САБАҚ ЖОСПАРЫ, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРЫҰЛЫ

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ыбырай Алтынсарыұлы- қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы

Сыныбы: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаты:

Білу: Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, халық ағарту саласындағы қызметі, ғылыми-этнографиялық зерттеулері, «Қырғыз хрестоматиясы»;

туралы ақпаратты меңгеру;

Түсіну: Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарастары қалай қалыптасқандығы жайлы әңгімелеу;

Қолдану: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласына алып келген жаңалықтарды анықтау.

Күтілетін нәтиже:

Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, халық ағарту саласындағы қызметі, ғылыми-этнографиялық зерттеулері, «Қырғыз хрестоматиясы»;

туралы ақпаратты меңгеретін болады

(барлығы);

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарастары қалай қалыптасқандығы жайлы әңгімелей алатын болады (көпшілігі);

Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласына алып келген жаңалықтарды айқындай алады (кейбіреуі).

Оқушылар бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады;

Жоспар

Уақытты

Жоспарлау

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Дереккөздері

Кіріспе










Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру

Слайд:- 1

Үміт еткен көзімнің нұры - балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.

Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Балқожа би

- Оқушылар, бұл өлең жолдары кімге арналған? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?

Оқушылардың назарын үстел үстінде тұрған қима қағаздарға аудартамын. Оқушылар қима қағаздағы сурет қиындыларын құрастырады.

Ы.Алтынсарин ескерткішін құрастырған оқушылар1-ші топқа, Ы.Алтынсарин атындағы академияның эмблемасын құрастырған оқушылар 2-ші топқа және Ы.Алтынсарыұлы атындағы медальді құрастырған оқушылар 3-ші топқа бөлініп отырады.

Топ мүшелеріне 5 түрлі рөлге бөлінуін сұраймын (топ басшысы, бақылаушы, хатшы, уақыт сақшысы, баяндаушы).

-оқушылар қойылған сұраққа жауап береді.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.



















Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша топқа бөлініп отырады.

Топ мүшелерінің сабақ үстіндегі рөлін өзара ақылдасып бөліп алады.

google.kz (суреттер)

Тұсаукесер

7 мин


«Миға шабуыл»

Ыбырай Алтынсарыұлы туралы не білесіз?

Оқушыларға мәтін таратылып беріледі.

І топ. Ыбырай Алтынсарыұлының ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
ІІ топ. Ағартушының педагогикалық қызметі
ІІІ топ. Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
Топ мүшелері мақсаты мәтінді оқып, негізгі ойды бір-біріне айтып береді.

Оқушылар мәтінді мұқият оқып, мәтіндегі негізгі ойды бір-біріне айтып береді.

Қазақстан тарихы 8 сыныпқа арналған хрестоматия

Негізгі бөлім


5 мин

Топтар аталмыш тақырыптардың сипатын ашу үшін постер әдісін пайдаланып түсіндіреді.

Презентация критерийі:

  • Тақырып мәнінің ашылуы;

  • Фактілердің қамтылуы;

  • Креативтілігі

1-ші топ 3-ші топты, 2- ші топ 1-ші топты және 3-ші топ 2-ші топты бағалайды.

Постер жасап, тақырыпты түсіндіреді.

Қорытынды бөлім

Рефлексия сұралады









Ы.Алтынсарыұлының Қазақстан тарихында алатын орны қандай? (талантты және дарынды оқушылардан сұралады).

Үйге тапсырма:

1-топ оқушыларына Ы.Алтынсарин ескерткіші туралы, 2-топ оқушыларына Ы.Алтынсарыұлының академиясы туралы және

3-топқа Ы.Алтынсарыұлының медалі туралы мәлеметтер тауып жазып келу тапсырмалары беріледі.

«Қазақтың бас ұстазы» тақырыбында эссе жазып келу тапсырылады.

Оқушылар сабақ барысында сәтті өткен және жақсартуға болатын іс-әрекетті айтады.

  • Бүгін мен білдім…

  • Қызықты болды…

  • Қиын болды…

  • Мен орындадым…

  • Енді мен істей аламын…

  • Осы сабақтан алғаным…

  • Мен үйрендім…

  • Мен жасап көремін…

  • Мені таңқалдырды…

  • Сабақ мен үшін тәжірибе берді

  • Менің ойға түйгенім...

  • Есте сақтаймын

Мен үшін әлі де ...

Сұраққа жауап береді.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.



© 2010-2022