«Елшіл ердің есімі ұмытылмайды»

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұнайлы ауданы

« № 8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ







Тақырыбы:Елшіл ердің есімі ұмытылмайды

(сыныптан тыс шара)












Сыныбы: 8

Дайындағандар: Қалмағанбетова С.А

Елжанова Ж.Б





2016 - 2017 оқу жылы



«Елшіл ердің есімі ұмытылмайды»

(сыныптан тыс шара)

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар,және қонақтар!
Бүгінгі біздің өткелі отырған Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Елшіл ердің есімі ұмытылмайды!»атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
1-жүргізуші:«Алаш» партиясы - қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ съезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды. ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.
1-жүргізуші:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.

1-оқушы:

Алаш партиясын ұйымдастырушы - Әлихан Бөкейханов. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Қарқаралы оязы, Әлтеке - Сырым облысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық атауы бойынша бұл елді - мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, "Қаратал " совхозына қарайды. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ.

Қазақтың болашақ саяси көсемі, бір басында сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлғаның білім дариясынан сусындаған ілк қадамы бұрынғы Мырзатай аталған, қазіргі Қасым қыстағында ауыл молдасынан сауат ашудан басталады. Ресейдегі жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын білім ордасының есігін 1888 жыл ашқан, ол 1892 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.

2-жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Әлихан Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей қаласы еді.
Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.

Ән: Сауытова Майра

2-жүргізуші: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды Алаш, өлмейміз.
Жасасын Алаш, жасасын!
1-жүргізуші: Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. Осы сезімді аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма осы?
2-жүргізуші: Бар. Бар болғанда қандай!
Зар заман мәнерлеп оқу.
1-оқушы: Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.
Заман - ай?
Азаматы алаштың
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, бастап топты
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.
Заман - ай!

1-оқушы:
Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды - көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Мұсылманның жолына жаныңды сал.
Заман - ай!
Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?
Өлең, күйдің шебері ақындарым?
Азаматтың міндеті елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.
Заман - ай!

1-оқушы: Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыры - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат - мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. Ол 1872 жылы қаңтар айының 28 - де Торғай облысы, Торғай уезінің Тосын болысында Сарытүбек дейтін жерде дүниеге келді. Әкесі Байтұрсын қарапайым шаруа болғанымен мәрттігі, кісілігі басым, көзі ашық азамат болса керек. 1885 жылғы қазанның 12 - де ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі 15 жылға сотталып, 17 жыл бойы "итжеккенде" айдауда болды. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет Торғайдағы екі жылдық орыс - қазақ училищесін тәмамдаған соң 1891 жылы керуеншілерге Орынборға барып сонда қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебіне оқуға түседі.
1-оқушы: Міржақып Дулатов (1885 - 1935) Ол 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында қазіргі Торғай облысының Жанкелдин ауданында "Қызбел" кеңшарында дүниеге келген. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1897 жылы Торғай қаласындағы Ы. Алтынсарин ашқан екі кластық орыс - қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіреді.
1-жүргізуші: Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!
2-жүргізуші: Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.

Көрініс:
Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.
Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым - халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол рас па?
Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....
Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?
Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә су ішіп жіберіңіз. Қазір жаңағы жан алғышта келіп қалар.... Құдайым ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?! Келіп қалды бекем болыңыз.
Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс тергеуші және жендет келеді)
Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)
Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.
1- жүргізуші: Қапияда
Қауып алар қармақтар,
Ойды орап,
Қырды жапқан Карлагтар.
Қайда барсаң
Қан сасыған іргелер,
Тірі өлікке толған іші түрмелер.
2 жүргіуші:

Мен -қазақ,қазақпын деп мақтанамын

Ұранға алаш деген атты аламын

Сүйгенім қазақ өмірі,өзім -қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Алтай,Ертіс,Сырдария,Есіл,Жайық

Арасын қоныс қылдым ірге жайып,

Елім, жерім, қорғайтын ерім болып

Ер жеттім ен далада құшақ жайып

Күй: Қоянбаев Нұрберген

1-жүргізуші: Ұлт көсемі, ұлы бабаң Әлихан
Бар әлемге қазақ даңқын асырған.
Пір тұтатын бүкіл Алаш баласы,
Көз жазбасын алдындағы асырдан.

Оқушы:Алаш ұлы дана, әрі дара тұлғам,

Нұрмұхаммед әкеден жаратылған.

Арғы атасы Бөкей хан ірі хан боп,

Барлығы халық қамын көп ойлаған.

Оқушы:

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай алашына қызмет еткен.

Болсада қараңғы түн,қалың тұман,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалғанбаған.

Қайткенде алаш көркейер деген ойдан

Басқа ойды өмірінде малданбаған,

Оқушы:

Әли аға,мыңнан шыққан тұлпарым,

Шыңға шығып,құзға қонған сұңқарым.

Алда тағы дауыл соқса есіріп,

Жел өтінен іргемді бір қымтарым.

Екі ұдай болып,белдескендей күн туса,

Әруағыңмен намысымды жыртарым.

Тау басына түсті бейнең тас мүсін,

Жинағандай халқың бүгін бар күшін.

Бұдан былай ұлдарыңды қорламай,

Асылыңды қадірлеуді,ел,түсін.

Оқушы:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін

Шарықтайық,шаттанайық,тынбайық,

Тәуелсіздік күнің бүгін,

Халқым,бірге тойлайық.

Тәуелсіз елміз дейміз толыққанды,

Марқайдық,көңілі-көлім толып қалды,

Қалың елім бастаған болашаққа,

Тегіс танып біттік пе арыстарды?

Қазақ елін мойындатып шет ел танып

Келер күнге бойласам өсер шабыт.

Алты Алаштың бағы үшін көз ілмеген

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов

Бас қамынан ұлт қамын, ұлыс қамын

Артық көрген топ жарған,туыстарын

Ахметті,Мұстафа,Міржақыпты

Толық тани алдықпа туыстарын2-жүргізуші:
Санаңа сәуле түсіріп, қалғып бара жатқан ойыңа от берген Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Елшіл ердің есімі ұмытылмайды!»атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!
















© 2010-2022