Түрік қағанаты. 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Б і р і н ш і т а р а у

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

Тақырып:Түрік қағанаты (553-603жж)

«Түрік» де­ген ат алғаш рет 542 жы­лы ата­лады. Қытай­лар түріктерді сюн­ну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тай­па­лары­ның жалғасы екенін көрсе­теді. 546 жы­лы ти­рек (те­лэ) тай­па­лары Моңғоли­яның оңтүстік және ор­та­лық аудан­да­рын ме­кен­де­ген авар­ларға (жкань-жу­ань) қар­сы жо­рық жа­сай­ды. Осы кез­де күтпе­ген жер­ден түріктердің қағаны Ту­мын­ның (Бу­мын) басқару­ымен түріктер те­лэ әскер­леріне ша­бу­ыл жа­сап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға ала­ды. Осы­дан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді бо­лып кел­ген авар­ларға (жу­ань-жу­ань) қар­сы шығады. 552 жы­лы көктем­де түріктер авар­лардың ор­да­сына ша­бу­ыл жа­сап, олар­ды жеңеді, авар­дың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кез­ден бас­тап Бу­мын түрік қаған де­ген атағын ала­ды. Бу­мын 553 жы­лы қай­тыс бо­лады.

Бу­мын өлген­нен кейін, таққа оның інісі Қара-Ес­ке оты­рады. Ол Ор­хонның жоғарғы жағын­да авар­ларды екінші рет жеңеді. Қара-Ес­ке­ден кейін, оның мұра­гер інісі Еркінді-Мұқан де­ген ат­пен қаған бо­лады. Оның ел би­леген кезі 553-572 жыл­дар. Мұқан­ның тұсын­да аз уақыт ішінде (553-554 жж) түріктер шығыс­та қай­лар, қидан­дар және оғыз-та­тар тай­па­ларын, солтүстікте Ене­сей қырғыз­да­рын, Жетісу жеріндегі түргент­терді өздеріне қарат­ты. Бұл жыл­да­ры түріктердің ба­тысқа қарай жа­саған жо­рықта­ры күшті бол­ды. Олар­ды Ту­мын­ның басқа бір інісі Ес­темі жүргізді. Кейін та­рихи де­рек­терде оны Ба­тыс түріктерінің түпкі ата­сы және Ба­тыс Түрік қағана­тының негізін қала­ушы деп атай­ды. 563 жы­лы Түрік қағаны Сил­зи­бул (Ес­темі) Эф­та­лит мем­ле­кетін ба­сып алуға кіріседі.

571 жы­лы Ес­темі қаған Солтүстік Кав­казды ба­сып ал­ды, сөйтіп Керчь түбегіне (Бос­порға) шықты. Оның ба­ласы Түріксанф Керчті ба­сып алып, 576 жы­лы Қырымға ша­бу­ыл жа­сады. Бірақ Ес­темі өлген­нен кейін, 582-593 жыл­да­ры Түрік қағана­тын­да билік үшін қырқыс бас­талды. Өз ішіндегі ала­уыз­дық пен әле­уметтік қай­шы­лықтар қағанат­ты қат­ты әлсіретті. Ел­де мал індет­тері, жұттар мен ашар­шы­лық орын ал­ды. Түрік қағана­ты ше­кара­лары­на шығыс­тан Қытай­дың Сүй әулетінің (581-618 жж.) ша­бу­ылы күшейді. Бұл жағдай­лар­дың бар­лығы 603 жы­лы Түрік мем­ле­кетінің екі дер­бес қағанатқа - Шығыс және Ба­тыс қағанат­та­рына бөлінуімен аяқтал­ды

Түрік қағанатының билеушілері

  • Бумын - жужандарды жеңіп, Түрік қағанатын құрды

  • Қара Еске - Орхонның жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді

  • Мұқан қаған -(552-554жж) - жужандарды бас көтерместей жеңді, түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды,солтүстігінде Саян тауына дейінгі, ал шығыстағыСары өзенге дейінгі қай, қидан, оғыз - татар т,б.тайпаларды бағындырды.Қытайлардың бір жағы жылына мың тең жібек төлеп отырды.

  • Тобо қаған- Қытайдың екі жағымен де жақсы қарым-қатынаста болған

  • Иштеми- 10 түмен қолмен ху елін (соғдылықтарды) жаулап алуға аттанады, эфталиттермен соғысып, он жылдан кейін 563-567жж жаулап алады.

  • Халқы - теле, тирек тайпалары, "теле" - "түрік", 30 астам тайпа болған.

  • Шаруашылығы - көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы

  • Баспанасы - киіз үй

  • Діни - нанымы - отқа табыну


© 2010-2022