Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына Білімділік: қарсы Кенесары бастаған ұлт - азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кестелер, картамен жұмыс, венн диаграммасы
Көрнекілігі: карта, слайд, эл. оқулық, әдістемелік журнал

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: тест арқылы тексеру, сұрақтар (бағалау)
III. Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
2. Көтерілістің барысы
3. Кенесарының хандық билігі
4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер
Кенесары Қасымұлы - саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт - азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.

Көтерілістің басталу себептері:
ХІХ ғ-дың 20жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді. 1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Кенесары әскернің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр Байсейіт батыр, Сұраншы батыр.
Көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз, қазақ т. б

Көтерілістің мақсаты: Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. *Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;

Көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да ат салысты.

Көтеріліс қамтылған аймақ:
Барлық үш жүзді қамтыды:
Кіші жүзден - шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.
Ұлы жүзден - үйсін, дулат және т. б. рулар қатысты.
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.

Көтерілістің тарихы маңызы: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Кенесарыға қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды

Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)
«Біздің ата - бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

Орынбор генерал - губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық - татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді.

Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан - таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сондада тыныштық бермеді. Сол себептіде мен - Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», - дейді. Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін, 1836 жылдан бастап, көтерілістің басшысы болады.

ІҮ. Көтерілістің барысы: хронологиялық кесте жасау:
Жылдар. Оқиғалар
1837ж, қараша: Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838ж, 26 мамырда: Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838ж, күзінен: Қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж, тамыз: Кенесары қолының Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.

Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.
Оқиғалар. Жылдар.
Орынбор генерал - губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.(1842ж)
І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді(1842).
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.(1843. ж. 27 маусым)
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.(1843. ж)
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.(18447ж721 - 22 шілде)
Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды(. 1844 - 1845. ж. ж)

Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)
«Біздің ата - бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып ждатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

• Орынбор генерал - губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық - татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді
Кенесарының Сарыарқадан ұлы жүзге қарай бет алуы.
- Қоқан езгісіндегі қазақтарға дербестік алуға көмектесіп, өзіне тірек жасауды ойластырды

Жылдар. Оқиғалар
1845ж. қазан, қарашада: Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
1847ж, сәуірде Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді
1847ж: Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты

Көтерілістің жеңілу себебі:
- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.
V. Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты." Венн диаграмма"
Деңгейлік тапсырмалар (таратып беру)

VI. Бекіту сұрақтары:
1. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері неде?
2. Кенесарының Қоқан, Бұқар хандықтарымен байланысы қандай болды?
3. Кенесары хандығыны4 құрылымы мен ХVI - ХVII ғ. қазақ хандығын салыстырыңдар?

VII. Үйге тапсырма: § 10. Оқу, түсінік бер
Кенесары Қасымұлымен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу, Тест жұмысы
«Тәуелсіздік тірегім» эссе жазып келу



© 2010-2022