• Преподавателю
  • История
  • Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Тақырыбы: Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы. 7 сынып

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Тақырыбы: Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы. 7 сынып

Тақырыбы: § Ежелгі Герман тайпалары жәнеРим империясыМақсаты: Герман тайпаларының Батыс Римимпериясыаумағына басып кіру себептерін,соның нәтижесіндефеодалданупроцесініңбасталуын ашып көрсетуОқытушылық –Герман тайпаларыныңхалықтардың ұлы қоныс аударуына дейінгіжәне одан кейінгіқоғамдық дамудеңгейі, олардың шаруашылығы,Рим империясыныңқұлауындағы ғұндардыңрөлі ,франктермемлекетіндегі басқару , жер иелену жәнедін мәселелермен таныстыруТәрбиелік – Ғұндардың әлем тарихында алатын орнын анықтай отырып...
Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сынып: 7 «Г»

Күні:

I бөлім Бірінші тарау

V-X ғасырлардағы Батыс және орталық Еуропа

Тақырыбы: § Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы

Мақсаты: Герман тайпаларының Батыс Рим империясы аумағына басып кіру себептерін,соның нәтижесінде феодалдану процесінің басталуын ашып көрсету

Оқытушылық -Герман тайпаларының халықтардың ұлы қоныс аударуына дейінгі және одан кейінгі қоғамдық даму деңгейі, олардың шаруашылығы,Рим империясының құлауындағы ғұндардың рөлі ,франктер мемлекетіндегі басқару , жер иелену және дін мәселелермен таныстыру

Тәрбиелік - Ғұндардың әлем тарихында алатын орнын анықтай отырып құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық - Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізіп пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілік: V-X ғасырлардағы Батыс және орталық Еуропа елдерінің атласы

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырып жоспары:

1.Герман тайпалары және олардың Рим империясына басып кіруі

IV ғасырда Рим империясы әлсірей бастады.Оның бірнеше себебі болды:

Ең бастысы-құлдар еңбегінің тиімсіздігі. Сонымен қатар билік басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек,қару жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан -жылға өсті.Тойымсыз дінбасварларға деген наразылық қалын бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды.

РОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпим империясы 395 ж

Вестготтар(батыс готтар) Остготтар(шығыс готтар)

378ж-

410ж-

418ж-

429ж-

476ж- Құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы

2.IV- V ғасырлардағы ғұндар

Батыс Рим империясының құлауына ғұндар себепші болды.

Ғұндар өздерінен әлдеқайда мықты Рим империясын қалай жеңді?

451ж-

3Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сынып. Франктер мемлекетінің құрылуы

486ж-

Ақиқат

4. Мемлекеттік басқару

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сынып

5. Жер иелену

Аллод-

Колондар-

Құлдар-

6. Франктердің христиан дініне енуі

498ж-

Франктер неліктен христиан дінін қабылдады? Дәлелде.

ІІІ-Бекіту

1.Германдық франк тайпасы Батыс Рим империясының жеріне қашан басып кірді? Салдары қандай?

2.Құлиеленуші қоғамның құлауына ғұндар қандай үлес қосты?

3.Франктер мемлекетінің басты міндеттері қандай болды?

4. Франктердің христиан дінін қабылдауына не себеп болды?

IV- Бағалау

V-Үйге тапсырма

Еділ патша туралы мәліметтер әкелу.



Сабақ жоспары

Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сынып: 7 «Г»

Күні:


Тақырыбы: §2 Франктер империясының құрылуы және ыдырауы

Мақсаты: Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптсаып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру

Оқытушылық -Франктер мемлекетінің нығайып, империяға -өз дамуының жоғары шегіне көтерілуі онай жолмен келмегенін, әулет арасындағы биліг үшін талас импеияны құлдырауға әкелгенін ашып көрсету

Тәрбиелік - Қажырлы еңбектің нәтижесінде өзінің билік пен елді басқару және қолбасшы ретінде басқаға мойындата білген Карлды үлгі тұту

Дамытушылық - Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізіп пікір айтуға бейімдеу, ойларын қорытындылап, оқиғаларды дұрыс бағалай білу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілік: V-X ғасырлардағы Батыс және орталық Еуропа елдерінің атласы

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырып жоспары:

1.Майордомдар билігі

Майордом-(лат. тілінде «үйдің үлкені» деген мағына береді.)

511жылы Хлодвиг өлген соң билік үшін талас-тартыстың әсерінен король билігі әлсіреп, енді билік басына майордомның ықпалы күшейе бастайды.715-741 жылдар королмен ақылдаспай, майордом Карл Мартелл өз билігін жүргізе бастайды.

Майордом Карл Мартелдің кезінде франктерге кімдер қауіп төңдірді?

732ж-

Карл Мартелл төнген қауіпті шешу үшін қандай саясат жүргізді?

2.Меровингтер әулеті,Қортық Пипин билігі

Қортық Пипин билікке қандай жолмен келді?

751ж-

768ж

756ж

870ж-

3.Ұлы Карл оның империясы

Каролингтер (Карлдың латынша аты Каролус ) Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сынып

4.Империяның ыдырауы

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сынып

Империяның ыдырауына не себеб болды?

5.Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті

Ұлы Карл Франк империясы мәдениетінің дамуына қандай үлес қосты?

Христиан діні,сауаттылық,оқымыстылар,академия,пергамент сөздеріне сөйлем құрастыр.

Тривиум-

Квадривиум-

Аннал-

ІІІ-Бекіту

1.Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?

2. «Каролингтердің қайта өрлеу» кезеңі деген не?

IV- Бағалау

V-Үйге тапсырма тест құрастыру

Сабақ жоспары

Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сынып: 7 «Г»

Күні:


Екінші тарау

V-X ғасырлардағы Византия, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Русь

Тақырыбы: § 3 V-X ғасырлардағы Византия империясы

Мақсаты: Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін ашып көрсету

Оқытушылық -Шығыс Рим империясының табиғаты мен шаруашылығы, және елдің астанасы Азия мен Еуропаны жалғастыратын орталығы екенін анықтау

Тәрбиелік - дүниежүзілік өркениетте алатын орнын анықтау арқылы халықтың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу

Дамытушылық - Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізіп пікір айтуға бейімдеу, Шығыс Рим империясының алтын ғасыры қай кезде болғанын, Шығыс Рим империясының күшеюі,құлау себептерін айта білу

Көрнекілік: V-X ғасырлардағы Батыс және орталық Еуропа елдерінің атласы

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырып жоспары:

1.Рим империясының екіге бөлінуі

РОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпим империясы 395 жылы

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпВестготтар(батыс готтар) Остготтар(шығыс готтар)

БОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпатыс Рим Шығыс Рим

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сынып324ж Византий қаласы

Варварлар шапқыншылығынан 330ж Константинополь

кОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпөп зардап шекті. Византия империясы

географиялық орны

құрамына кірген елдер

этникалық құрамы

Византия қалай империяға айналды?

2.Өкімет билігі

Василевс- Византиялық император атағы. Бір адамның шексіз билігі монархия болды. Өзі жоғарғы сот, сыртқы саясатты жүргізді, заңды шығарды,әскерді басқарды.

3.Юстиниан және оның заңдары

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпОрта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сыныпЮстиниан (527-565ж)

Білімді еңбекқор батыл қатал бірбеткей

Юстиниан билік құрған кезде қандай саясат жүргізді?

  • Империяның жерін кеңейтті

  • Христиан діні мемлекеттік дін деп жарияланды.

  • 532-537жылдары Константинопольде Әулие София храмы салынды.

  • Юстиниан заңдары қабылданып,тәртіп орнады

532-жылғы көтерлістің себебі не?

4.Славяндардың шапқыншылығы

447-448ж

V ғасырдың аяғы-

VI ғасырдың аяғы-

VII- ғасырдың 70 жылдары-

941ж-

988ж-

5.Арабтар шапқыншылығы

VII- ғасырдың 30 жылдары-

ІІІ-Бекіту

1.Шығыс Рим империясының мың жылдан астам өмір сүріне не себеп болды?

2Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Тақырыбы:Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы.7 сынып. Шығыс Рим империясының құлауына ен себеп болды деп ойлайсыңдар.


IV- Бағалау

V-Үйге тапсырма. Реферат жазу



Сабақ жоспары

Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сынып: 7 «Г»

Күні:


Тақырыбы: §4 V-X ғасырлардағы арабтар

Мақсаты: V-X ғасырлардағы арабтар туралы білу

Оқытушылық - V-X ғасырлардағы арабтарда феоделдық мемлекеттің құрылуы, саяси жүйесі, шаруашылығы және арабтардың бірігуі мен ислам дінінің таралуы туралы толық мағлұмат беру

Тәрбиелік -Оқушыларды адамгершілікке,сынитұрғыда талдау жасатуға,иманды,білімді мәдениетті азамат болуға тәрбиелеу

Дамытушылық - Оқушылардың білімін арттыру дүниетанымын кеңейту, сұрақтар қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік: V-X ғасырлардағы Арабтардың саяси картасы, атлас

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. түгендеу.топқа бөлу

Тарих деген не? \ ой шақыру\

Біз орта ғасыр тарихын өтіп жатырмыз.Орта ғасырлар тарихы неше кезеңге бөлінеді?

а\ерте орта ғасыр V-XI

б\дамыған орта ғасыр XI- XV

в\кейінгі орта ғасыр XVI- X VII Біз қай кезеңді өтіп жатырмыз.

ІІ. Жаңа сабақ:Сіздерге берілген термин сөздерге болжам жасап көрейік.

1.Мекке 2.Халиф 3.Құм

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «V-X ғасырлардағы арабтар»

Тақырып жоспарын таныстырмас бұрын екі топқа ат қойып алайық.:

І. Мекке ІІ. Халиф

1.Ежелгі аарбтардың қоныстанған жері мен шаруашылығы, VI- VIIғасрылардағы арабтардың бірігуі және ислам дінінің таралуы ./ Мекке/

2.Араб халифатының құрылуы және феодалдық қатынастар.\Халиф\

3. Араб халифатының саяси басқару жүйесі \ Кордова\

Сіздерге берілген бейне материал сіздердің тақырыптарыңызға қатысы бар ма жоқ па оны кейін пайымдай жатармыз. \2 мин\

Слайдта картанаң бейнесі турады.

1.Мекке тобының жауабы:

1.Араб түбегінің жер көлемі -3млн ш\м.

2.Жерінің көбін құм басып жатыр.Сусыз жерде адам тұруға қолайсыз.

3.Түбекте ежелжен арабтар қоныстанған.

4.Мал және егін шаруашылығымен айналысады.

5.Қолөнермен саудасы дамыған қалалары Неджран, Мекке,Таиф.

Арабияда феодалдық күштер дамып, мүлік теңсіздігі тереңдеді, сондай-ақ жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет құруға негіз болды.Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды.Ислам идеясын таратушы Мұхаммед Пайғамбар (570-632ж) меккеде туып өскен. Мұхаммед Пайғамбардың діни уағыздарына қарсы болған Мекке қаласының билеушілері қасиетті қағбаны басып алып, Пайғамбардың қаладан кетуін талап етті. Мекке қаласында өзіне қолдау таппағаннан кейін Мұхаммед Пайғамбар Арабияның екінші қаласы Ясрибке \қазіргі Мекке\ барып паналауға мәжбүр болды.Сол жерде Медине халқына қолдау тауып, Меккеге қарсы жорыққа дайындалады. Осы жорықта жеңіске жеткен Мұхаммед Пайғамбар Меккені ислам дінінің орталығы деп жариялайды.Ал, қағба мұсылманның Алла алдында шамасы жетсе,дәулетті болса,өмірінде 1 рет парызын өтейтін қасиетті орынға айналды.

2.Халиф тобының жауабы:

Мекке қаласын бағындырған Мұхаммед тек дінді ғана уағыздап қоймай, мұсылман мемлекеті билігін өз қолына алды.Ел басшысы бола отырып, елді басқару үшін өзінің айналасына діні кеңесшілерді жинап, ақылдасып отырды.

*Елдің билігі қасиетті құран шариғаттары арқылы жүргізілді.

*Жеке меншік мұра ретінде сақталды.

*Ер адам әйел адамнан жоғары бағаланды.

*қолға түскен ұрының қолы не саусағы кесілді. \3рет ескертуден кейін\

*Жер мемлекетке ,аллаға адал қызмет атқарған адамдарға берілді.

Және олардан Ұшыр салығы жиналып тұрды.*Малшылардан Зекет алынды.

632-633жылдарға дейін Мұхаммед (с.ғ.с.) ислам мемлекетін құрды.

Мұхаммед Пайғамбар өлгеннен кейін оның ізбасарларына Халиф \пайғампар ізін жалғастырушы ,жолын қуушы\

Сөйтіп араб халифаты деген ірі мемлекетті Мұххамедтің серіктері ӘБУ БӘКІР р.ғ,Омар ибн Хаттаб,Осман ибн Аффан,Әли ибн Абу Талиб қалыптастырды.

Араб халифаты

*Иран, Сирия, Иордан, Армения, Египет, Вавилон жерле3н

*648 жылы Солтүстік Африкадағы Ливияны

*711-718 жылдары Гибралтар бұғазы арқылы Пиренецй түбегіндегі Испанияны жаулап алып, Франция жеріне дейін жетті.

Шығыста араб халифаты

*Орта Азия жерін жаулап, Мерв қаласын халифаттың орталығына айналдырады.

*Сөйтіп, Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі жер Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды.

*Араб халифаты жаулап алған жеріндегі барлық халықтарға ислам дінін таратты.

Араб халифатының басқару жүйесі.

Барлық бағындырылған жерлер мемлекет меншігіне айналдырылды және де ислам дінін қабылдады. Пайғамбарымыздың билігінен кейінгі 4 халифаттан кейін арабия әлемінде үлкен-үлкен екі ОМЕЙЯ және АББАС дегенәулеттер билік етті.

Араб халифатының саяси басқару жүйесі

Омейя әулеті.

*661-750 жылдары өмір сүрді.

*Жері жағынан ең көбі, үлкені болды.

*Әулеті 5 жергілікті басқару аймағына бөлінді.

*Әр аймақты әмір басқарды.

*Әмірдің 2 орынбасары.Бірі салық жинау мен мәселесімен айналысса,екіншісі діни істермен айналысатын болды.

*Омейя әулеті қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көптеп көңіл бөлді.Сауда мен қолөнер дамыды.

*Ұзаққа созылғн бақталастықтан Омейя әулеті билігін орнатты.

Аббас әулеті.

*750-1258жж. Өмір сүрді.

*Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін әулет үстемдік еткен 100 жылда халифаттағы феодалдық қатынастар күшейіп, сауда өрістеді.

*Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды.

*Бұл құрлықтағы халықтардың өздеріне тән тарихы, мәдени, діни ерекшеліктері болды.

*Әртүрлі тілде сөйлеп, өз салт дәстүрлерін ұстанды.

*VIII-X ғғ. Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.Олардың ішінде ірілері:

1.Бағдат халифаты 750-1258жж;

2.Фатимилер халифаты 909-1071жж;

3.Кордова халифаты 756-1031жж;

4.Саманилер мемлекеті 875-999жж;

1258ж. Шыңғыс ханның немересі ХУЛАГУ хан басқарған моңғол әскері Бағдатты басып алды.аббас әулетінің соңғы халифі МУСТАСИМ өлтірілді де, Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды.

Жақсы, балалар!Бізге берілген бүтін тақырыпты бөлшектей отырып, қайта құрастырдық.Енді көрілген бейне материалды пайымдап, айырмашылығын ажыратайық.

Бірінші топтың игерген материалына қосымша.

«Жаһилия дәуірі» туралы түсінік.

Хазіреті Омар р.л.ғ. Пайғамбарымыздан кейінгі сахабалардың бірі осы жаһил заманында адамдық қасиеттің төмендеп, надандықтың белең алғандығын есіне түсіре отырып:»екі нәрсе есіме түссе, біріне жылағым келеді, екіншісіне ішек-сілем қатып күлемін»,-дейді.

«Жылайтыным-сол кезде ақымақтығымыз сондай, әйелдеріміз қыз туса тыжырынып, қыз баладан құтылғанша асығып, бейкүнә, мейірімге мұқтаж сәбилерді тірідей көметінбіз. Осы қылығымыз есіме түссе, жүрегім қан жылайды.\3 қыздан кейін\».

«Күлетінім-пұтқа табынатын едік.Әрқайсысымыздыңүйіміздің төрінде қолдан жасаған пұттарымыз тұратын.Соларға табынып,құрметтейтінбіз. Сапарға шыға қалсақ,пұттарымыздың бейнесін ұннан, құрмадан немесе халуадан жасап,өзімізбен бірге алып шығатынбыз.Жол ұзап қарнымыз ашса, табынып, алдында құрдай жорғалаған жансыз халуа пұттардан кесіп алып жейтінбіз.Осыдан асқан күлкілі оқиға бар ма енді?».

\«Адамзаттың асыл тәжі»Д.Өмірзаққызы Алматы, 2003ж.\

*Жаһил заманында заң деген болмады.

*Кімнің ұлы көп болса сол күшті болып, билік сонда болды.

*Қыз баланы адам құрлы көрмеді.

*Қызы көп болса билік кетеді деп ойлады.

*Қыз бала тамаққа ортақтасады деген ниетпен туыла салысымен көзін құртуға асығатын болды.

Адам баласының тарихында діннің алатын орны ерекше.Дін бүгінге дейін әрбір адамның бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қалай әсер етсе, бұдан былай да дәл солай әсер ететін болады.

Дүние жүзіндегі ең беделді діндердің бірі,жер шрындағы халықтардың бестен бірі сенетін ислам дінінің үлкен тарихы бар.

Мекке қаласының шет жағындағы Қағбадан 300 метрдей жердегі Абдуллаһ деген кісінің шаңырағында 571 жылы болашақ пайғамбарымыз Мұхаммед дүниеге келеді.

Мұхаммедке 40 жасында пайғамбарлық келіп, өзін Аллаһтың елшісі екенін жариялап, жаңа ислам дінінің негізін қадайды.

Мұхаммедке Аллаһ Тағаладан Жебірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа тура жолды көрсетуші, Құран Кәрім 23 жыл бойында түсірілді\610-632жж.\.

Онда 114 сүре, 6666 аят бар.

Екінші топтың игерген материалына қосымша:

Мекке қаласын бағындырған Мұхаммед тек дінді ғана уағыздап қоймай, мұсылман мемлекеті билігін өз қолына алды.ел басшысы бола отырып, елді басқару үшін өзінің айналасына діни кеңесшілерді жинап, ақылдасып отырды.

Бүгінгі сабағымыздың қорытындысында мен сіздермен жаңа жоба «Миллион дискі кімге бұйырады?» деген ойын ойнатпақпын. Алты нөлі жоқ миллион дискіні қойылған сұрақтарға ең көп жауап берген оқушы алады.\арабша өлеңдердің дискісі\

1.Арабтар қандай дінді ұстанып дамытып отыр?

2.Құран-Кәрім қай тілде түскен?

3.Арабтар мен қазақтардың ортақ қасиетін тап.

4.Жәһилиет дәуірі қай ғасырларға дейін өмір сүрді?

5.711-718жж.Арабтар қай елді жаулап алып, қандай мемлекет құрды?

6.Омейя әулетінің билік еткен кезеңі?\661-750\.

7.Аббас әулетінің билік еткен кезеңі?\750-1258\.

8.Омейя әулеті неше жергілікті басқару аймағына бөлінді?

9.Әмірдің екі орынбасарлары қандай істермен айналысты?

10.Аббас әулетінің ең соңғы халифы кім?

*Катар ең кіші мемлекет,халқы млн-ға да жетпеді.

*Египет халқы жағынан ең үлкен дамыған мемлекет (пирамида, Бейбарыс 17ж билік құрған)

Жаңа термин сөздер

*Ұшыр- өнім түсімінен берілетін салық

*Жаһилия- надандық

*Халиф- Мұхаммед пайғамбар өлгеннен кейін арабтар мемлекетінің басшысы болған оның орынбасарлары

*Халифат- Халифтер басқарған исламдық Араб мемлекеті,оның құрамына кірген елдер.

Сабақты бағалау:

Бүгінгі сабақта оқушылардың білімін бағалауды әр топтың еншісіне бермекпін.

Сабақты бекіту.

Бүгін біз V-X ғасырлардағы арабтар тарихымен таныстық. Жалпы алғанда арабтар ислам әлемінің орталығы екендігімен,мұнайымен,мәдениеттілігімен,өркениеттілігімен дүниежүзінде ерекшеленді.

Мысалы:Араб елдерінің көбінде түрме жоқ,ғалам проблемасына айналып отырған арақ,наркоттик, СПИД дегенді мүлдем білмейді.

Пайғамбарымыздан кейін 4 халиф \сахаба\өмір сүргендігін,одан кейін ірі Омейя және Аббас әулеттерінің билігі туралы,1258жылы бұл әулеттің де билігі Шыңғыс ханның әскерлері туралы білдік.

Үйге тапсырма: Араб халифатының жерлерін картаға түсіру.Араб халифатының дамуына үлесқосқан халифаттардың тізімін жазу.Мұххамед пайғамбардың өмірі,Мекке қаласы туралы әңгіме жазып келу.

© 2010-2022