• Преподавателю
  • История
  • Сабақ жоспары Қазақстан тарихы 9-сынып Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты

Сабақ жоспары Қазақстан тарихы 9-сынып Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Пән: Қазақстан тарихы.

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Тоқырау жылдарындағы және КОКП-ның ұлттық саясатының Қазақстанға тигізген ықпалы мен түпкі мәнін түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушыларды тарихи фактілерді талдап қорытынды жасауға, тірек-сызба сызу арқылы тарихи ұғымдарға анықтама беруге баулу.

Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: тірек-сызбаларын пайдалана отырып түсіндіру, топтық жұмыстар және оқушылардың өзара белсенділігін арттыру әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, тақырыпқа қатысты материалдар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

§23. Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары

1. 1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:

а. «Ұжымдастыру жылдары» в. «Тоқырау жылдары» с. «Индустрияландыру жылдары»

д. «Қуғын-сүргін жылдары» е. «Ұлы нәубет жылдары»

2. 1960 жылы Каз/н КП ОК Бірінші хатшысы болып тағайындалды:

а. Ж.Шаяхметов в. Н.Ә.Назарбаев с. Д.А.Қонаев д. Н.С.Хрущев е. Л.И.Брежнев

3. 1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясы ұйымының бірінші хатшысы болып сайланды:

а. Д.А.Қонаев в. В.Г.Колбин с. П.К.Пономаренко д. Н.Ә.Назарбаев е. Н.С.Хрущев

4. 1964-1986 жылдары аралығында Қазақстанды басқарған:

а. Н.Ә. Назарбаев в. Н.С.Хрущев с. Д.А.Қонаев д. В.Г.Колбин е. П.К.Пономаренко

5. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:

а. 1977 ж. в. 1980 ж. с. 1979 ж. д. 1978 ж. е. 1960 ж.

6. Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы қабылданды:

а. 1975 жылы в. 1970 жылы с. 1977 жылы д. 1978 жылы е. 1979 жылы

Жылдар қозғалысы.

(оқушылар болған оқиғамен жылдарды салыстырады)

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар төрт топқа бөлініп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.




Ұлттарды қосу саясатының идеологиялық негізделуі


Ұлт Олжас

зиялыларының Сүлейменовтың

наразалығы «Аз и Я» кітабы


Целиноград оқиғалары


Жылдам жауап ойыны:

1. 1960-1962, 1964-1986 жылдары аралығында Қазақстанды басқарған:Д.А.Қонаев

2. 1960 жылдардың ішінде құрылған, айнласына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым:

«Жас тұлпар»

3. 1970 жж. әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер:«Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл»

4. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы:М.Әуезов

5. 1960 жж. құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары:

А.Қадыржанов, Б.Тайжанов

6. 1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым:«Жас қазақ»

7. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар»

8. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды:1960 ж. ішінде

9.1970 жж. кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны:О.Сүлейменов

10. Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі: «Аз и Я»

11. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді:1975 ж.

12. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:1978 ж.

13. 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына іргелес аудандағы енгізілмек болған облыстар:

Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола

14. 1979 жылы «Неміс автономиясын» құруға қарсы жастар қозғалысы болған қала:Целиноград

15. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы:Ерейментау

16. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық етті:А.Коркин

ІV. Бекіту сұрақтары.

1. «Ұлттарды қосу» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Мемлекеттердің жойылуы кімге тиімді еді?

3. Коммунистік әкімшілік қандай ұрандарды жүзеге асырды?

4. «Жас тұлпар» ұлттық-ждемократиялық бейрисми ұйымының негізгі мақсаты қандай?

5. «Жас тұлпар» ұйымының ықпалымен құрылған ансамбльдерді атаңдар?

6. О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы кітапханалардан аластатылып, басылымына тыйым салуын немен түсіндіруге болады?

7. 1979 ж. Целиноград оқиғаларына қандай баға беруге болады?

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы.

§23-24. Тест құрастыру, тірек-сызба жасау.

«Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері туралы мәліметтер жинастыру.


© 2010-2022