Ашық сабақ Ақ Орда 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ақ Орда

Мақсаттары:

Білімділік:XIII- XV ғасырдың басындағы өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің құрылу тарихы, ішкі-сыртқы, эконамикалық жағдайы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға, әр түрлі тәсілдер арқылы белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, слайдтар, электрондық оқулық , тест сұрақтары т. б.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау, суреттеу, жинақтау, қызығушы-лығын артыру,тест жұмысы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

I-ші кезең. Қызығушылықты ояту. Баспасөз-конференциясы.

  1. Батый ханға сұрақ:

-Алтын Орда мемлекетінің шекарасын кеңейтіп, көптеген елдерді жаулап алып,алым-салық төлеттірдіңіз.Бұл жетістікке қалай жеттіңіз?

2.Мөңке-Темір ханға сұрақ:

-Иран, Кавквз,Египет елдерімен қарым-қатынас орнатуға ұмтылуыңыздың себебін айтып берсеңіз?

3.Өзбек ханға сұрақ:

-Аталарыңыздың қасиетті ісін алға апарып, Алтын Орда мемлекетін біріктіруді аяқтаған қайраткерсіз.Осы жетістікке қалай жеттіңіз?

4.Жәнібек ханға сұрақ:

-Сіз билік еткен тұста Алтын орда Мемлекетіндегі әл-ауқаттың арту себебі неде?

5. Мамай ханға сұрақ:

-Сіз билікке келген тұста Алтын Орда мемлекетіндегі саяси бытыраңқылықтың белең алу себебі неде?

6.Тоқтамыс ханға сұрақ:

-1382 жылы Мәскеуге шабуыл жасап,оны өртеп жіберуіңізге не себеп болды?


II- кезең. Сергіту сәті.Симантикалық картаIII- кезең.Термин сөздермен жұмыс.

  1. Білікшілер- Іс-қағаздарды жазушылар, Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазумен, дәлірек айтқанда, орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізген.

  2. Даруғалар-салық жинаушылар.

  3. Бекілер бек- Әскери істерді басқарушы

  4. Тамғаш-Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.

  5. Жарлық-Кінәз дәрежесін алу үшін ханнан алатын ерекше құжат.

IV. Деңгейлік тапсырмалар.

  1. ші деңгей тапсырмасы

  1. Алтын Орда мемелекетінің негізін қалаушы.Батый

  2. Алтын Орда мемлекетінің астанасы. Сарай-Бату

  3. Алтын орда мем тілі. Қыпшақ.

2-ші деңгей тапсырмасы.

1.Батый Еуропаға қай жылы жорық жасады.1236-1242 жылдар.

2.Алтын Орданың аумағы. Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер.

3-ші деңгей тапсырмасы.Тарихи сынақ.

Алтын Ода ---------ортасында------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------болып бөлініп кетті.

3.Үй жұмысын қорытындылау.

4.Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, электронды оқулықтан үзінді тыңдату.

Сыныпты 3 топқа бөлемін, жаңа тақырыпты оқушылар өздері түсіндіріп, мағанасын ашады.

Мағананы тану.

1-топқа.

Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы.

2- топқа.

Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы.

3- топқа.

Шаруашылығы.

Сұрақ бізден-жауап сізден( Әр топ өздерінің түсіндірген тақырыпшалары бойынша 3-сұрақтар қояды)

Картамен жұмыс.

1-топқа

Ақ Орда территориясы қай жерлерді қамтыған()

2-топқа

Ақ Ордалықтардың тұрақты қыстайтын аймақтары (Арал бойы, Шудың төменгі ағысы, Сыр бойы)

3-топқа

Ақ орданың астанасын ата, қай жерде орналасқан (Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ)

Жаңа сабақты бекіту

Тест жұмысы.

1.Ақ Орданың алғашқы ханы:

А.Жошы В.Ода Ежен С. Мүбәрак хан Д.Өзбек хан Е.Тоқтамыс хан

2.Ақ Орданың орталығы қай қала?

А.Сығанақ В.сауран С. Түркістан Д.Алмалық Е. Тараз

3.1368-1369 жылдары Сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырған хан:

А. Өзбек хан В. Тоқтамыс хан С. Мүбәрак хан Д. Ұрыс хан Е. Ерзен хан.

4.Қай ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан мүлдем оқшауланды?

А. Өзбек ханның В. Темір-Мәлік ханның С. Ерзен ханның Д. Ұрыс ханның Е.Мүбәрәк ханның.

5.Ақ Орда басында қай ұлыстың ханы отырды?

А.Шағатайдың В.Жошының С. Орда Еженің Д. Шайбанидің Е. Барақ ханның

6. Ақ Орда қай ұлыстың аумағында пайда болды?

А. Жошы ұлысы В. Шағатай ұлысы С. Үгедей ұлысы Д Төле ұлысы. Е.Жебе ұлысы

Үйге тапсырма



© 2010-2022