Интеллектуалдық ойын Білім кілті шығармашылық ізденісте

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қостанай қаласы әкімдігінің С. Мәуленов

атындағы гимназиясы» ММ



Интеллектуалдық ойын:

Білім кілті шығармашылық ізденісте




құрастырған: Базарбаева Б.Е.



Қостанай, 2016ж

"Білім кілті шығармашылық ізденісте"

Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, өткен сабақтар бойынша алған білімдерін қайталау, жинақтау, жүйелеу, тапқырлық дағдыларын дамыту.

Міндеті: Алған білімдерін кез-келген жағдайда қолдана білуге үйрету, Эрудициясын арттыру, қосымша материалдармен жұмыс істеуге үйрету. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Логикалық мәдениетін дамыту. Аналитикалық дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өзін-өзі дамыту қабілеттерін дамыту, танымдық қызметке қызығушылықтарын арттыру.

Ойын 4 турдан тұрады. Жүргізуші қатысушыларға сұрақтар қойып тұрады, одар сол мезетте экранда көрінеді. Кім бірінші болып карточкасын көтерсе, сол жауап береді. Егер ол дұрыс жауап бермесе, ол бұл сұраққа екінші рет жауап бере алмайды.

Бірінші тур: «Дұрыс жауапты тап» жүргізуші сұрақтарды оқиды, қатысушылар бір дұрыс жауап таңдауы тиіс.

Екінші тур: «Не туралы айтылды» оқиғаға қатысты тапсырмалар беріліп онда кім немесе не туралы айтылғанын табу керек.

Үшінші тур: «Сіз, бұған сенесіз бе?» жүргізушінің қойған сұрақтарының барлығына «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек.

Төртінші тур: Қатысушылар әр түрлі білім саласын таңдап өз тапсырмасына жауап береді.

Сосын ұпайлары саналып жеңімпаз жарияланады.

1 турдың сұрақтары

1. Қазақтың бұл ханы 80 жасында билікке келіп, екі жыл хандық құрды:

А) Шығай

В) Тұрсын

С) Қасым

Д) Тәуке

2. Сақтардың әйгілі ханшайымы:

А) Тамара

В) Томирис

С) Зарина

Д) Бопай

3. Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

А) 1991

В) 1992

С) 1993

Д) 1994

4. Қай қала Қазақстанның астанасы болған жоқ:

А) Астана

В) Орынбор

С) Қызылорда

Д) Омбы

5. Ш. Уалихановтың жазып алған эпикалық жанрдағы шығарманың үлкен үзіндісі:

А) «Алпамыс»

В) «Қобыланды»

С) «Қыз Жібек»

Д) «Манас»

6. 1975 жылы Олжас Сүлейменовтың жарық көрген кітабы:

А) «Аз и Я»

В) «Көшпелілер»

С) «Сақтар»

Д) «Қан мен тер»

7. «Ленфильм» студиясында алғаш рет түсірілген қазақтың көркем фильмі:

А) «Алпамыс»

В) «Аманкелді»

С) «Түрксіб»

Д) «Қараш-Қараш»

8. 1778 жылы II Екатерина Абылайды хан етіп бекітті:

А) Үш жүзге

В) Ұлы жүзге

С) Орта жүзге

Д) Кіші жүзге

9. 1995 жылы ЮНЕСКО ның бастамасымен кімнің 150-жылдығы тойланды:

А) Ж. Жабаев

В) М. Әуезов.

С) А. Құнанбаев.

Д) Ш. Уалиханов.

10. Ұлттық валютамыз теңге қашан айналымға енгізілді?

А) 1993 жылы

В) 1994 жылы

С) 1995 жылы

Д) 1996 жылы

2 турдың сұрақтары:

1. Анахарсис сақтардың әйгілі ойшылдарының бірі болды. Платон оны Гомер және Фалеспен қатар қояды, ал кейбір шығармаларында әлемнің жеті данышпандарының бірі деп атайды. Бізге оның кейбір афоризмдерінің кейбіреуі жеткен. Соның бірін аяқтаңдар: «Басқа пәле .......» (тілден)

2. 1822 жылы «Сібір қазақтарының жарғысы» қабылданғанын білесіңдер. Оның 15 бөлімінде «Ауылды-ауыл старшыны, болысты-сұлтан, ал округты-............ басқарады» (аға сұлтан)

3. Қазақ фольклоры бұл халық шығармашылығы, ол баға жетпес мұра, терең мазмұнымен, жастар үшін тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді. Соның бірі «Дұшпанға өміріңді қисаңда, ........ қима» (сырыңды)

4. Қазақ халқының ауызша шығармашылығы ежелден бері атадан балаға мұра болып келеді. Мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда терең ойлар, тәлімдер жатыр. Мына жұмбақтың жауабын табыңдар: «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды». (Күннің шығуы)

3 турдың сұрақтары «Сіз, сенесіз бе?»

1. Майра Шамсутдинованы «Қазақтың бұлбұлы» деп атаған? Иә

2. «Салқам» атағы Тәуекел ханға берілген? Жоқ

3. Эссен «Сібір қырғыздары туралы» Жарғының авторы? Жоқ

4. Ш. Уалихановты «Жарқ еткен жұлдыз» деп атайды? Иәо

5. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан ЕҚЫҰ-на мүше болды? Жоқ

6. Ұлы жүздің құрамына найман, керей, қыпшақ тайпалары кіреді? Жоқ

7. «Диуан-и-Хикмет» еңбегінің авторы М. Қашғари болып табылады? Жоқ

8. Ғұндардың Қазақстан территориясына бірінші қоныс аударуы кезінде Чжи-Чжи билеуші болды? Иә

9. «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының авторы А. Затаевич болып табылады? Иә

10. Қарахандықтар тұсында Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды? Иә

4 турдың тапсырмалары:

Билеушілер:

1. Моғолстанның бұл билеушісі 1365 жылы 22 маусымда Батпақ шайқасында Әмір Темірді жеңді. Ілияс Қожа.

2. Ол тек қана өзінің әйгілі жойқын шапқыншылықтарымен ғана емес, сонымен қатар өзінің Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салғызғандығымен де әйгілі. Әмір Темір.

3. Әмір Темір Осман империясына жасаған жорығында осы сұлтанды тұтқынға түсіргенде былай деген: "Алланың жердегі билікті қадірлемейтіні сонша, әлемнің бір жартысын ақсаққа, екінші жартысын қисыққа берген екен" Ол кім жайында айтқан? Баязид Йылдырым

4. 1643 жылы бұл хан 600 сарбазымен жоңғардың 50-мыңдық әскеріне қарсы тұрып жеңіске жетті. Жәңгір хан.

5. Ол Аңырақай шайқасында жоңғардың Шарыш деген батырымен жекпе жекте жеңіске жетіп, «Сабалақ» деген атқа ие болғанымен белгілі. Абылай хан

5. Бұл қағанды арабтар «сүзеген» немесе «мүйізді» деп атаған. Сұлу қаған.

Қалалар:

1. Бұл қаланың билеушісі монғол керуенін жойып жіберген, кейін бұл оқиға Шыңғыс ханның шапқыншылығына сылтау болып табылды. Отырар

2. 1854 жылы Перемышельский отрядымен Верный бекінісінің негізі қаланды, ол кейін .............. аталды. Алматы.

3. Бұл қалада «қызылдар астанасын» салған құрылысшаларға қарсы іс қаралып бір топ архитекторлар мен инженерлер жазаланды (П.Т. Буддаси, С.Б. Голдгор, М. Тынышпаев және басқалар). Қызылорда

4. Бұл қаланы қорғаған әскерлер қала қорғанынан монғолдарды өткізбеу үшін бірнеше ай, ал қала ортасындағы мұнарада бір ай қарсылық көрсетті. Отырар

5. Бұл қаланың аты өткен ғасырда бірнеше рет ауыстырылды, оның бірі Целиноград болды. Астана

Шайқастар:

1. Бұл шайқаста арабтардың жеңісі қытайлықтардың батысқа экспансиясын тоқтатты, арабтар мен қытайлықтардың қарсылығында түргештер мен қарлұқтар елеулі роль атқарды. Атлах шайқасы

2. Бірнеше күн толассыз жауған жаңбыр мен одан кейін түзілген батпақ шайқастың аты болып табылады. Бұл шайқаста Моғолстан билеушісі жеңіске жетті. Батпақ шайқасы

3. Бұл қаланың түбіндегі жеңіс үшін Панфилов дивизиясының қосқан үлесі зор, әсіресе Дубосеково разъезіндегі ерліктерімен әйгілі. Москва үшін шайқас.

4. Бұл қала үшін щайқаста, жауға әр үйді шайқаспен алуға тура келді. Әсіресе Толыбай Мырзаев қатысқан «Павлов үйінің» қорғанысы ерекше белгілі. Сталинград шайқасы

5. Бұл шайқаста көрсеткен ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбайұлы күміс медальмен, ал тептяр полкінің старшинасы Қарынбай Зындағұлұлы көгілдір ленталы медальмен марапатталды. Бородино шайқасы.

Ұлы Отан соғысы батырлары:

1. Бұл қарағандылық ұшқыш 1942 жылы 19 желтоқсанда Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында өз самолетін жаудың танктеріне бағыттап ерлікпен қаза тапты. Нұркен Әбдіров.

2. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын иеленген қостанайлық ұшқыш. Леонид Беда.

3. Ол 54-ші атқыштар дивизиясының қатарында шайқасты. Оның ерлігіне Роза Рымбаеваның орындауындағы ән арналады.. Әлия Молдағұлова.

4. Ол бүкіл майданға тарап кеткен «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінуге жол жоқ, артымызда Москва» деген сөздерді айтты В.Г. Клочков

5. Оның ерлігі жауынгерлердің есінде қалды. Ол Бородино с. орналасқан неміс штабына баса-көктеп кіріп, жаудың 5 офицерін өлтірді. Т. Тоқтаров.

Рулар мен тайпалар:

1. Бұл тайпаның атауы монғол тілінен аударғанда «8» білдіреді Наймандар

2 1870 жылы бұл рудың қазақтары көтеріліске шықты. Оған себеп салықтың екі есе өсуі болып табылады. Адай

3. 965 және 985 жылдары олардың Киев кінәздерімен одақтары біресе Хазар қағанатына, біресе Еділ бұлғарларына қарсы бағытталды. Оғыздар

4. Бұл тайпаның атын Монғолиядағы Керулен өзенінің атымен байланыстырады. Керей

5. ХІ ғасырда Еділден Қара теңізге дейін мекендеген түркі тілдес тайпалардың (негізінен қыпшақтар) орысша атауы. Половецтер

Атақтар, титулдар және басқалары.:

1. Әскери қызметте ерекше ерлігі үшін берілетін атақ. Батыр.

2. Қазақ қоғамындағы сот міндетін атқарушы, халықтың салт-дәстүрін, қарапайым құқықтарын қадағалаушы. Би.

3. Қарақытайлар мен жалайырлардың жоғаргы билеушісінің атағы. Гурхан.

4. Хандар мен сұлтандардың балаларының тәрбиешісі. Атабек

5. Оғыздардың жоғарғы билеушісі. Жабғу







"Білім кілті шығармашылық ізденісте" интеллектуалдық ойынының сараптамасы

12.03.2016 жылы 10-11 сынып оқушылары арасында «Білім кілті - шығармашылық ізденісте» тақырыбында интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, өткен сабақтар бойынша алған білімдерін қайталау, жинақтау, жүйелеу, тапқырлық дағдыларын дамыту.

Міндеті: Алған білімдерін кез-келген жағдайда қолдана білуге үйрету, Эрудициясын арттыру, қосымша материалдармен жұмыс істеуге үйрету. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Логикалық мәдениетін дамыту. Аналитикалық дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өзін-өзі дамыту қабілеттерін дамыту, танымдық қызметке қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші ойынның шартымен және мақсатымен түсіндіріп кетті. Ойынға 10 және 11 сынып оқушылары қатысты.

Ойын 4 турдан тұрады. Жүргізуші қатысушыларға сұрақтар қойып тұрады, одар сол мезетте экранда көрінеді. Кім бірінші болып карточкасын көтерсе, сол жауап береді. Егер ол дұрыс жауап бермесе, ол бұл сұраққа екінші рет жауап бере алмайды.

Бірінші тур: «Дұрыс жауапты тап» жүргізуші сұрақтарды оқиды, қатысушылар бір дұрыс жауап таңдауы тиіс.

Екінші тур: «Не туралы айтылды» оқиғаға қатысты тапсырмалар беріліп онда кім немесе не туралы айтылғанын табу керек.

Үшінші тур: «Сіз, бұған сенесіз бе?» жүргізушінің қойған сұрақтарының барлығына «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек.

Төртінші тур: Қатысушылар әр түрлі білім саласын таңдап өз тапсырмасына жауап береді.

Ойынның соңында 11 сынып оқушылар орынды, ал 10 сынып оқушылары екінші орынды иеленді

тарих пәні мұғалімдері. Исенова Г.Б. Базарбаева Б.Е.


© 2010-2022