7 сынып каз тарих 8 сабақ

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 7 «А,Ә» Күні: 05.02.16.

Пән мұғалімі: Матышова Бибіажар Құндақбайқызы
Сабақтың тақырыбы: ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мəдениетінің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділі:І Оқушылардың ХІҮ - ХҮ ғасырлардағы қазақ халқының даму деңгейімен, олардың тұрмыс тіршілігіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктері туралы алған білімдерін қортындылау.

Дамытушылық: Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын оята отырып, оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достық пен татулыққа, ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жалпылау,тексеру және бағалау,қортындылау.


Сабақ әдісі: тарихи диктант,тест түрлері,сұрақ-жауап, ой-қозғау,

сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, кесенелер суреті.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1 мин) әр топқа би,жүздері,ру арқылы бөлу. Оқушылар қазақ халқының мінезін ,салт-дәстүрін сөйлем арқылы ашып көрсету.(бір-біріне домбыраны бере отырып тілек айтады)

2 Қазақ сөзіне мағынасын ашу..(5 мин)

3.Сәйкестендіру тест(5мин)

4.Тарихи диктант (5 мин)

4.Рафт(5 мин)

5.Сергіту сәті (2 мин)

6.Менім ойымша.... ( 10мин) (киіну үлгісіне ойлары)

1.«Қазақ»сөзінің шығу төркіні туралы болжамдар.

1.Орхон,Енисей жазбалардағы «қазақ оғлұм»деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақталған.

2.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ»сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасын берген.

3.Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларда әлеуметтік мағынада қолданылды.

4.ХІІІ ғасырда Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «еркін», «кезбе» деген түсіндірме берілген.

5.Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуынша «қазақ» сөзі ХІІІ ғасырда хорасан түрікмен арасында кездеседі.

6.ХІІІ ғасырда «еркін адамдар» деген мағынада қолданып келді.

Бағалау: 6-5 дұрыс-5 4 дұрыс-4 3дұрыс-3

2 тапсырма . Сәйкестендіру.

1.Рухани мәдениет

А. «Ертөстік»

2.Материалдық мәдениет

Б. Киізден жасалған бас киім

3.Ертегі

В. Сөздік ретінде пайдаланылған.

4. Айыр қалпақ

Г. Белгілі бір кезде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрнісі.

5.Эпостық жыр

Д.Тектұрмас

6. «Кодекс куманикус»

Е.Суфизм

7.Ислам

Ж. Кез келген халықтың шаруашылығына байланысты болады.

8.Кесене

З. «Ер Тарғын»

Жауабы: 1-Г, 2-Ж, 3-А, 4-Б, 5-З, 6-В, 7-Е, 8-Д.

Бағалау: 8-7 дұрыс- 5, 6-5 дұрыс- 4 ,4 дұрыс -3

3-тапсырма - тарихи диктант.

Әмір Темір Орта Азияда ешбір теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысын салғызды. Кесененің аумағы- 46,5*65,5м ,биіктігі- 37,5м .
Қасбеті шығысқа қараған, екі биік күмбезді. Көрушілер 35 бөлмені аралайды.Зал ортасында тайқазан бар. Кесене Түркістанда орналасқан.

«Бағалау: 9 -8 дұрыс-5, 7-6 дұрыс-4, 5-4 дұрыс-3

Сергіту сәті
"Кім жүйрік?" математикалық ойын

1. 732,5х2+0=1465 Қазақ хандығы құрылған жыл

2. 400х5-603=1397 Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берді.

3. 2000-700+99=1399 Тайқазан тұрғызылды

4. (100-1):33= 3 Үш жүз,үш би

5. (269+6)*2=550. Қазақ хандығының құрылғанына биыл 550 жыл

4-тапсырма. Рафт жазу ,қорғау.

5-тапсырма-« Менім ойымша». - көрсетілген сурет бойынша өз ойларын айту.(Суретт қазақ халқынның ұлттық киім киген және хиджаб киім үлгісін,мектеп формасын киген сурет берілген.)

Бағалау:

Үй жұмысы:

Кері байланыс: екі жұлдыз,бір тілек.



© 2010-2022