Түрік дүниетанымындағы - тәңірлік

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Панфилов ауданы

«Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің»

тарих пәнінің мұғалімі Есенова Айгүл

ТҮРІК ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ - ТӘҢІРЛІКМұғалімге арналған нұсқаулық СТО 51- бет. Блум таксономиясы

Марта Бронсон (2002ж) өзін-өзі зерттеу

Жалпы мақсаттар

Ежелгі түркілердің дүниетанымының түпкі қазығы - тәңір ұғымымен танысады, ой- өрісі дамиды және имандылыққа тәрбиеленеді.

Оқыту нәтижелері

Тәнірлік діннің пайда болуын анықтайды;

Көне түркілердің дүниетанымы туралы түсінік қалыптасады;

Тәңірлік діннің исламмен ұқсастығын ұғынады;

Тәңір ұғымымен танысады;

Аруақтың түркі әлеміндегі маңызымен танысады;

Міндеттері

Тәңірлік ұғымымен танысады;

М. Қашқаридің тәңірлік туралы пікірлерін біледі;

Күлтегін жазуларындағы тәңірліктің маңызын түсінеді;

Қазақ халқының түсінігіндегі тәңірліктің қасиетін түсінеді;

Негізгі дерек көздер

АКТ, постер мен маркер, стикерлер

Оқыту әдістері:

Диалогтік оқыту. СТО. АКТ. Топтық жұмыс

1. Жеке жұмыс

2. Жүптық жұмыс

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Кіріспе

Сәлемдесу, оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау. Оқушылардың барлығы стикерлерге бір тілектен жазып, шеңбер құрып ортаға тастайды.

Араласқан стикерлердің ішінен біреуін алып оқиды.

Оқушыларды түстер арқылы үш топқа бөлу

Сабаққа дайындық, зейіндерін аударып, ден қойып топқа бөлінеді

Білу

1. «Блиц сұрақтар»

Дін деген не?

Дін қашан пайда болды?

Діннің қандай функциялары бар?

Дүниетанымдық функциясы ?

Атеизм?

Әлемдік діндер?

2. «ББҮ» әдісі

Жауаптарын ұсынады және сол жауаптарын дұрыс жауаптар мен салыстырады



- Енді мына тапсырманы талқалайық. Қандай ұлттық діндерді білеміз? (Тақтада суреттер көрсетіледі)

- Балалар, тақтада қандай суреттерді көріп тұрмыз?

(Оқушылардан жауапты күтеді)

Өз болжамдарын айтады

Мақсатты қою кезеңі

Олай болса, балалар, біз бүгін қандай тақырып өтеміз деп ойлайсыңдар?(Балалардың бүгінгі тақырыптың атын айтуын күтеді). Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюымыз керек деп ойлайсыңдар?

Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсат-міндеттерін айтуға талпыныс жасайды

Түсіну Жаңа тақырып

1. «ЖИГСО»әдісі

Әр топқа мәтін таратылады.

І - топ

Тәңір ұғымы және М. Қашқаридің тәңір туралы пікірлері

ІІ -топ

Күлтегін жазуларындағы тәңір ұғымы және Ұмай ана

ІІІ -топ

Қазақ халқының мифологиясындағы аруақ ұғымы.

2. «Іnsert»әдісі. Оқушылар мәтінді оқи отырып, өздеріне таныс сөздерге «+», ал таныс емес терминдерге «-» қояды

Әр оқушы өздеріне берілген тапсырманы оқып, топта талқыға салады

Қолдану

1. «Миға шабуыл стратегиясы »

1. Тәңірге табыну дегенді қалай түсінеміз?

2. Тәңірге ең алғаш кімдер табынған?

3. Ерте замандағы Тәңірге табыну болғанын қандай деректерден кездестіреміз?

4. Түрік дүниетанымында Тәңір ұғымы қандай мағына берген?

2. Оқушылар енді таратылған мәтіннің ішінен екі жоғары деңгейлі және екі төмен деңгейлі сұрақтар құраймыз.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтін ішінен сұрақтар құрастырады.



Талдау

1. «Сәйкестендіру» әдісі

1. «Құдай ұрғыр кәпірлер аспанды Тәңірі дейді»

А) Абай Құнанбаев.

2. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» Ә) Күлтегін жазуында

3. «Тағдырды Тәңір береді»

Б) М. Қашқари

4. «Биікте көк тәңірі» В) Түркілер жазбаларында

2. Постер қорғау

І -топ

Тәңір ұғымы және

М. Қашқаридің тәңір туралы пікірлері

ІІ -топ

Күлтегін жазуларындағы тәңір ұғымы және Ұмай ана

ІІІ -топ

Қазақ халқының мифологиясындағы аруақ ұғымы.

(үш топ постерге берілген тақырыптың ерекшеліктерін түсіреді)

Жинақтау

1. Бекіту сұрақтары

1. Тәңірлік дін қалай пайда болды?

2. «Тәңір» деген ұғымды қалай түсінесің?

3. «Құт» ұғымы нені білдіреді?

4. Ұмай ана туралы не білесіңдер?

5. Аруақтың түркі әлеміндегі орны қандай?

6. үлтегін жырларында тәңір қалай бейнеленеді?

7. М. Қашқари тәңір туралы қандай пікірлерді айтты?

2. «Иә,жоқ»әдісі

1. Қазақ мифологиясында аруаққа сенген (иә)

2. Үнді діни сенімдерінде адам жаны мәңгілік (иә)

3. Ислам дінінде адам жаны ақырзаманға дейін(иә)

4. Ежелгі Түріктер табиғат күштеріне табынған (иә)

5. Түріктер әлемді бес қабаттан құралған деп түсінген (жоқ)

Бағалау

1.Тақтаға «Тәңір» сөзіне топтастыру стратегиясын құру.

2. «Алтын қалпақ»әдісі

Оқушылар тақырыптың жағымды, жағымсыз жағын талдайды

Жауаптарын ұсынады



© 2010-2022