Рабочая программа по историй на тему Әл - фараби шығыстың ғұламасы (5 - сынып)

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақстан тарихы. 5 сынып.

Тақырып: §24. Әл-Фараби шығыстың ұлы ғұламасы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Сабақтың мақсаты: Оқушылар Әл-Фараби туралы мағлұмат алады.

Білімділік: Оқушыларға Әл-Фарабидің ғылым-білім, өнерге қосқан сүбелі үлесі туралы мәлімет беріледі.

Дамытушылық: Оқулық материалдарындағы басты мәселелерді ажырата білу, ұжымда жұмыс істеу және көрсетілген тақырып бойынша дәлелді әңгіме жүргізе білу, сонымен бірге сұрыптау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасалады.

Тәрбиелік: Азаматтық ұстаным. Сабақ ЕҒҰ (еңбекті ғылыми ұйымдастыру) талабына сәйкес өткізіледі, оқушылардың терең білім-біліктіліктері қалыптастырылады.

Үстеме міндет: Оқушылардың ойлау дағдылары мен іскерлік қабілеттері қалыптасады, ақыл-парасаты мен шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін жағдай туғызылады.

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, мәтінмен жұмыс, тірек сөздердің мағынасын ашу.

Сабақ түрі: Дәріс сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Оқулық, хрестоматия, қосымша материалдар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылар сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Тапсырмалар:

І. Сұрақтар

1. Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрді?

2. Әл-Фараби қай жерде дүниеге келді?

3. Әл-Фарабидің толық аты қалай?

4. Әл-Фараби оқу-білім іздеп қай елдерге барды?

5. Әл-Фараби қай тілдерді білді?

6. Әл-Фараби ғылымның қай салаларына жаңалықтар қосты?

7. Әл-Фараби өз өмірінің соңын қай қалаларда өткізді?

8. Әл-Фараби туралы аңыздарға қарағанда қандай өнерлері болған?

9. Әл-Фараби Шығыспен бірге қай ғылым мен мәдениеттің дамуына зор үлесін қосты?

10. Әл-Фараби қандай білімі бар ғалым?

І. Жауаптар

1. 870-950 жылдары

2. Отырар қаласында

3. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани

4. Бұхара, Самарқан, Шам, Мысыр, Александрия

5. Грек, араб тілдерін

6. Философия, математика, физика, логика, этика, тіл білімі, жаратылыстану, география, астрономия, медицина, музыка

7. Дамаск пен Халеб

8. Атқа міну, садақ ату

9. Батыстың

10. Энциклопедиялық

ІІ. Тест

1. Әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ойшылы, ғалымы кім?

а) Рузбихан ә) Әл-Фараби б) Ибн Батута в) Әл-Хорезми

2. Отырар қаласы қай кезеңде маңызды сауда, ғылым-білім орталығы болды?

а) V-ХV ғасырларда ә) Х-ХV ғасырларда б) Х-ХІХ ғасырларда в) VІ-Х ғасырларда

3. Әл-Фарабидің әкесі қай ұлыстың атақты әскер басшысы болған?

а) найман ә) үйсін б) қаңлы в) қыпшақ

4. Әл-Фараби түрлі ғылым салаларынан қанша еңбек жазып қалдырды?

а) 150-ге тарта ә) 300-ге тарта б) 250-ге тарта в) 500-ге тарта

5. Әл-Фараби қажетті деректерді даңқты қай кітапханадан алды?

а) Дамаск ә) Каир б) Александрия в) Халеб

6. Арабтар Отырар қаласын қалай атаған?

а) Дамаск ә) Хорасан б) Бағдат в) Фараб

7. Әл-Фараби кейбір кітаптарды түсіну үшін неше рет қайталап оқыған?

а) 50-120 рет ә) 70-100 рет б) 100-200 рет в) 90-150 рет

8. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы қай қала?

а) Исфаһан ә) Бағдад б) Шам в) Мысыр

9. Әл-Фараби музыка жазып, қандай аспаптар жасаған?

а) Домбыра, қобыз ә) Сырнай, жетіген б) Асатаяқ, қобыз в) Сазсырнай

10. «Музыканың ұлы кітабы», «Бақытқа жету»,»»Ғылымдар тізбесі», «Ізгі қала» атты құнды кітаптар жазған кім?

а) Қ.Жалаири ә) Рашид ад-Дин б) М.Х.Дулати в) Әл-Фараби

ІІ. Жауаптар

1. Әл-Фараби (Ә)

2. V-ХV ғасырларда (А)

3. Қыпшақ (В)

4. 150-ге тарта (А)

5. Александрия (Б)

6. Фараб (В)

7. 100-200 рет (Б)

8. Бағдад (Ә)

9. Домбыра, қобыз (А)

10 Әл-Фараби (В)

Үйге тапсырма.

§ 25. Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары. (91 - 94 беттер) Оқу, мазмұндау

№ 33. (53 - 55 беттер) Хрестоматия.

«Ауызша сабақ - 1» технологиялық картасы


© 2010-2022