Ашық сабақ: «Мәңгілік ел - мұратым»

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мәңгілік ел - мұратым»

(сыныптан тыс-шара)

Мақсаты: Оқушылар қазақ хандығының тарихымен таныса отырып, қазіргі заман талабына сай терең білім алуға, ынталануға, логикалык ойлау, қабілеттерін дамытады. Оқушыларға отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген ел жандылық сезімін қалыптастырады.

Көрнекілігі; интерактивті тақта, слайд, буклет, хандар суреттері, т.б

Оқыту нәтижесі: топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу

Тапсырманы орындау барысындағы әдіс - тәсілдер:

топқа бөлу, (сергіту сәті)

Барысы: /Қ. Р. Гимні орындалады./

Мұғалім:Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! 2015ж ұлттық тарихымызда, ұлықтау бүгінгі белестермізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Биыл 2015 жылы Қазақстан халқы үшін үлкен мереке-бұл қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы тұспа-тұс келді.

Ал, оқушылар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған 2015ж жолдауы қалай аталады ?

Оқушылар: Нұрлы жол болашаққа бастар жол жолдауы!

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар оқушылар.

Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында, келе жатқан халық-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей, бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым, саласында өзіндік жол салалар дара ұрпақ, болуы тиіс.

Гулзира:

Тарихта Есімханда болды ескі жол,

Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.

Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жолы»

Жанар:

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат табамыз.

Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,

Қазақ елі- Мәңгілік ел боп қаламыз.

Р.Иманкулов, Б.Султанов, Е,Исенбаев өлең шумақтары

Жанар: Ал, олай болса «Мәңгілік ел - мұратым» атты сыныптан тыс, сабағымызды бастауғы рұқсат етіңіздер!

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына,-дей келе сайыскерлерімізге сәт сапар тілеп ортаға шақырамыз.

1-топ «Тарихшылар» Ұраны: Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!

2-топ «Білімділер» Ұраны; Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады!

3-топ «Зерттеушілер» Ұраны; Асау тұлпар желдей ескен арынды, оқу менен еңбекке сал барыңды.

1.Тапсырма: Топтар тапсырмаларды төмендегіше орындайды.

1.топ «Тарихшылар» Қазақ хандығының құрылуы.(түсіндіру, көрініс арқылы көрсетуге болады)

Көрініс: «Сұлтандар кеңесі» оқушылар орындайды.

2.топ «Білімділер» Жүздердің құрылуы туралы нақты деректер барма?

3.топ «Зерттеушілер» Қазақ атауының шығуы туралы қандай деректерді білеміз?

2.Тапсырма: «Қазақстандық батырлар» сөзжұмбақ

Қазақстандық Кеңес Одағы батырларының есімдерін ата.

Жауабы:

  1. Досмухамедов

  2. Молдағұлова

  3. Павлов

  4. Ғабдуллин

  5. Қайсенов

  6. Беда

  7. Баймағамбетов

  8. Мәметова

  9. Әбдіров

  10. Луганский

  11. Бигелдинов

  12. Тоқтаров

  13. Момышұлы

Қазақ хандығының құрылуы туралы тақпақтар.

1.Бердіханова Гулзира

Жәнібек, Керей сұлтандарым бастаған,

Ата-бабам азаттықты аңсаған.

Бөлініп шығып Әбілхайыр елінен,

Дербес елдің құрылуына жол ашқан.

Көшіп барып Моғолстан еліне,

Қоныс теуіп Шу өңірі жерінде.

Қиындықтың бәріне де мойымай,

Туын тікті ҚОЗЫБАСЫ төрінде.

2.Маратова Ақбота

Мұхаммед Хайдар Дулати бабам.

Тарихи Рашиди атты еңбегінде ол жазған.

XV ғасырдың орта шенінде

Міне осылай Қазақ хандығы құрылған.

Әбілхайыр, Моғолстан, Ноғай Орда,Батыс Сібір хандығы

Бөлшектенген төрт хандыққа халқымды,

Сұлтандарым дұрыс саясат ұстанып,

Барлығын да бір ту астына жинады.

3.Овезбаева Айжан

Қарсы тұрып сыртқы жаудың бәріне,

Бұрындық хан үлкен ерлік көрсете,

Жаулап алып Сыр өңірі жерлерін,

Сауда-саттық,мәдениетті көркейте.

Қазақ жұрты Қасым ханның тұсында,

Күшейді ғой саны жетіп миллионға.

Ең алғашқы заң жинағын құрастырып,

Танытты ғой бізді Батыс Еуропаға.

Қазақтар мен қызғыздардың патшасы,

4.Қартжанова Жанар

Хақназарым Қасым ханның баласы,

Қиын-қыстау талай күндер өткеріп,

Біріктірді бытыраған хандықты.

Келді міне Тәуекел хан кезеңі

Сыр өңірі қалаларын бағындырған ер еді.

Қарым-қатынас орнатып Ресей елімен

Дана саясаткер қырынан да белгілі.

5.Наренбаева Айдана

Қазағымды басқарғанда Еңсегей бойлы

Ер Есім Мемлекетті көркейтуде қабылдады батыл-батыл сан шешім.

«Есім ханның ескі жолы» заң жинағын шығарып,

Баса білді Қатаған мен Тұрсын ханның бүлігін.

6.Көмекбаева Тойдық

Жүрек жұтқан хан Жәңгірдей қолбасшы

Қазағымда сол шақтары болмады.

600 қолмен қарсы тұрып 50 мың жоңғар қолына,

Ерлігі үшін халқы оны «Салқам Жәңгір» атады.

Бізге тыныш «Алтын ғасыр» заманды,

Ақылгөй басшы Әз-Тәуке хан орнатты.

Төле, Қазыбек, Әйтеке мен бірігіп,

«Жеті жарғы», жаңа заң жүйесін шығарды

7.Мадиханова Ағылай

Қара бұлт төніп қазағымның басына,

Жоңғарлар шапты,елімді менің зарлата.

Ауа көшіп,ата-баба жерінен,

Тоз-тоз болып,босқындарға айнала.

Қазақ елі зор зұлматқа тап болды,

8.Ерболатова Светлана

Ұлт ретінде жоқ болуына аз қалды.

Ащы зар мен ауыр мұны елімнің,

Еркіндік пен ерлік рухын шындады.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөлдің сұламаны.

Ұлы қасірет болып, Мәңгі тарихта хатталды.

Абылайлап атой салып шабатын,

Жаудың өзі сескеніп одан қорқатын.

Патшалардың патшасы хан Абылай Көреген басшы,

нағыз дипломат болатын.

9.Қудайбергенова Балқия

Абылай хан саясаты құбылмалы,

Жоңғар,Қытай,Ресей, үш алыпты.

Олардың бірін шауып,бірін арбап,

Елінің бостандығы,еркіндігі,ойға алғаны.

Атасының ізгі жолын жалғаған,

Патша елімен күресуге бар өмірің арнаған.

Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі,

Қазағымның соңғы ханы Кене хан.

10.Джадирова Айгерім

Ірі мәмлегер,саясаткер,

қолбасшы Патша елінің зұлымдығын болжады.

Елін,жұртын бодандықтан құтқару,

Осы міне Кене ханның мақсаты.

Қанша қасірет,қанша қайғы көрседе,

Тайсалмастай қарсы тұрар бәріне.

Сол кездегі батырлардың ерлігі,

Әлі өшпей тұр ғой тарих төрінде.


Мұғалім:

2.Әріптер сөйлейді

Қ. Ш. К С. Ш. А Б. С. Х. Б

1.Керей мен Жәнібек сұлтандарға Есенбұғаның берген жері? (Қозыбасы)

2.XV.ғ Қазақ хандығының негізгі қарсыласы? (Шайбани хан)

3.XV. IIШу, Талас алқабында құрылған мемлекеттің тұңғыш ханы?(Керей)

4.Қасым тұсында біраз жыл қазақ хандығының астанасы болған қала? (Сарайшық)

5-Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі Сексенге келген? (Шығай)

6.1603 ж бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер? (Айғыржар)

7.Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше түскен қазақ батыры? (Бөгенбай)

8.Ханның мұрагерін қалай атаған? (Сұлтан)

9.Ел билеушісі? (Хан)

10. Қазақ ханы,(Бұрындық)

4.Викторина «Тәуелсіз Қазақстан тарихынан 7 сұрақ»

1.Қазақстанда тұңғыш рет Президент лауазымы қашан тағайындалды?

2.Семей ядролық қару сынағы полигоны қашан жабылды?

3.Қазақстан Республикасы қашан өз тәуелсіздігін жариялады?

4.ҚР-ның Гербі мен Туы қашан қабылданды?

5.Дүниежүзлік қазақтардың бірінші Бүкіләлемдік құрылтайы қашан өтті?

6.ҚР-ның ұлттық валютасы - теңге қашан енгізілді?

7.Қазақ халқының Ассамблеясы (2007 жылға дейін Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?

Мұғалім:

Сабақты бекіту ойын сұрақ «Не үшін»
1.Екі көзің не үшін керек?-жақсыларды көру үшін
2.Екі қолың не үшін керек?-елге көмек беру үшін
3.Құлақ не үшін керек?-ақыл кеңес тыңдау үшін
4.Тіл мен жақ не үшін керек?-ақиқатты айту үшін
5.Ал аяғың не үшін керек?-шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін
6.Ал бүгінгі сабақ не үшін керек?-оқушы ойларын тыңдау үшін

Мұғалім:

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баяанды болсын.

Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!



© 2010-2022