Қазақ өнерінің тарихы арнаулы курсы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Қазақ өнерінің тарихы» курсының бағдарламасы 8 сыныпқа арналған. .

Құрастырған: №22 гимназия- мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Урумбаева Қазкен Тауекеловна

Түсінік хат

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген. « Қазақ өнерінің тарихының» арнайы курсында оқушыларды ХІХ ғасырмен ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болған бейнелеу, театр, музыка, би, кино өнерлерінің қалыптасуы мен дамуы туралы қысқаша түсінік береді. Баланың бойындағы өнерге деген асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Отанын сүюге тəрбиелейді. Бағдарламаның басты мақсаты: - оқушыларды қазақ өнерінің (бейнелеу өнері, графика өнерінің, сәулет өнерінің қазақ операсының қалануы мен қалыптасуы, симфониялық музыканың пайда болуы, театрдың тууы, хореография өнерінің пайда болуы мен қалыптасуы)қалыптасуы туралы түсінік беру; -көркемдік талғамын тəрбиелеп, шығармашылық қабілетін дамыту; -оқушыларды өз халқының өнеріне деген қызығушылығын арттырып, өнер иелерін құрметтеуге оларды мақтан тұтуға тәрбиелу;Курстың міндеттері: -окушыларды өнері жайында көзқарасын кеңейту, өнерге деген қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру; - оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалармен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру; - оқушыларда қазақстандық патриотизмді , азаматтық сезімді дамыту;

Арнаулы курс бағдарламасының ерекшелігі- оқушыларға қазақ өнерінің қалыптасуы мен дамы туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді. Себебі, мектептердегі тарихты оу бағдарламасында қазақ өнерінің тарихы туралы толық қамтылмайды.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

-өнер иелерінің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып бере алу:

-Қоғамдық-саяси өзгерістердің өнерге ықпалына талдау жасай білуі,

- тарихи деректермен, әдебиеттермен, баспасөз материалдарымен өздігінше жұмыс істей білуге дағдылану;

Арнаулы курс бойынша оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат; оқу жылында 34 сағат.



Курстың базалық мазмұны.

Кіріспе.« Қазақ өнерінің тарихы» курсының мазмұны мен ерекшелігі. (1сағат)

І. ХІХ ғасырдағы өнер. (11 сағат) 1.Бейнелеу өнері. Дәстүрлі сәндік- қолданбалы өнер.Кәсіби сурет өнерінің пайда болуы. (5 сағат ) Еуропа , Ресей суретшілері Қазақстанда. Д. Кестель. П. Григорьев. В. ВерещагинЕ. КорнеевВ. И. Штернберг. К. П. Броллов. А. Н. Горонович.Т. Г.ШевченкоН.Г. Хлудов

2. Музыка өнері. (6сағат)Әншілік өнер мен мектептер. Үкілі Ыбырай. Естай Беркімбаев. Әсет Найманбайұлы. Біржан сал. Жаяу Мұса. Мұхит Мералұлы.Ә. Қашаубаев.3. Алғашқы драматургия. Омбы қалалық театры. Театрдың тууы. Тұңғыш спектакль.

ІІ. ХХ бірінші жартысындағы ғасырдағы өнер. (10сағат)1. Бейнелеу өнері. Ә Қастеев.Ә. Ысмайлов. Ағалы -інілі Қ . Қожықовтар. 2. Ә. Қастеевтің ізбасарлары. Қ. Телжанов. М. Кенбаев. С. Мамбеев. К. Шаяхметов. Р. Сахит.б. 3.Сәулет өнері. «Ұлттық стильдегі » сәулет өнері. (1937-1954жж.).Г. Ысмаайлова. А. Ғаламбаева.Республикалық сәулетшілер Одағының құрылуы. 4. Күйшілік өнер. Дина. Сейтек. Қазанғап. 5.Қазақ опера негізінің қалануы және қалыптасуы. Е. Г. Брусиловский.А. Жұбанов. Л. Хамиди.М. Төлебаев. 6. Симфониялық музыканың пайда болуы.

ІІІ. Театр өнері. Кәсіби театрдың даму жолдары.(5 сағат) Қазақтың тұңғыш режисері-Ж. Шанин. Алғашқы актерлер. Е. Өмірзақов. Қ. Бадыров. С. Қожамқұлов. Қ. Жандарбеков. Қ. Қуанышбаев. И. Байзақов. Қазақтың тұңғыш актрисалары. Ж. Малабаева. Ф. Нұрымова. Ж. Ж ЖаңабаеваЖ. Шанина т.б

ІҮ. Би өнері. Хореграфия өнерінің пайда болуы мен қалыптасуы. Ш. Жиенқұлова. (2 сағат)

Ү. Кино өнері. Қазақ кинематографиясының пайда болуы. (2 сағат)

ҮІ. Спорт өнері. Н. Баймұрза ұлы. Қажымұқан Мұңайтпасұлы. (2 сағат)

Қайталау.(1 сағат)



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Н.Ә. Назарбаев.«Қазақстан-2050» Стратегиясы: «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2013 жыл.

  2. ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (5-9-сыныптар) Астана 2013

  3. М. Әшімбаев. Қазақ өнерінің тарихы. ІІІтом. 1-кітап.18-588б.

  4. Қазақ өнерінің тарихы. Ортағасырлық өнер. - Алматы. «Өнер»2007, 2том

  5. Гизатов Б. Ахмет Жубанов. - Алма -Ата: «Жазушы», 1972. -97с.Ә. Тәжібаев. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы.- Алматы: 1971

  6. ҚуандықовҚ. Тұңғыш ұлт театры. -Алматы: Жазушы. -1969

  7. НазаровА.С. Первенец казахского кино. -Алматы: «Өнер»,1980-4

  8. Қазақ өнерінің тарихы.ХХғ.Театр өнері . Алматы. 2008,.

  9. Қазақ өнерінің тарихы.ХХғ.Музыка өнері. . Алматы. 2008,.



© 2010-2022