Үнді еліне сапар мен саяхат

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үнді еліне сапар

Үнді еліне сапар мен саяхат

Көпшілік қауымды атақты фильмдері мен тәтті қара шәйімен баурап алған Үндістан елі соңғы кезде туристік аймақтарымен кеңінен танымал. Мысалы, Гоа курорттық мекеніне немесе Керал шипалық аймағына келетін туристер саны әр маусым сайын артуда. Бұған қызықты экскурссиялық бағдарламалар, экзотикалық демалыс пен медициналық орталықтардың қызметінің қолжетімді бағада сатылуы ықпал етеді.

Үндістан елінің түкпір түкпіріне чартер ұшақтарымен баруға болады. Демалысын теңіз жағасында өткізгісі келетін жандар шипажайлар мен экзотикалық аймақтарды қарастырса болады. Сондай-ақ, Үнді еліне саяхатты туристік бағдарламалардан тыс кез келген жан өз бетінше жасай алады. Ол үшін ірі қалалардың біріне апаратын ұшақ әуе билетін сатып алып, келген бойда дербес саяхатыңызды бастай аласыз.

Виза

Үндістан елшілігінде виза рәсімдеуге 5 жұмыс күні қажет. Керекті құжаттар: шетел төлқұжаты мен оның көшірмесі, 3*4 форматтағы фотосурет (2 дана), 2 анкета, әуебилетінің көшірмесі, тұрақтайтын қонақүй бөлмесінің кепілдігі туралы куәлік (ваучер), жұмыс мекемесінде берілетін қызмет және еңбек ақы туралы анықтама. Балалар болған жағдайда баланың туу туралы куәлігі мен ата-анасының нотариалды түрде рәсімделген сенімхаты (рұқсат қағазы).

Қазақстан азаматтары үшін 6 айға жарамды виза бағасы - 6 200 теңге, бір жылға жарамды виза бағасы - 10 100 теңге.

Көлік

Үнді елінің қалалары мен ірі орталықтарын ұшақпен аралауға болады. Бұл уақытты үнемдеп, саяхаттың барынша жайлы болуына жол береді. Сондай-ақ, елді поезд немесе автобуспен аралауға болады. Бұл сіздің ақша-қаражаттарыңызды үнемдейді.

Үнді еліне сапар мен саяхат

Қала көшелерімен зулайтын көліктердің арасынан сары түсті таксиді аңғару қиынға соқпайды. Такси тоқтатпас бұрын, барар жеріңіздің қашықтығын біліп алыңыз. Үндістанның көлік жүргізушілері есептеуіш құралдарын жиі қолданбайды. Сондықтан да, таксиге отырған кезде, міндетті түрде, көлік жүргізушісімен саудаласыңыз.

Абай болыңыз: такси жүргізушілері өте дөрекі әрі сараң.

Үнді еліне сапар мен саяхат

Сондай-ақ, қала көшелерінде мото және велокрикша қызметіне жүгінуге болады. Бұл көлік түрі таксиге қарағанда екі есе арзан. Өте ыңғайлы әрі жылдам. Бағасы 20-30 рупий.

Қонақүй

Үндістанда қонақүй құрылысына аса мән береді. Қонақүй биіктігі 9 метрден аспау керек. Теңізден кем дегенде 300 метр ара қашықтықта салынуы тиіс.

Үндістан елінде шетел және жергілікті компаниялардың қонақүйлері орналасқан. Қонақүй қызметкерлері өте сыпайы болғанымен, қызмет көрсету баяу жүргізіледі. Сондықтан да, сабырлық сақтап, барлығына түсіністікпен қараңыз.

Қонақүй бөлмелеріне тапсырысты алдын ала онлайн-тәртібінде беруге болады. Ол үшін қонақүй бөлмелеріне қатысты терминдер мен халықаралық қысқартулардың барын естен шығармаңыз.

Ақша

Әуежай, банк, айырбас орталықтарында валюта сатып алуға не сатуға болады. 1 үнді рупий=3,2 теңге.

Үндістан банктері жұмыс күндері сағат 10-нан 14.00-ге дейін, демалыс күндері 10-нан 12.00-ге дейін жұмыс істейді.

Несиелік карталарды ірі қалалар мен курорттық аймақтарда ғана қолдана аласыз. Ауылдық және таулы аймақтарда шетел валютасын қабылдамайды.

Шопинг

Кез келген сауда орталықтарында асыл тастармен безендірілген күміс пен қоладан жасалған оқа-әшекейлер, үнді шәйі, жібек орамал, атлас маталар, кашмир кілемдер т.с.с дүниелерді табуға болады.

Үнді еліне сапар мен саяхат

Тауар таңдаған кезде мұқият болыңыз. Ең бастысы, саудаласуды ұмытпаңыз!

Кедендік талаптар

Үнді жеріне 200 дана темекі, 0,95 литр спирттік ішімдіктер, фото- және видео камера, жалпы сомасы 500 рупийден аспайтын кәдесыйлар апаруға болады.

Антиквариат, алтын бұйымдарын апаруға рұқсат етілмейді.

Үндістан жерінен алтын, былғары, антиквариат бұйымдары және аң терісі мен құс қанаттарын алып шығуға болмайды.

Үндістанда сақталатын ережелер:

Үндістан қол алысып амандаспайды. Үнді халқы қолын жүрегіне қойып сәлемдеседі. Қоғамдық жерлерде қатты сөйлеуге, құшақтасуға болмайды.

Әйел азаматтар шаштарын жайып жүрмеуі тиіс. Денеге жабысып тұратын киім кимегені абзал.

Діни орындарды (ғибадатхана, шіркеу, мешіт т.с.с) фотосуретке рұқсат етілген жағдайда ғана түсіруге болады. Бұл орындарға кірген кезде кез келген жан жынысына қарамастан бас киім кигені жөн.

Кез келген ғимаратқа, үйге, мекемеге кірген кезде аяқ киімді шешу қажет. Кейбір жерлерде арнайы шәркелер қарастырылған.



© 2010-2022