• Преподавателю
  • История
  • Поурочный план на тему Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты

Поурочный план на тему Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 8

Күні: 27.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені, Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақтардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу;

  • Мәтінмен жұмыс істеу машығын, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау қабілетін жетілдіріп, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастыру;

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: «Джигсо»,

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушы зейінін сабаққа аудару;

  3. Психологиялық дайындық;

  4. Топқа бөлу: Сандар арқылы;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1867-1868жж. «Басқару туралы уақытша ережелер»

Жалпы сұрақтар:

1.Реформалардың жүргізілу себептері (XIX ғасырдың 60-жылдарындағы)

2.Қай жылы ережелерге қол қойылды?

3.Бұл реформаның жағымды жағы болды ма?

4.Реформа бойынша сайлау жүйесінде қандай өзгерістер болды?

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

  1. Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы.

  2. Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту.

  3. Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары.

  4. Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы.

  5. Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау.

  6. Қоныс аударушылар мен қазақтар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар

Тірек сөздер

1.Басыбайлы

2.Тәуелділік

3.Ходоктар

4.Столыпин

5.Реформа

6.Жатақтар

7.Батыс Сібір

8.Ереже

9.Автохтонды

10.Десятина

11.Транссібір

ФСС технологиялық картасы бойынша түсіндіріледі

ФАКТ-Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты

СЕБЕП: 1.Шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды

2.Қазақ өлкесінде сенімді тірек қалыптастыруды мақсат етті.

3.Қазақ халқын отырықшылықпен айналысуға көшіргісі келді

4.Орыстандыру туралы ниеті болды.

САЛДАР: Жер тапшылығы сезілді

Қазақтардың жері тартып алынды

Мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты

Демографиялық жағдай өзгерді

1-топқа тапсырма (тапсырмалардың қиындығы әр түрлі деңгейде):

Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды орналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.

2-топқа тапсырма:

Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

3-топқа тапсырма:

Мына терминдердің мағынасын түсіндіріңдер:

- отаршылдық тәуелділік

- Басыбайлы тәуелділік

- Жергілікті (автохтонды) халық

- Үлеске тиген жер, кесілген жер

- Столыпиннің аграрлық саясаты

- Ходоктар

- Хутор

- Жатақтар

Сабақты бекіту: «Тұлғаны таны»

Мына адамдар жөнінде не білесіңдер?

Г.А.Колпаковский

П.А.Столыпин

Куропаткин

Бағалау: Жиынтық;

Үйге тапсырма: § 28-7

Рефлексия: +,-,қызықты;

© 2010-2022