Қазақстан тарихынан сабақ жоспары: Қазақ хандығының құрылуы (7 сынып)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген ру-тайпалардың қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген арман-тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын арқылы тарихи танымын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Топтық әдіс
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақ хандығының ХҮ - ХҮІІ картасы, Жәнібек пен Керейдің портреттері, үлестірмелі қағаздар, слайд, бағалау парағы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау



1. ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің қандай хандықтары өмір сүрді?

а) Әбілқайыр хандығы

в) Моғол хандығы

с) Ноғай Ордасы

д) барлық жауап дұрыс

2. Әбілхайыр хан Ақ орда да билікті өз қолына алу үшін қанша жыл күресті?

а) 10 жыл

в) 22 жыл

с) 20 жыл

д) 12 жыл

3. ХҮ ғасырда «қазақтар, олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық» деп атаған кім?
а) Фазлаллах Ибн Рузбихан

в) Ахмет Иүгнеки

с) Мұхаммед Хайдар

д) Махмуд Қашқари

4. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары

а) Тәуке ханның

в) Хақназар ханның

с) Әбілмәмбет ханның

д) Ұрыс ханның

5. Жәнібек пен Керей кімнің билігін мойындамады?

а) Әмір Темірдің

в) Әбілқайырдың

с) Барақ ханның

д) Моғол ханының

6. Түркістан аймағындағы қалалардың экономикалық дамуына әсер еткен Орта Азия қалалары?
а) Алмалы, Талғар, Тараз

в) Ферғана, Қашғар, Баласағұн

с) Самарқан, Бұхара, Хорезм

д) Сауран, Сайрам, Отырар

7. Керей мен Жәнібек қазақ хандығын қай жылы құрды?

а) 1465-1466 жж

в) 1475-1476 жж

с) 1367-1368 жж

д) 1365-1366 жж

ІІІ. Жаңа тақырыптың жоспары:

  • Хандықтың негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей;

  • Қазақ хандығының аумағы;

  • Халқының этникалық құрамы, көрші елдермен қарым-қатынасы.

Сыныпты 3 топқа бөлінемін: үш жүздің ру-таңбалық белгілері оқушыларға таратылады. Оқушылар сол белгілер бойынша топтарын тауып отырады.
І. Ұлы Жүз
ІІ. Орта Жүз
ІІІ. Кіші Жүз
Оқушыларға бағалау парағын үлестіремін.
1. Тақырыпқа сәйкес видеодан үзінді көрсетіледі және слайдта суреттер беріледі сол бойынша балалардың ойы тыңдалып ортақ оймен тақырыпқа келеді.

ІV. Сергіту сәті.

2. Мәтінмен жұмыс. Үш топқа тақырыпшаларды бөліп беремін, мәтінді оқиды, топта талқылайды, постерге түсіреді және әр топ өздерін қорғап шығады.
3. Математикалық ойын.
1. 800 · 2 - 143 = 1457 ж. Әбілхайыр хан ойраттардан жеңілді.
2. 424 · 2 + 617 = 1465 ж. Қазақ хандығының құрылуы.
3. 4600 : 2 - 844 = 1456 ж. Дайырқожа би Әбілқайыр ханның қолбасшысы Қобыланды батырдың қолынан қаза табады.
4. 232 · 3+762 = 1458 жылы көктемде Керей сұлтан хан сайланды.

5. (1465 - 1315) : 10 = 15 ғасырдың ортасынан Әбілқайыр хандығында ішкі феодалдық қырқысу үдей түсті.
4. «Термин сөздер» ойыны.
«сутіже» (Жетісу), «басызықо» (Қозыбасы), «таухан» (Хантау), «риядасыр» (Сырдария), «танғолсмо» (Моғолстан), «талрақа» (Қаратал өзені). Дұрыс сөздің мәнін түсіндіреді.
5. Картамен жұмыс.
1. Жетісуді, Шу өзенін, Сырдария мен оның бойындағы қалаларды, Моғолстанды, Қырғызстанды картадан көрсету
V. Сабақтың бекіту:

1. Тарихи-қақпан. Мәтінде жіберген қате сөздерді тауып, дұрысын айту.

Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Тоғылық-Темірдің / Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді. Керей мен Жәнібек сұлтандардың келуіне Моғолстан ханы Есен-бұға / Әмір-Темір қарсы болмаған. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидың хабары бойынша Ордабасы мен Түркістан / Қозыбасы мен Шу аумағы еді. Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары / 1365-1366 жылдары құрылды. Керей мен Жәнібек хандар қырғыз / өзбек халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.

2. Кері байланыс

VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: §36 оқу-мазмұндау. «Егер мен хан болсам...» тақырыбына эссе жазу.


© 2010-2022