Қола дәуіріндегі Қазақстан (6 класс)

Урок по истории Казахстана в 6 классе на тему: Қола дәуіріндегі Қазақстан. Урок проводится в игровой форме. Учащиеся работают в группах. В течение урока учащиеся выполняют девять заданий различного уровня: решают кроссворды и анаграммы, работают с картинками, вставляют слова, работа с картой.
Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: « Қола дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы бойынша қайталау сабақ.

«Өз тарихын сыйламаған халық,

Өзін де сыйламайды»

Н. Ә. Назарбаев.

Нағыз білім атаулыға, өздігінен білім алу арқылы ғана қол жеткізеді.

Н.А. Рубакин
Мақсаты:
Білімділік: Қайталау сабағын өтудегі мақсатымыз- оқушылардың қола дәуіріндегі Қазақстанның, оның мәдениетінің даму ерекшелігін танып-білуін бағалау, пәнге деген ынтасын арттыру, өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, қорыту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, карталар

Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: пікіралысу, сұрақ - жауап, миға шабуыл.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

оқушыларды түгендеу.
ІІ. Сабақтың жүрісі:

1 тапсырма:. «Тесттік жорық»
2 тапсырма : "Ненің бейнесі"Суретпен жұмыс
3 тапсырма: Кроссворд шешу
4 тапсырма: Сөйлемдегі қалып қойған сөздерді толықтыр

5 тапсырма: .Жалпы сыныпқа дәптермен жұмыс жасау

6 тапсырма: Картамен жұмыс

7тапсырма: Анаграмма

8 тапсырма: Бір сөзден бірнеше сөздер құрау «Тарих» «Қола»

9 тапсырма: Ұжымдық жұмыс «Вендеграмма»

1 тапсырма: Тесттік жорық

1.Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы

А. Мыс пен қалайы б. Алтын мен мыс в. Күміс пен алтын

2. Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрлыстар

А. Донна пештері б. Қалыптар в. Қазандықтар

3. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең

А. Темір дәуірі б. Полеолит дәуірі в. Қола дәуірі

4.Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстары

А. 80-нен аса б.100-ден аса в. 50-ден аса

5.Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар

А. Андронов, Беғазы б. Петровка, Боголюбов в. Арқайым ,Атасу

6.Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым:

А. Алексеев б.Герасимов в.Алпысбаев

7.Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір

А. Энеолит б. Неолит в. Қола

8. Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең

А.Қола дәуірі б. Темір дәуірі в.Энеолит

9.Жерленген Андрондықтардың басы қаратылды

А.Шығысқа, Оңтүстікке б. Батысқа, Оңтүстікке в. Солтүстікке, Шығысқа

10. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылған жерлер

А.Таңбалы, Жасыбай, Хантау б. Алтай, Нарын,Зриян в.Қаратау жоталары

2-тапсырма «Ненің бейнесі» Суретпен жұмыс

3 тапсырма

Кроссворд шешу
Ірі мыс кен орындарының бірін зерттеген Қазақ ғалымының фамилиясы( Сәтбаев)

Ежелгі адамдар пайдаланған мыс пен қалайының қосындысы( қола)

Көне заманда 1 млн. Тоннадай мыс кені өндірілген Қазақстан қаласы (Жезқазған)

Қоланың құрамына енетін металл (қалайы)

4 тапсырма: Сөйлемдегі қалып қойған сөздерді толықтыр

Андрондықтар дене құрлысы жағынан _________________________________ұқсаған. Археологтар алғашқы олжаларын Оңтүстік Сібірдегі ________________________ауылының маңынан тапқан. Ғалымдар Ресей мен Қазақстанның шекарасында қазіргі қалалардың негізін қалаушы__________________қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Орталық Қазақстан аумағынан ___________________________қоныс пен _______оба зерттелген.________________________мәдениетінің ескерткіштері _______________________мен ________________________өзендерінің аралығындағы аймақтардан табылды.

Кілт сөздер:Андроново, Жайық, еуропоидтерге,150, Арқайым, 30, Енисей, Андрон.

5 тапсырма : Жалпы сыныпқа дәптермен жұмыс

Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық құрылымына сипаттама беру.

Қола дәуірі тұрғындарының діни қөзқарастары жөнінде сипаттама беру.

Қола дәуірінде Қазақстанды мекен еткен адамдардың қалдырған зергерлік өнер туындылары жайлы сипаттама беру.

тапсырма: Картамен жұмыс «Беғазы мәдениеті мен Андронов мәдениетін»картадан көрсету

7 тапсырма: Анаграмманы шеше отырып қола дәуіріндегі ескерткіштер мен құралдардың, қола дәуірі ыдыстарының атаулары шығады.

Андрондықтардың басты кәсібі (мал бағу)

Қола дәуірі мәдениетінің ескерткіштері табылған ауыл (Андроново)

Қазіргі қалалардың негізін қалаушы ежелгі қала. (Арқайым)

Қыш ыдыс (құмыра)

8 тапсырма: Бір сөзден бірнеше сөздер құрау

«Тарих» «Қола»

Тарих: тар, хат, ар, тир, хит

Қола: қол, ол, лақ, ал, қал, қала

9. Сабақты қорытындылау.

Венндеграмма

Тас дәуірі мен қола дәуірін салыстыру.

III.Қорытынды

IV.Бағалау

V.Үйге тапсырма: Эссе жазу. Қола дәуіріндегі Қазақстан



© 2010-2022