Күнделікті сабақ жоспары Әбілхайыр хандығы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


САБАҚ: 26 Әбілқайыр хандығы 1428-1468 жылдар

Мектеп: «№19 орта мектеп» КММ

Күні:16.01.17

Оқытушының аты-жөні: Сейтказиева Айгүл Жұмабекқызы

СЫНЫП: 7 сыныптар

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға Әбілхайыр хандығының тарихымен таныстыру
Әбілхайыр хандығының өрлеу және құлдырау себептерін ашып түсіндіру.Ойлау және сөйлеу, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасай білуге үйрету. Оқушыларды бір -бірін бағалауға дағдыландыру.

Сабақтың мақсаттары

  • Барлық оқушы істей алады: Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, негізгі ойларын анықтайды.

  • Көпшілігі істей алады: Берілген тапсырма аясында сұрақтар қоя алады

  • Кейбірі істей алады: Өздерінің қабілеттеріне қарай сұрақтарға жауап беріп, ойларын айта алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.

Алдыңғы білім

Бұл бөлім, алдындағы барлық меңгерілген бөлімдермен байланысты.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. 3-минут.

1.Сәлемдеседі
2. Ынтымақтастық атмосфера орнатады.

3.Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу
1,2,3,4,5 сандары

4. Топбасшысын сайлайды
5. Топ ережесін еске түсіреді

Балалар,үйге қандай тапсырма берілді? Қайталап жіберейік

II.Үй тапсырмасын сұрау 7 минут.
Сұрақтарға жауап: «Миға шабуыл»
1.Моғолстан мемлекетінің құрылу себебі. Моғолстан атауының шығу тарихы туралы не білеміз?

2.Әмір Поладшы өзін хан деп атамай,хан тағына 18 жасар Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді жариялау себебі неде?

3.Картадан Моғолстан мемлекетінің аумағын көрсетіңдер.Оған Қазақстанның қай бөлігі енді?

4. Ретімен Моғолстан билеушілерінің тарихтаға ішкі және сыртқы саясаты туралы не білесіңдер?

5.Моғолстанның өрлеу және құлдырау себебі неде?

6.Қазақстан тарихында Моғолстанның алатын рөлі қандай?

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсындар?

1.Әбілхайыр хандығы туралы не білеміз?

Ол қандай әулетке жатты?

2.Оның жер аумағын картадан кім көрсетер екен?
Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып,сұрақтарға жауап іздейді.

Оқулық, ақылды тақта,бейнероликтер,

суреттер,

смайликтер,бағалау парақшалары,топ атаулары,топ ережесі т.б.

Ортасы




III. Жаңа сабақ

Жоспар:

1.Әбілхайыр хандығының құрылуы

2. Саями тарихы

3.Әбілхайыр хандығының құлауы

1.Әбілхайыр хандығы 15 ғасырда Шығыс Дешті Қыпшақтың даласында құрылған.Құрылу себебі: Ақ Орданың құлауы және Жошы ұрпақтарының арасындағы қырқыстар нәтижесінде құрылды.1428 жылы 17 жасар Әбілхайыр хан болып сайланды.Ол Жошының өзге ұрпақтарын жеңіп Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігін өзіне қаратты. Ол жер Көшпелі өзбектер мемлекеті деп те аталды.Алтын Орданың белгілі мемлекет басшысының есімімен аталды. Оның аумағы: Жайықтан Шығыс Балқашқа дейін,Сырдарыияның төменгі ағысы,Ертістің солтүстігіне дейінгі жерлерді алып жатыр.Этникалық құрамы:қыпшақ,қарлұқ тайпалары,түркіленген моғол тайпалары,құрамында түрік тайпалары көп болған.Бұл тайпалар экономикалық дамуы,қоғамдық қатынастары,мәдени деңгейі жағынан жақын болып келді.Олар 14 ғас соңы-15 ғас 1 жарт дейін Өзбектер деп аталып келді.Әбілхайыр Шайбан әулетінен.Осы хандықты 40 жыл басқарған.

2.Әбілқайыр елді билеген уақыттарда көптеген қырқысулар болып келді.Ол басқарған тайпалар бірнеше үлестерге бөлінді. Ескі салттардың қадағаланбауынан ішкі саясатта қайшылықтар,кикілжіңдер көп кездесті.Ол орталықтандыру және ру билеушілерінің артықшылықтарын шектеу саясатын жүргізе бастады.Сол себептен, ру басшылар мен сұлтандар тарапынан қарсылықтар пайда болды. Оның ішінде Жәнібек пен Керей болды. Ол өзін қолдаған кейбі р көшпелі тайпалардың ақсүйектерінен қолдау тауып,қолдау көрсеткені үшін басып алған қалаларды сойырғал ретінде үлестіріп берді. Ханға адал қызмет еткен әскери шенеуніктерге тарту етілген жер,мұрагерлікпен берілмейді. Бірақ ол жердің иесі өз пайдасына салық жинауға құқылы болды. Осы арқылы хан беделін күшейтеді.Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне басқыншылық жорықтар жасады.Хорезмді басып алды,Үргенішті тонады,Сырдарияға жорық жасап,Созақ,Сығанақ,Үзкент қалаларын басып алды. Сығанақты жаңа астана етті.Сығанақ қаласының маңында Шайбан әулетінен шыққан хандар жерленген екен.Осы жерлердегі кесенелердің бірінде Әбілхайыр хан жерленген. Ол Көк кесене.15 ғас 50 ж. Бұқара,Самарқан,Сауереннахр қалаларын басып алады№ бұл оның соңғы жеңістері болады,Кейін саяси жеңілістер басталады.1457 жылы Сығанаққа жақын жерде ойраттармен Әбілхайыр арасында үлкен шайқас болады.Әбілхайыр қатты жеңіліске ұшырап, жауымен келісімге келуге мәжбүр болады.Түркістан,Ташкент,Отырар қаласын ойраттар басып алады.Мемлекет әлсіреп,Әбілхайыр беделі түседі.Шыңғысханнның көптеген ұрпақтары оған бағынудан бас тартады. Керей мен Жәнібек бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілхайырдан бас тартып,батыс Моғолстанға көшіп кетеді.

3.1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін хандық құлады,билік үшін күрес басталды. Шайбанилықтар Жошының ұлы монғол ханзадасы Шайбанидың ұрпақтары.Сөйтіп Шайбанилықтар дешті Қыпшақ билігінен айырылып қалады,бірақ күресуден бас тартпайды.Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани оның інісі Махмұд екеуін қолдағандар аз болды.Олар ұйымдасып Темір ұрпақтарына қарсы шығып,1500 жылы Самарқанд,Бұхараны басып алып,Самарқандты астана етеді.Ал інісін Бұхара әміршісі етеді.16 ғас басында Мауереннахрды Темір ұрпақтарынан тартып алған Шыңғысханның немересі Шайбани ұрпақтары қайтадан билікке келеді.16 ғас соңына дейін отырады. Көшпелі өзбектер мемлекетінің құлау себебі:

1.Мемлекеттің жекелеген бөліктері арасында берік байланыстың болмауы;

2.үнемі болған өзара қырқысулар;

3.көшпелілердің Әбілхайыр саясатына наразылығы;

4.тайпалардың бір бірінен бөлектенуі;

Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы билік тоқтатылып,қазақ хандығының құрылуына себеп болды.Қалған тайпалар қазақ хандығының аумағына өтті.Көшіп қонып жүргенде өзбек-қазақ болатын кейін Олар қазақтар деген атау алды. Жәнібек пен Керей Орда Ежен ұрпақтары.

Топтық жұмыс

1 тапсырма. Ашық түрдегі тест тапсырмалары.15-минут.

Көшпелі өзбек мемлекетінің әлсіреу және құлау себебі Әбілқайырдың ойраттардан Сығанақ қаласына жақын жерде 1457 жылы жеңілуі болды.

Әбілхайыр Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға басқынышылық жорықтарын сәтті жүргізгеннен кейін мемлекеттің жаңа астанасын Сығанақ қаласы етті.

15 ғас 50 жылдарының соңы мен 60 жылдарының басында Жәнібек пен Керей сұлтандарбасқарған тайпалардың бір бөлігі Әбілхайырдан Моғолстанға көшті.

2 тапсырма. Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар жабық тест жұмысы.

  1. 15 ғ 20 ж Жошы ұрпақтары арасындағы қырқыс пен Ақ Орданың құлауы нәтижесінде құрылған жаңа мемлекет

А.Әбілхайыр хандығы

В.Көк Орда

С.Темір ұрпақтары

Д.Моғолстан

Е.Астрахан хандығы

2. Әбілхайыр хандығының тарихи әдебиеттегі аталуы

А.Көшпелі өзбектер мемлекеті

В.Көк Орда

С.Ноғай Ордасы

Д.Моғолстан мемлекеті

Е.Астрахан хандығы

3.15 ғ.50ж. Әбілхайыр хан Самарқан мен Бұхараға шапқыншылықтарын жалғастырып,ішкі қырқыстарына араласқан билік етуші әулет аты

А.аштархандықтар

В.Темір ұрпақтары

С.саманилер

Д.шайбанилықтар

Е.шағатайлықтар

4.15 ғ бас Мауереннахрда Темір ұрпақтарының орнына билікке келген жаңа әулет

А. Аштархан әулеті

В.шайбани әулеті

С.самани әулеті

Д.жошы әулеті

Е.шағатай әулеті

5.Өзбек ұлысынан бөлінген тұрғындарды басқарған,Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керейдің шыққан тегі

А.Шайбани ұрпағы

В.Шағатай ұрпағы

С.Орда Ежен ұрпағы

Д.Ұрұс хан ұрпағы

Е.Батый ұрпағы

Оқулықпен, дәптермен жұмыс, сөйлемді толықтыру, тақырып мәнін ашу.

Суреттер,маркер, ватмант,карта.т.б.Постер қорғау



















Үлестірмелі тапсырмалар

(технологиялық карта)

Оқулық,дәптер

Соңы




IV.Сабақты бекіту: 3 минут

Тапсырма №1. «Ой тұжырым» Әр топ бүгінгі сабақта Әбілхайыр хандығының тарихында қандай оқиға сендерге жаңалық болды?

V.Үй тапсырмасы: 2 минут
1.Тақырыпты оқу
2. Әбілқайыр хандығына сатылай кешенді талдау жасау
VI.Бағалау: 3 минут
Мұғалімнің бағалауы
Жиынтық бағалау
Сабақтың ә рбір кезеңінде оқушыларды марапаттап жұлдызшалар беріп отыру
Кері байланыс-Мен ойымша......




Рефлексия


© 2010-2022