Ашық сабақ Қайталау сабағы

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайталау сабағы . Бәйге / 5-сынып/

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ жеріндегі ертедегі «Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандықтары»-деп аталатын тарауды қайталау.

II. Сабақтың мақсаты: Осы тараудан алған білімдерін бекіту, ұлттық тәрбие дәстүрінде тәрбиелеу мақсатында ұлттық ойындары, ұлттық өнерді, халықтық кәсіпті танытып, оны бағалай білуге үйрету.

III. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.

1Ү. Сабақтың көрнекілігі: «Бәйге» плакаты, киіз үйдің ағаштары, қоржын, қазақтың ұлттық бұйымдарының суреттері салынған сұрақ карточкалар, асықтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сыныпты үш топқа бөліп, бүгінгі қайталау сабағымыздың барысын түсіндіремін.

Тақтаға ілінген «Бәйге» атты схеманы таныстырамын. Бір нүктеден басталған жарыс белгілі межеге дейін түрлі ойындар арқылы сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға толық жауап берген топ жеңімпаз болады.

Олардың жауабына қарай жеке бағаланып, толық қорытылады.

1. «Батыр баба» қоржыны бірінші нүктеде тұрады. Үш топтан үш оқушы шығып қоржыннан сұрақ жазылған карточкаларды алады. Карточканың сыртында қазақ халқының әртүрлі бұйымдарының суреті салынған. Ол бұйымдармен оқушылар осы тарауда танысқан, қысқаша бұйым туралы айтып сұраққа жауап береді.

№1 Карточканың сыртында үш аяқты қазан. Сұрағы: Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттерді ата, орналасқан жерлерін ата.

№2. Торсықтың суреті жапсырылған карточка. Сұрағы: Ертедегі Қазақстан

территориясындағы мемлекеттердің /1-2-нің/ кәсібін айт.

№3. Кебеже суреті жапсырылған карточка. Сұрағы: Ертедегі Қазақстан

территориясындағы мемлекеттердің қолөнері жайлы айтып бер.

II. «Абылайхан ауылына жолдама» ойыны.

Әр топтан 4 оқушыдан шығып ағаш үйдің кереге, уық, шаңырақ, есіктерін

сұрақтарға жауап беріп жинайды, қай топ тез-толық берсе олар жеңімпаз болады.

Кереге, уық, шаңырақ, есік бейнеленген суреттерде төменгі сұрақтар жазылған.

Ұлы Жібек жолы қандай жол?

Алтын киімді адамның ғылым үшін қандай пайдасы болды? Тарихи ескерткіштерді не үшін сақтау керек.? Ертедегі қалаларды ата. Тарихи мәдени ескерткіштерді ата. Ежелгі ғылымдарды ата. Монғол-татар шапқыншылығы қай кезде басталды? т.б. сұрақтар.

III. Сергіту сәті.

Қазақ халқының өнерге салт санаға байланысты мақал- мәтелдерін айту (3 ( (3 не 4 ) .

1У. «Шешендер шықты сайысқа» ойыны. Бұнда оқушының білімі ғана емес, сөйлеу мәнері бағаланады.

У. «Алтын сақа» ойыны.

Асықтарды түскен торлардың саны бойынша сұрақтар алып жауап береді.

Онда төмендегідей сұрақтар жазлған. Мысалы: Қазақ халқы қай кезде қалыптасып болды!

Қазақ хандықтарының құрылуы қай кезде басталды?

Қазақ хандықтарының әдет-ғұрыптарына сипаттама бер.

У1. Сабақты қорытындылап бекіту.

Оқушылардың білімін бағалап, жеңімпаз болған топты бәйгеде жеңіске жеткендіктерін айтып, алдын-ала жасалған оюлар ұсыну.

«Батыр баба»

қоржыны

Сергіту

сәті ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

Алтын

сақа

«Абылай хан ауылына жолдама

Шешендер

сайысы

Қорытындылау

Ұ.А.Қасаболатова

тарих пәнінің мұғалімі,

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы,

Сарыбастау орта мектебі.







© 2010-2022