Планирование 7 класс Қазақ халқының мәдениеті

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Пән: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, олардың жыл мезгілдерін бақылау тәжірибесімен, жерлеу дәстүрімен жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: суреттер, сызба, карта


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Тәуке хан өзінің ішкі-сыртқы жағдайын жақсатруда қандай шараларды қолданды?

  2. Ұлы билердің қазақ қоғамындағы рөлін қалай түсінесіңдер?

  3. Билердің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы айтып беріңдер


III. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Материалдық мәдениет

  • Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жаздыкүні жеңіл киіз үйлерде тұрса, қыстыкүні жер үйде, шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды.

    1. Рухани халқының жыл мезгілдерін бақылауы

Халқымызда отбасы-неке қатынастарында құда түсу, қыз ұзату, келін түсіруде ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрып, кәделер сақталған. Қазақ келіндері «ат тергеу» ғұрпы бойынша үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды (мырза аға, ерке бала, аппақ қыз т.б.). Мұның өзі қазақ қоғамындағы үлкенді сыйлаудың , құрмет көрсетудің белгісі. Қазақтың қонақжайлылығы да рухани байлығын көрсетеді.

  1. Қазақ жерінде ислам дінінің нығаюы.

  • Түрік ғалымы Сейби қазақтардан 200 мыңнан астам адамның ислам дінін ұстанғандарын атап өткен. Орта ғасырдың соңғы кезінде, 1558-1560 жылдары Қазақстанда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар»-деп жазады. Мұның бәрі қазақтар арасында ислам дінінің кең тарағандығын көрсетеді.

  1. Жерлеу дәстүрі.

IY. Сабақты бекіту:

  • «Мәдениет» ұғымын қалай түсінесің?

  • Материалдық мәдениет дегеніміз не?

  • Ұлттық материалдық мәдениетке не жатады?

  • Рухани мәдениет дегенді қалай түсінесің?

  • Ауыз әдебиетінің түрлерін айтып, оның бір түріне талдау жасаңдар

  • Ислам дінінің қазақтар арасында таралуының қандай ерекшеліктері болды? Қандай діни жоралғылар ұстанды?

Y. Бағалау

YI. Үйге тапсырма: §44-45 оқу







© 2010-2022