Қазақстан тарихынан Қазақ хандығы 550жыл (7класс)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құрастырушы:Арыстанова Аида Уралбаевна

Сыныбы: 7-сынып

Өткізу формасы:Топтық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің пайда болуы туралы білім беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше жұмыстануға үйрету, ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:

Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру

Көрнекілік құралдар: Карта,видео,нақыл сөздер.

Сабақтың түрі: жарысу сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім сөзі: Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару. Топқа ат қойыңыздар, қойған аттарыңыз алдарыңыздағы таңдаған белгіге байланысы болсын. Суреттерді таңдаңыздар (хандар, билер)

2. Үй тапсырмасын тексеру

Төмендегі бұйымдардың неден жасалғанын бағытпен белгілеп көрсетіңдер.ІХ-Хғ

Қазақ халқының қалыптасуы

150-200жыл

3.Жаңа сабақ.

1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл - ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды.
Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті.

Хан тобы:




Би тобы:




4.Картамен жұмыс:Би тобы:

1.Әбілхайыр хандығы (жер аумағы, астанасы, халқы)картадан көрсету

1.Қазақ хандығы (жер аумағы, астанасы,халқы) картадан көрсету


5.Бекіту сұрақтары: «Сиқырлы сандық»

1 «Қазақ» атауының шығу тарихын әңгімелеп бер:

2.Қазақ халқының қалыптасу тарихи

3.Тарихи маңызы( этнос ретінде қалыптасуы)

4. Қайраткерлерге сипаттама беру( Керей мен Жәнібек)

5.Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған хандық..

6. «Алаш» атауы туралы не білесің?
Қорытынды:
Тақырыпты қалай меңгергенін білу үшін, шығу парағын пайдаланамыз. Әр оқушыға шығупарағы таратылады, сол параққа олар бүгінгі тақырыптан не түсінді, барлығын қағазға жазып, тақтадағы ілініп тұрған конвертке апарып салады.
Бағалау. Жеңімпаздарды анықтап, баға қою.
Үй тапсырмасы: «Менің елім .....» деген тақырыпта ой толғау жазу.

© 2010-2022