• Преподавателю
  • История
  • Қазақстан тарихынан 5-сыныпта Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары тақырыбында сабақ әзірлемесі (БжС технологиясы бойынша)

Қазақстан тарихынан 5-сыныпта Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары тақырыбында сабақ әзірлемесі (БжС технологиясы бойынша)

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.С.Нугмарова

Семей қаласы, Айнабұлақ ауылы

"Айнабұлақ ЖНББМ" КММ


5- сыныпта Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінен сабақ әзірлемесі

Тақырыбы: §7 Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары

Мақсаты: Оқушылардың сабақта оқу материалын талап бойынша 63%-ын игеру. Жылдам оқу, логикалық ойлау және сыни ойлауды жетілдіру, сөздік қорын көбейту. Пәнді сапалы игеруде қызығушылық пен мотивацияны және ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

«Ауызша сабақ-1» картасы

Пйдаланылған әдебиет : Ж.О.Артықбаев, Ә.Ә.Сабданбекова, Е.А.Әбіл «Қазақстан тарихынан әңгімелер»Карта бойынша жұмыс жүргізу тәртібі түсіндіріледі. ООМ -мен жұмыс.

2

Оқушылардың суъекті тәжірибесін өзектендіру.


Қабылдауды ұйымдастыру.

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою.

Перекрестный опрос по теме предыдущего урока.

1.Грек деректерінде сақтарды қалай атайды?("скиф")

2.Парсы деректерінде сақ хаумаваргалар атауы нені білдіреді?(хаома сусынын дайындаушы)

3.Сақ тиграхауда ше?(шошақ бөріктілер)

4.Сақ парадарайа ше?(теңіздің арғы жағындағы)

5.Сақтар негізінен малдың қандай түрлерін өсірген?(жылқы,қой,түйе)

6.Сақ қоғамынан шыққан білім мен өнерді терең меңгерген тұлға?(Анахарсис)

7.Сақ тайпаларын кім басқарды?(көсемдер)

8.Бехистун жартасына қашап жазылған жазбаларда қай көсем бейнеленген?(Скунха)

9.Сақтарда жауынгерлер қандай түсті киім киген?(қызыл)

10.Абыздар ше?(ақ)

11.Сақтардан жеңілген парсы патшасы ?(Кир)

12.Томиристің ұлының есімі кім?(Спаргапис)

13.Е.Зұлқарнайын қай елдің патшасы?(грек-македон)

14.ол нешінші жылы сақ-скиф жеріне басып кірді?(б.з.б. 330-327 жж)

15.Томиристен басқа сақ патшайымы?(Зарина)

16.Томирис патшайымның өмір сүрген жылдары?(б.з.б. 570-520 жж)

17.Б.з.б. 519-518 жж қандай оқиға болды?(парсы патшасы Дарий жорығы )

18.Сақ малшысы Шырақ қандай ерлік жасады?(Шөл далада парсы әскерін түгел адастырып, қырғынға ұшыратты)

19.1969 ж Есік қорғанынан "Алтын адамды" тапқан археолог?(К.Ақышев)

20.ШҚО табылған б.з.б. ҮІІІ ғ жататын ең көне патшалық жерлеу орны?(Шілікті)

21.Осы қорымнан неше дана алтын әшекей табылды?(4325)

Біріншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша ООМ қосу немесе алу белгілері қойылады.

3

Есте сақтауды дамыту

Тірек сөздер:

1."ғұн"

2.Тұман шаньюй

3.Мөде

4. Үйсін,қаңлы

5. Хань әулеті

6.б.з.б. 71 ж

7.б.з.б. 55 ж

8. ысқырғыш жебелер

9.Еділ патша

10. Каталун шайқасы

11. Рим империясы

12. Рафаэль санти

13.Халықтардың ұлы қоныс аударуы

14. Көшпелілік дәстүр

- Екіншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша ООМ қосу немесе алу белгілері қойылады. (13-14 сөздер= «+» белгісі).

1 минут 15 секунд уақыт беріледі.

4

Қабылдауды ұйымдастыру

-Негізгі сөздер бойынша оқулық мәтінімен жұмыс. Ж.О.Артықбаев, Ә.Ә.Сабданбекова, Е.А.Әбіл «Қазақстан тарихынан әңгімелер», параграф 7.


оқулықтың 1 бетіне 3 минут беріледі.

Тақырып 3 бет, 9 минут беріледі.

5

Первичная проверка понимания. Түсінудің біріншілік тексеруі.

Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты негізгі сөздерді қоса сұрайды. Сұрақ қойылады, жауапқа - 3 сек. беріледі(жауап берілсе «+» белгі қойылады).

1) Б.з.б. 1 м.ж. ортасында ғұн тайпа одағы қай жерлерде қалыптасты? (Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында)

2)"Хунну" деп ғұндарды кімдер атады ? (Қытайлар)

3)Ғұндардың билеушісі қалай аталады? ("шаньюй")

4)ғұн империясының құрамында қай тайпалар болды? (үйсін,қаңлы)

5)Қытайдың Хань әулетімен соғыс қай уақытта болды? (б.з.б. 188 ж?)

6)Ғұндардың арғы тегі кімдер?(түркілер)

7)Ғұн империясындағы дағдарыс қашан басталды? (б.з.б. 71 ж)

8)Б.з.б. 55 ж ғұн мемлекетінде қандай оқиға болды? (оңтүстік және солтүстік болып 2 бөлінді)

9)Ғұн империясында үлкен маңызға ие болған әскер? (атты әскер)

10)Соғыста ғұн әскерлері қолданған жебе? (ысқырғыш жебе)

11)Ғұндар қалаларды қалайша оңай жаулап алды ? (қамал-қорғанды бұзудың тәсілін білді)

12)Жібек матасын қайдан алдыртты?( Қытай)

13)Ғұндардың батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары қай патшаның есімімен байланысты? (Еділ)

14)Еділ қашан өмір сүрді? ( б.з Ү ғ)

15)376 ж қай империяға басып кірді?(Рим имп.)

16)Еділ батыс ғұн империясының тағына қашан отырды? ( 434 ж)

17)Каталун шайқасы қашан болды?(451 ж )

18)Осыдан соң Атилла қай жерді бағындырды? (Рим импер. орталық бөлігін)

19)Ғұндар бастаған қоныс аудару қалай аталады?( Халықтардың ұлы қоныс аударуы)

20) Халықтардың ұлы қоныс аударуымен Еуропада қандай құрылыс басталды? (феодалдық)

Үшіншілік белгілеу, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. Сұрақ қойылады, жауапқа - 3 сек. беріледі(жауап берілсе «+» белгі қойылады).

6

Бірінші бекітуді ұйымдастыру

Сыни сұрақтар:

1. Қытайлар ғұндарды "хунну" деп атаған? (+)

2. Ғұндар мекендеген аймақ- Солтүстік Сібір, Батыс Қазақстан? (-)

3. Ғұндар билеушісін тәңірқұты деп атады? (-)

4. Ғұндардың құрамында үйсін және қаңлы тайпалары болды? (+)

5. Қытайдың Хань әулетімен соғысы б.з.б. 188 ж болды(+)

6. Ғұн империясының дағдарысына римдіктердің тікелей қатысы болды? (жоқ, қытайлардың қатысы болды)

7. Ғұндардың негізгі қаруы - садақ пен найза? (+)

8. Срғыста ғұндар жауларының зәресін қашыратын отты жебелерді пайдаланды? (жоқ, ысқырғыш жебелерді)

9. Ғұндар жаулаушылық соғыстардан түскен тұтқындарды жұмысшыға айналдырды? (жоқ, құлға айналдырды).

10. Ғұндар сақ мәдениетін жалғастырып, одан әрі дамытты? (+)

11Ғұндардың батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Мөде шаньюймен тығыз байланысты? (жоқ, Еділ (Атилламен))

12. Каталун шайқасы (Францияда) 451 жылы болды? (+)

Төртінші белгілеу,барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7

Талдау. Уақыт 5 минут.

Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды.

Бесінші белгілеу,

барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

8

Рефлексия

Сыныптың материалды игеру деңгейі анықталады.

9

Баға қою

Сапа нормативі: 4- 5 белгі - 5 ұпай.
- 3 белгі - 4 ұпай. -2 белгі - 3 ұпай. -1 белгі - 2 ұпай.

Сапа нормативі:оқушылардың 63% 5 балл алуы керек

10

Үй тапсырмасы

4 ұпайдан төмен алған оқушылар үй тапсырмасын алады.





© 2010-2022