Урок Ф. И. Голощекин және Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 11 «А» Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ф.И. Голощекин және Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты.

Сабақтың мақсаты:білімділік: ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңындағы өлкедегі тоталитарлық жүйенің күшею барысымен таныстыру;Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің мәнін ашып түсіндіру;дамытушылық: тарихи деректерді, оқулық мәтіндерін пайдалана отырып, жұптық жұмыс арқылы өз беттерінше осы кезеңге баға беруге дағдыландыру;тәрбиелік: ұлт зиялыларының қызметіне құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: іздену, зерттеу, ойын әдістері

Қажетті көрнекіліктер: карта «1926-1940 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру», үлестірмелі тест, билет сұрақтары, хронологиялық мәтін қолданылған әдебиет: «Қазақстан тарихы» журналы, 2010/2

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ «Қарлы кесек» әдісі. 3 жұпқа оқушылары өз беттерінше тапсырма бойынша дайындалады.

«Әділет» тапсырмасы: «Қазақстанда «Кіші Қазан» бағытының басталуы».

«Патриот» тапсырмасы: «Қазақ байларын тәркілеу».

«Тағзым» тапсырмасы: «Қазақ зиялыларының «Кіші Қазан» бағытына қарсылығы.

ІІІ «Қоржын салу» мүшелері конверттегі сұрақтарға өз тақырыптарын пысықтап жауап береді.

1 жұп сұрақтары

1. Ф.Голощекиннің мамандығы кім болған?

2. Ф.Голощекин «Кіші Қазан» төңкерісінің міндетін қалай белгіледі?

3. «Кіші Қазан» идеясы қазақтар үшін тиімді болды ма?

2 жұп сұрақтары

1. Қазақ ОАК-і «Қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеуінде нені атап көрсетті?

2. 1928 жылы Декрет бойынша орташаларға кімдер жатқызылды?

3. Тәркілеу дегенді қалай түсінесің?

3 жұп сұрақтары.

1. Қазақ зиялылары «Кіші Қазан» бағытын қалай бағалады?

2. Т.Рысқұлов Сталинге хатында не туралы жазды?

3. Ф.Голощекин саясатта қандай әдіске сүйендІ?

IV «Хронологиялық жұмыс»

. . . . С.Сәдуақасов пен С.Қожановқа «ұлтшыл» деген айып тағылды.

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев . . . . алғаш рет тұтқындалды.

. . . . қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешім шығарылды.

Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет . . . . қабылданды.

. . . . республикадан тыс жерлерге 6800 адам жер аударылды.

. . . . республика қайраткерлерінің бір тобы («Бесеудің хаты»)

Ф.Голощекинге хат жазды.

. . . . Ф.Голощекин қызметінен босатылып, . . . . атылды.

V Тест жұмысы

1 жұп

1. Қазақстанда индустрияландыру неден басталды?

а) мұнай өндіруден ә) ауыл шаруашылығын ұжымдастырудан

б) табиғат байлығын зерттеуден

2. Индустрияландыру жылдарында тағы қандай процесс жылдам жүрді?

а) урбандалу ә) депортация б) ашаршылық

3. 1921-1928 жылдары Қазақ ОАК-нің хатшысы болды:

а) С.Қожанов ә) С.Сәдуақасов б) Ж.Мыңбаев

4. Ф.Голощекин қай жылдары өлкеде басшылық етті?

а) 1921-1928 ә) 1924-1928 б) 1925-1933

5. «Кіші Қазан» идеясының авторы:

а) Т.Рысқұлов ә) Т.Қазыбеков б) Ф.Голощекин

2 жұп

1. 1927 жылы қарашада өткен VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешім қанша айдан кейін бекітілді?

а) 5 ай ә) 6 ай б) 9ай

2. «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулы қабылданған жыл:

а) 1927 ә) 1928 б) 1929

3. 1928 жылғы Декрет бойынша ірі байларға отырықшы аудандардан қанша малы барлар жатқызылды?

а) 400 ә) 150 б) 300

4. Ауылдарға «Кіші Қазан» саясатын жүргізу үшін қанша уәкіл жіберілді?

а) 4812 ә) 1250 б)8240

5. Индустрияландыру кезінде елде не нәрсеге қажеттілік артты?

а) Мақтаға ә) Астыққа б) Жерге

3 жұп

1. Ұлт зиялылары қазақ шаруалары үшін не тиімді деп ашық айтты?

а) егін шаруашылығы ә) отырықшылыққа көшу

б) дәстүрлі мал шаруашылығы

2. Кулак дегеніміз кім?

а) ауқатты шаруа ә) егінші шаруа б) кедей шаруа

3. Т.Рысқұлов И.Сталинге жазған хатында не ұсынды?

а) О.Исаевты жазалауды ә) «Кіші Қазан» саясатын тездетуді

б) қазақтарға малды меншікке таратып беруді.

4. Т.Рысқұлов қандай қызмет атқарды?

а) РКФСР ХКК төрағасының орынбасары

ә) өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы

б) «Еңбекші қазақ » газетінің жауапты редакторы

5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру неден басталды?

а) қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшіруден

ә) бай кулактарды тәркілеуден

б) егістік жерлерді шаруаларға қайтарудан

Тест кілтіVI Бағалау Қорытындылау. Әр топтың жетекшілері топ мүшелерінің, ал топ мүшелері жетекшіні бағалайды. Соңынан мұғалім сабақты қорытындылайды.

VII Үйге тапсырма §35, ұлт зиялылары туралы қосымша мәлімет жинау, Қазастандағы «Кіші Қазан » бағыты тақырыбына реферат жазып келу.


© 2010-2022