Ашық сабақ Кенесары Қасымұлы (8 сынып)

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып Қазақстан тарихы Күні:Жалпы мақсаты

Кенесарының дарынды тұлға, саясаткер әрі кеменгер хан екендігі туралы жан -жақты таныстыру , оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, адамдармен қарым - қатынаста қолдана алу

Міндеттер:

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

1. Хан Кенесары жайлы білімнің негізін қалау;

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға қазақ халқының мәдениет білімнің басталғанын сезіндіру;

3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

Әдіс-тәсілдер

Жеке, топпен жұмыс, СТО

Тапсырмалар

wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

1. yandex.kz

2. kk.wikipedia.org

3. history.js

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті







Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру





Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Ұйымдастыру кезең:

Сыныпты өз еріктерімен топқа бөлу

«Жақсы сөз -жарым ырыс»- дегендей топтар лебіздерін білдіру арқылы сыныпта жақсы орта қалыптастыру

оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту (үй тапсырмасын тексеру)

Тарихи математика

(163*9)+ 370 =1837

(169*3)+1340=1847

Сұрақ:

1.1837-1847 жж көтерілістің тууына не себеп болды?

2. Көтерілістің мақсаты қандай?

Тест жұмысы

1.1847жылы 27шілде де Кенесарыға қарысы ұрыста мерт болған сұлтандар саны:

А) 48 В)42 С) 38 Д)44

2.1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері:

А) Вишневский мен князь Горчаков В) Герн мен князь Горчаков С) Долгов пен поручик Герн Д ) Полковник Бизанов пен Леведев

3. Кенесары көтерілісі кезіндегі орыс патшасы:

А) I Павел В) I Николей С) I I Екатерина Д) I Александр

4. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр. Амангелдінің атасы:

А) Бұқарбай батыр В) Байсейіт батыр С) Ағыбай батыр Д)Иман батыр

5.1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары:

А) Кіші жүз сарбаздарымен бірікті В) Ақтау бекінісіне шабуыл жасады С) Ақмола бекінісін өртеп жіберді Д) Созақ бекінісін қоршады

6. Кенесарының соңғы шайқас өткен жер

А) 1847 жылы Майтөбеде В) 1857 жылы Арықбалықта С) 1838 жылы Ақбұлақта Д)1837 жылы Тастөбеде

7.1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды:

А)Кіші жүз жеріне В) Ұлы жүзге С) Қырғыз жеріне Д) Ресейдің орталық аудандарына

8.1837-1847 жылдары болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы:

А) Ж. Нұрмұқамедұлы В) М. Өтемісұлы С) С. Датұлы Д)К.Қасымұлы

9. 1843 жылы маусымда I Николай көтерілісті басу үшін кімдерді жіберуге келісім берді:

А) Старшина Леведевтің В) Жантөре сұлтанның отрятды С) Сотниковтың отряды Д) генерал Обручевтің отрядын

10. 1841 жылы Кенесары әскерінің Ташкентке аттануына тоқтау болған себеп:

А) Жазалаушы отрядтардың шабуылы В )Жұт С) Сарбаздар арасында жұқпалы ауру тарады Д) Көтерілісшілер қатарының сиреуі

І І.Ой қозғау

«Мен...» тұлға бойынша таланты оқушыға берілген тапсырма бойынша жаңа сабаққа ену

Кенесары видеосын көрсету

ІІІ. Мағынаны тану

Мұғалімнің кіріспе сөзі: сызба бойынша нұсқау жасау

Мәтінмен жұмыс (оқушыларды өзік оқыту арқылы жұмысқа тарту)

Кенесары Қасымұлы

Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, әуелде сұлтан кейіннен хан Кенесары (1802-1847 жж.) бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді. Кенесары мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 - 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 - 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі. Кенесары күреске жастайынан араласты. Атасы Абылайдың, әкесі Қасымның, ағасы Саржанның ел тәуелсіздігі жолындағы күресін жалғастыруды алдына мақсат етіп қойды. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашаң жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын

1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хансайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамыту, көрші елдермен сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Малшылардын зекет, егіншілерден ұшыр салығы алынды. Керуеншілерді тоқтатып, олардан салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Оған батырлар, билер, сұлтандар, ханның туысқандары енді.

Басқару Кенесарының өз қолында болды. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Тәртіпке бағынбағандарға өлім жазасы қолданды. Көрші елдермен татулық қарым-қатынас орнату үшін әрекеттер жасалды. Барымтаға тиым салынды. Бірақ нәтижесіз болды. Кенесары ханның арқа сүйеген тобы-билер мен сұлтандар, батырлар. Хандық сот енгізілді.

Мәтін таратылады(алдыңғы көрністен алған әсерлері мен мәтінді оқып жұмыс жасайды)

Тапсырма !

Жеке оқу

Жұпта оқып түсіндіру

Топта талқылау, әр топ флип чартқа түсірген қортындыларын сыныпта талдап, өз ойларын түсіндіреді.

ІІІ. Ой қорытынды

«Тұлғаға хат» топта әр бала жеке жазады, ойларын қорытады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: бүгінгі сабағымызға қандай тақырып қоюға болады?( Әр топтан бірнеше оқушылардың ойын тыңдап тақырыпты шығару)

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар. Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады. Батырлар есімін еске ұстап, ұлы тұлғалардың ерлігін өзімізге үлгі ету кез-келген қазақ азаматының санасында болуы тиіс. Осыны ұмытпайық.

Үйге тапсырма: оқулықтан 12-13 тақырыпты оқып, хронологиямен жұмыс жасау

Сөздіктермен жұмыс

Зекет - мал өсірушілерден алынатын салық.
Ұшыр - диқандардан алынатын салық.
Баж салығы-салығы-көпестердің сауда кереуендерінен алынатын салық

Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары бастаған ұлт азаттық көтерілістердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын дәтерге жазып келу.
Бағалау:

Толғаныс:

Оқушылардың сабақта не ұнады, не ұнамады кері байланысын алу





© 2010-2022