Сабақ жоспары Қоғамды жаңарту шаралары

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ









Тақырыбы: Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы.



Қазақстан тарихы

9-сынып







Мұғалім: Базарбаева Б.Е.












Қостанай 2013ж


Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы.

Мақсаты:

  • Кадр саясаты, тіл саясатын жүргізудегі түбегейлі өзгерістер, қазақ зиялылары есімдерінің ақталуы. Қоғамды өзгерту шараларының қалыптасуы мен жүруіне әсер еткен жағдайлар және оның тарихи мәні туралы талдау жасау.

  • Оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту

  • Елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтық түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау мен жазу» технологиясының топпен және жеке жұмыс, Венн диаграммасы, кластер, талдау әдістерін, деңгейлік тапсырмаларды, ойын элементтерін қолдану.

Көрнекілік: кітап, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, интерактивті ұяшықтар, бағалау жұлдызшалары

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Тексеру.

Үй тапсырмасын қайталау: 10 минут

  • КСРО дағы аумалы-төкпелі заман қашан басталды? Ол туралы не білесің?

  • Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы не білесің?

  • Колбин деген кім және оның желтоқсан оқиғасымен қандай байланысы бар?

  • Желтоқсан оқиғасының сипаты қандай болды?

  • 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының себептерін атаңдар.

  • Шеруге қатысқандарды басып тастау үшін билік иелері қандай операцияны бастады?

  • Жас демократ Қ. Рысқұлбеков туралы не білесің?

  • Желтоқсан оқиғасына қатысқандардан кімдерді білесіңдер?

  • Желтоқсан оқиғасының нәтижесінде қанша адам жазаланды және оларға қандай жазалау шараларын қолданды?

  • Жазалау шараларына қарсы өз ой-пікірлерін қорықпай білдірген қазақтың біртуар ақыны кім?

  • Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қандай айыптар тағылды?

  • Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы неде?

Жаңа сабақ:

Жоспар:

Оқушыларға қызығушылықтары бойынша үш: қызыл, сары, жасыл түстер таратылып, олардан топтар құрылады, ішінен топ басшысы сайланады. Топ басшысы өз тобындағы жауап берген әр мүшесіне жұлдызша беріп отырады.

Қызығушылықты ояту мақсатында миға шабуыл әдісі қолданылады 3 минут

  1. Қоғамды жаңарту деген не деп ойлайсыңдар?

  2. Ол қалай жүргізілуі мүмкін?

  3. Қоғамдық ойлар бұған дейін қалай жүргізілді?

Әр топқа оқулықтан тапсырмалар беру: 7 минут

І топ:

  • Кадр саясатының жүгізілуін бұған дейінгі саясатпен салыстырыңдар? Венн диаграммасы.

ІІ топ:

  • Тіл саясатындағы болған өзгерістерге баға беріңдер? Кластер

ІІІ топ

  • Ұлтымыздың жазаға ұшырыған зиялы тобының есімдерінің ақталуының тарихи маңызын анықтаңдар. Мінездеме

Деңгейлік тапсырмалар орындау. Тақтадағы ұяшықтардың ұпайларының арту ретімен тапсырманың күрделілігі белгіленеді: 10 минут

І деңгей: 10 ұпай

  • 1985 жылы наурызда қандай оқиға болды?

  • 1987 жылы КСРО да қандай бағыт жарияланды?

  • 1986 жылы желтоқсанда Республикалық партия ұйымының басшылығына кімді тағайындады?

ІІ деңгей: 20 ұпай

  • 1986-1987 жж оқиғалар нәтижесінде елімізде қандай өзгерістер болды?

  • Тоқырау жылдары КСРО-да ұлт және тіл мәселесі қалай жүргізілген еді?

  • Тоқырау жылдары ұлт зиялылары өз наразылықтарын қалай білдіруге тырысты?

ІІІ деңгей: 30 ұпай

  • «Тіл саясатының дұрыс жүргізілуі қоғамдағы саяси орнықтылықты сақтауға тікелей әсер етеді» деген пікірді қалай түсінесің?

  • Алаш партиясының өкілдері туралы не білесіңдер?

  • Тіл саясаты мен ұлт зиялыларының ақталуына байланысты іс-шаралардың іске асуына Н. Назарбаевтың атқарған ролі қандай?

Бекіту:

«Кім тапқыр». Қазақстан тарихы бойынша жиі кездесетін тест тапсырмаларымен жұмыс: 7 минут

  • 1987 жылы КСРО да қандай бағыт жарияланды? Қайта құру

  • Демократиялық жаңару күні қашан? 17-желтоқсан

  • 1989 жылы маусымда билік басына кім келді? Н.Назарбаев.

  • «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР нің Заңы» қашан қабылданды? 1989 жылы 22 қыркүйекте

  • 1990 жылдың маусымынан 1991маусымы аралығында қазақ тілінде тәлім беретін қанша білім ошақтары ашылды? 482 балабақша 155 мектеп 4 кәсіптік техникалық училище.

  • 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының ақталуы қай жылдан басталды? 1988 жылдан бастап

  • Кадет партиясының бұрынғы мүшесі, Алаш партиясының жетекшісі? Ә. Бөкейханов.

  • Түркістан автонимиясының бірінші премьер-министрі және ішкі істер министрі? М.Тынышпаев.

  • Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық ІV съезді ашқан кім? М. Шоқай

  • Қостанай аймағын Қазақстан территориясына қосу үшін жан-жақты дәлел жинаған қазақтың зиялылары? А. Байтұрсынұлы, М. Сералин.

  • 1893-1938 жж өмір сүрген ақын, саясатшы, педагог? М. Жұмабаев.

  • «Қазақстан отар болып келді, және солай болып қалды...» деген пікірді кім айтты? С. Садуақасов.

Глоссарий: термин сөздерді анықта: 3 минут

  • Репрессия-

  • Интеллигенция-

  • Реформа-

  • Ақталу-

Тарихи сынақхат бойынша тақырыптың маңызын ашу, оқулықпен жұмыс: 3 минут

  • Көпұлтты Қазақстанда тіл саясатының ............................. ........................ қоғамның саяси орнықтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі.


  • Билік жүйесіне ....................................... ағымға бейімді бірқатар жастар келді.


  • Осыдан бастап большевиктік лаңкестік құрбандарын ақтау, олардың қоғамдық қызметін саралап, баға беру, Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау түгелімен ................... .........................., .................... ........................... өз қолына көшті.

Математикалық ойын: еліміз үшін өте маңызды дата шығады: 1минут

(32:4)*2=

((27:9)+1)*3=

((250*4)+1000)-9=

Үйге тапсырма: мазм. М. Шоқай, М. Тынышпаев, Ә. Бөкейханов туралы мәліметтер дайындау 0,5 минут

Бағалау: 0,5 минут. 1-3 жұлдызша «3» пен бағаланады.

4-6 жұлдыз «4» пен бағаланады.

7 және одан көп болса «5» пен бағаланады.

© 2010-2022