - бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді.

ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттар өз заманының құбылыстары мен көркемдік шығармашылықтың шындыққа деген түрлі көзқарасын өзінше білдірді. Әдебиет пен өнер бірнеше қатарлас бағыттарда, бірқатар ағымдарға бөліне отырып дамыды, бірақ олардың бәрі бір анықтамаға - модернизмге келіп сыяды.

Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзумен сипатталады. Модерн (жаңа, заманауи) - ХХ ғасырдағы мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдістердің саналуандығы. Модернистік ағымдардың аражігін ажырату оңай емес. Оның неғұрлым жарқын көріністерін: абстракционизм мен авангардизмді атауға болады. Абстракционизм сәулет өнері мен қолданбалы өнерде, мүсін жасауда кең таралды. Авангардизм - бұл өзіне сұлулық түсінігі, үйлесімділік жат болатын өнер суррогаты.

60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) антимәдениетін жасауға әрекеттенген «алпысыншылардың» феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлық-зомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары «алпысыншылдарды» өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшылардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертті.

70-80 жылдар - бұл ретро және әкелер мен балалардың қатар өмір сүруі. Жалпыға ортақ компьютерлендіру мен компьютерлік кескіндеудің, виртуалды шындықтың пайда болуы, сондай-ақ басталған урбансыздану процесі постиндустриялық қоғамның көркем мәдениетке өтуін білдірді.

60-70 жылдары АҚШ пен Еуропада интернационалдық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді білдіретін «хайтек» стилі пайда болды, ол қоғамдық ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме павильондарын салу үшін пайдаланылады.

Киноматография, телевидение, бейнелік өнер - ХХ ғасыр мәдениеті бейнесін барынша жоғары дәрежеде айқындады.

Конспект сұрақтар

  1. 1945 жылы 2 қыркүйекте тізе бүгу туралы Актіге қол қойған ел:

  2. Жапонияны қалпына келтіруге көмектескен ел:

  3. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін игеруде озған ел:

  4. 1956 жылы 19 қазанда Москвада КСРО мен дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірген Декларацияға қол қойған ел:

  5. Гоминьдан мен Коммунистік партия арасындағы күрес болған ел:

  6. Қытай Халық Республикасы жарияланған жыл:

  7. Қытайдағы 60 жылдардағы мәдени революцияның мақсаты:

  8. Моңғолияда социализмнің сталиндік моделін енгізген коммунист:

  9. Моңғол еліне Монғолия атауы берілген жыл:

  10. Моңғолияның жоғарғы заң шығару органы:

  11. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінген ел:

  12. 60-80 жылдары «Чучхе» идеясын жүзеге асыра бастаған ел:

  13. 1965-1973 жылдар аралығында АҚШ соғысқан ел:

  14. Сыртқы саясатында Вьетнам мына елге бағыт ұстады:

  15. Камбоджеде қызыл кхмерлердің саяси жетекшісі:

  16. 2001 жылы Мегавати Сукарнопутри президент болған ел:

  17. Үндістан тәуелсіз ел болып жарияланған жыл:

  18. Дж.Неру 1950 жылы үкімет басына келген ел:

  19. Үндістанда «жасыл революция» шаралары жүзеге асқан сала:

  20. Шығыс Пәкістан жерінде құрылған мемлекет:

  21. Пәкістанда елді біріктіретін дін:

  22. Автономия алуға талпынған Пәкістан аймағы:

  23. Цейлонда бөлек мемлекет құру талабын көтергендер:

  24. Королдік жойылып, республика жарияланған Гималайдағы мемлекет:

  25. 1962-1974 жылдарда «Ақ революция» деп аталған реформаларды жүргізген ел:

  26. 1978 жылы Сәуір революциясы болған ел:

  27. 1979 жылы КСРО-дан әскери көмек сұраған ауғандық үкімет басшысы:

  28. XXI басына дейін Түркияда түпкілікті негізде шешілмеген мәселе:

  29. «Түркия моделі» деп аталған іс-шаралар қандай ұрандар:

  30. Араб мемлекеттері орналасқан жер:

  31. Тәуелсіздік алу үшін 1 млн. азаматы құрбан болған Африкадағы араб елі:

  32. 50-ші жылдары Ливия халқы өмірінің өзгеруіне себеп болған жағдай:

  33. 1956 жылы Египетке қарсы үш елдің басқыншылық жасау себебі:

  34. 1947 жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестинада құрылған мемлекет:

  35. 1967 жылы араб елдеріне қарсы 6 күндік соғыс жүргізген ел:

  36. II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің саяси өмірінің сипатты белгісі:

  37. Отаршылдар Африка елдерінің шекараларын жүйесіз белгілендіктен туған қайшылықтар:

  38. II дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық шиеленістердің негізгісі:

  39. «Қырғи-қабақ соғысының» негізгі орталығына айналған 1949 жылы құрылған әскери-саяси ұйымның бірі:

  40. II дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс пен Шығыс топтарына жатпайтын елдердің атауы:

  41. 1947 жылы Таяу Шығыс жанжалы туындаған елдер:

  42. 1962 жылы Куба дағдарысын туғызған оқиға:

  43. 1975 жылы Еуропаның 33 мемлекеті қол қойған акті:

  44. «Қырғи-қабақ соғыс» кезеңі аяқталған жыл:

  45. XX ғасырда жаһандану үдерісінің күшеюінен туғыздаған феномен:

  46. XX ғасырдың екінші жартысында адамның ойлауындағы өзгеріс:

  47. XX ғасырдағы физикадағы аса ірі жаңалық:

  48. Модернизм ұғымының мағынасы:

  49. Мәдениетте «хайтек» стилі қолданылатын сала:

  50. 1980-1988 жж. бір-бірімен соғысқан мемлекеттер:

Тақырыптың тесті











































10 сынып

1. ХХ ғасырдың басындағы дүниежүзі

Конспект

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы онжылдық Еуропа мемлекеттері үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге толы кезең болды. Сонымен бірге осы кезеңнің ерекшелігі капиталистік қоғамның қалыптасуының аяқталып, буржуазиялық революциялардың жеңісімен сипатталады.

Өнеркәсіп экономиканың жетекші саласына айналды. Индустрияландырудың негізі болып саналатын ауыр өнеркәсіп жедел дамып, көмір, темір, түсті металл, мұнай өндіру мейлінше артты.

Жаңа өнертабыстар мен техника дамудың дем беруші күшіне айналды. Электр қуатын тарату құралдарын ойлап табу - ғылымның, техниканың дамуында, әскери істің және адам тұрмысын жақсартуда жаңа серпіліс жасады. ХХ ғасырдың басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері жаңа технологияны өндірісте пайдаланудан алдыңғы қатарға көтерілді. Швеция, Италия, Ресей Австро-Венгрия, Канада, Жапония мемлекеттері индустрияландыруды жеделдету жолына түсті. Соған қарамастан Еуропа елдерінде халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жартысынан астамы әлі де болса ауыл шаруашылығында еңбек етті.

Ал Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көбінде индустрияландыру тіптен басталған жоқ болатын.

ХХ ғасырдың басындағы капиталистік шаруашылықтың дамуы жаңа сапалы сәттермен айшықталды - еркін бәсекелестік монополия үстемдігімен алмастырылды, нарықтық-мемлекеттік экономиканың формасы нығайды.

Еуропа елдерінің мемлкеттік және қоғамдық құрылысында да саяси өмірінде де маңызды өзгерістер болды. Батыс Еуропа елдерінде басқару формасы бойынша конституциялық биліктің түрі айқындалды. Басқарудың екі негізгі формасы - монархия және республика қалыптасты.

Тарихта монархияның екі негізгі түрі - абсолюттік және конституциялық формалары белгілі.

Абсолюттік монархияның формасы Ресейде, Австро-Венгрия мен Германияда орнатылды.

Конституциялық монархияның айырмашылығы сол, мұнда мемлекет басшысының (монарх, король, император) билігі шектеулі. Мемлекеттегі жоғарғы билік мұндай жағдайда екі субьектіге - монархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (парламентке, кеңеске) тиесілі болады. ХХ ғасырдың басында парламенттік монархия Ұлыбританияда, Норвегияда, Швецияда, Бельгияда, Нидерландыда орнықты.

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басқарудың республикалық формасы Америка құрлығындағы Америка Құрама Штаттарында, Еуропа елдері арасында Францияда, Швецарияда және Сан-Маринода болды.

Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының әлсіз қарқыны ұлттардың және ұлттық мемлекеттердің құрылуын баяулатты. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Азия мен Африка елдеріндегі кеңінен жайылған ұл-азаттық қозғалыстар отарлаушылардың қанауын жоя алмады және өз алдына жеке ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол бермеді.

Капитализмнің пайда болуы мен дамуы шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстарының алдына капиталистік дамуды жеделдету және ұлттық тәуелсіздікке жету сияқты екі міндетті қойды.

Капиталистік қатынастардың дамуы жұмысшылар санының артуына және кәсіподақтар қозғалысының нығаюына алғышарттар жасады.

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында ұйымдасқан жұмысшылардың жалпы саны 15 млн. адамға жетті. Өз талаптары үшін болған жұмысшылардың күресі бұқаралық жұмысшы қозғалысын тудырды.

ХIХ ғасырда пролетариаттың мүддесін қорғайтын жаңа көзқарастар қалыптаса бастады. Марксизм осындай ілімдердің бірі болды. Марксизм тарихи дамудың қозғаушы күші ретінде таптар мен тап күресі теориясын қойды. Тарих сахнасынан қанаушы таптар өз еркімен кетпейді. Тек тап күресі арқылы капиталистік құрылысты жоюға болады.

Марксизм социалистік революция бастапқыда экономикасы дамыған елдерде жеңеді деп түйіндеген еді. В.Ленин революцияның артта қалған индустриялды-аграрлы елдерде, соның ішінде Ресейде жеңуінің мүмкін екендігі туралы қорытынды шығарды.

Германия социал-демократиясының көрнекті теоретигі Э.Бернштейн революциялық социализмді сынға алды. Ол социализмге жетудің жолы ретінде реформаларды ұсынды, оларды жүйелі жүргізу түптеп келгенде капиталистік қоғамның сапасын өзгертеді, оны социалистік етеді деді.

Германия социал-демократиясының келесі бір көшбасшысы Карл Каутский де қарулы көтеріліс пен пролетариат диктатурасын орнату мәселелеріне емес, тап күресінің бейбіт формасына баса назар аударды. Ол алдағы революцияларға парламенттік күрес формасын, ереуілдер, шерулер, баспасөз сияқты тек бейбіт құралдарды қолдануды ұсынды.

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ұлы державалар өздерінің аумақтық кеңістіктерін кеңейту үшін болатын күрестің жаңа бағыттарын белгіледі. Егер Ресей мен Австро-Венгрия өздерінің аумағын кеңейту мақсатын көршілерінің есебінен жүзеге асыра алса, басқа державалар мұндай жерді мұхиттың арғы жағынан іздеді. Жаңа жерді басып алу және отарларды иелену - монополистік капитализм елдеріне тұрақты қажеттіліке ұласты.

ХХ ғасырдың басында дүниені бөліске салу державалар арасында аяқталған еді. Бұдан әрі отарларды басып алу капиталистік елдер арасындағы ашық әскери қақтығыстардың нәтижесінде мүмкін болды. АҚШ-тың Куба мен Филиппин аралдарын басып алуға ұмтылысы 1898 жылы испан-американ соғысына әкеліп соқты. Бұл - дүниені бөліске салу үшін болған империалистік соғыстардың алғашқысы.

Ұлы державалардың қарсыластығы Еуропада милитаристік жағдайды күшейтіп жіберді. Соғысқұмарлар әскери шығындардың және әскер санының тез артуын тудырды. Қоғамды милитаризациялау «әскерде қызмет ету - әркімнің міндеті» деген көзқарастан алыстап, «жастардың қасиетті борышы» деген пікірді қалыптастырды.

Экономиканы милитаризациялаудан ірі корпоративтік буржуазия пайдаға кенелді.

Алайда Еуропада қоғамның бүкіл жіктері соғысқұмарлардың жақтастары болған жоқ. Англия, АҚШ және басқа да елдерде соғысқа қарсы пацифистердің қозғалысы қалыптасты. ХХ ғасырдың саяси ағымы ретінде ұлтшылдық қалыптасты. Ұлтшылдық өз ұлтының басқа ұлттан артықшылық сезімін ұялатты. Ұлыдержавалық ұлтшылдық саны аз ұлттардың мүдделеріне қысым жасауға жеткізді. Еуропадағы ұлттық төзбеушіліктің бір түрі - антисемитизм - еврейлерге дұшпандықпен қарау еді.Францияда ресми лауазымы қызметкерлердің қолдауымен «Дрейфус ісі» ұйымдастырылды. Мұнда ұлты еврей француз әскерінің офицеріне жала жабылып, қуғындалды.

Еуропада, Америкада капитализмнің жеңуі, нығаюы және оның дамуының ең жоғары монополистік сатысына өтуі - осы кезеңнің негізгі мазмұны болды.

ХIХ ғасырдың соңында Еуропа шегінен тыс еуропалық үстемдіктің нақты көрінісі ретіндегі империализм термині пайда болды. Империализм (латынша «билік»,«басқару») бөтен аумақты жаулап алу деген сөз.

Дүниежүзінің саяси картасына Британ отаршылдық империясының құрылуы біршама ықпал етті. 1900 жылға қарай оның отарлық иеліктері 368 млн. тұрғын халқы бар 33 млн. шашы шақырым аумақты қамтыды. Ұлыбританияның отарлық иеліктері метрополис аумағынан 109 есе артық болды.

ХIХ ғасырдың өзінде-ақ батыс елдері Қытайдың орасан көп табиғи байлықтарына бақылау жасауға ұмтылған болатын. Батыс елдері Қытай үкіметін тең құқықсыз келісімшарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Осы келісімшарт бойынша Қытайдың тұтас облыстары дерлік шетел алпауыттарының ықпалды аймағына айналды. Қытай капиталистік елдердің жартылай отарына айналды.

Кореяда ісі жүзінде жапондық шапқыншылық режимі орнады. Монғолия екі ғасырдан астам уақыт бойы Қытай империясының отары болды. ХХ ғасырдың басында Қытайдың әлсіреуіне байланысты Монғолия Ресей мен Жапонияның қарама-қарсы шайқас алаңына айналды.

1867-1868 жылдары болған Мэйдзи төңкерісі Жапонияда капитализмнің дамуына жол ашты. Елдегі капиталистік қатынастардың дамуы мен сыртқы саясаттағы экспансиялық өзгерістер Жапонияны ірі капиталистік елдердің қатарына қосты. Жапониядан басқа Азия және Африка елдері отарлар қатарына қосылып, егемендіктерінен айырылып, отарлаушы елдердің иелігіне көшті.

ХХ ғасырдың басында дүниежүзін бөлісу аяқталды. Сөйтіп, империализмнің отарлық жүйесі біржола қалыптасты. Бұл жүйенің құрамына егемендігінен толық айырылған отар елдер және өздерінің дәстүрлі басқару құрылымдарын сөз жүзінде сақтағанымен, іс жүзінде қаржысы мен экономикасы жағынан империалистік мемлекеттерге тәуелді - жартылай отар елдер кірді.

Жартылай отар елдер қатарына - Қытай, Түркия, Иран, Ауғаныстан сияқты бір топ елдер жатты.

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында доминион отарларға Англия жұртшылығы көптеп қоныс аудара бастады. Доминиондардың өзін-өзі басқару құқығы болды. Олардың қатарында Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия және Оңтүстік Африка Одағы кірді.

Отарлық үстемдіктің тағы бір түрі протекторат болды. Протекторлық (қамқоршы) дегеніміз - басқарушы мемлекеттің бағынышты елге сыртқы саясатын бақылау арқылы отаршылдық үстемдігін жүргізді.

Азия мен Африканың көпшілік елдерінде ұлттық пролетариат ұлттық буржуазиядан бұрын шетелдік кәсіпорындарда қалыптаса бастады. Сондай-ақ отарларда ұлттық буржуазия әлсіз, бағынышты жағдайда болды. Ұлттық буржуазияны көпестер, шеберхана, шағын өнеркәсіп кәсіпорындарының иелері құрады. Ұлттық зиялы қауым өкілдері, офицерлер, студент жастар, діни сословие ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары болды.

ХIХ ғасырдың соңында буржуазиялық-ұлттық қозғалыстарда ұсақ буржуазиялық демократиялық патриотизм қалыптасты. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі революция Азияны оятты. Осы оятулардың анағұрлым айқын көрінісі Ирандағы (1905-1911 жж.), Осман империясындағы (1908-1909 жж.), Қытайдағы (1911-1913 жж.) буржуазиялық революциялар болды. Сондай-ақ Үндістанда еңбекшілердің қуатты бас көтерулері болды. Қуатты халықтық қозғалыс жағдайында үнді буржуазиясы халық арасында әйгілі «свадеши» (өз өндірісі) және « сварадж» (дербес өзін-өзі басқару) ұрандарын ұсынды.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында капитализмнің дамуы шаруашылық шегінде дүниежүзі елдерінің арасындағы тығыз байланыс орнауына алып келді.

Азия мен Африка халықтарының Еуропа отаршыларының қарақшылық әрекетіне қарсы жасырын және ашық түрде жүргізген күресі сәтсіздікке ұшырап отырды. Мұндай сәтсіздіктер Азия мен Африка халықтарын еуропалық өркениеттің жетістіктерін үйренуге итермеледі. Олардың өнеркәсіптің шағын ошақтарын дамытуға талпынған әрекеттері нәтиже бермегендіктен, енді осы аймақтарда түбегейлі жаңарту қажеттілігі туды.

Конспект сұрақтар

  1. Адам жанының өлмейтіндігін және қоғамның касталық топтарға бөліну дәстүрін уағыздайтын ілім:

  2. Өркениеті Конфуций идеялары негізінде дамып қалыптасқан ел:

  3. ХIХ-ХХ ғасырлар тоғысында Еуропадағы антисемитизм - бұл:

  4. 1900 жылға қарай отарлық иеліктері 368 млн. тұрғын халқы бар 33 млн. шаршы шақырым аумақты қамтыған ел:

  5. ХХ ғасырдың басында әлемнің жетекші елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жүзеге асқан үдеріс:

  6. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Батыс елдерінің мәдениеті мен техникалық жетістіктерін ұлттық ерекшеліктеріне бейімдей алған ел:

  7. Екі ғасырдан астам уақыт Қытай империясының отары болған ел:

  8. ХIХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында өз аумағын көршілерінің есебінен кеңейтуді жүзеге асырған державалар:

  9. 1907 жылы ағылшын-орыс келісімімен құрылған әскери одақ:

  10. 1898 жылы 21 сәуірде Кубаны өз иелігіне айналдыруды көздеп Испанияға соғыс жариялаған мемлекет:

  11. ХХ ғасырдың басында шығыста әскери державалардың қатарына қосылып, өзінің басқыншылық әрекетін айқындаған мемлекет:

  12. Үштік одақ соғыс блогына мүше болған мемлекеттер:

  13. Балкан одағына кірген елдердің мақсаты:

  14. Бірінші Балкан соғысының нәтижесі:

  15. 1908 жылы жас түріктер көтерілісінен кейін Осман империясында басталған өзгеріс:

  16. Соғыс қуатын күшейту және соғысқа әзірлену саясаты:

  17. ХХ ғасырдың басында жеке теңіз флотын құру бағдарламасын іске асыра бастаған мемлекет:

  18. ХХ ғасырдың басында Еуропаның «жарылғыш қоймасына» айналған жер:

  19. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына сылтау болған оқиға:

  20. Бірінші дүниежүзілік соғыс болған кезең:

  21. 1914 жылы "Шлиффен" жоспары бойынша қысқа уақытта тізе бүктіру керек болған мемлекет:

  22. 1914 жылы Марна шайқасының маңызы:

  23. 1918 жылы Брест бітіміне қол қойған мемлекеттер

  24. 1914 жылы Германияның Бельгия арқылы Францияға соққы беру жоспары:

  25. Соғысқа қарсы шыққан қозғалыс:

  26. 1918 жылы Германияны екі майданда қатар соғысудан босатқан бітім:

  27. 1916 жылы 21 ақпанынан басталып желтоқсанға дейін созылған дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқас:

  28. Германия мен Антанта мемлекеттері бітімге қол қойды:

  29. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесі:

  30. Брест бітіміне қол қойылған жыл:

  31. 1914 жылы 1 тамызда Германияның Ресейге соғыс ашу себебі:

  32. Ұлттар Лигасының жарғысына енгізілген «мандат» сөзінің түсінігі:

  33. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Батыс майданында 1916 жылы болған негізгі шайқастар:

  34. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себебі:

  35. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан адамдар саны:

  36. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ресей империясының көздеген мақсаты:

  37. Ұлттар Лигасы:

  38. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ағылшын және француз үкіметтерінің Сайкс-Пико келісіміне қол қоюдағы мақсаттары:

  39. Э.Бернштейн - ...

  40. «Бұл жерлер 1918 жылға дейін Германияға қараған» деген дәлелдермен Герман фашистері басып алған аймақ:

  41. Еуропа капиталистерінің Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қызығушылық таныту себебі:

  42. Ағылшын-Бур соғысы болған кезең:

  43. 1918 жылы 11 қарашада болған жағдай:

  44. 1898-1901 жж. АҚШ-Испания соғысының нәтижесі:

  45. АҚШ империалистері «Монро доктринасын» жариялаған елдер:

  46. Балканда, Босфор мен Дарданелл бұғаздарына үстемдік етпек болған ел:

  47. Жұмысшы табының саяси үстемдігі орнайды деген тұжырымның авторлары:

  48. Италияның Антанта жағында соғысқа кіруінің себебі:

  49. 1898-1902 жж. Ағылшынн-Бур соғысынан кейін құрылған отар ел:

  50. 1918-1919 жж. Германиядағы революцияның ең соңғы ірі оқиғасы:

Тақырыптың тесті





















































2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем

Конспект

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзі тарихы жекелеген мемлекеттер мен бүкіл әлемнің өмірінде болған күрт бетбұрыстармен сипатталады. Адамзат баласы бұрын-соңды дүниежүзілік соғыс сияқты апаттарды ешқашан басынан өткеріп көрмеген болатын. Оның қорқынышты сұмдықтары, ұрыс алаңдарындағы солдаттар мен миллиондаған бебіт тұрғындардың өлімі, сансыз қалалар мен ауылдардың, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдени игіліктердің қирап, талқандалуы - міне, осының барлығы халықтың екі ұрпағының басына екі мәрте үйірілді.

Осы соғыс барысында қайғы-қасірет пен гуманизм қағидалары бұзылды. Соғысушы елдердің идеологиясында қарсы елдердің халықтарын қырып-жоюға, өшпенділікке шақыру сарыны басым болды.

Ғасырдың басында және орта тұсында социализм және коммунизм мұраттары көптеген адамдардың ақыл-ойын билеп алды. Революционерлер байларды қырып, олардың байлықтарын тартып алып, адамдарды, кез келген нәрсенің бәрін де теңестіріп, «еркіндік патшалығын» құруды көздеді. Осы мақсаттарға орай Ресейде, Германияда, Қытайда, Кубада революциялар болды.

Шынында осы уақыт ішінде ғылым мен техника, мәдениет пен құрылыс, көлік салаларында үлкен табысқа қол жетті. Әлемнің бейнесі, халықтар тағдыры, мемлекеттің және жеке адамның әлеуметтік, саяси-экономикалық өмірі мейлінше өзгерді. Адамдар атом мен клетканың құпиясын білді. Гендік инженерия өмірдің қалай пайда болғанын білуге мүмкіндік берді.

Өндірісті индустрияландыру барысында жаңа технологиялар мен техникалар кеңінен қолданылып, ол экономиканы дамытумен қатар, алдыңғы қатарлы елдерде индустриялды қоғамды да орнатты. Батыс Еуропа мемлекеттерін басқару формалары өзгерістерге түсіп, ұлттық мемлекеттер нығайды. Жұмысшы қозғалысының пайда болуымен байланысты оның мүддесін қорғайтын ұйымдар мен саяси ағымдар қалыптасты.

Отаршыл державалардың қатал империализмі де халыққа оңай соқпады. Дүниежүзінің көптеген халықтары отарға, ал оларды жаулап алушылар метрополияға айналды. Ол бұрыннан Азия, Африка, Латын Америкасы, Мұхит аралдары халықтарының есебінен күн көрді.

Ұлыбританияның, патшалық Ресейдің, Францияның, Испанияның, Жапонияның және басқа да отаршыл державалардың саясаткерлері мен капиталистері өздерін қалай ақтағысы келсе де, үнділіктерді, түркі халықтарын, африкалықтарды, қытайларды, арабтарды тонағаны және солардың есебінен Еуропа елдерінің байығаны дау тудырмайтын дерек болып қалды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс әлемде үстемдік орнату үшін және отарларды қайта бөліске салу үшін күрескен Еуропаның ірі отаршыл мемлекеттерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындады. Осы бүкіл дүниежүзілік апатта бір мемлекеттер қиратылып тізе бүксе, екіншілері әлсіреді, ал АҚШ пен Жапония сияқты мемлекеттер, керісінше күшейді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға болды. Ауқымы мен салдары жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарында 74 млн. адам шақырылды. Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қолданылды. Танктер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және адам шығындары болды. Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерлер, Осман империялары қирады, отаршыл державалардың тірегі әлсірей бастады.

Ресейдің жарым-жартылай ыдырауының нәтижесінде жаңа елдер пайда болды. Австрия-Венгрияның орнына Чехословакия, Югославия, Венгрия, Австрия қалыптасты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабын түсінген саясатшылар келешкте қандай да болмасын кездесетін қайшылықтарды тек бейбіт жолдармен реттеуді ойластырып, осы мақсатта Ұлттар Лигасын құрған еді. Бірақ халықтардың арманы орындалмай қалды. Өйткені халықаралық сахнада әділетсіздік, үстемділік жүйе негіздері қатты тамырланған еді.

Сөйтіп, революциядан кейінгі алғашқы жылдарда Еуропаның саяси картасы елеулі өзгеріске ұшырады, жаңа саяси-идеялық, әлеуметтік-психологиялық ахуалдар пайда болды. КСРО-да, Германияда, Италияда, Испанияда тоталитарлық режимдер орнады.

Әділетсіз Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың қысымына шыдай алмай, ыдырай бастады. Еуропа аймағында монополистік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашистік күштер дүниежүзілік қайта бөлісуге бел байлады. Олардың қатарынан Германия, Италия және Жапония мемлекеттері бой көрсетті. Сөйтіп Берлин-Рим-Токио үштігі құрылды. Бұл блокты батыс елдерінің КСРО-ға айдап салу әрекетінен ештеңе шықпады.

Жаппай геноцид, тұтқындар лагері, халықтарды күшпен қоныс аударту, ланкестік, мемлекеттік деңгейдегі диктатуралар, жеке басқа табынушылық әдеттегі құбылыстардың біріне айналды.

Еуропаның бірқатар елдерінде аса қанқұйлы және қатал тоталитарлық фашистік тәртіп орын алды. Бір халықтың жағдайын жақсарту үшін фашизм идеологтарының ойынша басқа елдерді жаулап алу қажет, өмірлік кеңістікті кеңейту керек, өзге нәсілдің халықтарын азайту керек, болмаса жою қажет, олардың тілін және мәдениетін құрту керек болды.

Дүниежүзілік үстемдік ету идеялары мен жоспарлары ашық түрде жарияланып, оларды жүзеге асыру үшін іс жүзінде әрекеттер жасала бастады. Осы жағдайдағы күресте басқыншылық саясат ұстанған державалар басқалармен қақтығысып, олардың арасында ымырасыз қарама-қайшылықтар пайда болды.

Біртіндеп индустрияландыру бүкіл дүниежүзіне тарала бастады. Отарлаушы елдер шикізат көздеріне жақын жерлерде оларды бастапқы өндіретін кәсіпорындар ашып, өздері қанап отырған халықтың арасынан төменгі және орта буын кадрларды даярлай бастады.

Өздерінің тыныс-тіршілігі мен еңбегінің қарапайым құқықтарын қорғау үшін жұмысшы және шаруа қозғалыстары жаппай сипат ала бастады.

ХХ ғасырдың басында империалистік елдердің отаршылдық жүйесі біржола тұрақтанды. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің шырмауына оралып, отарлық тепкіге ұшырады. Патриархалды-феодалдық құрылыстың ыдырауы, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы, капиталистік шаруашылықтың пайда болуы аталған елдер халықтарының ұл-азаттық қозғалыстарына алғышарттар әзірледі.

Шығыс елдерінде ұлт-азаттық қозғалыс өрлей түсіп, алғашқы тәуелсіз мемлекеттер өмірге келді. Бостандыққа талпыну Азия мен Африка халықтары арасында өріс алып, оның сәтті қимылдары ХХ екінші жартысында отаршылдық жүйені күйретуге ықпал етті. Ал социалистік партиялар теңдік пен азаттық туын жоғары көтерді. Бұл ұрандар езілген халықтардың жатжерлік үстемдікті түбірімен жою талаптарымен үйлесе отырып, жаппай антиимпериалистік ұлт-азаттық қозғалыстарын күшейтті.

Конспект сұрақтар

  1. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары:

  2. В.И.Лениннің Кеңестік Республикалар Одағын құру жоспары:

  3. 1918-1920 жж. азамат соғысы болған ел:

  4. Репарация дегеніміз -

  5. Версаль-Вашингтон жүйесінің маңызы:

  6. 1919 жылы 18 қаңтарда Париж конференциясының шақырылу себебі:

  7. Ұлттық-этникалық құрылымдардан тұрған мемлекет:

  8. Мексикада «революциялық каудильоизм» тұрақтанған кезең:

  9. ХХ ғ. басындағы Англияның доминион отары:

  10. ХХ ғ. 20-шы жылдары Италияда фашистік қозғалыстың күшею себебі:

  11. Фашистік қозғалыс басталған алғашқы ел:

  12. 1922 жылы Италияда заң шығарушы билікті қолына алды:

  13. 1922 жылы фашистердің Римге жорығынан кейін Италияда қалыптасқан жағдай:

  14. Италия фашистерінің Бенито Муссолиниге қойған аты:

  15. 1924 жылы Италияда фашистерге қарсы акция ұйымдастырған социалист:

  16. Фашизм идеологтары «корпоративті» мемлекет құрылады деген ел:

  17. 1938 жылы экономикалық қуаты жағынан Еуропада екінші орынды иеленген ел:

  18. Фашистік Германияда маңызды жалпыхалықтық мереке:

  19. Фашистік Германияның халықаралық аренадағы бірінші міндеті:

  20. Гитлердің саяси және нәсілшілдік идеялары баяндалған кітап:

  21. 1933 жылы құрылған гитлершілдердің құпия полициясы:

  22. 1936 жылы қабылдаған Германияның экономикалық дамуының төртжылдық жоспарының басты мақсаты:

  23. Фашистік Германияда экономиканың жоғары дамуының себебі:

  24. 30 жж. дүниежүзінде болат пен алюминий қорытудан бірінші орынды иеленген ел:

  25. Францияда Халықтық майдан үкіметінің әлсіреу себебі:

  26. 1935 жылы Халықтық майдан үкіметі тұсында өзара көмектесу келісіміне қол қойған мемлекеттер:

  27. 1934 жылы 6 ақпандағы Париж оқиғасы:

  28. 1935 жылы Коминтерннің VII конгресінде қабылданған шешім:

  29. 1939 жылы генерал Франко диктатурасы орнаған елді белгілеңіз

  30. Италия, Германия фашистері Испанияға интервенция жасады:

  31. ХХ ғасырдың басында Шығыста әскери державалардың қатарына қосылып, өзінің басқыншылық әрекетін айқындаған мемлекет:

  32. 1942 жылы жазына дейін Жапония жаулап алған елдер:

  33. ХХ ғасырдың басында Жапонияны ірі капиталистік елдердің қатарына қосқан жағдайлар:

  34. 1914-1921 жж. Қытайдың өнеркәсіп өндірісінің дамуына қаржы аударған мемлекет:

  35. 1919 жылы Париж бітім конференциясында қабылданған Қытайдың ұлттық мүддесіне қайшы келетін шешім:

  36. 1920 жылы Қытай революцияшыл армиясына офицер мамандарын даярлау міндетін қолға алған мемлекет:

  37. 1921 жылы Вашингтон конференциясында АҚШ-тың Қытайға қатысты ұсыныстары

  38. Сунь Ятсеннің 1907 жылы жариялаған әйгілі үш халықтық қағидасының бірі:

  39. 1925-1927 жж. Қытай революциясының сипаты

  40. Монғол Халық Республикасы жарияланған жыл:

  41. 1936 жылы Монғолия мен КСРО арасындағы қабылданған өзара көмектесу хаттамасында қаралған мәселе:

  42. Араттар - дегеніміз...

  43. 1930 жылы біртұтас Үндіқытай Коммунистік партиясының жетекшісі:

  44. 1929-1933 жж. дүниежүзілік дағдарыстың Үндіқытай елдеріне тигізген зардаптары

  45. Индонезиядағы «мархаэнизм» теориясының мәні:

  46. «Британ тәжінің інжу-маржаны» болған отар ел:

  47. 1941 жылы тамыз-қыркүйек айларында Иранға КСРО мен ағылшын әскерлерінің енгізілу себебі

  48. ХХ ғасырдың I жартысында мемлекетке жаңа реформаларды енгізуді жақтайтын жас ауғандықтардың мақсаты

  49. Францияның «Ұлы Ливан» мемлекетін бөлшектеуінен құрылған мемлекет:

  50. Англияның Африка отарларындағы бірінші доминионы

  51. 1912 жылы Африка Ұлттық Конгресінің құрылу мақсаты:

  52. «Құтырған молда» атанған Сомали халқының көтеріліс жетекшісі:

  53. ХХ ғасырдың басында Мадагаскар мен Үнді мұхиты аралдарын иеленген мемлекетті атаңыз

  54. ХХ ғасырдың басында Африкада ірі отаршылдық жүйе қалыптасты. Батыс және Тропиктік аймақтарда, Мадагаскар мен Үнді мұхитындағы аралдарды Франция қожалық етті.

  55. Кеңестік Ресейде 1922 жылы 30 желтоқсанда болған тарихи оқиға:

  56. 1917 жылы Ресейдегі ұлттық мәселелерді шешу жолдарын жариялаған құжат

  57. ХХ ғасырдың бірінші жартысында ең ауыр экономикалық дағдарыс болған жылдар:

  58. Латын Америкасы елдеріне «мейірімді көрші» саясатын ұсынған АҚШ президенті

  59. Ұлттар Лигасы құрылған жыл:

  60. КСРО-дағы 30-жылдары орнаған саяси басқару жүйесі:

  61. 1928 жылдың жазында Қытай коммунистік партиясының VI сьезі шақырылған қала

  62. Ұлыбритания отарларының ішіндегі ең ауқымдысы

  63. Еуропада қалыптасқан шекаралардың бұзылмайтындығы туралы Рейн кепілдік пактісін қабылдаған жиын:

  64. Батыс елдерінің Африкадағы отарларында жүргізген саясаты

  65. 1921 жылы Иран мен Кеңес үкіметі арасындағы достық келісім бойынша жүзеге асырылған шаралар:

  66. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Англия мен АҚШ үкіметінің Түркияға қатысты жасаған мәлімдемесі:

  67. ХIХ ғасырдың соңында Вьетнамды өз отарына айналдырған ел:

  68. Түркияны Біріккен Ұлттар Ұйымын құрушылардың қатарына қосуға мүмкіндік берген саяси жағдай:

  69. Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін Гоминьдан басшылығына келген генерал

  70. ХХ ғасырдың бас кезінде Үндістан ұсақ және орта буржуазиясы шоғырланған өнеркәсіп саласы

  71. 1921 жылы Монғол халық революциясы жетекшілерінің бірі:

  72. 1931-1932 жж. Жапон әскерлері жаулап алған аймақтарды белгілеңіз

  73. Г.Тилак жеткшілік еткен партия

  74. 1925-1927 жж. Қытай революциясының мақсаты:

  75. 1920 жылы Иранда социалистік қоғам орнауына қарсылық білдірген хан:

  76. Ағылшын әйелі Анна Безант бастаған «Гомруль» қозғалысының талабы:

  77. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің құрамына кіретін мемлеке

  78. Мюнхен келісімінде бөліске түскен мемлекет

  79. 1921 жылы Гилян Кеңес Республикасын жариялаған ел:

  80. Гоминьдан мен Коммунистік партия арасындағы азамат соғысы аяқталған жыл:

  81. 1930 жылы Түркиядағы 6 қағидадан тұратын идеология

  82. 1922 жылы Генуя халықаралық конференциясында қаралған мәселе:

  83. 1911 жылы Цин әулетінің үстемдігін жойып, тәуелсіз Монғолия мемлекетін жариялаған революция

  84. ХХ ғасырдың 20 жылдары Үндістанда ағылшындар қабылдаған «Роулетт заңы» бойынша көзделген шаралар:

  85. 1941 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның фашистік басқыншыларға қарсы күрес жариялаған бағдарламасы

  86. 1943 жылы Тегеран конференциясында қаралған мәселе:

  87. 1925 жылы Қытай революциясының басталуына түрткі болған оқиға

  88. 1936 жылы Монтре қаласында өткен Халықаралық конференцияның Түркия республикасы үшін маңызы

  89. ХХ ғ. басында Ресей мен Англияның жартылай қожалығы үстемдік еткен ел:

  90. Үнді коммунистерінің 1939-1941 жж. Германияны жақтап келу себебі:

  91. Үндістанда отарлық езгіге қарсы зорлықсыз қарсылық тактикасын ұстанған көсем:

  92. 1917 жылы Палестина жерінде еврейлер қоныстарын құру жоспарын ұсынған ағылшын сыртқы істер министрі

  93. Версаль бітімінде Германияға салынған тыйымдар:

  94. ХХ ғасырдың 30-жылдары Халықтық майдан қозғалысы табыстарға жеткен елдер:

  95. В.Вильсонның соғыстан кейінгі халықаралық қарым-қатынастардың жаңа ұстанымдарын белгілеген бағдарламасы:

  96. 30-жылдары АҚШ банктерінің еуропа елдеріне қарыз беруін доғару себебі:

  97. Фашистік Германияда жоғары азаматтық борыш ретінде насихатталды:

  98. 1933 жылы Гитлердің рейхстагқа жаңа сайлау өткізуінің себебі:

  99. 1929 жылы реттелген Рим мәселесінің мәні:

  100. Францияда Халықтық майдан ұғымының мәні:



Тақырыптық тест:



























3. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж.)

Конспект

Халықаралық қатынастарда шиеленістер бірінен соң бірі туындап отырды. Солардың біріне соғыстан кейінгі төлемдерге қатысты «Рур дағдарысы» жатады. Соғыстан кейін әскери күшіне сүйенген Франция өз үстемдігін Еуропаға орнатпақ болып, басқалармен санаспай қоқан-лоқылыққа салды. 1923 жылы Германия соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, Франция және Бельгия немістердің Рур облысына әскерлерін енгізді.

Бұл дағдарысты реттеуге Англия, АҚШ, т.б. елдер атсалысып, 1924 жылы халықаралық капитал ұсынған «Дауэс жоспары» қабылданды. Ол жоспар Германия төлем ақысын жыл сайын 1 млрд. маркамен есептеп, елдің жағдайы жөндле бастағанда 3 млрд маркаға дейін жеткізуді белгіледі. Соғыс шығындарын өтеу мәселесі неміс халқының наразылығын тудырып, барған сайын қарсыласуды ұлғайтты.

Мұндай әрекетке жол бермеу үшін 1925 жылы Локарно қаласында (Швецария) Рейн пактісіне қол қойылды, ол Еуропада қалыптасқан шекаралардың бұзылмайтындығын мәлімдейді. Бірақ Локарнадағы келісімде Германияның шығыстағы шекаралары келешекте қарастырылуы мүмкін делінген болатын. Сөйтіп, неміс халқының бөлінгендігі және олардың кейін бір-бірімен қосылуы туралы пікір туа бастады. Соны кейін неміс дипломатиясы алға тартып, Судет пен Австрияны Германияға қосу мәселесін көтерді.

«Дауэс жоспары» Германия шаруашылығының тез жетілуіне жәрдемдесті.

1922 жылы сәуірде Генуяда Еуропа елдерінің шаруашылығын қалпына келтіру туралы халықаралық конференция өтті. Онда сауда қатынастарын жандандыру, шаруашылығы қиратылған елдерге көмек көрсету шаралар қарастырылды.

Халықаралық өмірдегі ең күрделі және қарама-қайшылықты мәселе Кеңес Одағымен капиталистік елдер арасында қалыптасты. КСРО жаңа саяси қоғамдық жүйені буржуазия тәртібіне қарсы қойып, әлемдегі басқа елдермен араздасты. Азамат соғысында Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, Ресейге қарасты жерді қайтарып алды. Бірақ 1921 жылы ол Польша, Литва, Латвия, Эстония, Финляндия елдерінің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Оған қоса, Шығыс елдерімен - Ауғаныстанмен, Түркиямен, Иранмен достық келісімшартына отырды. Сол жылы Англия, Норвегия, Италия, Германия Ресей үкіметімен сауда келісімдерін жасасты. Сөйтіп, капиталистік елдер социалистік жолға түскен елмен қатынастарын реттеуге кірісті. Бұл бейбіт қатар өмір сүру жолы әркімге де ұтымды және қажет еді.

Экономикалық дағдарыс ірі мемлекеттердің арақатынастарындағы шиеленістерді одан әрі өршітті. Кейбір елдердің билеуші топтары әскери дайындықты күшейтіп, басқа елдерді бағындыруды аңсады. Бұл бағытты ашықтан-ашық ұстаған Еуропада - фашистік Италия мен Германия, Азияда - Жапония болды.

Германияда фашистік тәртіп орнаған соң КСРО-ның ол елмен қатынасы нашарлады. Германия 1933 жылы Ұлттар Лигасынан шығып кетті. Плебисцит жүргізіп, Саар облысын өзіне қосып алды.Озбырлық саясатқа фашистік Италия да көшті. Ливияны отарландыру үдерісі жылдамдады. Оның әскері 1936 жылы Эфиопияны басып алды.

Германия мен Италия 1936 жылы Франко бастаған Испаниядағы бүлікшілікті қолдап, республика үкіметінің құлауын тездетті. 1939 жылы Пиреней түбегінде Франко диктатурасы орнады. Сөйтіп екінші дүниежүзілік соғыс ошағы қалыптасты.

Еуропадғы тартыстарды пайдаланған Жапония 1937 жылы шілдеде Қытайды жаулауға кірісті. 1936 жылы қазанда Италия мен Германия ынтымақтасу туралы шартқа отырып, бір айдан соң Германия-Жапония- Италия мемлекеттері кірген жаңа одақ - Антикоминтерн пактісі құрылды. Гитлер өзінің жаугершілік саясатын қорықпай іске асыруға кірісті. 1938 жылы наурызда Австрия Германияға қосылды. Одан кейін Англия, Франция, Италия және Германия мемлекеттері Мюнхен келісімін жасасып (1939 ж. 29 қыркүйек) Чехословакияның құрамындағы Судет облысын Германияға беруді ұйғарды. Германияның араны одан әрі ашылып, Польшаның Гданьск қаласына жармасып, оны Германияға қосуға бар күшін жұмсады. Италия сәуірде Албанияны басып алды.

1939 жылы сәуір-мамыр айларында Кеңес одағы, Англия, Франция арасында Шығыс Еуропа елдеріне өзара көмек көрсету туралы келісімді дайындауға әзірлік жүргізіле бастады.

Бірін-бірі аңдыған, бір-біріне сенімсіз қараған, әрқайсысы тек жеке басының мүддесін ойлап, үш жаққа тартқан үш ұлы держава мәмілеге келе алмады.

Нәтижесінде, 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде Германия сыртқы істер министрі И.Рибебентроп және КСРО үкіметінің төрағасы В.М.Молотов шабуылдаспау туралы келісімшартқа қол қойды. Ал шарттың құпия хаттамасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны бөліп алды және КСРО-ға Балтық жағалауындағы республикалар мен Финляндияға қарасты мәселелерді өз қалауынша шешуге еркіндік берілді.

1939 жылы 1 қыркүйекте герман қарулы күштері Польшаға шабуылын бастады. Польшаны жақтаған Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына фашистік мемлекеттер Германия, Италия және милитаристік Жапония айтарлықтай күш салды. Ұлыбритания, Франция, АҚШ сияқты ірі буржуазиялық державалар да Еуропа мен Азияда бейбітшілік пен тыныштықтың бұзылуына жол берді. Өкінішке орай соғыс алдында КСРО басшылары да фашистік Германиямен жақындасып, Шығыс Еуропаны бөлісу жөнінде құпия келісім жасады.

Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылып, барлық әлемді қамтыды.

Соғысқа 1,7 млрд халқы бар 64 мемлекет қатысты Ал олардың армиясында 110 млн-нан астам адам болды. Тек КСРО-ның өзінде ғана қаза болғандардың саны 27 млн. адамға жеткен. Германияның тұтқындар лагерінде 11 млн. адам қырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі материалдық шығындар да орасан көп болды. Мыңдаған қалалар мен ауылдар үйіндіге айналып, зауыт-фабрикалар, көпірлер, жолдар қиратылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір ерекше айырмашылығы - осы соғыста адам ресурстары емес, техника санының көп болуы үлкен рөл атқарды.

Барлық қиыншылық пен азапқа қарамастан демократиялық елдер Кеңестер Одағымен бірге Германия мен Италияның, милитаристік Жапонияның басқыншы қарулы күштерін талқандады, зорлық пен зомбылықты, қатігездікті ауыздықтаған осы Ұлы Жеңіс қазіргі дүниежүзі тарихының бірінші кезеңін аяқтайды.

1945 жылы 20 қарашасы мен 1946 жылдың 1 қазаны аралығында Германияның Нюрнберг қаласында халықаралық әскери трибуналдың мәжілістері өтті Онда өздерінің адамзат алдында жасаған аса ауыр қылмыстары үшін Германияның үкіметі мен әскери басшыларының 24 адамы сотқа тартылды. Фашистік қылмыскерлер тиісті ауыр жазаларын алды.

Адамзат қоғамының қарам-қайшылықты дамуы мемлекеттердің әлемдік деңгейде нәтижелі өзара әрекет ету тәсілдерін іздеуіне, адамзат қоғамының таласты мәселелерін шешуге көмектесетін халықаралық ұйымдарды құруға итермеледі. Осындай себеппен 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды, оның негізгі міндеті - бейбітшілікті қолдау және нығайту болды. Жаһандық мәселелер - бұл адамзаттың ой-санасына тасталған сын. Оларды елемей кету мүмкін емес. Оларды тек жоғарғы халықаралық ұйымдар шеңберінде келіссөз жүргізу, кездесулер өткізу, өзара түсіністік жолдарымен ғана шешуге болады.

Германия, Италия, Жапония уақытша ұлы державалар қатарынан шығып қалды. Отаршылдық жүйе ыдырай бастады, ондаған тәуелсіз мемлекеттер өмірге келді. Франция мен Ұлыбритания біраз әлсіреді. Ал АҚШ соғыстың нәтижесінде барлық мемлекеттерді басып озып, дүниежүзіндегі аса ірі ұлы державаға айналды. Екінші ұлы держава Кеңес Одағы болды. КСРО-ның басшылығымен бүтіндей жаңа қоғамдық-саяси жүйе құрылды. Социалистік бағытты көздеген бірқатар жаңа мемлекеттер пайда болды. АҚШ пен КСРО екі державаның арасындағы қарама-қайшылық бүкіл ХХ ғасырдың екінші жартысын түгел қамтыды.

ХХ ғасырда ғылымның дамуы шамадан тыс қарқын алып, нағыз революция жасалды. Ғылым мен техника салаларында, атомдық энергияны меңгеруде үлкен жетістіктерге қол жетті. Неміс физигі Макс Планк атом үздіксіз емес, квант деп атанған порциялармен сәуле шығаратыны (жұтатыны) туралы гипотеза ұсынды. Бұл гипотеза физика ғылымына түбегейлі өзгеріс жасаған кванттық теорияның пайда болуына әкелді.

ХIХ ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі байқалды.

Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында енгізілді. Бұрынғы ашулар мен техникалық өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фонограф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, алғашқы автомобильдер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 20-30 жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, автомобильдерді, автобустарды көруге болатын. Азаматтық авиация тұрақты және көп ұзамай - халықаралық көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, одан кейін түрлі-түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен жұрналдардың таралымы едәуір артты. Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Философия саласында Анри Бергсон аса ірі беделді тұлға болды. Тарихи даму заңдарының өмір сүретінін теріске шығара отырып, «тарихты көрнекті тұлғалардың ерік-жігері мен энергиясы арқасында кері бұруға болады» деп пайымдады. Ол тек күшті тұлғалар, қоғам «элитасы» ғана адамдарды басқара алады деп есептеді.

Басты идеялық ағымдар - либерализм, әлеуметтік реформизм, консерватизм, марксизм - өзінің түпкілікті рәсімдеуін саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты.

Конспект сұрақтар

  1. 1945 жылдың 2 мамырында болған жағдай:

  2. ІІ дүниежүзілік соғыста Германия мен Италияның Одағы болған мемлекет

  3. Веймар Республикасының бірінші президенті

  4. Төмендегі оқиғалардың қайсысы Ұлы Отан соғысы кезеңіне жатпайды

  5. Неміс командованиесінің Мәскеу қаласын алу үшін жасаған жоспары:

  6. Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы:

  7. Берлинге Жеңіс туын тіккен қазақ жауынгері

  8. «Неміс әскерлерінің жеңілмейтіндігі» туралы аңызды жоққа шығарған шайқас

  9. Герман фашистерінің Солтүстік Кавказды жаулап алу жоспары:

  10. 1945 жылы 9 мамыр - Жеңіс күнінде Алжир патриоттарын қырғынға ұшыратқан мемлекет:

  11. Потсдам конференциясының шешімі бойынша Польшаға өткен Пруссияның бір бөлігі

  12. 1941 жылы АҚШ-тың Жапонияға қарсы соғыс жариялауының себебі:

  13. БҰҰ-ның барлық мүшелерін біріктіретін басты орган

  14. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-ның Жапониядан қайтарып алған аймақтары

  15. 1945 жылы Потсдам конференциясында қаралған мәселе

  16. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бейтараптылық саясат ұстанған Скандинавия мемлекеті:

  17. 1945 жылғы Одақтастар армиясының бас қолбасшысы:

  18. II дүниежүзілік соғысты аяқтаған оқиға

  19. Герман фашистерінің Польшаны жаулап алу жоспары:

  20. Екінші дүниежүзілік соғыста түбегейлі бетбұрыстың басы болған шайқас

  21. 1945 жылы шақырылған БҰҰ-ның құрылтай жиыны:

  22. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған КСРО азаматтарының саны:

  23. 1945 жылы Қырым конференциясында талқыланған мәселе

  24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әскери-саяси салмағы артқан елдер

  25. 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеген АҚШ президенті

  26. Радиоактивті элменттердің ыдырау кезіндегі үш түрлі сәуленің бөлініп шығатынын ашқан ағылшын ғалымы:

  27. Сурет өнеріндегі сюрреализм бағытының жетекшісі

  28. Телефонды ойлап тапқан адам

  29. XX ғасырдың басында атом құрылымының планетарлық теориясын ұсынған физик-ғалым:

  30. Радионы ойлап тапқан ғалым:

  31. «Герниканың талқандалуы» суретінің авторы:

  32. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнің бірден-бір маңызды мәселесі:

  33. Екінші дүниежүзілік соғыстың бұрынғы соғыстардан ерекше айырмашылығы:

  34. 1945 жылы Нюрнберг процесінде қаралған мәселе

  35. «Тарихты көрнекті тұлғалардың ерік-жігері мен энергиясы арқасында кері бұруға болады» деп пайымдаған:

  36. Бірде-бір материалдық нысан жарықтан жылдам жылдамдықпен қозғала алмайды деген қорытынды жасаған:

  37. Кванттық теорияның пайда болуына негіз болған гипотезаның авторы

  38. Қиыр солтүстік теңіз жолдарын игеруге басшылық жасаған кеңес ғалымы

  39. Сурет өнерінде салған бейнелері бірінен-біріне араласқан, түйіскен шар, конус, куб түрінде суреттеудің жаңа бағытын ұсынған:

  40. Кеңес Одағында ең күшті ақпарат құралы болған:

  41. Дүниежүзілік даңққа ие болған «Құрыш қалай шынықты» романының авторы:

  42. АҚШ Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастаған мерзім:

  43. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия шаруашылығының жетілуіне жол ашқан жоспар:

  44. 1941 жылы құрылған Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің төрағасы

  45. Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңінде кеңес әскерлерінің жеңілу себептерінің бірі:

  46. Ұлы Отан соғысы басталған мерзім:

  47. Германияның КСРО-ны талқандау жоспары

  48. Герман-Кеңес құпия хаттамасына сәйкес 1939 жылы КСРО басып алған жер:

  49. 1939 жылы 23 тамыз шартындағы құпия хаттама бойынша 1939 жылы 17 қыркүйекте Польшаның шығыс аудандарына әскерін еңгізген ел:

  50. 1939 жылы 1-3 қыркүйекте болған жағдай:

Тақырыптың тестіБайланыс















11 сынып

1. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі дүниежүзі дамуының негізгі үрдістері

Конспект

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отаршылдық империялардың ыдырауы Азия мен Африкадағы отаршылдықты жойды. 1960 ж. желтоқсанда БҰҰ-ның отаршылдықты жою принциптері туралы Декларация қабылдауының айрықша маңызы болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері социалистік даму жолына түсті. Олардың КСРО-ның ықпалында болуы бұл елдердің осындай жолды таңдауын белгілеп берді. Азияның Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Камбоджа сияқты елдері де социалистік даму жолын таңдады. 60-ж. басында Куба социализм орнату жолына түсті Сөйтіп КСРО бастаған дүниежүзілік социалистік жүйе орнады. Құрамында социалистік елдер кірген бұл жүйе екінші дүниеге жатады.

Бірінші дүние дамыған капиталистік елдерден құралады. Бұл елдер, негізінен, капиталистік дамудың алғашқы легі болатын. Оның бірінші дүние болуының себебі - басқалардан бұрын қалыптасып, үстемдік жағдайға ие болғандығында.

КСРО-да Черчилльдің Фультондағы сөзі тікелей жаңа дүниежүзілік соғысты бастауға шақырған сөз деп қабылданды. И.В.Сталин 1946 ж. 14 наурызда «Правда» газетінде жарияланған сұхбатында мұны айқын көрсетті. Ол былай деді: «Іс жүзінде Черчилль мырза қазіргі соғыс өртін тұтандырушы позицияда болып отыр. «Қырғи-қабақ соғыс» 1946 жылдан 1991 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Дүниежүзін елдерін үрейлендірген «қырғи-қабақ соғыс» кезеңі 90-ж. басында аяқталды. КСРО ыдырағаннан кейін Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті.

КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік тәуелсіз мемлекеттердің көпшілігі Шығыс Еуропа елдерінің ізінше даму үлгісі ретінде нарықтық экономиканы және саяси құрылыстың либералдық-демократиялық түрін таңдап алды.

КСРО мен Шығыс Еуропадағы социалистік елдер тобының ыдырағаны Шығыстағы геосаяси жағдайды өзгертті. Қорғансыз қалған Азиядағы социалистік режімдер басқа жағдайға бейімделуге мәжбүр болды. Олардың ішінен тек Солтүстік Корея ғана ортодоксальдық жағдайда қалды, ал Қытай, Вьетнам, Лаос, Камбоджа нарықтық қайта құрулар жолына түсіп, дамыған капиталистік елдермен жақындаса бастады.

Экономикалық даму деңгейі жағынан дамыған дүниеге жақындап «жаңа индустриялы елдер» қатарына кіретін Оңтүстік Корея мемлекеті.

ҒТР-ның алғашқы толқыны 40-50 жж. соңына сәйкес келді. Электрондық технология дами бастады, ол өндірістің сипатын принципті түрде өзгертіп, еңбек өнімділігін күрт арттырды.

1961 ж. 12 сәуірде ғарышқа алғаш рет адам ұшырылды, ол КСРО азаматы Ю.А.Гагарин болды.

70-жылдың екінші жартысында мини-процессорлар пайда болуына байланысты ҒТР-дің жаңа легі басталды, ол «ақпараттық немесе телекоммуникациялық» революция деп аталды.

Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісінің сипатын түпкілікті өзгерттті. Бұл құбылыс «жасыл революция» деп аталды.

70-80 жж. қоршаған ортаны қорғау жолындағы қозғалыстың туғаны азаматтық қоғамның қызметімен байланысты. Оның түрлі елдердегі жақтастары (оларды «жасылдар» деп атайды) табиғатты қорғауды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды жақтайды. «Жасылдар» қозғалысының дамуы қоршаған ортаға зиянын тигізетін жекелеген өнеркәсіп салаларына маңызды «қоғамдық бақылаушыға» айналды.

1974-1975 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жаңа консервативтік толқынға бастама жол салып берді. 1970 ж. Ұлыбританияда М.Тэтчер бастаған консервативтік партияның билік басына келуі, 1980 ж. АҚШ-тағы президент сайлауында республикашыл Р.Рейганның жеңіске жетуі, Франция мен Италиядағы парламент сайлауында консервативтік күштер ұсынған идеялардың халықтың қалың топтарының көңіл күйіне үйлесетінін көрсетіп берді. Жаңа консервативтік толқын 90-жж. тоқтай бастады.

1974-1975 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жаңа консервативтік толқынға бастама жол салып берді. Олардың бағдарламаларында экономикадағы мемлекеттің рөлін азайту, меншікті мемлекет билігінен шығару басты орын алды.

1985 ж. Женевада жоғары дәрежеде кеңес-американ келіссөздері жүргізілді. 1986 ж. олар Рейкьявикте, 1987 ж. Вашингтонда және 1988 ж. Минскіде одан әрі жалғастырылды. Осы жиындарда ядролық қаруларды шектеу мәселелері талқыланды. Екіжақты келіссөздердің барысында кейбір оңды нәтижелерге қол жеткізілгені де сөзсіз.

1991 ж. 11 желтоқсанда Маастрихт қаласында Германия мен Францияның шақыруымен Еуропа Одағы туралы шартқа қол қойылып, біртұтас қарж.ық-экономикалық және саяси одақтас ұйымы өмірге келді. Еуропалық Одақтың барлық мүшелеріне арналған есеп айырысудың ортақ ақшасы енгізілді, алғашында ЭКЮ, ал одан кейін ЕВРО деп аталды. Ол 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

Қазіргі уақытта терроризм үрейлендіретін сипат алды. Ол тіпті жекелеген мемлекеттердің проблемасы да емес. БҰҰ бас Ассамблеясының 2005ж. 60-сессиясы осының дәлелі. Онда талқыланған негізгі мәселелердің бірі - халықаралық терроризмге қарсы күрес проблемасы болды.

1997 ж. сәуірде Ресей мен Қытай басшылары мәлімдеме жасап, онда дүниеде кімнің болса да супер держава болуына жол бермеу керектігі айтылды. Мемлекеттің әл-ауқаттылық принциптері скандинавиялық немесе шведтік үлгілері дейтін елдерде неғұрлым толық орындалды. Бұл үлгінің негізгі белгілері мыналар еді: тиімділігі жоғары экономика құру, еңбекке қабілетті халықты түгелдей дерлік жұмыспен қамтамасыз ету, кедейлікті жою, дамыған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру, сауаттылық пен мәдениеттілік деңгейін көтеру.

90-жылдың басына қарай Шығыс Еуропа елдерінде өкімет басына шаруашылық пен саяси өмірді Батыс үлгісімен қайта құруға бағыт алған либералдық-демократиялық үкіметтер келді. Дүниежүзілік тарихта тұңғыш рет социализмнен капитализмге өту басталды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат баласы дүниежүзілік өркениеттің бұдан былайғы әлеуметтік жетістігі мен тағдырына байланысты болатын күрделі мәселелерге тап болды. Бұл жаһандық мәселелер деп аталады.

Жаһандық мәселе дегеніміз - бүкіл адамзаттың өмірлік мүдделеріне қатысты және оны шешу үшін дүниежүзілік қоғамдастық көлемінде келіскен іс-қимылдар жасауды талап ететін проблемалар болып табылады.

Жаһандық мәселелер қатарына жаңа дүниежүзілік соғысты тоқтату, бейбітшілікті сақтау, экологиялық дағдарысты және оның зардаптарын болдырмау, планетадағы демографиялық ахуалды қалыпқа келтіру, дамушы елдердің экономикалық артта қалушылығын жою, халықаралық терроризм жатқызылады. Сондай-ақ азық-түлік, шикізат және энергетикалық мәселелер де солардың қатарына қосылады.

1992 ж. Рио-де Жанейрода Бірінші дүниежүзілік экологиялық конференцияда екі құжатқа қол қойылды. Оның бірі - климаттың өзгеруі туралы шектеулі конвенциясы. Екінші құжат - биологиялық алуан түрлілік жөніндегі конвенция. Ол планетадағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған.

Дүние жүзі халқының қазіргі кездегі өсуінің 80% дамушы елдердің үлесіне тиеді.

Адамзат көбінесе дәстүрлі, шектелген ресурстарды пайдалануда және Бұрынғысынша орны толмайтын энергия көздеріне - мұнайға, тас көмірге және газға тәуелді. Адамзат өзінің барған сайын артып келе жатқан қажеттерін өтеу үшін дәстүрде жоқ энергия көздерін ұдайы іздеумен болады. Жел мен күн энергиясы сияқты сарқылмастай көп ресурстар бар.

Конспект сұрақтар

  1. «Суық соғыс» кезеңі аяқталды:

  2. Экологиялық қозғалыстарға жататын:

  3. Жоғары деңгейдегі кеңес-американ қатынасы жақсара бастаған жылдар:

  4. Еуропалық одақ елдері біртұтас ақша жүйесі Евро-ға көшірілген кезең:

  5. «Қырғи-қабақ соғыс» кезеңі қамтиды:

  6. ҒТР-дің жаңа легі «ақпараттық немесе телекоммуникациялық революция» басталды:

  7. ХХI ғасырда халықаралық қауіпсіздіккке төнген қауіп:

  8. 1960 жылы желтоқсанда БҰҰ-дың қабылдаған декларациясы:

  9. Еуропалық Одақ елдеріне ортақ валюта:

  10. ҒТР-дың алғашқы толқыны басталған уақыт:

  11. 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа алғаш рет ұшқан адам:

  12. Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ауылшаруашылығында пайдалану үрдісі:

  13. Бірінші дүниеге жататын елдердің орналасқан аймағы:

  14. «Жаңа индустриялы елге» айналған мемлекет:

  15. 1997 жылы дүниеде кімнің болса да супер держава болуына жол бермеу керектігін мәлімдеген елдер:

  16. Мемлекеттің әл-ауқаттылық принциптерінің жаңа үлгісін көрсеткендер:

  17. Еуропада «жаңа консервативтік толқын» басталған кезең:

  18. ХIХ ғ. 70-жылдарында Батыста Еуропада экономикадағы мемлекеттің ролін азайтуды ұсынғандар:

  19. 90-ж. басында Шығыс Еуропада Батыс үлгісімен қайта құруға бағыт алған саяси күштер:

  20. КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік тәуелсіз мемлекеттердің көпшілігі таңдаған саяси құрылыс:

  21. Социалистік жүйесін сақтап қалған Шығыс Азиядағы ел:

  22. 1992 жылы Рио-де Жанейрода Бірінші дүниежүзілік экологиялық конференцияда қабылданған планетадағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған құжат:

  23. Дүниежүзі халқының қазіргі кездегі өсуінің 80% тиіс аймақ:

  24. Дәстүрде жоқ энергия көздеріне жататыны:

  25. КСРО бастаған дүниежүзілік социалистік жүйені әлемдік қауымдастықта нешінші дүниеге жатқызады:

Тақырыптың тесті























2. 1945-2006 жж. халықаралық қатынастар

Конспект

II дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әртүрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді.

Трумэн доктринасы 1947 жылы 12 наурызда қабылданды. Оның мәні Грекия мен Түркияда коммунистердің өкімет басына келуіне жол бермеу үшін бұл елдердің батысшыл режімдеріне 400 млн. доллар несие берілуі. Конгрестен қарж.ық көмек сұрай отырып, Трумэн мұны «дүниежүзілік коммунизмді» тежеу қажеттігімен түсіндірді.

1947 жылдың қазан айынан бастап АҚШ-та жаңа неміс маркалары басылып шығарылып жатты. 1948 жылы 23 маусымда Берлиннің батыс секторларында жаңа ақшаның енгізілуі жағдайды ушықтырып жіберді. Шығыс Германияның кеңестік әскери әкімшілігі бұған жауап ретінде Батыс Германияның ескі маркаларында, жаңа маркаларын да кеңестік аймаққа алып келуге тыйым салды. Германияның шығысында шұғыл түрде өзінің маркасы енгізілді. 1948 жылы 23 маусымда кеңес әскерлері Батыс Берлинді қоршауға алып, Батыс Германиямен байланыстыратын темір жол мен автомобиль жолдарын үзіп тастады. Қоршау 1949 жылы 12 мамырда аяқталды.

1948-1949 жылы Берлин дағдарысы іс жүзінде «қырғи-қабақ соғыстың» көрінісі болды.

Екі жақ та әскери-саяси одақтар құруға кірісті. АҚШ бастаған НАТО - 1949 жылы, КСРО бастаған Варшава Шарты Ұйымы 1955 жылы құрылып, «қырғи-қабақ соғыстың» негізігі орталықтарына айналды.

1955 жылы 14 мамырда Варшавада сегіз елдің; КСРО-ның, Польшаның, Чехословакияның, Румынияның, Болгарияның, ГДР-дің және Албанияның достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартына қол қойылды. Құрылған социалистік елдердің әскери-саяси одағы Варшава Шарты Одағы (ВШО) деп аталды.

1949 жылы қаңтарда экономикалық өзара көмек кеңесі құрылды. Оны құрғандар - КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния. Чехословакия. Бұл ұйымның мақсаты - өзіне енген елдер арасында жоспарлы, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастық пен халықаралық еңбек бөлінісін ұйымдастыру.

Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар бұғауынан құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі Батыс пен Шығыс топтарына қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние атты топ қалыптастырды.

Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Арабтар бұл шешімді бірден мойындамады. Сол сағатта арабтар оған соғыс бастады.

1956 жылы Египеттің жаңа конституциясы қабылданды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылдың күзінде Египеттің Израильмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалына ұласты.

1955 жылы Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Конференция бейбіт қатар өмір сүрудің 10 қағидасын жариялады. Конференция әскери блоктарды айыптады. Блоктарға қосылмау қозғалысы Белград конференциясында ресми түрде 1961 ж. дербес қозғалыс ретінде бекіді.

60-жылдардың шегінде Кеңес Одағы мен Қытай Халық Республикасының қатынасы күрт нашарлады. Екі ел арасындағы шиеленістің ұлғаюы, сонымен қатар, аз ұлттардың проблемасына байланысты болды. Бұл ең алдымен, Шыңжан тұрғындарына қатысты еді. 60-жылдардың басында осы аймақтан халық КСРО-ға жаппай көше бастады. 1962 жылы 22 сәуірден маусымның басына дейін 67 мың адам шекараны жасырын түрде кесіп өтті. Мұндай көші-қонды Қытай басшылығы «Кеңес ревизионистерінің «бүлдіру әрекеттері» деп түсіндірді.

Польшадағы, ГДР-дегі 1953 жылғы көтеріліс және басқа да елдердегі ереуілдер, 1968 жылы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО және ГДР мен Венгрия әскерлерімен басып жаншылды.

1962 жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. Куба революциясының жеңісі Кариб теңізі бассейініндегі шиеленісті ушықтырды. АҚШ Кубаға басып кірудің жоспарларын жасаумен болды. 1961 жылы 17 сәуірде АҚШ арнайы тобы ұйымдастырған басып кіру әрекеті іске аспады. Бұдан кейін Куба КСРО-дан көмек сұрады. Кеңес Одағы «өнеркәсіп жабдығы» деген сылтаумен Куба аумағына орташа қашықтықта ұшатын ядролық зарядтары бар 42 зымыранды жасырын өткізді. АҚШ-тың ғарыштағы жер серіктері оларды көріп үлкен жанжал туды. 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді. КСРО шегінуге мәжбүр болды. Кариб дағдарысы бейбіт жолмен шешілді.

Белгісіз күштердің белсенді көзқарасы АҚШ пен Ұлыбританияны Кеңес Одағымен бірге 1963 жылы тамызда атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астындағы ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартына қол қоюға мәжбүр етті.

1957 жылы Франция, ГФР, Италия және Бенилюкс (Бельгия, Нидерланды, Люксембург) елдері, 1957 жылы Еуропалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭҚ) құру туралы келісім жасалды. Оның шеңберінде қатысушы елдердің бүкіл экономикалық жүйесін, ұлттық құрылымдарын құрып, мемлекет билігіне алу көзделді.

Финляндия Еуропа қауіпсіздігі жөнінде мәжіліс шақыру ұсынысын қолдады. Оны дайындаудың ұйымдастырушылық ісін мойнына алды. 1975 жылы Хельсинкиде үшініші - қорытынды кезеңі жемісті аяқталды.

1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды.

Скандинавия елдері Еуропадағы экономикалық ықпалдастық үрдісінен шет қалмады. 1995 жылы Швеция және Финляндия Еуропа Одағына толық құқылы мүше болып қабылданды.

Дүниежүзін елдерін үрейлендірген «қырғи-қабақ соғыс» 90-жылдардың басында аяқталды. Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті.

Кеңес Одағы ыдырап, социалистік жүйенің күйрегені дүние жүзіндегі халықаралық қатынастарға ықпал етті.

1991 жылы 11 желтоқсанда Маастрихт қаласында Германия мен Францияның шақыруымен Еуропа Одағы туралы шартқа қол қойылып, біртұтас қарж.ық-экономикалық және саяси одақтас ұйымы өмірге келді. Еуропалық Одақтың барлық мүшелеріне арналған есеп айырысудың ортақ ақшасы енгізілді, алғашында ЭКЮ, ал одан кейін ЕВРО деп аталды. Ол 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

1975 жылдан бастап «Үлкен жетіліктің» кездесулері үзбей өтіп тұрды, оған әлемнің ең жетекші индустриялық елдері қатысады. 2002 жылы жетілік Ресейдің қосылуына байланысты «Үлкен сегіздік» деп аталды.

Тек «қырғи-қабақ соғыс» кезеңі аяқталып қана қойған жоқ, дүниеде жаңа тәртіп орнату үдерісі басталды. ХХI ғасырдағы дүниеде әлемдік өркениеттің көп полюсті моделі қалыптасуда.

Конспект сұрақтар

  1. 1975 жылы Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы туралы келісім шарт актісіне қол қойылған мемлекет:

  2. Социалистік елдердің әскери-саяси одағын құру жөніндегі келісімге қол қойған қала:

  3. 1975 жылы Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы туралы Актісіне қол қойған қала:

  4. 1995 жылы Еуропа Одағына толық мүшелікке өткен Скандинавия елдері:

  5. 1968 жылы Чехословакияға әскери күштерін кіргізген елдер:

  6. II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық шиеленістердің негізгісі:

  7. «Қырғи-қабақ соғысының» негізгі орталығына айналған 1949 жылы құрылған әскери-саяси ұйымның бірі:

  8. II дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс пен Шығыс топтарына жатпайтын елдердің атауы:

  9. 1947 жылы Таяу Шығыс жанжалы басталған елдер:

  10. 1962 жылы Куба дағдарысын туғызған оқиға:

  11. 1975 жылы Еуропаның 33 мемлекеті қол қойған акті:

  12. «Қырғи-қабақ соғыс» кезеңі яқталды:

  13. Еуропалық экономикалық қоғамдастық құрылған жыл:

  14. Варшава Шарты Ұйымы құрылды:

  15. Еуропалық одақ елдерінің 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізген іс-шарасы:

  16. Кариб дағдарысы болған жылдар:

  17. 1963 жылы тамызда Мәскеуде қол қойылған келісім:

  18. 2002 жылы осы елдің кіруімен «Үлкен жетілік» «Үлкен сегіздікке» айналды:

  19. «Дүниежүзілік коммунизмді» тежеу мақсатын көздеген Грекия мен Түркияға қатысты құжат:

  20. 1948 жылы Кеңес әскерлерінің Батыс Берлинді қоршау себебі:

  21. 1948-1949 жж. Берлин дағдарысын туғызды:

  22. 1949 жылы социалистік елдердің құрған экономикалық ұйымы:

  23. 1956 жылы Египетке қарсы үш елдің басқыншылығының себебі:

  24. 1955 жылы Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елі қолдаған қозғалыс:

  25. 1962 жылы Қытай басшылығы «Кеңес ревизионмистерінің «бүлдіру әрекеті» деп айыптаған оқиға:

Тақырыптың тесті





































3. Америка Құрама Штаттары

Конспект

1945 жылы 12 сәірде Ф.Рузвельт қайтыс болуына байланысты, АҚШ президенті орнын басқан Гарри Трумэн АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады деп мәлімдеді. 1930 жылы бейтараптық және оқшауланушылық келмеске кетті.

АҚШ-та 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды.

1952 жылы Президент сайлауында республикалық партияның өкілі генерал Д.Эйзенхауэр жеңіп шықты. Ол маңызды үш мәселеге - Кореядағы соғыс, нәсілдік қайшылықтар және америкалық фермерлердің жағдайы мәселелеріне тап болды. Ол өз сөзінде тұрып, 1953 жылы 23 шілдеде Кореядағы соғысты тоқтатты. Фермерлік және нәсілдік мәселелердегі істің жайы күрделірек болып шықты. Д.Эйзенхауэр нәсілдік мәселені де соңына дейін шеше алмады.

1960 жылы 8 қарашада өткен сайлауда АШ-тың президенті болып демократиялық партияның 43 жастағы өкілі Джон Кеннеди сайланды.

1960 жылы АҚШ-тағы президент сайлауында демократтар Джон Кеннеди ұсынған «жаңа дәуір» бағытымен жеңіске жетті. Кеннеди өкіметінің «жаңа дәуір» бағдарламасы «тиімді сұраныс» деген кейнстік теория негізінде жасалды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтыну үйлесімін қамтамасыз етуді қарастырды.

АҚШ президенті Джон Кеннеди 1961 жылы тамызда 19 латынамерикалық мемлекеттер қабылдаған «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынды. Оның мақсаты - Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету еді.

1963 жылы 22 қарашада Техас штатында АҚШ президенті Дж.Кеннедиге қастандық жасалып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды.

АҚШ пен Ұлыбритания, Кеңес Одағы 1963 жылы 5 тамызда атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астындағы ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шартына қол қойды.

1965 жылдан бастап АҚШ басқыншылары Вьетнам Демократиялық Республикасында соғыс қимылдарын бастады. 1965-1973 жылдар аралығында АҚШ басқыншылары Вьетнам жерінде ойран салды, бірақ көздеген мақсатына жете алмады. 1973 жылы 27 қаңтарда Париж келісіміне сәйкес, АҚШ соғысты тоқтатып, әскерлерін алып кетті.

60-жылдары нәсілдік қысымшылдыққа қарсы қозғалыстар кең етек жайды.

1968 жылы бұқараның кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдыңғы шебінде афроамерикалықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкер - қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. 1968 жылы 4 сәуір күні Мемфис қаласында М.Л.Кинг атып өлтірілді.

1968 жылы 5 қарашадағы президент сайлауында республикалық партияның өкілі Ричард Никсон жеңіске жетті. Р.Никсон үкіметі зейнетақының, еңбек қабілетінен, асыраушысынан айрылуына байланысты адамдарға төленетін жәрдемақының мөлшерін әлденеше рет арттырды. Никсон әкімшілігі сыртқы саясатта «қарсы тұру заманы» орнына «келіссөздер заманы» келуін жақтады. Ол 1972 жылы мамырда Мәскеуге сапармен келді. Оның барысында екі ел арасындағы қатынастардың сипатын айқындайтын құжаттарға, зымырандардан қорғану жүйесін шектеу туралы шартқа қол қойылды.

1973 жылы Вьетнамдағы соғыстың аяқталғандығы Никсонның сыртқы саяси қызметіндегі үлкен табыс болды.

1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ етті. Бұдан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы «Уотергейт» қонақүйінде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қарсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекеті ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Никсон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.

1976 жылғы сайлауда демократиялық партияның өкілі Джеймс Картер жеңіске жетті. Ақ Үйге келген Картер жұмыссыздық - үкімет жұмысының басты мәселесі болады деп мәлімдеді. 1978 жылы ол әлеуметтік мұқтаждарға 100 млрд. долларға жуық қаржы бөлді. Дж.Картердің сыртқы саясаты құбылмалы сипатта болды. Дегенмен Картер әкімшілігі қабылдаған бірқатар шаралар оңды сиаптта жүргізілді. Бұған ең алдмен, 1979 жылы Венада стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы кеңес - американ шартына қол қойылғанын атауға болады.

1980 жылы сәуірде Картер бұйрығымен Иранда кепілдікке алынған америкалықтарды босатпақ болып әуе десанты жөнелтілді. Бірақ Иранның әуе шабуылынан қорғану күштері ол ұшақты атып түсірді. Осы сәтсіздіктер халық тарапынан күшті сынға түсті.

1980 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда республикалық партия өкілі Р.Рейган жеңіске жетті.

Рейган келісімен елде жаңа консервативтік бағытқа бет бұрушылық байқалды. Республикашылдардың әлеуметтік-экономикалық саясаты «рейганомика» деп аталды.

Рейганның экономкиалық саясатына тән болған жағдайлар - жеке меншік кәсіпкерлікті қолдау, Пентагоннан басқа барлық ведомстволардың бюджетін қысқарту, федералдық шығындарды азайту және орташа тапқа бағдарланған әлеуметтік саясат жүргізу болды. 3 млн. мектеп оқушылары тегін ертеңгі тамақтан қағылды. Рейган елдің ішінде қатал бағыт жүргізе отырып, құнсыздануды ауыздықтай алды, экономикалық құлдыраушылықты тоқтатып, жұмысшы қозғалысын тежеді. Сөйтіп ол 1984 жылы екінші мерзімге қайта сайланды. 1984 жылы сайлаудағы жеңістен кейін іле-шала Рейган сыртқы саясатта Бұрынғы бағытын жүргізе беруге тырысты. Солай бола тұрса да, КСРО-дағы өзгерістер АҚШ-тың өзінің стратегиясын қайта қарауға әкеліп соқты. Екі ел арасындағы жақындасушылық басталды. Ядролық қарусызданудың бастамасы жасалды.

1991 жылы Мәскеуде екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл - стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті.

1992 жылы кезекті президент сайлауында демократиялық партияның өкілі Б.Клинтон жеңіске жетті. Клинтонның әкімшілігі әлеуметтік бағдарламаларға қаржы салымын құйып, жұмыссыздықты едәуір дәрежеде қысқартты. 20 млн. жұмыс орны ашылды. Клинтон сыртқы саясатта АҚШ-тың дүниежүзілік жетекші ел беделін сақтап, «Рах Americana» - америкалық дүниені орнатуға тырысты.

2000 жылы кезекті президент сайлауында республикашылдар өкілі Дж.Буш (кіші) жеңіске жетті. Ол басты назарды салық реформасына аударды. Бұл реформа дәулетті адамдардың табыстарын бұрынғыдан да көбейтуге тиісті еді. Алайда 2001 жылы 11 қыркүйектегі террористік әрекет халықаралық терроризмге қарсы күресті Буштың ең басты проблемасы деп жариялауына себеп болды.

Қазіргі уақытта терроризм үрейлендіретін сипат алды. Ол тіпті жекелеген мемлекеттердің проблемасы емес. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2005 жылы 60-сессиясы осының дәлелі. Онда талқыланған негізгі мәселелердің бірі - халықаралық терроризмге қарсы күрес проблемасы болды.

1994 жылы ақпанда «демократиялық әріптестік туралы Хартияға» қол қойылуының АҚШ-Қазақстан қарым-қатынастары тарихындағы рөлі маңызды болды. Ол Қазақстан мен АҚШ арасында тең құқықты достық қатынастар орнатылғанын дерек ретінде айқындап берді. Қазақстан Республикасының Президенті АҚШ-тың саяси және іскер жоғары дәрежелі қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді. 2006 жылы мамырда АҚШ-тың вице-президенті Дж.Чейнидің Қазақстанға келген сапары және оның Н.Назарбаевпен кездесуі осының дәлелі болды.

Конспект сұрақтар

  1. 1994 жылы ақпанда қабылдаған АҚШ пен Қазақстан арасында тең құқықты достық қатынастарын орнатқан құжат:

  2. Латын Америкасы елдеріне «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынған президент:

  3. АҚШ-тың Солтүстік Вьетнамға қарсы агрессиясы басталған жыл:

  4. Стратегиялық қаруларды қысқартудағы АҚШ пен КСРО арасындағы бетбұрысты көрсеткен келісімшарт:

  5. 1968 жылы атып өлтірілген АҚШ-та нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалысты ұйымдастырушы:

  6. 1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның өз еркімен қызметінен кетуіне себеп болған саяси жағдай:

  7. ХХ ғ. 60-70 жж. АҚШ-ғы нәсілшілдікке қарсы күрестің көшбасшысы, қара түсті халықтың өкілі:

  8. 1963 жылы 22 қарашада қастандықпен өлтірілген АҚШ президенті:

  9. 1965 жылдан 1973 жылға дейін АҚШ соғыс жүргізген ел:

  10. 1960 жылы президенттік сайлауда «жаңа дәуір» бағытымен жеңіске жеткен президент:

  11. АҚШ-та 1947 жылы қабылданған қәсіподақ құқығын шектеу, ереуіл ұйымдастырудағы кәсіподақ қызметі туралы заң:

  12. 1945 жылы «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады» деп мәлімдеген АҚШ президенті:

  13. Мәскеуде 1963 жылы 5 тамызда қол қойылған келісім шарт:

  14. АҚШ-та «Уотергейт жанжалы» болған жыл:

  15. АҚШ-тағы 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан соң туындаған әлемдік проблема:

Тақырыптың тесті









































4. Батыс және Оңтүстік Еуропа елдері

Конспект

1945 жылы 5 шілдеде Лейбористік партияның жетекшісі Клемент Эттли өкімет басына келіп, банк, көмір өнеркәсібін, электр энергетикасын, газ өнеркәсібін, ішкі транспорт пен байланыс құралдырын ұлт меншігіне алу ісін жүргізетіндіктерін жариялады. Жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақылар көбейтілді. Тегін денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп, тұрғын үй құрылысы басталды. Лейбористедің сыртқы саясаты, АҚШ саясатының ықпалымен жүріп жатты. К.Эттлидің үкіметі НАТО блогын құруды жақтап шықты. Бірақ лейбористік үкімет Үндістанның, Бирманың және Цейлонның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.

1951 жылы 25 қазанда лейбористер парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізді, онда консервативтік партия жеңді. У.Черчилль үкімет құрып, оған басшы болды. Тарихқа «босқа өткен 13 жыл» деген атпен енген консерваторлардың билігі басталды.

У.Черчилль қызметтен кеткен соң консерваторлық кабинеттің басшылығына А.Иден (1955-1957 жж.) келді. Жаңа премьер-министр бұрынғы кабинеттің саясатын жалғастырып, кабинет құрамындағы орта буынның соңына қосылды. 1956 жылы Суэц каналы аймағындағы тартыстың сәтсіздігі А.Иден кабинетінің қызметтен кетуіне себеп болды.

1957-1963 жж. жаңа үкіметті консерватор Г.Макмиллан басқарды. Г.Макмиллан жетекшілігі кезінде мемлекеттік саясатты жаңарту әрекеті байқалды.

1964 жылы парламент сайлауында лейбористердің жетекшісі Гарольд Вильсон үкіметке жаңа басшы болып келді.

1970 жылы болған парламент сайлауында консервативтік партия жеңіске жетіп, жаңа үкіметті Эдуард Хит басқарды. Оның билігі кезінде Солтүстік Ирландиядағы саяси дағдарыс өзінің жаңа кезеңіне енді. 1972 жылдан бастап Англияда төтенше заңдарды қолданудан тікелей басқару тәртібі енгізілді. Сыртқы саясатта консерваторлар өздерінің НАТО-ны нығайтуды қолдайтындықтарын көрсетті Консерваторлар «ортақ» рынокқа қосылуды өте маңызды саяси міндет деп санады. Мұндай қосылу 1973 жылы 1 қаңтарда орын алды.

1974 жылы консерваторлар мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді ұйғарып, жеңіліп қалды. Жаңа үкіметті лейбористік партияның жетекшісі Г.Вильсон құрды. 1973жылы лейбористік партияның жетекшісі болып Джеймс Калагэн сайланды. Ол «әлеуметтік байланыстар» бағдарламасын жариялады. Бағдарламаның мәні «түбегейлі және сөзсіз» өкімет пен байлықты, жұмысшыларға пайдалы болатындай етіп қайта бөлу үшін, кәсіподақтар мен өкімет арасында тең шарттық қатынастар орнату дегенге саятын. Алайда әлеуметтік байланыстар бағдарламасы толығынан жүзеге асқан жоқ. 1979жылы сайлаудың қорытындысы алдын-ала белгілі болды. Аса белсенді жаңа жетекші Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар жеңіске жетті.

М.Тэтчердің саясаты тарихқа «жаңа консерватизм» немесе «тэтчеризм» деген атпен енді. Консерваторлар экономика жағдайының жақсаруы тек нарық экономикасына толық көшкенде және жеке меншік кәсіпкерлікті үдете дамытқанда ғана жүзеге асуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Әрбір ағылшын мемлекеттің көмегіне сенім артпай, қоғамда өзінің қажырлығын көрсету арқылы белсенділік танытуға тиіс», - деді.

ХХ ғасырдың 80-жж. Тэтчер үкіметі ағылшын аумағында орта қашықтықта қолданылатын американ зымырандарын орналастыруға келісімін беріп, американ стратегиялық қорғаныс инициативалары (СҚИ) бағдарламасын қолдады.

1982 жылы Фолкленд аралы үшін болған ағылшын-аргентиналық тартыста екі ел арасындағы қайшылықтарды бейбіт реттеуден Ұлыбритания бас тартты. Жеңіске жеткеннен кейін бұл аралдарды милитарландыруға кірісті. Бұл мәселедегі қатал позициясы үшін М.Тэтчер «темірдей қатал ханым» деген атақ алды.

М.Тэтчердің басшылық ету стилі, оның авторитарлығы партияның өз ішінде де, қоғамда да барған сайын наразылық туғызды. Консервативтік партияда жіктелушілік өршіп келе жатты. Сондықтан оны болғызбау үшін 1990 жылы М.Тэтчер жұмысынан кетіп, орнына консервативтік партияның жаңа жетекшісі Дж.Мейджор келді.

Дж.Мейджор үкіметі шағын кәсіпкерліктің дамытылуын барынша қолдады. Оған берілетін жеңілдіктерді реттеу үшін «шағын кәсіпкерлік хартиясы» деп аталған арнаулы құжат қабылданды. Солай болса да елдегі экономикалық жағдай нашарлай берді. Елде баспанасыздар саны көбейіп, жарты млн. адамға жетті. Осының бәрі ағылшындардың арасында үрей туғызып, консерваторлардың беделін жоққа шығара бастады.

1997 жылы өткен кезекті парламент сайлауында лейбористер жеңіп шықты. Лейбористік партияның жетекшісі Тони Блэр үкімет құрды. 1999 жылы үкімет жұмыспен қамтамасыз етуді қолдауға мемлекет бөлетін қаржыны қысқартуды көздейтін бағдарлама қабылдады. Бұған тек жастар ғана қамтылмайтын еді, оларға арнап жұмыспен қамтамасыз ету кепілдіктерін енгізу көзделді. 1999 жылы үкімет лордтар палатасы реформасының жобасын жасады. Бұл жобада мұрагерлікке байланысты артықшылықты жою көзделді.

Т.Блэрдің ең маңызды деген қадамы Ольстер мәселесінде табысқа жеткендігі болды. АҚШ-тың қатысуымен Солтүстік Ирландия жөніндегі үш жақты бейбіт шартқа қол қойылып, Солтүстік Ирландияның саяси автономиялық мәртебесі қалпына келтірілді.

Ұлыбритания 2005 жылы террорлық шабуылға ұшырады. Лондон метросында көптеген бейбіт халықтың өмірін қиған жарылыс болды. Осы әрекет үшін жауапкершілікті ислам экстремистері өз мойнына алды. Бұл көші-қон мәселесіне деген ағылшындардың теріс көзқарсын туғызды. 2005 жылы босқындарға статус беру ісін бақылау күшейтілді. Тұрақты тұратын мекенге көшіп барушыларға аттестация берудің балдық жүйесі енгізіліп, елге еркін келу тек қана кәсіпкерлігі жоғары адамдарға ғана рұқсат етілетін болды және кәсіпкерлігі төмен адамдардың еңбек нарығына келуі қысқартылды.

Сыртқы саясатта Лондон Судан мен Ауғаныстанға Американың бомбалап соққы бергенін қолдады. АҚШ-тың Иракқа қарсы «шөлдегі түлкі» деген әскери акцияларына, 1999 жылы Югославияны бомбалауға қатысты.

Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістерге сай кезеңдерге бөлінген. 1946-1958 жж. Төртінші Республика кезеңіне жатады. Социалист Венсан Ориоль оның бірінші президенті болды.

1946 жылы жаңа Конституция бойынша Франция Парламенттік республика болып жарияланды.

Францияда төртінші республиканың аяғынан тік тұруы «қырғи-қабақ соғыстың» басталуымен тұспа-тұс келді. Франция Маршалл жоспарына қосылды, мұның өзі экономикалық тұрақтануды тездетуге көмектесті. 1948 жылы өзінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі соғыстан бұрынғы деңгейден асып түсті. 1947 жылы Роберт Шуман басқарған үкімет іске кіріскенде Францияның сыртқы саясатында бетбұрыс жасалды. 1949 жылы ел НАТО-ға кіру туралы шартқа қол қойды. Францияның сыртқы саясаты барған сайын АҚШ-тың ықпалында қала бастады. Тұтастай алғанда, Францияның осы кезеңдегі сыртқы саясаты «Атлантизм» деген атақ алды. Ол халықаралық істерде және қорғаныс мәселелерінде француз бағытын АҚШ-тың қарулы күштеріне бағындыру деген мағынаны беретін.

1958 жылы сәуірде Францияда саяси дағдарыс туды. Мұны Алжирдегі отаршылдар пайдаланып қалуға тырысты. 1958 жылы 13 мамырда олар Алжирде бүлік шығарды. Нәтижесінде Франция азамат соғысының табалдырығына келіп тірелді.

Жұмысынан кеткен Шарль де Голль осындай жағдайда оңшылдарға қуатты мемлекет құруды, ал демократиялық топтарға Алжирдегі бүлікті тоқтатуды уәде ете отырып, осы іске делдал болып қатысуды ұсынды. 1958 жылы 1 маусымда де Голльдің үкіметі құрылды. Ал 2 маусымда парламент оған шексіз өкілдіктер берді. Де Голль ұлттық жиналыстың таратылатынын хабарлады. Бұл оқиғалар төртінші республиканың өмір сүруін тоқтатты.

1958 жылы 28 қыркүйекте жаңа конституцияның жобасы қабылданды. Конституцияның қабылдануы Францияның бесінші республиканы дамыту кезеңіне енгендігінің нышаны болды.

Бесінші Республика президенті болып сайланған Шарль де Голль бірден Алжирде бейбітшілік орнатуға тырысты. Сөйтіп 1962 жылы 18 наурызда Францияның Эвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік берген келісімдерге қол қойылды.

Де Голль Францияның сыртқы саясаттағы тәуелсіздігі жолын қалпына келтіруге ұмтылды. Оның бастамсымен халықаралық шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған бірқатар қадамдар жасалды. 1961 жылы Франция АҚШ-тың Кубаны қоршауға алуына қарсы тұрып, Гаванадағы өз елшілігін сақтап қалды. 1964 жылы Қытай Халық Республикасын мойындады. Ол АҚШ-тың Үндіқытайға әскери жолмен басып кіруін айыптады. 1966 жылы Франция НАТО әскери ұйымынан шықты. Өз аумағында американ әскери базаларын жойды. Франция мен КСРО арасында экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға де Голль үлкен үлес қосты.

1968 жылы мамыр-маусым айларында жоғары білім жүйесін демократияландыру идеясын көтерген студенттер қозғалысы Шарль де Голльдің қызметтен кетуіне себеп болды.

1969 жылдың 27 сәуірінде де Голльдің ұсынысы бойынша Францияны жаңа аймақтық бөлу туралы және сенат реформасына сәйкес ұсынған екі заң жобасы - Францияның жаңа әкімшілік құрылысы туралы және Сенатты жаңарту туралы заң жобасы белгіленді. Де Голль аталған заң жобалары қолдау таппаған жағдайда саяси қызметтен кететіндігі туралы ойын білдірді. Референдум нәтижесі де Голльдің үмітін ақтай алмады. Ол президенттік қызметтен кетуге мәжбүр болды.

Де Голльдің мұрагері Жорж Помпиду болды. Ж.Помпиду өз саясатының негізгі бағытын мынадай сөздермен белгіледі: «мұрагерлік және келіссөз жүргізу». Мұның мәні оның де Голльдің саясатын, негізінен, жалғастыра бермекші екенін, сонымен бірге саяси қарсыластарымен келіссөздер жүргізуге әзір екендігін білдіргендік еді.

Ж.Помпиду екі астам держава - КСРО мен АҚШ арасындағы қатынастарды теңестіре жүргізген де Голль саясатын ұстанды. Сонымен қатар үшінші дүние елдерінде белсенді саясат жүргізілді.

1974 жылы 2 сәуірде қайтыс болған Ж.Помпиду орнына президенттік қызметке Валери Жискар д Эстен келді. Ол «ойластырылған голлизм» тұжырымдамасын ұсынды.

1981 жылы президент сайлауы қарсаңында коммунистер мен социалистер қайшылықтарды жеңіп, ортақ платформа жасай алды. Солшыл күштердің атынан Ф.Миттеран 1981 жылы жеңіске жетті. Ф.Миттеран үкіметі белсенді, әлеуметтік саясат жүргізетін болды. Жалақы мөлшері арттырылды, отбасына берілетін жәрдем , зейнетақы мөлшері көбейтілді. Зейнетке шығу 65 жастан 60 жасқа дейін азайтылды. Ақы төленетін демалыс мерзімі төрт аптадан бес аптаға дейін ұзартылды. Өлім жазасын беру тоқтатылды. Миттеранның үкіметі бірқатар кәсіпорындар мен банкілерді ішінара ұлт меншігіне алуды жүргізді. Ф.Миттеран өзінің саясатын «француз үлгісіндегі соиализм» деп атады.

1986 жылы парламент сайлауы болып, онда оңшыл партиялар жеңіске жетті. Жаңа үкіметті Жак Ширак басқарды. Оның кезінде елдің сыртқы саясатында бірқатар түзетулер енгізілді. Ядролық қаруды сынауға тыйым салу тоқтатылды. Франция НАТО әскери ұйымына қатысуын одан әрі дамыта түсті.

1946 жылы Баварияда Ф.И.Штраус бастаған Христиандық әлеуметтік одақ (ХӘО) партиясы құрылып, К.Аденауэрдің саяси бағдарламасын жақтайтындығын мәлімдеді.

Германияның батыс аймағында жаңа конституцияны дайындайтын парламенттік кеңес құрылды. Осының негізде 1949 жылы 14 тамызда бундестаг сайлауы (парламенттің төменгі палатасы) өткізілді. Жоғары палата - бундесрат - жергілікті өкілдерден құрылды. 1949 жылы 7 қыркүйекте бундестаг және бундесрат конституцияны бекітті және Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. 20 қыркүйекте ХДО партиясының жетекшісі К.Аденауэр ГФР үкіметін құрды.

Шығыс Германияның астанасы Берлинде Халықтық кеңес 1949 жылы 7 қазанда жауап ретінде Герман Демократияллық Республикасын (ГДР) жариялады. К.Аденауэр кезінде Батыс Германияның экономикасы қарқынды өсіп отырды. Ол мақсатшыл және өктемшіл саясаткер екенін көрсетті. Ең алдымен, өнеркәсіптің жаңа салалары - пластмассалар, синтетикалық талшық, электрондық құрылғылар өндірісі тез қарқынмен өркендеді. Елдің бұлайша дамуы «экономикалық ғажап» деп аталды.

К.Аденауэр сыртқы саясатта Батыс Еуропалық ықпалдастық, 1949 ж. Батыс Германия Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымына кірді. 1955 жылы НАТО-ға кірді. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қоғамдастықты құрушы болды. К.Аденауэр ГДР-ді танудан бас тартты.

ГДР халқының ауа көшуін тоқтату үшін 1961 жылы 13-14 тамызында Берлин қабырғасы тұрғызылды. Берлин қабырғасы тек мемлекеттерді ғана емес, ұлтты да бір-бірінен бөлудің нышанына айналды.

1982 жылы Үкіметтің бірлігі жойылып, Г.Шмидт қызметтен кетуге мәжбүр болды. 1983 жылы көктемінде өткен сайлауда өкімет билігі ХДО/ХӘО тобына өтіп, оның жетекшісі Гельмут Коль 1998 жылға дейін канцлер орнын ұстап келді.

Г.Коль (1983-1998 жж.) христиандық-демократиялық қозғалыстың неоконсервативтік идеологиясын үйлестірді. Әлеуметтік-экономикалық саясатта жаңа үкімет салық мөлшерін азайтты, мемлекеттік шығындарды кемітті. Мемлекет кейбір салалардағы кәсіпорындарды жекешелендіріп, шағын электроника мен телекоммуникация салаларында жаңа технологиялар енгізді.

1990 жылы қазанда Германияның біріктірілуі Г.Кольдің есімімен байланыстырылды. Бұл жағдай оның беделін мықтап көтерді. Сондықтан 1994 жылы сайлауда Г.Кольдің кезекті жеңіске жетуі заңды еді.

2005 жылы қарашада болған Бундестаг сайлауында бірде-бір бәсекелесуші топтар көпшілік дауыс ала алмады. Германия социал-демократиялық партиясы ХДО/ХӘО-дан канцлерлікке өкіл болып отырған Ангела Меркельді тағайындауға келісті, ал есесіне өздеріне министрлік қызмет орнының көбірек берілуін талап етті.

Германия канцлері А.Меркельдің шақыруымен 2007 жылы қаңтарда ГФР-ге Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев барды.

1947 жылы желтоқсанда жаңа Конституция қабылданып, Италия республика болып жарияланды. Конституция бойынша, мемлекет басшысы - президент парламенттің екі палатасының біріккен отырысында сайланса, екі палата - Депутаттар Палатасы мен Сенат - барлық азаматтардың қатысуымен сайланды.

Бірінші республикалық парламент сайлауы 1948 жылы сәуір айында өтті. 48% дауысқа ие болған Христиан-демократиялық партиясы жеңіске жетті. ХДП-ның жетекшісі Де Гаспери төрт партия үкіметін құрды, оған христиандық демократтар, социал-демократтар, республикашылдар және либералдар кірді.

1948 жылы Италия Маршалл жоспарына қол қойды. Италияның экономикалық дамуы американ көмегінен бастау алады.

50-жылдарррдан бастап елдің шаруашылығы тез өркендей бастады, мұны итальяндық «экономикалық ғажап» деп жариялады. Өнеркәсіп өндірісінің ж. сайынғы қосымша өсуі орта есеппен 10% жететін болды. Елдің «ортақ рынокқа» 1957 жылы кіргені өнімдерді өткізу мүмкіндіктерін ұлғайтты. Сонымен қатар мемлекеттік - монополистік реттеу, ең алдымен, ірі мемлекеттік сектордың күшейгені шаруашылықтың өсуіне септігін тигізді.

Солтүстік-Батыс Италияда (Милан, Генуя, Турин қалалары) аса ірі өнеркәсіптік өндіріс алдыңғы қатарлы технологиямен жарақтандырылды.

1974-1975 жж. дағдарыс - ең ауыр дағдарыс болды. 70-жылдары елден жыл сайын 300 мың адам көшіп кетті. Экономикалық қиыншылықтар оларды елден кетуге мәжбүрледі. Бұған қаладан ауылға жаппай көшу қосылды.

Ел ішінде қалыптасқан жағдай социалистерді 1976 жылы ХДП мен коалицияда болуын тоқтатып, өкімет құрамынан шығуға және мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті.

ХДП-ның көрнекті өкілі Альдо Моро үшінші фаза идеясын ұсынды, ол компартияны елді басқару ісіне қатысуға шақырды. Бұл кезде компартия тарихи ымыраласу идеясын жақтайтын еді.

1976 жылы маусымда болған сайлауда коммунистер 34,4 %, социалистер 9,6 % дауыс алды. Бұл екеуі 38,7 % алған ХДП-дан озып түсті. Алайда ХДП өкілдерінен тұратын бірпартиялық үкімет құрылды. Оны Джулио Андреотти басқарды.

Бүгінгі Италия - өнеркәсібі жағынан жоғары дамыған ел. Ең жаңа техникалық жетістіктердің негізінде машина жасау мен химия өнеркәсібінің және басқа бірқатар салалардың ірі кәсіпорындары жаңарды, жаңа зауыттар салынды.

Жаппай қоныс аударушылық Италияға тән ахуал. Бұған шаруалардың тұрмыс жағдайының ауырлығы, жұмыссыздық және жұмысшылар жалақысының төмендігі себеп болып келеді. Итальян еңбекшілерінің тұрмыс деңгейі Еуропадағы дамыған капиталистік елдер арасындағы ең төмен деңгей болып саналады.

Конспект сұрақтар

  1. 1982-1998 жж. аралығындағы Германия Федеративтік Республикасының Үкімет басшысы:

  2. ГФР канцлері К.Аденауэрдің билік құрған жылдары:

  3. Герман Федеративтік Республикасы құрылған кезең:

  4. Францияда «қызыл мамыр» атауына ие болған оқиға:

  5. 1969 жылғы референдумда Шарль де Голль ұсынған екі заң жобасы:

  6. Фолкленд (Мальдвины) аралдары үшін ағылшын-аргентина соғысы болған жыл:

  7. Италияда төрт партиялық үкімет құрылған жыл:

  8. 1982 жылы Фолкленд аралдары үшін таласқа түскен мемлекеттер:

  9. Шарль де Голльдің қызметтен кетуіне себеп болған Париж студенттерінің жаппай ереуілі болған жыл:

  10. Эвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойылған жыл:

  11. Италия экономикасының шарықтап даму кезеңі:

  12. Францияның Президенті Жорж Помпидудың жаңа саяси бағытының атауы:

  13. 80-жж. ГФР-да жаңа технологиялар енгізілген сала:

  14. 1945-1951 жж. Ұлыбритания үкіметін басқарған лейбористік партия жетекшісі:

  15. 1957-1963 жж. Англияда жаңа үкіметті билеген консерватор:

  16. 1946 жылы Баварияда құрылған Ф.Й.Штраус бастаған партия:

  17. 1946-1958 жж. Францияда орнаған республика:

  18. Франциядағы Төртінші Республика кезеңі:

  19. ХХ ғасырдың 80-жж. АҚШ-тың орта қашықтықтағы ядролық зымырандарын Батыс Еуропаға орналастыруға қолдау көрсеткен ел:

  20. Германияның ГДР және ГФР болып екіге бөлінген жылы:

  21. 1949 жылы Германияның батыс жағында құрылған мемлекет:

  22. 1946 жылғы жаңа Конституция бойынша Францияның мемлекеттік басқару формасы:

  23. ГФР мен ГДР-дің бірі-біріне қарсы тұрушылығының символына айналды:

  24. 1990 жылы біріккен Германияның бірінші канцлері болды:

  25. 1990 жылы М.Тэтчердің орнына келген, 52- премьер-министр:

Тақырыптың тесті























5. Жапония. Корея республикасы

Конспект

1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы Актіге қол қойды. Потсдам келісіміне сай елді АҚШ әскерлері басып алды.

1946-1949 жж. Жапонияда аграрлық реформалар жүргізілді. Помещиктердің жер иелігінде 3 га жер қалдырылды, қалған жер көбіне жалдап алушыларға сатылды. Аграрлық реформалар ауыл шаруашылығындағы капитализмнің дамуын тездетті.

АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез дами бастады. Бұған қосымша 1950-1953 жж. Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды.

1950-1960 жж. ғылыми-техникалық революция нәтижелерін жапондықтар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу, т.б. әдістер кеңінен қолданылды.

50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде Жапонияның «экономикалық ғажабы» деген атақ алған экономикалық өрлеу басталды.Экономиканың өрге басу себептерінің бірі негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы еді. Мұнымен бірге Жапонияның әскери шығындарының аздығы да маңызды рөль атқарды.

1956 жылдары 19 қазанда Жапония Москвада КСРО мен екі ел арасындағы араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойды. Алайда бітім туралы мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап келеді.

Жапон экономикасының отын-шикізат ресурстарымен қамтамасыз етілмегендігі салдарынан туындаған осал жақтары, 70 жж. ортасы - 80 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар кезінде көзге түсуі, оның құрылымын қайта құру қажеттігін көрсетті.

80 жылдары өнеркәсіптің ғылымды көп пайдаланатын салалары - электрониканың, компьютерлер шығару, телекоммуникациялық және бақылау-өлшеу жабдықтары, автоматтандыру құралдары, жаңа материалдар, биотехнология салалары алдыңғы шепке шықты. Ғылыми-техникалық зерттеулерді қарж.андырумен салыстырғанда патенттер мен лицензиялар сатып алу кейінгі шепке ысырылды. 1991 ж. Жапония еңбек өнімділігінің деңгейі жағынан Батыс Германия елдерін басып озып, АҚШ деңгейінің 90%-на дейін жетті.

1945 ж. тамызда 38-параллельдің солтүстігіндегі Кореяны Кеңес Армиясы азатт етті. АҚШ әскерлері 1945 ж. қыркүйекте Кореяның оңтүстігіне барып түсті. 38-параллель Корей түбегі аумағында жапон қарулы күштерін тұтқындап, қарусыздандыру үшін келген кеңес және американ әскерлері арасындағы шекараға айналды.

1948 жылы мамырда Оңтүстік Кореяда ұлттық жиналыстың сайлауы өткізілді, ол мемлекеттің атын - Корея Республикасы деп атады, Кореяның бүкіл аумағында КР-нің егемендігін жариялаған конституцияны қабылдады және республика президенті етіп Ли Сын Манды сайлады.

Өздерін бірден-бір заңды және Кореяның бүкіл аумағына иелік етушіміз деп жариялаған екі Корей мемлекетінің пайда болғаны олардың арасында текетірес туғызды. 1950 жылы 25 маусымда КХДР бірінші болып ұрыс қимылдарын бастап, Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулді басып алды да, оңтүстікке қарай ж.жыды. АҚШ КР-на басқыншылық жасады деп КХДР-ді айыптады. 1950 жылы қыркүйекте АҚШ Кореяға ірі десант түсіріп, жағдайды өзгертті де, Солтүстік Кореяның бүкіл дерлік аумағын басып алды, сөйтіп Корей-Қытай шекарасынан келіп шықты. Бұл жағдай соғысқа Қытайдың араласуына себепші болды. КСРО КХДР-ге көмек көрсетті. Одан кейінгі ұрыс-қимылдары бұл соғыста жеңіске жетуге болмайтындығына екі елдің көзін жеткізді. 1953 жылы 27 шілдеде Кореядағы бітім туралы келісім жасалды.

1958 жылы Ли Сын Ман мемлекет қауіпсіздігі туралы жаңа заңды қабылдатуға қол жеткізді. Ол заң демократиялық партиядан басқа оппозициялық партиялардың бәрін таратуға мүмкіндік берді. Президенттің орнатқан авторитарлық режимі парақорлықтың, заңсыздықтың және озбырлықтың өсуімен бірге етек алды.

Мұның өзі қоғамның барлық топтарының наразылығын туғызып, бұқаралық шерулер басталды. Ли Сын Ман оны күшпен басуға тырысып, Сеулге әскер кіргізіп, шеру жасаушыларға оқ атылды. Оған жауап ретінде қалада президентке қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті. Армия қару қолданудан бас тартты. Парламенттің кезектен тыс мәжілісінде президентті қызметтен тайдыру және жаңа сайлау өткізу туралы қарар қабылданды. 1960 жылы 27 сәуірде Ли Сын Ман биліктен бас тартатыны туралы мәлімдемеге қол қойып, елден кетті.

60-жж. ортасында үкімет «экспорт арқылы индустрияландыру» саясатына көшті. Ол үшін экспорттық өндірістерді дамытудың, коммерциялық қарыздар мен қаржы салымдары түрінде шетел капиталын тарту, алынған қаржылардың тиімді пайдаланылуына мемлекет тарапынан бақылау орнату үшін арнаулы шаралар қолданды.

Үкімет ішкі қаржы ресурстарын мейлінше іске жұмылдыруға көмектесетін салық жүйесін жасап, енгізді. Ол елге келіп түскен валюта қаржысын өндірістік мақсаттарға пайдалануды бақылап отырды, озық технологиялық негізде құрылған және өнімдерді экспорттауға бағыт ұстаған кәсіпорындар үшін жеңілдіктер енгізді.

Мемлекеттің реттеушілік рөлі мынадан көрінді: дамудың әрбір кезеңінде ол өндірістің бірінші шектегі салаларын анықтап отырды, олардың дамуын тездетуді несие-қаржы шаралары арқылы қамтамасыз етті. Мемлекет инфрақұрылымы жағынан бірнеше «индустриялық аймақ» құрды, оларда жеке меншік кәсіпкерлер жеңілдік шарттарын пайдаланып, электрониканы, электротехниканы, өнеркәсіп жабдығын өндіретін кәсіпорындар құра алды.

Конспект сұрақтар

  1. Соғыстан кейін Жапонияда аграрлық реформалар жүргізген жылдар:

  2. 1945 жылы 2 қыркүйекте тізе бүгу туралы Актіге қол қойды:

  3. Жапонияны қалпына келтіруге көмектескен ел:

  4. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін игеруде озған ел:

  5. 1956 жылы 19 қазанда Москвада КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірген Декларацияға қол қойған ел:

  6. 1948 жылы Конституция бойынша Италияның мемлекеттік басқару формасы:

  7. Италияның өнеркәсіп өндірісі жоғары дамыған аймағы:

  8. Христиан демократиялық партиясының жетекшісі Альдо Мороның үшінші фаза идеясының мәні:

  9. Корей түбегін азат етуге келген кеңес әскерлері мен американ әскерлері арасындағы шекара:

  10. 1958 жылы желтоқсанда Шарль де Голль президент болып сайлануымен орнаған:

  11. Корея Республикасы орнаған жыл:

Тақырыптың тесті



















6. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Конспект

1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Бірінші сессиясы 1946-1950 жж. аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық жоспар қабылдады.

1946 жылы Конституцияға сәйкес КСРО қоғамдық және саяси ұйымдары қалпына келтірілді. Халық Комиссарлары Кеңесі енді Министрлер Кеңесі болып, ал Халық Комиссариаттары министрліктер болып қайта құрылды.

Алайда «суық-соғыстың» басталуы елдің ішкі саяси өміріне де әсер етті. 1946 жылы жазда ұсақ буржуазиялық жекеменшілдікке және «шетелдік ықпалға» қарсы күресу науқаны басталды.

1946 жылы 14 тамызда «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы партияның Орталық Комитеті қаулы қабылдады. Бұл журналдардың біріншісі жауып тасталынды, екіншісіне кеңес өмір салтына жат идеолгияны насихаттағаны үшін сөгіс жарияланды. А.Ахматова мен М.Зощенконың шығармалары қатаң сынға алынды.

Кейінірек «формалист-композиторларға» қарсы науқан басталды. Олардың қатарына С.Прокофьев, А.Хачатурян, Д.Шестокович және Н.Мясковский жатқызылды.

Соғыстан кейінгі көңілсіз жайттың келесі әрекеті «Ленинград ісі» болды. Бұл Ленинградтың бірқатар көрнекті партия, кеңес және шаруашылық қайраткерлеріне қарсы ұйымдастырылған істердің тобы болды.

1952 жылы күзінде «Дәрігерлер ісі» туды. 1953жылы 13 қаңтарда «Зиянкес-дәрігерлер тобының қамауға алынуы» деген тақырыппен ТАСС хабары жарияланды. Онда дәрігерлер А.Ждановтың сырқатын пайдаланып, теріс емдеу әдістерін белгілеген деп айыпталды.

1952 жылы қазанда партияның ХIХ сьезі болып, ол партияның атын БК(б) П дегенді өзгертіп, Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы деп атады.

1953 жылы 5 наурызда Сталин қайтыс болды. 1953 жылы қыркүйекте өткен пленумда Н.С.Хрущев КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

Орталықтың, ал кейбір жағдайда бірінші хатшының өзінің бастамасы бойынша бұл кезде жерді республикалар арасында шұғыл түрде қайта бөлісу жүріп жататын. Өзбекстан Тәжікстанға 50 млн. гектардан астам, Қазақстан Өзбекстанға 3,5 млн. гектар жерін берді. РКФСР Украинаға Қырымның аумағын түгел берді. Бұл әрекеттердің бәрі берілетін аймақтар тұрғындарының келісімінсіз және олардың ашық талқылауынсыз жүргізілетін.

50-жж. екінші жартысы мен 60-жж. бірінші жартысы ғылымның, ғылыми-техникалық дамудың жедел қарқын алуы тән сипат болды. КСРО ғарыш кеңістігін игеру жолына түсті, атом энергиясын бейбіт мақсаттарға қолдану басталды, химия өнеркәсібі қарыштап дамыды.

1964 жылы 14 қазанда КОКП-ның пленумында Н.С.Хрущевті елдегі ұжымдық басқарудың принциптерін бұзғаны және Қытаймен арадағы қатынасты ушықтырғаны үшін қызметтен босатты. КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды.

Өкімет билігіне келген Л.И.Брежнев бастаған партиялық-әкімшілік топ өзінің саяси және әлеуметтік-экономикалық бағытын жүргізуге кірісті. 1965 жылы экономикалық реформа 1965 жылдан 1970 жылға дейінгі сегізінші бесжылдық жылдарында өзін неғұрлым табысты түрде көрсетті. Өнеркәсіп өндірісі 50% өсті. Мың тоғыз жүздей ірі кәсіпорындар салынды, олардың қатарында Тольяттидегі Волга автозауыты да бар. 1970 жылы осы зауыт алғашқы «жигулилерді» шығара бастады. Ауыл шаруашылығы өндірісі 20% өсті. Кеңес адамдарының материалдық әл-ауқаты жақсарды. Теледидарлар, тоңазытқыштар, радиқабылдағыштар күнделікті өмірге енді. Тұрғын үй құрылысы қарқын алды.

1982 жылы 10 қарашада Л.Брежнев қайтыс болды. КОКП Оталық Комитетінің Бас хатшылығына Ю.В.Андропов сайланды. Ол өндірісті интенсивтендіру ісін тездету, кәсіпорындардың дербестігі туралы мәселені шешуге көшу туралы талаптар қойды. Мектеп реформасын әзірлей бастады. 1984 жылы ақпанда Ю.Андроповтың өлімі оның өз идеяларын іс жүзінде орындалуына бөгет болды.

КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне К.Черненко сайланды.

1985 жылы наурызда К.Черненконың қазасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туды. Кеңес қоғамында көптеген реформалар басталды. Бұл қайта құру деп аталды.

1986 жылы КОКП-ның ХХVII сьезі КСРО ұлттық мәселесі толық шешілді деп әдейі мәлімдеме жасады. Алайда көп ұзамай Алматыда желтоқсан оқиғалары орын алды. 1987-1988 жж. Ферғанада, Наманганда, Ош облысында, Сумгаитте ірі қақтығыстар болып өтті.

Ұлттық республикалардың көпшілігінде жікшіл күштер орталықтың әлсіздігін пайдаланып, өз әрекеттерін жандандырды. 1990 жылдың көктемі мен жазында, ең алғашқысы болып Балтық бойы республикалары, Латвия, Литва және Эстония өздерінің ұлттық егемендігін жариялап КСРО-дан бөлініп кетті және ТМД-ға мүше болудан бас тартты.

Ал одан кейін КСРО-ның басқа республикалары, оның ішінде РКФСР ұлттық егемендік туралы Декларация қабылдады, іс жүзінде өздерін одақтық мемлекеттке қарсы қойды. Бұл үдеріс «егемендік парады» деп аталды және елді біржолата ыдыратуға жақындата түсті.

1991 жылы 19 тамызда Горбачевтің төңірегіндегі мемлекеттің жоғары қызметтегі адамдары оны қызметтен тайдырып, бүлік шығарды. Олар елдегі тәртіпті қалпына келтіріп, КСРО-ның ыдырауына жол бермейтінін мәлімдеп Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрды.

19 тамыз күні Б.Ельцин ТЖМК әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай ереуілге шақырды.

1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, УКСР және БКСР Беловеж тоғайында Белоруссияның Брест түбіндегі «Вискулидегі» резиденциясында жиналып, КСРО-ның таратылғаны және «Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының» (ТМД) құрылғаны туралы мәлімдеді. 21 желтоқсанда Алматыдағы кеңесте ТМД-ға тағы да 8 республика қосылды.

Республиканың егемендігін жариялауға байланысты енді президентті бүкіл халық болып сайлау қажеттігі туды. Қазақстанда 1991 жылы желтоқсанның 1 күні сайлау өтіп, халықтың 98,78% Н.Назарбаевқа дауыс берді. Желтоқсанның 10 күні салтанатты түрде ант қабылдап, халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті.

1991 жылы 10 желтоқсанда республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.

1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы КСРО құрамындағы Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан,Украина басшыларының кеңесінде ТМД құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.

1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев ыдыраған мемлекеттің президенті ретінде өзінің қызметін тоқтататындығы жөнінде мәлімдеді. КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты.

1999 жылы 31 желтоқсанда президент Б.Ельцин өзінің қызметтен кететіндігін жариялады. Ол президент міндеттерін уақытша атқарушы етіп үкіметтің төрағасы В.В.Путинді тағайындады. 2000 жылы 26 наурызда президент сайлауы болды. Онда В.В.Путин жеңіске жетіп, Ресей Федерациясының Президенті болып сайланды.

Орталық Азия аумағындағы елдер Біртұтас Орталық Азия кеңістігі одағын құруға мүдделі. Астана-Душанбе-Бишкек 2008 жылы маусым айында Ташкент пен Ашхабадтың шешімін күтпей Орталық Азиялық кеңістік Одағын құруға бел байлады.

2004 жылы наурызда Ресей Федерациясының президент сайлауы болды. 6 кандидат ұсынылды. В.Путин 71,2% дауыс алып бірінші орынға шықты. 2004 жылы күзде мемлекеттік өкімет жүйесінде реформа жүргізілді. Губернаторларды жалпы ұлт болып сайлаудан енді Ресей президентінің ұсынысы бойынша федералдық парламенттерде бекітуге көшу басталды. Әлеуметтік салада зейнетақы, бала туғанда берілетін жәрдемақы көбейтілді, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы арттырылды. Сонымен қатар әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету шаралары қолданылды.

2008 жылы Ресей президенті Д.Медведев Ресей Федерациясының сыртқы саясаты жөніндегі жаңа тұжырымдамасына қол қойды. Бұл құжатта Ресей елінің халықаралық саясаттағы негізгі нысаналы мәселелері айқындалды және Ресей елі НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын ашық түрде қаламайтындығын атап көрсетіп, Украина мен Грузияның НАТО құрамына қабылдануына қарсылығын білдірді.

Конспект сұрақтар

  1. КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты:

  2. ТМД құрылған жыл:

  3. Қазақ ССР-нің атауын өзгерту туралы заң қабылданған кезең:

  4. ТМД құрылғаны туралы алғашқы шарт қабылданды:

  5. ТМД құрылғаны туралы алғашқы шартқа қол қойған мемлекеттер:

  6. 2000 жылы 26 наурыздағы Ресейдегі президенттік сайлауда жеңіске жетті:

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы сайлауы өтті:

  8. КСРО-да «егемендік парады» өтті:

  9. 1991 жылы 8 желтоқсанда ТМД-ның құрылғандығы жарияланды:

  10. КСРО-ның ыдырауына қарсылық көрсеткен оқиға:

  11. 1985-1991 жж. Кеңес елінің бірінші басшысы болды:

  12. 1964 жылы қазанның 14-де КОКП ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды:

  13. ТМД-ға мүше емес бұрынғы КСРО республикалары:

  14. М.С.Горбачев қабылдаған реформасы:

  15. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылу мақсаты:

  16. «Қайта құру» саясатын жүргізген президент:

  17. 1991 жылы 25 желтоқсандағы М.С.Горбачевтің мәлімдемесі:

  18. 1991 жылы 21 желтоқсанда болған оқиға:

  19. 2008 жылы маусымда Біртұтас Орталық Азия кеңістігі одағын құруға қатыспаған елдер:

  20. НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын қолдамайтын ел:

  21. КСРО-ғы қайта құруды бастаған саяси жетекші:

  22. КСРО-ғы қайта құру кезеңі:

  23. Соғыстан кейін қатал сынға алынған жазушылар:

  24. 1946 жылы Халық Комиссарлары Кеңесінің қайта құрылуынан кейінгі атауы:

  25. КСРО-да төртінші бесжылдық жоспары қабылданған мерзім:

Тақырыптың тесті



















7. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері

Конспект

Кеңес армиясының неміс фашистерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінң ішкі даму үрдісіне шешуші әсер етті. Олар Кеңес Одағының бақылауында қалды. 1947-1948 жж. Шығыс Еуропа елдерінде коммунистер үкімет басына келді.

Фашизм жойылып, ұлт тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі нәтижесінде Шығыс Еуропа елдерінде 1944-1945 жж. жаңа құрылыс орнады, ол халықтық демократия деп аталды, ал осы елдер халықтық демократия елдері деп аталатын болды.

Шығыс Еуропа елдері социализмнің ең оңды үлгісін іздестіруде болды. Алғашқысында барлық реформаларды социалистік таңдау шеңберінде жүргізу көзделді. Ондай елдің қатарына Польша, ГДР, Венгрия, Болгария, Румыния кірді.

1949 жылы қаңтарда экономикалық Өзара Көмек Кеңесі құрылды. Оны құрғандар - КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния. Чехословакия. Бұл ұйымның мақсаты - өзіне енген елдер арасында жоспарлы, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастық пен халықаралық еңбек бөлінісін ұйымдастыру.

1955 жылы 14 мамырда Варшавада сегіз елдің; КСРО-ның, Польшаның, Чехословакияның, Румынияның, Болгарияның, ГДР-дің және Албанияның достық, ынтымақтастық және өз ара көмек туралы шартына қол қойылды. Құрылған социалистік елдердің әскери-саяси одағы Варшава Шарты Одағы (ВШО) деп аталды.

Шығыс Германия саяси партиялары 1949 жылы демократиялық Германияның Ұлттық майданын құрды. 1949 жылы 7 қазанда Герман Демократиялық Республикасы (ГДР) құрылды.

Кеңес басшылығының қысымымен Шығыс Герман үкіметінің ұжымдастыруды тездете бастағаны ГДР азаматтарының жаппай Батыс Германияға қашып кетуіне әкеліп соқтырды. Бұл жағдай 1961 жылы ГДР-де екінші Берлин дағдарысын туғызды. Шығыс пен Батыс Берлин арасында іс-жүзінде шекара болмағандықтан, Батыс арнаулы қызметтерінің агенттері барлау деректерін жинастыру үшін ГФР-ден ГДР-ге жасырын өте бастады. Шығыс Герман және Кеңес басшылығы осы мәселені шешудің жолын іздей бастады. Герман коммунистерінің басшысы В.Ульбрихт Батыс Берлиннің төңірегінде тікенекті сымнан бөгет орнатуды ұсынды. 1961 жылы тамыздың 12-нен 13-не қараған түні ГДР халықтық полициясы мен армия бөлімшелері Батыс Берлинді тікенекті сымнан орнатылған бөгетпен қоршап алып, биіктігі 4 метрге дейін жететін, ұзындығы 150 км-ден асатын бетон қабырға орнатты.

ГДР-де туған 1961 жылы екінші Берлин дағдарысы, Шығыс Еуропа елдерінің социалистік құрылыстың ең оңтайлы үлгісін табуға ұмтылған әрекеттеріне дақ түсірді.

Шығыс Еуропа компартияларының басшылығы социализмнің кеңестік үлгісін классикалық үлгі деп қарап, социализмге өтудің экономикалық сипаты болатын және ұлттық ерекшелікті ескеретін басқаша жолы болуы мүмкін дегенге жол берді. «Социализмге жетудің Польшалық жолы», ГДР-дің «Ұлттық түстегі социализмі», сондай-ақ Югославиядағы «Өзін-өзі басқаратын социализм», Венгрия мен Чехословакия «Социалистік нарық» деп аталған жаңа экономикалық үлгі жасауға ұмтылды.

50-жж. соңы мен 60-жж. басындағы социалистік құрылыстың қорытындыларын шығарғанда, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері коммунистік партияларының көпшілігі социализмнің негіздері құрылғаны туралы мәлімдеді.

Югославия Халықтық демократия елдерінің арасында алдыңғылардың бірі болып, социализм жолына түскеніне қарамастан Югославия мен Кеңес басшылары арасында кеңестік үлгідегі социализм орнату жөнінде күшті жанжал туды. Оған мына оқиғалар себеп болды. 1947 жылы халықтық демократия елдерінің федерациясын құру идеясы Шығыс Еуропа елдерінің арасында аса кең тараған идея болатын. Югославия, Албания және Болгария экономикалық одақтар құру жөнінде нақты қадамдар жасады. Бұл И.Сталинге ұнамады. Ол Югославия жетекші роль атқара алатындай ірі федерация емес, қайта екі елді біріктіретін бірнеше ұсақ федерация құруды ұсынды.

80-жж. соңы 90-жж. басында Югославия экономикалық дағдарысқа ұшырады. Елді орталықсыздандыру үрдісі басталды. 1989 жылы 27 қыркүйекте Словения республикасы өз конституциясын жариялап, ЮСФР құрамынан шығу құқығын жариялады. 1991 жылы 26 маусымда Словения мен Хорватия ЮСФР құрамынан шығатынын мәлімдеді. 1991 жылы 18 қыркүйекте Македония, ал 1991 жылы қарашада Босния мен Герцеговина Югославиядан бөлініп шығып, тәуелсіздіктерін жариялады. 1995 жылы Босния мен Герцоговинада қалыптасқан жағдай өте ауыр болды. Онда сербтер,хорваттар мен мұсылмандар арасында қарулы қақтығыстар жүріп жатты. 1995 жылы Боснияға НАТО әскері енгізілді. 1997 жылы Косоводағы албандықтар көтерілді.

1989 жылы маусымда Польшада сеймнің сайлау өтті. Үкімет басына католиктік зиялы қауымның өкілі Тадеуш Мазовецкий келді. Мазовецкий үкіметі Қаржы министрі Л.Бальцерович жасаған экономиканы реформалау және түбегейлі қайта құру бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Ол бағдарлама «Есеңгірету терапиясы» деп аталған-ды.

1989 жылы күзде Венгрия Аустриямен шекараны ашты. Венгрияда болған ГДР-дің жүздеген азаматтары мұны ГФР-ға көшу үшін пайдаланды. ГДР-ден жарты млн-ға жуық шығыс немістері көшіп кетті. Бұған қарсы ГДР-дің көптеген қалаларында «Біздің кеткіміз келмейді» деп ұрандаған бұқаралық шерулер өтіп жатты. Манифестацияға қатысушылар дереу саяси және экономикалық реформалар жасауды талап етті. Бірақ Эрих Хонеккер мен оның төңірегіндегілер асыққан жоқ. Партияның өз ішінде Э.Хонеккерге қарсы оппозициядағы топ құрылды. ГСБП Орталық Комитетінің пленумі оны басшылық қызметтерінен алып, Орталық Комитеттің Бас хатшылығына Эгон Кренцті сайлады.

Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси оқиғалар Болгарияда демократиялық жаңару жолына түсуге тырысқан күштерді жандандырды. БКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі П.Младенов Т.Живковты «жол беруге болмайтын әдістерді қолданады» деп айыптады. Елдің президент қызметі енгізіліп, оған П.Младенов сайланды.

Елде көптеген саяси ұйымдар мен партиялар демократиялық күштер одағына (ДКО) бірікті. ДКО төңірегіне біріккен оппозициялық күштер 1990 жылы жазда П.Младеновты қызметінен тайдыра алды. 1990 жылы Ұлы Халық жиналысы ДКО жетекшісі Желю Желевті елдің президенті етіп сайлады.

Румынияда 1965 жылдан бастап Николае Чаушескудің авторитарлық режимі орнады. Румыниядағы режимнің ауысу Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның көптеген елдеріндегіден өзгеше, қан төгісті сипатта өтті. 1987 жылдың соңында өнеркәсіптік қала Брашовта «Диктатор жойылсын»! деген ұранмен халық шеруі өтті. Оны полиция қуып таратты. Армия көтерілісшілер жағына шықты Н.Чаушеску мен оның әйелі қашып кетуге тырысты. Бірақ ұсталып қалып, сотсыз атып өлтірілді. Оппозияцияда болған Ион Илиеску бастаған Ұлттық құтқару майданы құрылды. 1990 жылы мамырда И.Илиеску Румынияның президенті болып сайланды.

Чехословак қоғамында орныққан жариялылық пен саяси плюрализм саясаты баспасөз беттерінде дұрыс мақалалар жариялануына алып келді. 1968 жылдың жазына қарай ЧКП қоғамдағы жағдайды бақылауын тоқтатты. 1968 жылы Прага көктемі атты қозғалыс КСРО, ГДР, Венгрия әскерлерімен басып жаншылды.

Халықтық демократия елдерінде ең ауыр саяси дағдарыс Венгр Халық Республикасында орын алды. Ел ішіндегі халықтың едәуір топтары, капиталистік және ұсақ тауарлық укладтармен байланысты жаңа өкіметке наразы болды.

1956 жылы Венгр еңбекшілер партиясы басшылығында дамудың бұдан былайғы жолдарын таңдау туралы айтыс басталды. Оппозиция болса, партиядан шығарылған бұрынғы Премьер-министр Имре Надьтың төңірегіне топтасты. Оқиғалар 1956 жылы 23 қазанда студенттердің бейбіт шерулерінен басталды. Олар еркін сайлау өткізуді, И.Надьты қайтадан Премьер-министр қызметіне қоюды талап етті. Қарулы көтеріліс басталып кетті. И.Надь Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Үкімет төтенше жағдай енгізілетінін хабарлап, кеңес әскерлерін Будапештен алып кетуді өтінді. 24 қазанда кеңес әскерлері Венгрияның астанасына енді.

Осындай жағдайда 2 қарашада Янош Кадар бастаған коммунистердің бір тобы жұмысшы табы партиясын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады, ол партия Венгрия социалистік жұмысшы партиясы (ВСЖП) деп аталды. 1956 жылы венгр революциялық жұмысшы шаруалар үкіметі құрылып, оны Я.Кадар басқарды. Ол кеңес қолбасшылығынан бүлікті басуды өтінді. ВСЖП Орталық комитеті 1956 жылғы оиғаларды елде капитализмді қайтадан жамап-жасқауға бағытталған контрреволюциялық бүлік деп бағалады. И.Надь «мемлекетке сатқындық жасады» деп айыпталып, өлім жазасына кесілді.

1989 жылы Венгрияның жоғарғы соты И.Надьты және онымен бірге сотталған басқа адамдарды ақтады. 1989 жылдан бастап, 1956 жылы қарулы көтеріліс Венгрияда Сталиндік режимге қарсы бағытталған халық көтерілісі деп қарастырылатын болды. 23 қазан Ұлттық мереке күні деп жарияланды.

Конспект сұрақтар

  1. Берлин дағдарысының себебі:

  2. Халықтық демократия елдерінде ең ауыр саяси дағдарыс болған ел:

  3. Венгрияда 23 қазан...

  4. 1956 жылы Поляк біріккен жұмысшы партиясында талас туғызған мәселе:

  5. Югославия мен Кеңес басшылары арасындағы жанжалдың себебі:

  6. Шығыс Европа елдерінде халықтық демократия құрылысы жарияланды:

  7. 1968 жылы Чехословакиядағы коммунистік билік жүйесіне қарсы шыққан қозғалыстың аты:

  8. 1968 жылы Чехословакияға әскери күштерін кіргізген елдер:

  9. 1949-53 жж. социализм жүйесін құруда КСРО-ға ұқсамауға тырысқан ел:

  10. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінде социализмнің негіздері құрылған кезең:

  11. Герман Демократиялық Республикасы құрылды:

  12. ХХ ғ. 90 жж. Болгарияда билікке келген:

  13. ХХ ғасырдың 90-жж. этникалық және ұлттық қақтығыстар болған қала:

  14. Н.Чаушеску үстемдігі орнаған Шығыс Еуропадағы социалистік мемлекет:

  15. Берлин қабырғасы тұрғызылған жыл:

  16. 1947-1948 жж. Шығыс Еуропа елдерінде КСРО-ның қолдауымен билікке келгендер:

  17. 1989 жылға дейін ГДР-ді басқарған коммунист:

  18. «Прага көктемі» аталған Чехословакиядағы революция болды:

  19. 1955 жылы құрылған социалистік елдердің әскери-саяси ұйымы:

  20. 1949 жылы құрылған социалистік елдердің экономикалық одағы:

  21. ХХ ғ. 80-жж. жүзеге асырылған Польшадағы реформаның атауы:

  22. Шығыс Еуропа елдері әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуда осы елдің моделін қабылдады:

  23. Шығыс Еуропа елдері:

  24. Егеменді Словения, Босния, Герцеговина, Македония, Хорватия мына елдің аймағында пайда болды:

  25. Екінші Берлин дағдарысы болған жыл:

Тақырыптың тесті













8. Азия елдері

Конспект

1949 жылы Қытай ұлт-азаттық армиясы шабуылға шығып, Пекинді азат етті. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (КХР) жарияланды. КСРО оны бірінші болып мойындады.

1958 жылы Мао Цзеэун «Үлкен секіріс» бағытын жариялады. «Үлкен секіріс» шеңберінде 1958 жылдың соңында «болат үшін шайқас» өткізілді. Бүкіл елде 90 млн-нан астам адам майдагерлік тәсілмен шағын домна пештерін салып, үкімет алға қойған міндетті - болат құюды екі есе арттыру міндетін шешпек болды.

1960 жылдың ортасында Қытайда «мәдени революция» басталды. Қытай коммунистік партиясының белсенді мүшелерін «буржуазия ықпалына шалдықты» деп кінәлап, оларды жазалауға кірісті.

1965 жылы Мао Цзэдун үкімет, партия, ғылым мен мәдениет саласына буржуазия мен контрреволюциялық ревизионистердің көптеген өкілдері кіріп алды деп мәлімдеді. Тек пролетарлық мәдени революцияны бастағанда ғана «капиталистік жолмен келе жатқан адамдар» басып алған өкіметті қайтадан өз қолымызға алуға болады деді.

Сөйтіп, «мәдени революция» Мао Цзедунның саясатымен келіспейтіндердің бәрін елдің басшылығынан аластап, елде «казармалық коммунизм» мен социализмді жеделдете құру көзделді.

1976 жылы 9 қыркүйекте Мао Цзэдун қайтыс болып, саяси билік үшін күрес шиеленісе түсті. Мао Цзэдун дүниеден өткеннен кейін партия мен мемлекет басшылығында, Дэн Сяопин бастаған Қытайдың жаңалау тобы басымырақ дауысқа ие болды. Кең түрдегі экономикалық реформаларды іске асыру шешімі ресми түрде 1978 жылы желтоқсан айында жарияланды.

1945 жылы тамызда 38-параллельдің солтүстігіндегі Кореяны Кеңес Армиясы азат етті. АҚШ әскерлері 1945 жылы қыркүйекте Кореяның оңтүстігіне барып түсті. 38-параллель Корей түбегі аумағында жапон қарулы күштерін тұтқындап, қарусыздандыру үшін келген кеңес және американ әскерлері арасындағы шекараға айналды.

Өздерін бірден-бір заңды және Кореяның бүкіл аумағына иелік етушіміз деп жариялаған екі Корей мемлекетінің пайда болғаны олардың арасында текетірес туғызды. 1950 жылы 25 маусымда КХДР бірінші болып ұрыс қимылдарын бастап, Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулді басып алды да, оңтүстікке қарай ж.жыды. АҚШ КР-ға басқыншылық жасады деп КХДР-ді айыптады. 1950 жылы қыркүйекте АҚШ Кореяға ірі десант түсіріп, жағдайды өзгертті де, Солтүстік Кореяның бүкіл дерлік аумағын басып алды, сөйтіп Корей-Қытай шекарасынан келіп шықты. Бұл жағдай соғысқа Қытайдың араласуына себепші болды. КСРО КХДР-ге көмек көрсетті. Одан кейінгі ұрыс-қимылдары бұл соғыста жеңіске жетуге болмайтындығына екі елдің көзін жеткізді. 1953 жылы 27 шілдеде Кореядағы бітім туралы келісім жасалды.

1960-1980 жж. Ким Ир Сеннің басшылығымен Солтүстік Корея қоғамы «Чучхе» идеясын жүзеге асыра бастады. «Чучхе» идеясының мазмұны мынадай мәселелерді қамтыды: сыртқы саясаттағы тәуелсіздік, экономика саласында тек өз күшііне сену, елді қорғауға өз әскеріне сену.

60 жж. КХДР-де КСРО-ның көмегімен бейбіт бағыттағы атом өнеркәсібінде өндірістік қуаттар салу жөніндегі бағдарлама өрістетілген болатын. Ядролық орталықтың құрылысы басталды. 1985 жылы КХДР ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қол қойды.

Бірақ АҚШ-та өкімет басына 2000 жылы Дж.Буш (кіші) келгеннен кейін, ол Солтүстік Кореяны Иракпен және Иранмен бірге «Зұлымдық шеңберіне» қосатынын мәлімдеді.

КХДР өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергетикалық мәселені шешу мақсатымен өзінің ядролық бағдарламасына байланысты жұмысты қайтадан бастады. 2003 жылы қаңтарда ол ядролық қаруды таратпау туралы Шарттан шықты.

2006 жылы 9 қазанда КХДР-де бірінші рет ядролық қару ойдағыдай сыналды, бұның өзі дамыған ғарыштық технологиялары бар мемлекет - Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегінде жаңа жағдай тууына әкеліп соқты.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Британиялық Үндістанда ұлт-азаттық күресінің күшті өріс алғаны ағылшын өкімет орындарын Үндістанға тәуелсіздік беруге мәжбүр етті.

1947 жылы 15 тамызда Британ парламенті Үндістанның тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Бұрынғы отар Үндістанның аумағында дербес екі мемлекет - Үндістан Одағы мен Пәкістан құрылды. Британдық Үндістанның бөлінуіне негіз етіп, діни принцип алынды. Үндістан одағында халықтың көпшілігі үндістер еді, көбінесе мұсылмандар мекендеген аумақтар Пәкістанға өтті. Адамдар өздерінің діні жарияланған мемлекетте мекендеу үшін өздерінің үйлерін, мүліктерін тастап көше бастады. Мұндай амалсыз көшу салдарынан 700 мың адам қаза тапты.

1950 жылы Үндістанда конституция қабылданды. Соған сәйкес Үндістанда атқарушы билікті президент пен үкімет жүзеге асырады. 1950жылы үкіметті Дж.Неру басқарды.

1960 жылы Үндістанда жаңғыртудың екінші кезеңі жүргізілді. Жер иеленудің ең көп мөлшері шектелді. «Жасыл революцияның» жүргізілгені аграрлық өніммен өздерін өздері қамтамасыз ету жағдайына көшуге мүмкіндік берді.

Үндістан блоктарға қосылмау қозғалысының негізін қалаушылар мен жетекшілерінің бірі болды.

Дж.Неру 1964 жылы қайтыс болуы ҮҰК-гі түрлі топтардың жандануын туғызды. ҮҰК-нің жағдайын нығайтуға тырысқан Дж.Нерудің қызы Индира Ганди 1966 жылы үкіметті басқарып, реформалар жүргізуге кірісті.

Елде ҮҰК-мен бәсекелесе алатындай саяси күштердің қалыптасуы үшін отыз ж.дай уақыт керек болды. 70 жж. ортасында саяси күрес шиеленісті. Оппозициялық күштер арандатып тәртіпсіздіктер туғызды, бұл елде төтенше жағдай енгізуге мәжбүр етті. Мұндай жағдайда бірқатар саяси партиялар «Джаната фронт» деген оппозициялық блок құрып, ол 1977 жылы сайлауда жеңіске жетті. ҮҰК тәуелсіздік жылдары ішінде бірінші рет жеңіліске ұшырады.

Оппозициялық блоктың 1977 жылы сайлаудағы жеңісі ҮҰК-нің бір өзі билік басында болуының соңы болған еді. Елде көппартиялық саяси жүйе беки бастады.

Үндістан мен Пәкістан қатынастары оңай қалыптасқан жоқ. Екі мемлекет құрылғаннан кейін Кашмир княздігі үшін жанжал туды. Ол жер үшін үш Үнді-Пәкістан соғысы болды. Үндістан мен Пәкістан 1998 жылы ядролық қаруды ойдағыдай сынағанда, Кашмир мәселесін күшпен шешудің жолы өте қауіпті және пайдалануға мүмкін бола қоймайтындай болып көрінді.

1956 жылы қабылданған конституция Пәкістанды екі провинциядан -Батыс Пәкістан мен Шығыс Пәкістаннан тұратын федеративтік парламенттік республика деп жариялады. Мемлекеттің басшысы президент, оны 5 жылға сайлайды. Атқару билігін министрлер кабинеті жүргізеді.

Ауғаныстан - Пәкістан шекарасы түйіскен таулы-қыраттты өңірлер. Бұл аймақтарды «тайпалар мекені» деп атайды.

1962 жылы екінші констиутуция қабылданды, оған сай Пәкістан Президенттік Республикаға айналды. Президент ерекше заң шығаратын және атқарушы өкілдіктерге ие болды. 1965 жылы әскери басқарудың бұрынғы басшысы Аюб-хан Пәкістанның президенті болды. Билік жүргізуші партия - Мұсылмандық лига парламентте көпшілік орынға ие болып, үкіметті құрды. Мұсылман лигасына оппозициялық партиялар қарсы тұрды. Пәкістаннан Шығыс бөлікті бөлу үшін күрескен Халықтық Лига және Зульфи-кар Бхутто бастаған Пәкістан халық партиясы болды.

1971 жылы 26 наурызда Шығыс Бенгальдықтар жаңа егеменді мемлекет - Бангладеш Халық Республикасының құрылғанын жариялады. Бангладештің тәуелсіздігі жолындағы қарулы күрес басталды, ол 1971 жылы 16 желтоқсанда Пәкістанның тізе бүгуімен аяқталды. Пәкістан өз аумағынан едәуір бөлігінен айырылды. 1971 жылы үкімет билігіне З.Бхутто келді.

1973 жылы жаңа конституция қабылданды. Оған сай Пәкістан қайтадан парламенттік республика болып жарияланды. Ислам мемлекеттік дін деп жарияланды, бұл елдің жаңа атауында Пәкістан Ислам Республикасы деп аталуында өзінің бейнесін тапты.

Соғыстан кейін Иран конституциялық монархия түрінде қалып отырса да, онда іс-жүзінде шахтың авторитарлық режимі орнады.

1962 жылы Иранда реформа басталды. Шаһтың өзі бұл жаңалықтарды «Ақ революция» деп сипаттады.

1962-1974 жж. аралығында жүзеге асырылып, ел экономикасын жаңғыртуды мақсат еткен реформалар елді индустрияландыру, жер мәселесін реттеу, оқу-ағарту және денсаулық сақтау салаларын жаңартуды көздеді. 1963 жылы иран әйелдеріне сайлау құқығы берілді.

1979 жылы ақпанда Иран революциясы жеңіп, шаһ билігі жойылды. Иран Ислам Республикасы жарияланды. 1979 жылы конституцияға сәйкес, елбасы - мұсылмандардың діни басшысы аятолла Хомейни болды.

50- жж. Иракта өмір сүрген әскери монархиялық режим терең дағдарыс жағдайында еді. Оған іс жүзінде қоғамның барлық топтары наразы болатын. 1957 жылы бірқатар саяси партияларды біріктіру негізінде ұлттық бірлік Майданы құрылды. 1958 жылы Иракта революция болды. Армия халықтың қолдауымен монархияны құлатып, елде республика жарияланды.

80-жылдардың басында Ирак шекара мәселесін қозғап, оны соғыс арқылы шешпек болды. Иран-Ирак соғысы 8 жылға (1980-1988) созылды. Соғыс әрекеті Иран экономикасының даму қарқынын тежеп, көптеген ауылдар мен қалалар қиратылды.

Ал шындығында соғыстың басталу себебі - Ирактағы сунниттік және Ирандағы шииттік саяси жүйелер мен діни идеологиялардың еш бітімге келмейтін өзара дұшпандығы болған еді. Екі ел бірін-бірі жеңіп шыға алмағандықтан, 1988 жылы атысты тоқтату туралы келісіме қол қойылды.

1990 жылы тамыздың 1-нен 2-не қараған түнде Ирак армиясы Кувейтке басып кірді. Кувейт мұнайына ие болса Ирак мұнайдың дүниежүзілік бағасын реттеуге мүмкіндік алып, Парсы шығанағында өзінің жетекші позицияларын нығайтқан болар еді.

1953 жылы Ауғаныстанның королі Захир-шах өзінің інісі, генерал Мохаммед Дауты үкімет басшылығына тағайындады. 1973 жылы 17 шілдеде мемлекеттік төңкеріс болып, король құлатылды, өкімет басына М.Даут келді. Монархия жойылды, ал ел Ауғаныстан Республикасы деп жарияланды.

1978 жылы 27 сәуірде армия офицерлері Ауғаныстан Халықтық-Демократиялық Партиясының мүшелерімен бірге мемлекеттік төңкеріс жасады. Елдегі өкімет билігі АХДП-ға көшті. Ол осы оқиғаларды «демократиялық революция» деп жариялады. Елдің аты Ауғаныстан Демократиялық Республикасы деп өзгертілді. АХДП-ның бас хатшысы Нұр Мохаммед Тараки бастаған революциялық Кеңес ең жоғарғы өкімет органы болды.

Билік жүргізуші АХДП-ның ішінде бірлік болмады. Онда екі фракция: пуштундардан тұратын «Хальк» фракциясы мен тәжіктерден құралған «Парчам» фракциясы болды. 1979 жылы қыркүйекте Хафизулла Амин басқарған «Хальк» фракциясы қастандық ұйымдастырып, Таракиді өлтірді. Одан кейін бүкіл билік Х.Аминнің қолына шоғырланды.

1979 жылы соңына қарай ислам ұрандарымен үкіметке қарсы оппозиция елдің көп бөлігін бақылады. Мұндай жағдайда Х.Амин КСРО-дан көмек сұрады. 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғаныстанға кеңес әскерлері келді. Кеңес қарулы күштері Кабулда Х.Аминнің сарайын өз қолдарына алды, Х.Амин шабуыл кезінде қаза болды. Үкімет басына Бабрак Кармаль келді, ол ең алдымен тәжік қауымдастығының мүдделерін білдіруші еді. Елде бір партиялық жүйе орнады.

1986 жылы мамырда Б.Кармаль қызметтен кетіп, бұл орынды пуштундардың мүддесін көбірек қолдайтын М.Наджибуллаға табыстады.

М.Наджибулланың міндеті оппозициямен бітімге келу еді. Бірақ оппозияция кеңес әскерлері Ауғаныстаннан әкетілгеннен кейін ғана өкіметпен келіссөз бастайтындығын мәлімдеді.

1988 жылы сәуірде Ауғаныстан мәселесін саяси тұрғыда реттеу жөніндегі келісімге Ауғаныстан, Пәкістан, КСРО және АҚШ қол қойды. 1988 жылы 15 мамырда кеңес әскерлері Ауғаныстаннан әкетіле бастады, ол 1989 жылы 15 ақпанда аяқталды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдарында Түркияда мемлекет экономикаға белсене араласу бағытын жүргізе берді, ол этатизм саясаты деп аталды. Экономиканы мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік пен жеке бастамалардың өсуін тежеді. 50-жж. экономикалық салада маңызды алға басушылық болды. Бұған Түркияға шетелдік қаржы салымдардың, атап айтқанда «Маршалл жоспары» бойынша американ көмегінің көрсетілуі көмектесті.

Тұрғыт Озал 1983-1989 жж. премьер-министр, 1989-1993 жж. президент қызметінде болып, Туркия Республикасының экономикасын жандандыру шараларын жүзеге асырды. Ол «Түркия моделі» деп аталды. Т.Озал өз саясатын «жаса, өндір, өзгеге сат» деген ұрандармен бастады.

2002 жылы қарашадағы парламент сайлауы елде исламшыл пиғылдардың күшейгенін көрсетті. Онда тәуелсіз Исламдық әділеттілік және даму исламшыл партиясы жеңіске жетті. Партияның жетекшісі Р.Т.Эрдоган 2003 жылы Түркияның премьер-министрі болды. Жаңа парламент түрік қоғамында исламның ықпалын күшейтуге бағытталған заңды бастамалар жасады. Бірақ ол бастамаларды президент А.Н.Сезер қолдамады.

Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған дүние жүзіндегі тұңғыш мемлекет болды.

1947 жылы БҰҰ Палестинаның аумағын үш бөлікке еврей (56%), араб (42%) және бейтарап (2%) бөліктеріне бөлу туралы қарар қабылдады. Бейтарап бөлікке төңірегіндегі мекендермен бірге Иерусалим және Вифлем қалалары енген еді. Бұның үстіне еврей мемлекетінің аумағы араб мемлекетінің аумағынан үлкен болып шықты. Ал Палестинада 1946 жылы 1269 мың араб және 678 мың еврей тұрған еді. Еврей ұйымдары БҰҰ-ның қарарымен келісті. Бірақ араб елдері оны мойындаған жоқ және Палестинада араб мемлекеті құрылуын талап етумен болды.

Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін онымен іргелес араб мемлекеттерінің бәрі бірден-ақ БҰҰ-ның Палестина аумағын бөлу туралы қарарымен келіспей, Израильге соғыс жариялады. Бірінші араб-Израиль соғысы 1948-1949 жж. басталды, онда Израиль жеңіске жетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар Иерусалимнің батыс бөлігін және БҰҰ-ның араб мемлекеттеріне арнап бөлген аумақтарының бір бөлігін басып алды. 1 млн-дай палестиналық арабтар көрші елдерден баспана іздеуге мәжбүр болды.

1948 жылы 15 мамырда Палестинаның уақытша еврей үкіметі Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1949 жылы Израиль - парламенттік республика болып, елді президент басқарды. Ең жоғарғы заң шығарушы орган - кнессет, ең жоғарғы атқарушы орган - премьер-министр бастаған өкімет болды.

Екінші араб-израиль соғысы Египеттің Суэц каналын мемлекет меншігіне алуымен және Израиль кемелерінің канал арқылы өтуіне тыйым салуымен байланысты болды.

1956 жылы 30 қазанда Израиль армиясы Египетке шабуыл жасап Синай түбегін және Газа секторын басып алды. Бірақ БҰҰ-ның қарарына сәйкес Египеттегі ұрыс қимылдары 7 қарашада тоқтатылды. Израиль өз әскерлерін Синай түбегінен және Газа секторынан әкетті.

1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания, Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.

«Алты күндік соғыстан» кейін Палестиналық арабтар мекендеген барлық негізгі аудандар Израильдің билігіне бағынышты болып қалды. Мұндай жағдайда Палестиналық арабтар ұйымдарының басшылары Израильге қарсы жаппай диверсиялық террорлық соғыс бастауға шешім қабылдайды. Оған Палестинаны Азат ету Ұйымы (ПАҰ) басшылық етті, бұл ұйым Палестина біртұтас араб мемлекетін құру жолында палестиналықтарды біріктіру мақсатымен 1963 жылы құрылған болатын.

1987 жылы Израиль басып алған аумақтарда Газа секторында және Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестина интифадасы (жаппай көтеріліс) басталды, ол екі жылдай уақытқа созылды.

1993 жылы Израиль мен ПАҰ өзара мойындау келісімін жасасып, Газа мен Иерихон секторында уақытшы палестиналық өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың принциптері туралы декларацияға қол қойды. Сөйтіп, Израиль тарихи Палестина жерінің бөлігін араб-палестиналық әкімшіліктің бақылауына беруге келісті, келешекте құрылып отырған автономияның аумағында тәуелсіз араб мемлекеті жарияланатынын түсінді.

Конспект сұрақтар

  1. Қосылмау қозғалысының бастамашысы болған мемлекет:

  2. Иранда әйелдерге сайлау құқығы берілді:

  3. 1962 жылы Иранда жүргізілген реформаға шахтың берген атауы:

  4. Қытайдағы экономикалық реформа басталған жыл:

  5. 1950 жылы Үндістанның үкімет басшысы:

  6. Шах режимін құлатқан Иран революциясы болған жыл:

  7. 1998 жылы ядролық сынақтар жүргізген Азия мемлекеттері:

  8. «Түркия моделі» деп аталған іс-шаралар қандай ұрандарды көтерді:

  9. 1973 жылдың тамыз айындағы жаңа Конституция бойынша Пәкістанның ресми атауы:

  10. 1967 жылы араб елдеріне қарсы 6 күндік соғыс жүргізген ел:

  11. «Тайпалар мекені» деп аталатын аймақ:

  12. Ирактың Кувецтке агрессиясы басталған жыл:

  13. 1980-1988 жылдары соғысқан елдер:

  14. Қытайдағы 60-жж. «мәдени революцияның» мақсаты:

  15. 1958 жылы Иракта жүзеге асқан саяси оқиға:

  16. Бірінші араб-Израиль соғысы болды:

  17. 1980-1988 жылдары Иракпен соғысқан ел:

  18. Қытай Халық Республикасы жарияланған жыл:

  19. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінген ел:

  20. 60-80 жж. «Чучхе» идеясын жүзеге асыра бастаған ел:

  21. 1978 жылы Ауғаныстанда құлаған билік:

  22. Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін билеуші партия:

  23. Екі Корея мемлекеті БҰҰ-ға мүше болып қабылданды:

  24. Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейге көтерілуіне түрткі болған жағдай:

  25. 1979 жылы революциядан кейін Иранның қоғамдық-саяси өмірінде үстемдік етті:

  26. Мао Цзэдун қайтыс болған жыл:

  27. 1990 жылы тамызда Ирак агрессиясы басталған ел:

  28. Үндістан Республикасында 1977 жылға дейін билік тізгінін ұстаған партия:

  29. 1983 жылы Түркияда Т.Озал ұйымдастырған партия:

  30. Исламшыл пиғылдарды жақтаған 2003 жылы Түркияның премьер-министрі:

  31. Иран-Ирак соғысы болған жылдар:

  32. «Үлкен секіріс» және «мәдени революция» атты реформалар жүргізген мемлекет:

  33. Үндістанды отарлаған ел:

  34. Үндістанда Индира Ганди жүргізген аграрлы реформаның атауы:

  35. Қытайдағы «мәдени революцияның» авторы:

Тақырыптың тесті



















9. Африка елдері

Конспект

II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалысы бүкіл Африканы қамтыды. Африка континенті халқының көпшілігі үшін отаршылдықтан азат болу ең маңызды міндеттерінің бірі болды. Көптеген африкалықтар демократия мен тәуелсіздікке құқымыз бар деп ойлады.

1945-1980 жж. ұлт-азаттық қозғалыс екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең 1945 жылдан бастап 50 жж. ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Оның мынадай сипаты болған: отаршылдыққа қарсы күресте шерулер, ереуілдер, азаматтық бағынбау қимылдары сияқты бейбіт әдістер басым болды.

Ұлт-азаттық қозғалыстың екінші кезеңі 50 жж. екінші жартысынан бастап 80 жж. дейін созылды. Бұл Африкадағы отаршыл империялардың біржола ыдырауына жеткізген отаршылдыққа қарсы революциялар кезеңі болды.

50-жж. ортасы - 1960 жж. - Тропиктік Африкада отаршылдық жүйенің тамырына балта шабылды.

1960 жылы тарихқа «Африкаж» болып енді. Бұл жылы 17 британ, француз және бельгиялық отарлар өздерін тәуелсіз мемлекеттерміз деп жариялады.

Артта қалған, көшпелі шаруашылықпен шұғылданған Ливия елінің өмірі 50-жж. екінші жартысында күрт өзгеріске түсті. Оған мұнай көздерінің ашылуы себеп болды.

1960-1961 жж. Конго республикасында тәуелсіздік алу үдерісі әр түрлі саяси күштердің аса шиеленіскен күресімен қатар жүріп жатты. Алтынның, платинаның, алмастың, уранның, т.б. көп қорлары бар аймақ - Оңтүстікті отаршылдар қолдан бергісі келмеді. Анголада, Мозамбикте, Зимбабведе, Намибияда тәуелсіздік үшін қарулы күрес өрістеді.

КСРО Африка елдеріне социалистік бағдар жолын - социализм орнатуға жеткізетін құрылыстарды бірте-бірте жүзеге асыру жолын ұсынды.

Кеңес үлгісіндегі аграрлық реформалар социалистік қайта құру бағытын таңдаған Африка елдерінде ауыл шаруашылығы құлдырап, ашаршылық басталды. Ангола мен Мозамбикте, Ганада, Танзанияда, Эфиопияда, солай болды. Социалистік бағдар алған елдерде индустрияландырудың көлемі шектеулі болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы отарлардың алдында қазіргі мемлекетті басқара білуге үйрену міндеті тұрды. Африка жетекшілері саяси партиялар арасындағы бір-бірін бөліп тұрған шеп тайпалар арқылы өтетінін түсінді. Ұлтты топтастыру үшін олар бір партиялық жүйені таңдап алды.

Күштерді біріктіру Африка елдері үшін басты міндеттердің біріне айналды. Олар тек бірлескенде ғана ойдағыдай дами алатын еді. 1963 ж. ұзақ келіссөз жүргізгеннен кейін тәуелсіз Африка мемлекеттерінің мемлекет және өкімет басшыларының конференциясында Африка Бірлігінің Ұйымы (АБҰ) құрылды. АБҰ өзінің қызметінде Африка мемлекеттерін отарлық тәуелсіздіктен толық азат ету жолындағы күреске жұмылдырды.

1953 жылы 18 маусымда Египет Республика болып жарияланды. А.Насер елдің президенті болып сайланды. 1956 жылы ол Суэц каналын ұлт меншігіне алу туралы шешім қабылдады. Бұл бірқатар мемлекеттердің қарсыласу әрекеттерін туғызып, олар 1956 жылы күзінде Египеттің Израильмен, Ұлыбританиямен және Франциямен арадағы қарулы жанжалына ұласты.

Сирия 1958 жылы ақпанда Египетпен бірігуге келісіп, Біріккен Араб Республикасы құрылды. Оның президенті А.Насер болды. Бірақ 1961 жылы күзде Сирия қарулы күштері толқып, өз елін бөлек шығарып алды.

1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналаына қарай беттеді. 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Иордания, Сирия әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шақырым жер жау қолында қалды.

1967 жылы Израиль басып алған жерлерді Египетке қайтарып алу ұзақ уақыт бойына оның өзекті мәселесі болып келді. 1978 жылы Кэмп-Дэвидтегі Египет-Израиль келісімінің негізінде Израиль мен Египеттің арасында 1979 жылы бейбіт шарт жасалынды, осыған сай Израиль өзі басып алған Синай түбегін Египетке қайтарды.

Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алды. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөліп, бір бөлігінде еврейлердің (Израиль), екіншісінде арабтардың (Палестина) мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады.

1962 жылы Франция Алжирдегі соғысты тоқтатып, плебесцит өткізді. Оның нәтижесніде Алжир тәуелсіздігі мойындалды. Сөйтіп, күресте 1 мл-ға жуық азамат құрбан болған халық жеңіске жетті.

Африканың қазіргі саяси картасында көптеген шекаралар түзу сызықпен көрсетілген, өйткені оларды өз кезегінде Еуропалық державалар дәстүрлі тайпааралық шекараларды ескерместен белгілеген. Мұның нәтижесінде тегі бір халықтар бірнеше мемлекеттерге бөлініп кеткендей, ал мемлекеттердің өздері әртүрлі тайпалардан немесе тілі әр түрлі топтардан қалыптасқандай. Осының бәрі ұлтаралық, дінаралық, аумақтық жанжалдар ондаған жылдарға созды, осының бәрі халыққа орасан зор нұқсан келтірді.

Конспект сұрақтар

  1. Отаршылдар Африка елдерінің шекараларын жүйесіз белгілегендіктен туған қайшылықтар:

  2. II дүниежүзілік соғыстан кейін Африка елдерінің саяси өмірінің сипатты белгісі:

  3. 1967 жылы араб елдеріне қарсы 6 күндік соғыс жүргізген ел:

  4. 1947 жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестинада құрылған мемлекет:

  5. 1956 жылы Египетке қарсы үш елдің басқыншылық жасау себебі:

  6. 50-ші жылдары Ливия халқының өмірінің өзгеруіне себеп болған жағдай:

  7. ХХ ғасырдың 50-жж. аяғында Африканың артта қалған елдерінің өмірі күрт өзгеруі себебі:

  8. Тәуелсіздік алу үшін 1 млн. азаматы құрбан болған Африкадағы араб елі:

  9. Африка континентінде социалистік қайта құру бағытын ұстанған елдер:

  10. Суэц каналы тиесілі мемлекет:

  11. Египет пен Израиль арасындағы соғысты тоқтатқан Кэмп-Дэвид келісімдеріне қол қойылған жыл:

  12. Сирия мен Египет Біріккен Араб Республикасы құрылған жыл:

Тақырыптың тесті





















10. Латын Америкасы елдері

Конспект

Әлеуметтік-экономикалық деңгейіне қарай Латын Америкасы елдері үш топқа бөлінеді. Біріншісінде - Аргентина Уругвай, Чили, Бразилия бар. Бұлар - капитализм жолына ертерек түсіп, жетілген елдер, қолдарына аймақ экономикасының 80-85 % ұстап отыр.

50 жж. бірінші жартысында Латын Америкасы елдерінің көпшілігінде әскери төңкерістер немесе интервенция жолымен диктаторлық режимдер орнатылды. Ол елдерде коммунистік партияларға тыйым салынды, кәісподақтардың және солшыл демократиялық қозғалыстардың қайраткерлері қудаланды.

50 жж. соңында қалың бұқара диктатураға, жергілікті алпауыттарға, шетел капиталына тәуелділікке қарсы күреске көтерілді. Мұның нәтижесінде Перудегі, Колумбиядағы, Гондурастағы, Гватемаладағы, Венесуэладағы диктатуралар құлатылды.

1956 жылы Ф.Кастро өзінің бір топ жақтастарымен бірге Кубаға жасырын түрде келіп, Ф.Батистаға қарсы партизан соғысын бастады. 1958 жылдың соңында Ф.Кастроның отрядтары Кубаның астанасы Гаванаға шабуыл бастады. Революция халықтан қолдау тауып, 1959 жылы 1 қаңтарында жеңіспен аяқталды. Революциялық үкіметті Ф.Кастро басқарды.

Куба революциясының жеңісі Кариб теңізі бассейніндегі шиеленісті ушықтырды. АҚШ Кубаға басып кірудің жоспарларын жасаумен болды. 1961 жылы 17 сәуірде АҚШ арнайы тобы ұйымдастырған басып кіру әрекеті іске аспады. Бұдан кейін Куба КСРО-дан көмек сұрады. Кеңес Одағы «өнеркәсіп жабдығы» деген сылтаумен Куба аумағына орташа қашықтықта ұшатын ядролық зарядтары бар 42 зымыранды жасырын өткізді. АҚШ-тың ғарыштағы жер серіктері оларды көріп үлкен жанжал туды. 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді. КСРО шегінуге мәжбүр болды. Кариб дағдарысы бейбіт жолмен шешілді.

Жаңғыртудың Кубалық үлгісі Латын Америкасында қайталануының алдын алу үшін АҚШ президенті Джон Кеннеди 1961 жылы тамызда 19 латынамерикалық мемлекеттер қабылдаған «Даму жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынды. Оның мақсаты - Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету еді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін 100 млрд. доллар қаржы бөлінетін болды.

60 жж. диктатуралардың жазалау саясаты, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмегендігі 60 жж. соңында Латын Америкасында саяси күрестің жаңадан өріс алуына алып келді. Қоғамды жетілдіріп жаңарту жолдары туралы мәселе тағы да бірінші орынға шықты.

1968 жылы Перу мен Панамада, 1969 жылы Боливияда, 1972 жылы Эквадор мен Гондураста жасалған төңкерістер нәтижесінде өкімет басына келген әскерилер тағы да өзгерістердің бастаушылары болды.

Чили революциясы осы кезеңдегі басты оқиға болды.

1970 жылдан бастап елдегі өкімет басында «Халық бірлігі» блогына біріккен солшыл күштердің кандидаты ретінде президент болып сайланған Сальвадор Альенде бар еді. Ол Ф.Кастродан кейін Латын Америкасы еліне басшы және өкімет билігіне заңды конституциялық жолмен келген бірде-бір марксист екінші адам болды.

С.Альенданың үкіметі түпкі мақсаты социализмді жариялау болған революциялық өзгерістерді бейбіт жолмен жүзеге асыруға кірісті. Президент парламентте көпшілікке ие бола алмады, парламент оппозияцияның бақылауында болды. Оңшылдар мұндай жағдайда парламент сайлауында жеңіске жетіп, президентті қызметініен тайдыра аламыз деп үміттенді. Бірақ солшыл күштер жоғары саяси белсенділік көрсетіп, 1973 жылы наурызда парламент сайлауы С.Альенданы жеңіске жеткізді. Президентті парламенттің көмегімен қызметінен алып тастау мүмкін еместігі айқын болды.

1973 жылы шілдеде қарулы күштер басшылығы С.Альендені қорғаныс министрінің қызметіне генерал Аугусто Пиночетті тағайындауға мәжбүр етті. 1973 жылы қыркүйекте А.Пиночет жаңа төңкеріске басшылық жасады. 11 қыркүйекте С.Альенде өлтіріліп, елде әскери диктатура орнады. Чилиде А.Пиночеттің диктатурасы орнады. 1974 жылы ол ел президенті қызметіне келіп орналасты.

1988 жылы 5 желтоқсанда Чилиде референдум болып, оған қатысушылардың 55 % Пиночеттің өкілеттілігін ұзартуға қарсы дауыс берді.

1989 жылы 14 желтоқсанда Чилидің президенті мен парламентінің сайлаулары өткізілді. Президент болып христиандық-демократиялық партияның жетекшісі Патрисио Эйлвин сайланды. 1990 жылы 11 наурызда елдегі өкімет билігі Эйлвиннің қолына тапсырылды. Чилидегі әскери диктатура дәуірі осымен аяқталды.

Мексикада ұлттық-реформалық саясат 1940 жылы бекітілді. Оған Л.Карденас үкіметінің ауыстырылуы жол ашты. Карденастан кейін Мексикада ұлттық өнеркәсіптік буржуазиялық топтардың мүддесі қайта жаңарды.

Аргентинада перонизм қозғалысы болды. Оны, полковник, кейін генерал болған Хуан Доминго Перон басқарды. Ол артта қалушылықты жою негізінде әділетті өркендеген қоғам орнату үшін аргентиналықтарды бірігуге шақырды.

Х.Перон артта қалушылықты жою негізінде әділетті өркендеген қоғам орнату үшін аргентиналықтарды бірігуге шақырды. Миллиондаған еңбеккерлер оны өздерінің қорғаушысындай көрді. Перонның сүйеніші мемлекеттік ұлттық кәсіпшілер орталығы - Жаппай еңбек конфедерациясы (ЖЕК) болды.

70 жж. соңында антидиктаторлық пиғылдар, әсіресе, Никарагуада күшті болды, ондағы өкімет билігі диктатор Сомос отбасының қолында болған еді. Елде оппозияциялық екі топ - демократиялық азаттық одағы мен Даниэл Ортега бастаған сандинистік ұлт-азаттық майданы бар еді.

Солшылдар Ф.Кастроны өздері арман еткен адам деп есептейтін және Куба революциясының тәжірибесі қайталануын армандайтын.

1979 жылы олар елдің көпшілік бөлігін бақылауға алып, уақытша әскери коалициялық үкімет құрды. Диктатор Д.Самос 1979 жылы шілдеде елден Парагвайға қашып кетті.

1979 жылы біріккен ұлттық майданның әскери топтары елдің астанасы Манагуа қаласын басып алды. Ішкі және сыртқы жаулармен күресе жүріп, 1984 жылы сайлауда сандинистер қайтадан жеңіске жетіп, өзінің көрнекті жетекшісі Д.Ортеганы президент сайлады.

1979 жылы Никарагуадағы революцияның жеңісі Латын Америкасында демократияландыру үдерісін тездетті. Әскери режимдер өкімет билігін конституция бойынша сайланған үкіметтерге бере бастады. 1979 жылы Эквадорда, 1980 жылы Перуде, 1983 жылы Боливия мен Аргентинада, 1985 жылы Бразилия мен Уругвайда, 1986 жылы Гватемала мен Гондураста солай болды.

1989 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде аймақтағы ең ұзақ сақталып келе жатқан Парагвайдағы Альфредо Стресснердің диктатурасы құлатылды. Чилидегі әскери диктатура ең соңғысы болып 1990 жылы құлады.

80 жж. Латын Америкасы тұралау және тіпті экономикалық құлдырауы кезеңіне аяқ басты. Аймақтағы елдердің көпшілігінде жан басына өндірілетін өнімнің мөлшері 1980 жылы деңгейінен кем болды. Осыған байланысты латынамерикалықтар 80 жж. «Зая кеткен он жылдық» деп бағалады.

Төмендегілердің бұқаралық саяси санасы оянып, саяси белсенділігінің артқаны Латын Америкасында «Солға қарай бетбұрыс жасаудың» ерекшелігі мен басты тұтқасы болды. «Солға қарай жасалған бетбұрысты» жеті ж. бойына бір өзі үстемдік еткен жаңа либерализмнен бөліп тұрған шек 1997-1998 жж. болды. «Солға қарай жасалған бетбұрыс» аймақтық көлемде 2002-2003 жж. аяқталды, бұл кезде жаңа либералдық жаңғыру өзіндік ағым болудан қалған еді.

Венесуэлада 1998 жылы өткен президент сайлауы Латын Америкасында солға қарай ілгері басқан алғашқы қадам болды. Онда солшыл бағыттағы жетекшілердің неғұрлым батыл өкілі Уго Чавес жеңіске жеткен еді. Оның ізінше аймақ елдеріндегі сайлауларда өкімет басына өткен кезеңнің жаңа либералдық тәжірибелерінен бас тартып, өз саясатының әлеуметтік бағдарламасын мәлімдеген саяси қайраткерлер келді.

2002 жылы Бразилияның президенті болып еңбекшілер партиясының жетекшісі Л.Инасиу Лула да Силва сайланды. Ол күрестің ортақ үш түрін - кедейшілікке, ашаршылыққа және әлеуметтік қайшылықтарға қарсы түрлерін, әлеуметтік реформалар бағдарламасын жариялады.

2003 жылы Аргентинада солшыл күштердің өкілі Нестор Киршнер президент болып сайланды. 2005 жылы Табаре Васкес Уругвай тарихындағы солшыл бірінші президент болды.

Боливиядағы президент сайлауында 2005 жылы солшыл радикалдық жетекші Эво Моралес жеңіске жетті, ол Латын Америкасындағы бірінші үнділік президент болды. 2006 жылы солшыл күштердің нағыз салтанатты жылына айналды. Бұл жылы солшылдар Чилиде, Коста-Рикада, Перуде, Бразилияда, Венесуэлада, Никарагуада, Эквадорда жеңіп шықты.

1991 жылы Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай төрт елдің кеден одағы нарығын құру туралы өздері арасындағы шартқа қол қойды. Жаңа бірлестік Оңтүстіктің Ортақ Нарығы (МЕРКОСУР) деп аталатын болды.

Соңғы жиырма жыл ішінде Латын Америкасында экономикалық ықпалдастықтың екі үлгісі арасында күрес жүріп жатыр. АҚШ ұсынған бір үлгі Латын Америкасын үстем құқығы бар ел ретінде Латын Америкасының біртұтас еркін сауда кеңістігіне енгізуді ұсынды., өйткені мұндай құрылымның жалпы ішкі өнімдерінің 70%-ы АҚШ-тың үлесіне тиеді.

МЕРКОСУР мысалы болып отырған екінші үлгі АҚШ пен ЕО тарапынан бәсекелестік болып отырғанда Оңтүстік Америка экономикасының топтастырылуын ұсынады.

Конспект сұрақтар

  1. Кариб дағдарысы болған кезең:

  2. 1959 жылы 1 қаңтарда Кубада жеңіске жеткен революциялық үкіметті басқарды:

  3. Мексикада ұлттық реформалық саясат бекітілді:

  4. Аргентинада президент Х.Перонның сүйеніші болған ұйым:

  5. Латын Америкасы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдеткен бағдарлама:

  6. 1984 жылы сайлауда жеңіске жеткен Никарагуа басшысы:

  7. 1946-1955 жж. Аргентина президенті:

  8. «Перонизм» қозғалысы болған ел:

  9. 1970 жылы коммунистер мен социалистер құрған Чилидегі үкіметтің атауы:

  10. Мексикадағы ұлттық-реформистік саясат бекіді:

  11. Латын Америкасының капитализм жолына бұрын түскен елдері:

  12. 1990 жылы Чилиде жойылған диктатура:

Тақырыптың тесті





















11. Мәдениет

Конспект

Соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың екінші жартысын қамтыған кезеңге ортақ үрдіс - адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім айқын көрінді.

1950 жылдың соңында американ социологы және экономисі Уолт Ростоу қоғамдық даму теориясын жасады, оны «Экономикалық өсу сатылары» деген кітабында баяндап берді. К.Ростоу технологиялық даму дәрежесіне қарай қоғамның дамуындағы бес кезеңді бөліп көрсетті. Олар:

  1. «Дәстүрлі қоғам» - капитализмнен бұрынғы барлық қоғамдар, олар еңбек өнімділігінің төмен деңгейінен, экономикада ауыл шаруашылығының үстемдігімен сипатталады;

  2. «Өтпелі қоғам» - ол монополистіктен Бұрынғы капитализмге көшумен сәйкес келетін;

  3. «Ілгерілеу кезеңі» - ол өнеркәсіптік революциялармен және индустрияландырудың басталуымен сипатталады;

  4. «Жаңғырту кезеңі» - ол индустрияландырудың аяқталып, өнеркәсіп жағынан жоғары дәрежеде дамыған елдердің пайда болуымен сипатталады.;

  5. «Бұқаралық тұтынудың жоғары деңгейінің кезеңі».

Өзінің бұдан кейінірек жазған «Саясат және өсу сатылары» деген еңбегінде У.Ростоу бұрын бөліп көрсетілген бес сатыға алтыншы сатыны - адамның рухани дамуы алдыңғы шепке шығатын «өмірдің сапасын іздеу» сатысын қосты.

60-жылдарды американ экономисі Джон Гэлбрайт жаңа индустриялық қоғамның тұжырымдамасын және осы тұжырымдама шеңберіндегі конвергенция теориясын талдап жасады. Конвергенция теориясына сәйкес, капиталистік елдерде социализм элементтерінің күшеюі, және социалистік елдерде капитализм элементтерінің күшеюі арқылы капиталистік жүйе мен социалистік жүйе жақындасады.

Олвин Тоффлер «Үлкен толқын» деген кітабында адамзат дамуының тарихын өркениеттің үш толқынының бірінен соң бірі өзгергендігі деп қарайды: бұлар аграрлық, өнеркәсіптік және индустрияландырудан кейінгі толқыны болып табылады деп көрсетеді. Қазіргі үшінші толқын технологиялық революция болып табылады.

XX ғасырда жаһандану үдерісінің күшеюі ғасыр феномені - бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді. Бұқаралық мәдениет - қазіргі қоғамда үстем болып отырған, мәдени құндылықтардың өндірілуімен сипатталатын мәдениеттің түрі.

Қазіргі мәдениеттануда бұқаралық мәдениеттің негізгі үш сатысы бөліп көрсетілуде.

- Кич-мәдениет (деңгейі төмен, тіпті тұрпайы мәдениет)

- Мид -мәдениет («ортаңқол мәдениет)

- Арт-мәдениет (белгілі бір дәрежеде, кейде тіпті жоғары дәрежеде көркемдік маңызы және эстетикалық бейнеленуі бар бұқаралық мәдениет).

Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзумен сипатталады. Модерн (жаңа, заманауи) - ХХ ғасырдағы мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдістердің саналуандығы.

60-70 жж. АҚШ пен Еуропада интернационалдық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді білдіретін «хайтек» стилі пайда болды, ол қоғамдық ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме павильондарын салу үшін пайдаланылады.

ХХ ғасырдың соңғы онж.дықтары ақпараттық технологиялар саласында үлкен өзгерістермен көзге түсті. Миллиондаған компьютерлерді біртұтас жаһандық ақпарат жүйесіне біріктіретін дүниежүзілік компьютерлік жүйе - интернет (жүйелерді біріктіру) екі идеяның - ақпараттарды жаһандық сақтаушы болу және оны таратудың әмбебап құралы болу идеяларының іске асқандығы болды.

Интернет біртұтас мәдени ақпараттық кеңістік құруға көмектеседі. Ол ғылыми, іскерлік, танымдық және көңіл көтеретін ақпараттарды еркін алып, таратуға кең мүмкіндіктер туғызады.

Таяу болашақта жүйелілік жобалаудың, әкімшілік қызмет атқарудың және қызмет көрсетудің көптеген процестері толығымен автоматтандырылады.

Біртұтас мәдени-ақпараттық кеңістікті қалыптастыру - аса маңызды жасампаз, нәтижелі механизмдердің бірі. Олардың көмегімен дүниенің алуан түрлілігі, терең ішкі процестер туралы, дүниежүзілік қауымдастықта ұдайы болып жатқан әр түрлі өзгерістер туралы адамзаттың түсініктері ұлғаяды.

Конспект сұрақтар

  1. О.Тоффлердің «Үш толқын» деген кітабында қазіргі қоғам дамуына берген сипаттамасы:

  2. 60-жылдары қалыптасқан конвергенция теориясы бойынша:

  3. Мәдениетте «хайтек» стилі қолданылатын сала:

  4. Модерн ұғымының мәні:

  5. XX ғасырдың екінші жартысында адамның ойлауындағы өзгеріс:

  6. XX ғасырда жаһандану үдерісінен туындаған феномен:

  7. «Экономикалық өсудің сатылары. Коммунистік емес манифест» кітабының авторы:

  8. Милтон Фридмен Нобель сыйлығын алды:

  9. Қазіргі мәдениеттануда бұқаралық мәдениеттің неше негізгі сатысы бөлініп көрсетілуде:

  10. Уолт Ростоу қоғамды технологиялық даму дәрежесіне қарай неше кезеңге бөлді:

Тақырыптың тесті

132


© 2010-2022