Кенесары Қасымұлы ашық сабақ

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кенесары Қасымұлы ашық сабақКенесары Қасымұлы ашық сабақКенесары Қасымұлы ашық сабақКенесары Қасымұлы ашық сабақКенесары Қасымұлы ашық сабақКенесары Қасымұлы ашық сабақСабақтың тақырыбы: «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»

Білімділік: тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелеген, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы ұлы хан, ержүрек батыр, дипломат қазақ елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері туралы толық мағлұмат беріп, ұғымдарды қалыптастыру.

Дамытушылық: Қозғалыстың күрделі құбылыстарын талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, өз ойларын еркін жеткізуге, жүйелі ойлау қабілеттерін дамытуға қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай ұлы батырдың ерлігін үлгі ете отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып,қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұраұ-жауап,топтық жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті қондырғы, слайд, топқа бөлуге арналған парақшалар;

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық ахуал туғызу.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып,түгендеп,сыныптағы оқушыларды топтарға бөліп,әр топ бір-біріне жақсы тілектерін айтып,ынтымақтастық атмосферасын құрамыз.

I топ - "Абылай"
II топ - "Исатай"
III топ - "Саржан"
IV топ - "Жоламан"

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Постермен жұмыс әр топқа тақырыптар беріледі.

І-топ көтерілістің қамтыған жерлері

ІІ-топ көтерілістің қозғаушы күштері

ІІІ-топ көтерілістің алғышарттары

ІV-топ көтеріліске қатысқан рулар

Әр топ постерлерін қорғап,бағаларын береді.

ІV. Ой толғау. Жаңа сабақты бастамас бұрын өткенді қайталап, «Шын өтірік» әдісі арқылы оқушылардың білімін шыңдау.

1-сұрақ 1822 жылы Сібір қазақтарының жарғысы қабылданды.

2-сұрақ 1843 жылы тамызда көтерілісшілер қазақтардың орынборлық тобымен шайқасып, қазақ сарбаздары шегінді

3-сұрақ Кенесары Қасымұлы 1812 жылы дүниеге келген.

4-сұрақ Көтеріліске тек қана қазақтар ғана қатысты

5-сұрақ көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары

6-сұрақ Кенесары Қасымұлы көтеріліс Кіші жүзде болды.

7-сұрақ Кенесары көтерілісі кезінде патша II Екатерина болды

8-сұрақ Қазақстанның Ресейге қосылып үлгермеген жерлерінің дербестігін сақтап қалу.

V. Жаңа тақырып бойынша оқушылар концептуалдық картамен жүмыс жасайды

Жаңа сабақты меңгертудің жоспары:

1.Көтерілістің мақсаты.

2.Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген жазалау шаралары.

3.Көтерілістің әлсіреу себептері.

4.Көтерілістің тарихи маңызы.



Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген жазалау шаралары.

1842 жылы Сотников тобы, кейіннен Сібір әскери шебінен жазалаушы отряды келді

1842 жылы Орынбор генерал - губернаторы А. Обручев көтерілісті қанға бояу көздеді.

1843 жылы батыс шекара бөлістеріне және Қоқан иеліктеріне шабуылдар жасау . Кенесарыға қарсы патшаның жазалау отрядын ұйымдастыру.

1845 жылы дала өлкесінде патшаның екі әскери бекінісін салуы.

Кенесары Қасымұлы ашық сабақ

Көтерілістің тарихи маңызы

1. Патша үкіметінің отарлық саясятына қарсы үш жүзді қамтыған тұнғыш көтеріліс

2. Патша үкіметінің орта Азияны отарлауын кешеуілдетті

3. Қазақ халқының ұлттық сана -сезімінің өскендігін дәлелдеді

VI. Венн диаграммасы

Кенесары Қасымұлы ашық сабақ

VII. Бағалау

Бағалау парақшасы арқылы әр топтың ұпайларын анықтап бағалау

VIII. Қорытынды. «Аяқталмаған сөйлем» рефлексиясын қолдану.

Бүгінгі сабақ бойынша өз ойыңды білдір

Маған бүгінгі сабақта ұнағаны........................................................

Бүгін топ мүшелерімен........................................жайлы ой бөлістік

Мен бүгін................................................................екенін түсіндім

Маған.................................................................түсіну қиынболды

Мен........................................................жайлы толық білгім келеді

IX. Үй тапсырмасы.

"Ұлт мүддесін қорғаған ұлы тұлға" тақырыбында тарихи шығарма жазу.

© 2010-2022