Сақтар қысқа мерзімді жоспар

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
6

Пәні: Қазақстан тарихы

Сағат саны:1

Тақырыбы

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер.Сақтар.

Мақсаты

Оқушыларға сақтардың шығу тегі,тарихы,мекендеген орны,қоғамдық құрылысы, мәдениетінің дамуы жайында түсінік беру. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар туралы түсініктерін дамытып, оқып үйренеді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық және жеке жұмыс; «сандарды бейнеле» ойыны,ассоцация, Кім жылдам,шпаргалка әдісі, Сын тұрғысынан ойлау, диалогты оқыту, сәйкестендіру тапсырмасы, тест сұрақтары.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

1 мин


1 мин

«Мозайка» әдісі бойынша, сурет арқылы сыныпты топқа бөлу

Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Сақтар қысқа мерзімді жоспар

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.

Әр топ өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Үй тапсырмасы

1-тапсырма

3 мин

Топқа ашық сұрақтар беріледі.

«Көпір» тапсырмасы

1.Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
2.Қола дәуіріндегі метал өндірудің дамуын неден көреміз?
3.Қола дәуіріндегі ру тайпалар қоныстармен үй- жай салуда қандай
тәсілдерді қолданды?
4.Үй-жай кәсібі мен қол өнер қалай дамыды?

Сақтар қысқа мерзімді жоспар

Оқушылар сұрақтарға толық әрі нақты жауап беруі қажет.

Білу

2-тапсырма

6 мин


1.«Галереяға саяхат»

1.Монитордан Томиристің суреті көрсетіледі де , бұл суреттегі кім деп сұрақ қойылады. Егер тапса , ол қай патшаның басын шауып алады ?
2.Монитордан Шырақтың суретін көрсету. Бұл кім? Оның қандай ерлігін білеміз ?
3. Монитордан «Алтын киімді адам » суреті көрсетіледі. Бұл қай жерден табылған құнды ескерткіш?
2. «Сақтар» ассоцация


Сақтар қысқа мерзімді жоспарСақтар қысқа мерзімді жоспарСақтар қысқа мерзімді жоспарСақтар қысқа мерзімді жоспарСақтар қысқа мерзімді жоспар


Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген суретті таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.


Сақтар туралы білетіндерін жазады.

Түсіну

3-тапсырма

6 мин

Жаңа тақырыпты түсіну.

(тақырыпты оқып, нақты керегін алып, жұптармен алмасады, жақсы шыққан шпаргалканы бағалайды)

«Шпаргалка» оқыта үйрету әдісі.

I . Сақтардың шығу тегі.
II. Мекендеген орны.
III. Қоғамдық құрылысы.

Сақтар қысқа мерзімді жоспарСақтар қысқа мерзімді жоспар

Жеке жұмыс жасайды. Тақырыпты оқып, нақты қажеттісін, керегін ғана алады.Жұптарымен алмасады, талдайды. Жақсы шыққан шпаргалканы бағалайды.

Қолдану

4-тапсырма

7 мин

Тест тапсырмалары.
1.Сақтардың қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарды ?
А) құрылтай В) халық жиналысы С) патша сайлау
2. Сақ тайпаларының ішінде қанша билеуші әулет болды ?
А) 5 В) 2 С) 3
3. Жоғары билікке ие болған, тұңғыш патша әулеті ?
А) Липоксай В) Колаксай С) Арпоксай
4. Томирис патшайым шамамен қай жылдары өмір сүрген ?
А) б.з.б. 570-520жж В) б.з.б. 580-530жж С) б.з.б. 570-510жж
5. Дарийге жіберілген жұмбақ сыйлықтың шешімін кім тапты ?
А) Спаргапис В) Спитамен С) Гобри
6. Парсы патшасы Дарий қай жылдары сақ жеріне қай жылдары шабуыл жасады ?
А) б.з.б. 519-518жж В) б.з.б. 518-517жж С) б.з.б. 518-515жж
7. Б.з.б ҮІ ғ 540, 530, 519жж қай елдің патшалары сақтарға қарсы жорық жасады ?
А) Парсы В) ирандық Ахеминид С) грек-македон
8. Парсылармен соғыс кезінде кеөзсіз ерлік жасап,аты аңызға айналған сақ бақташысы ?
А) Шырақ В) Тарғытай С) Спаргапис
9. Сақтардың біраз бөлігі парсылармен одақтасып, қандай елге жорыққа шықты ?
А) Египет В) Сирия С) Иран
10. Сақ жауынгерлері қандай түсті киім киді ?
А) ақ киім В) жасыл киім С) қызыл киім
Жауаптары: 1. В 2. С 3. В 4. А 5. С 6.А 7. В 8. А 9. А 10 С
2. Кімнің сөзі ( кеспе қағазы)
1. Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді деп жазған тарихшы кім? (Геродот)
2. «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді » кімнің сөзі. (Страбон)
3. «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп кім жазды. ( Помпей Трог)
4. «Спитеменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды» деп жазған кім. ( грек тарихшысы Арриан)

3. Сәйкестендіру.
Ирандықтарда ---------- Жүйрік атты турлар
Гректерде ---------------- Азиялық скифтер, дайлар, массагеттер
Парсыларда ------------- Құдіретті еркектер
Тиграхауда-------------- Шошақ бөрікті сақтар
Парадарайа-------------- Теңіздің арғы жағындағы сақтар
Хаумаварга---------------- Хаома сусынын дайындайтындар
Абыздар ------------------- ақ түс
Жауынгерлер --------------- қызыл, сары -қызыл

Топпен жұмыс жүргізе отырып, тесттік жұмысты орындайды, кімнің сөзі екенін табады, сәйкестендіреді. Істеген жұмыстарын топпен алмасады да, бірін-бірі жестпен бағалайды.

Талдау

5-тапсырма

7 мин

Интерактивті тақтамен жұмыс

1. Сақ патшайымы кім?
2. Сақтарды гректер, парсылар қалай атаған?
3. Сақ қоғамы қанша топқа бөлінді?
4. Парсы патшалары кімдер?
5. Темір өндіруші пештері не деп аталды?
6. Сақтарды мекендеген жеріне қарай бөлген.
7. «Алтын киімді адам » қай обадан табылған?
8. «Алтын киімді адам » неше жастағы сақ ханзадасы ?

Берілген тапсырмаларды әр топ мүшелері жеке орындайды... Топта талдау жұмысын жүргізеді. Жұмыстарын қорғайды.

Жинақтау

6-тапсырма

8 мин

Диалогты оқыту. «Менен-сұрақ, сізден жауап»

Жұптасу арқылы критерийге сүйене отырып бірін-бірі бағалайды.

Бағалау

2 мин

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауларын бақылайды, қорытады.

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Кері байланыс

3 мин

«Білім корзинкасына» сабақтан түйген ойларын жазып салады.

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

1 мин

§28-29 қосымша материалдар жинау

Тест құрастыру



© 2010-2022