1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтар көтерілісі

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтар көтеріліс »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызын,XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында атқарған рөлін түсінуге жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге , туған халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылағын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, өздігінен және топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, іздемпаздық қасиетін арттыру. Жеке және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі :білім мен біліктілік дағдыны қалыптастыру сабағы.

Қолданылатын әдістер: Баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс,
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география.
Сабақтың көрнекілігі: И. Тайманұлы бастаған көтеріліс ( 1836-1838 ж.ж ) - карта, Ішкі Орданың аумағы - карта, фотосуреттер, , оқушылар шығармашылығы,электронды оқулық,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
2. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Тесті арқылы бағалау

Ой қозғау кезеңі.
«Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің

Атандай дауысын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім,

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім !»

  • Ақын қай ғасырды, қай дәуірді жырлап тұр?

1Көтеріліс дегеніміз не?
2.XVIII ғасырда Қазақстанда қандай көтерілістер болды?
3.Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қашан, қай жерде болды? 4.Көтеріліс барысындағы ірі оқиғалар

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

  1. 1-топ-Хан ордасына шабуыл

  2. 2-топ-Тастөбе шайқасы

  3. 3-топ-Ақбұлақ шайқасы.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Кіші жүзде көтерілістің шығу себептері

2.Көтеріліс барысы.

3.Хан ордасын қамауға алуы

4.Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті

5.Көтерілістің жеңілу себеп-салдары және тарихи маңызы.

Видео сюджет( электронды оқулық).

Жұмыс тұрлері;

І тапсырма:

Әр топқа берілген тапсырмалар арқылы бірігіп, тақырыпқа байланысты қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізіп, алдарындағы қағазға өз ойларын түсіріп, топ басшылары тақтағы шығып қорғайды.
1-топ.
Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы.
2-топ.
Тастөбе түбіндегі шайқас, күш біріктіру әрекеті.
3- топ.Ақбұлақ шайқасы, Исатайдың қаза болуы

ІІ тапсырма:

І топ: Көтерілістің жеңілу себептері: ( Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісінің жеңіліске ұшырауының негізгі себебі неде?)

1.Көтерілістің екі бағытта жүргізілуі.

2.Стихиялығы, дұрыс ұйымдастырылмауы.

3.Қару-жарақ пен күштің тең болмауы.

4.Көмектің дер кезінде келмеуі.

5.Көтерілісшілердің бір бөлігінің сенімсіздігі.

ІІ топ:Тарихи маңызы: (Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісінің қандай тарихи маңызы бар?)

1.Салық мөлшеріне шек қойылды.

2.Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.

3.ХIХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ірі ұлт-азаттық көтеріліс болды.

4.Ішкі ордада хандық биліктің әлсірегенін көрсетті

ІІІ топ Көтерілісті сипатта (Қосымша материалдарды пайдалана отырып, Махамбеттің Исатайға арнаған бір өлеңін жатқа айту.)

Басты мәселелер

Себептер

Дәлелдер

Нәтиже

ІІІ тапсырма :Картамен жұмыс-кескін картаны толтыр

ІҮ тапсырма:

І топ -Сөйлем бөліктерін қосыныз

ІІ топ .Сәйкестендіру

ІІІ топ -Сұлбаны толтырыңыз

Бекіту сұрақтар:

Сұрақ-бізден, жауап-сізден

-Қазақ халқы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі барысында қандай кезеңдерді басынан кешірді?

-Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісінің

тууына не себеп болды?

-Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің тәуелсіздік алуымызға септігі тиді ме?

-Оқушылар Исатай мен Махамбетке арнаған өлеңдерін оқыды.

-Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген игі істер атқарылып жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық, Исатай бабамыздың 220 жылдық мерей тойлары, Бөкей ордасының 200 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.

V.Қорытынды.Тәуелсіздік-қазақ халқының аңсаған арманы. Видео сюджет

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма: §19 .Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы туралы тың деректер жинау.







© 2010-2022