Поурочный план на тему ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси жағдай

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ Қазақстан тарихы 9 сынып мерзімі:7.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы.
Сабақтың мақсаты: 1920-40 жылдардағы қоғамда қалыптасқан саяси жағдайға талдау жасау, Қазқстандағы тоталитаризмнің көріністерін сипаттай отырып,республиканың сол кезеңдегі даму қорытындыларын шығару.
Сабақтың міндеттері:
а) білімдік: оқушыларға тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналуы, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау.
ә) дамытушылық: қоғамдағы құбылыстарды салыстыру, айырмашылықтарды ажырату, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.б) тәрбиелік: оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі етуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Кім жылдам,Жалғасын тап, Бағытталған сұрақ,Дебат, топтық шығармашылық жұмыстар
Сабақта қолданылатын жаңа технология: интерактивті оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тірек-сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан дайындау.
Әр елдің сәлем беру салтымен амандасу.
Мысалы: 1. Қазақша сәлем беру салты (қол алысу).
2. Италиандықтардың сәлемдесу дәстүрі (төс қағысу).
3. Зимбабедегі сәлемдесу салты (арқасынан қағу).
- оқушыларды бағдаршам түстері арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жылдам» әдісі

1931-33 жылдардағы аштық.

Көтеріліс себептері

Көтеріліс орталықтары.

Ұжымдастыру саясатының қорытындысы.

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Қызығушылық ояту». «Тоталитаризмнің орнығуы тек қана Сталинге табыну ретінде қалыптасты ма?» сұрақ қою арқылы ой шақыру.
Тақырыпты оқыту жоспары: §22-23. Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы
қоғамдық-саяси жағдайы
Сабақ жоспары:
1. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы.
2. Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері.
3. 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін.
4. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары.

І тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

ІІ тапсырма. Жалғасын тап.

1-топ

А) Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «_________» қатарына жатқызылып, жазаланды.

Б) .......... жылы Қызылордада «...................» салушылардың қаскүнемдігі ашылды.

ІІ-топ

А) Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, ...................... және .............. партиясының басқа да мүшелерін жазалауды ұйымдастыра бастады.

Ә) 1930ж 4 сәуірде кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі .............. ....................... атуға үкім шығарды.

Сергіту сәті

ІІІ тапсырма. Сәйкестендір.

Жазалау шараларының құрбандары.

1)А.Байтұрсынов - тілтанушы ғалым,профессор

2)Қ.Жұбанов - КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы басшыларының бірі

3) С.Асфендияров - Қазақ тілі білімінің негізін салушы

4) М.Төлепов - Қазақтың тарихи білімінің негізін салушы.

IV. Сабақты бекіту:

2. Жаңа сөздер:

-ОГПУ

-ГУЛАГ

-«халық жаулары»

-«үштіктер»

-репрессия

-ассимиляция

V. Рефлексия. «Ой түйін» кестесі бойынша әр топ бүгінгі сабақта қандай білім алғандығы туралы және сабақта алған әсерлері жайлы өз пікірлерін білдіреді.

VI. Қорытындылау.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар-
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.
1920-1940 ж. ж. халқымыздың бастан кешкен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды.
1997ж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31-мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.
VІІ. Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

VІІ. Үй тапсырмасы: § 22-23 оқу, мазмұндау. «Қазақстан лагерьлер өлкесі» тақырыбына қосымша материалдар жинау.


© 2010-2022