Туған өлке тарихы үйірмесінің бағдарламасы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




7 «а» сыныбына «Туған өлке тарихы» үйірмесі бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар


1


6

Әйгілі батырлар

2


7

Тарихи ескерткіштер

1


8

Қайталау

1


ІІ тарау Ертіс өлкесі Ресей патшалығы кезінде

9

Отарлау саясаты

1


10

Қоныстандыру саясаты

1


11

Ертіс ауылының құрылуы

1


12

Баяндама жасау

1

ІІІ тарау Кеңес үкіметі кезіндегі Ертіс ауданы

13

Кеңес билігінің Ертіс ауданында орнауы

1


14

Ашаршылық апаты

1


15

Қырғынды жылдардың ақиқаты

1


16

Аштан өлгендердің ортақ қабірі

1


17

Ертіс ауданының құрылу тарихынан

1


18

1931-1933 жылдардағы аштықтан зардап шеккен ауылдар

1


19

Хабарлама дайындау

1


ІV тарау Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ертіс ауданы

20

Жалпы мәліметтер. Майданға қосылған үлес

1


21

Соғыс ардагерлерінің естеліктері. Соғыс ескерткіштері

1


22

Ертіс ауданының ҰОС - ның ардагерлері

1


V тарау Тың игеру кезіндегі Ертіс ауданы

23

Тың игеру алғашқы қадамдар

1


24

Жаңа құрылған қоныстар

1


25

Ертіс ауданының Тың қаһармандары

2


26

Қайталау

1


VІ Қазіргі Ертіс ауданы және ауданның әйгілі тұлғалары

27

Ғалымдар, Жазушылар. Қоғам қайраткерлері



28

Спорт қайраткерлері

1


29

Аудандағы тарихи ескерткіштер жағдайы

1


30

Қазіргі аудан өміріндегі өзгерістер

1


31

Реферат қорғау

1


32

Жалпы қайталау

1









Түсінік хат

Оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын оятып, дүниетанымын кеңейту үшін осы оқу жылы 7 сынып оқушыларының сабақ кестесіне арнайы үйірме енгізіліп отыр. Осы үйірмеге «Туған өлке тарихы» деген атау беріп отырмыз, себебі Ертіс ауданының тарихына шолу жасаланатын болады. Ертіс ауданына бір ғасырдан астам тарихын ескерсек, оқушыларға аудан өткені туралы мағлұмат берудің маңызы зор. Сондықтан 7 сынып оқушыларына үйірме үшін аптасына 1 сағат бөлініп отыр.

Бұл курс оқушылардың аудан, ауыл тарихы туралы танымын кеңейтіп, патриоттық сезімін ұлғайтады, туған өлкесі туралы түсініктерін нығайтады.

Курс мақсаты: Ертіс ауданы тарихы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдетіп, шығармашылық, ізденпаздық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Аудан өмірінде болып жатқан және болған оқиғаларға көз жүгіртіп, өлке тынысы туралы әрдайым хабарда болу.

Міндеттері:

-Аудан тарихы бойынша маңызды оқиғаларды есте сақтауға үйрету;

-Әрбір тарихи оқиғаның себебі мен салдарын анықтауды үйрету

-Әрбір тарихи оқиғаны дұрыс сараптап, дұрыс қортынды шығару;

-Зерттеу жұмысына үйрету;

-Өздік ізденіс және шығармашылық қабілеттерін, білік, дағдыларын дамыту;

Пәнаралық байланыс: тарих, археология, география, әдебиет, мұражай, этнография, БАҚ

Қолданбалы курстың аяқталу формасы: хабарлама, баяндама, реферат қорғау.


















Бағдарлама

«Туған өлке тарихы» үйірме

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Кіріспе (1сағат) Үйірменің мақсаты мен өтілу тәртібі және жұмыс жоспарымен оқушыларды таныстыру. Ертіс ауданының тарихына қысқаша шолу. Аудан төлқұжатымен таныстыру. Мұражайға саяхат.

І Бөлім Ертіс ауданы туралы жалпы мәліметтер

(2 сағат)

Географиялық орны. Зерттелу тарихынан. Ауданның тарихы, географиялық ерекшеліктері туралы мәліметтермен жұмыс. Оқушылардың баяндама тақырып таңдауы.


ІІ Бөлім Аудан тарихы беттерінен

І тарау Батыр елдің - серкесі (6сағат)

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Ертіс ауданы. Аңыздар әлемінде. Бізге жеткен аңыз - әңгімелердан тарихи мәлімет жинау. Әйгілі батырлар. Аудан батырларының өмірі мен ерліктері туралы мәліметтер жинау.Тарихи ескерткіштер. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі аудан батырларының зираттары мен бүгінгі күнгі ұрпақтары.

Қайталау


ІІ тарау Ертіс өлкесі Ресей патшалығы кезінде (4сағат)

Отарлау саясаты. Қоныстандыру саясаты. Ертіс ауылының құрылуы. Ресей империясының отарлау және қоныс аудару саясаты кезіндегі аудан тарихы туралы және Ертіс ауылының құрылу тарихы туралы соңғы жазба, фото мәліметтермен жұмыс.

Баяндама жасау (Әр оқушы өзі таңдап алған тақырып бойынша шағын баяндама жасайды)

ІІІ тарау Кеңес үкіметі кезіндегі Ертіс ауданы

(7 сағат)

Кеңес билігінің Ертіс ауданында орнауы. Ашаршылық апаты. Қырғынды жылдардың ақиқаты. Аштан өлгендердің ортақ қабірі. Ізбасты зираты. Ертіс ауданының құрылу тарихынан. 1931-1933 жылдардағы аштықтан зардап шеккен ауылдар.

Ертіс ауданы тарихы туралы сыр шертетін барлық кітап, газет, мұражай, мұрағат мәліметтерін пайдаланып, осы тарихи кезеңдегі ауданымыздағы тарихи көрініске көз жүгірту.

Хабарлама дайындау. (ІІІ тарау бойынша өткен тақырыптардың біріне немесе алдыңғы баяндама тақырыбын жалғастыруына болады )


ІV тарау Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ертіс ауданы

(3 сағат)

Жалпы мәліметтер. Майданға қосылған үлес. Соғыс ардагерлерінің естеліктері. Соғыс ескерткіштері. Ертіс ауданының ҰОС - ның ардагерлері

Ауданымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерларі туралы естеліктер, фото т.б. мәліметтер жинау арқылы мектеп мұражайы қорын молайту.

V тарау Тың игеру кезіндегі Ертіс ауданы

(5сағат)

Тың игеру алғашқы қадамдар. Жаңа құрылған қоныстар Ертіс ауданының Тың қаһармандары.

Қайталау

Ауданымызда тың игеру барысында құрылған ауыл, қоныстар мен оларға көшіп келген ұлттар туралы, олардың ішінде тың қаһармандары туралы естелік, фото т.б. мәліметтер жинап мектеп мұражайы қорын толықтыру.

VІ Қазіргі Ертіс ауданы және ауданның әйгілі тұлғалары

(6сағат)

Ғалымдар. Жазушылар. Спорт қайраткерлері. Аудандағы тарихи ескерткіштер жағдайы Қазіргі аудан өміріндегі өзгерістер

Реферат қорғау

Жалпы қайталау

Ауданымыздың мақтанышына айналған И.Байзақов, М.Жаманбалинов, А.Шәмкенов сияқты ақындарымыз, атақты спортшыларымыз бен қоғам қайраткерлері туралы, олардың еңбектері туралы өскелең ұрпаққа мәлімет беру. Олардың өмірін, қызметін, тәжірбиесін үлгі ету.

Ертіс ауданының 100 жылдық мерейтойына орай әр түрлі тақырыпта рефераттар қорғау.



















№4 Ертіс ЖОББМ













«Туған өлке тарихы» үйірмесі

Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімі Аманкелді Н.





























© 2010-2022