Урок по истории Жазбаша деректер

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып.

Сабақтың тақырыбы: §3. Жазбаша деректер

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:Оқушыларды жазудың, қағаз бен кітаптың пайда болу тарихымен таныстыру, оның маңызын ашу.

  • Дамытушылық:Алғашқы жазу, алфавит, кітаптар мен қазіргі адамзат қол жеткізген бұл саладағы жетістіктерді қатар қойып, салыстыруға, айырмашылығы мен ұқсастықтарын таба білуге икемдіктерін қалыптастыру.

  • Тәрбиелік:Жазу, кітаптың пайда болуын адамзат қол жеткізген ұлы жетістіктер ретінде ашып көрсетіп, оның мазмұнына, тарихына шолу жасау; алғашқы жазбалардың авторы болған қайраткерлердің ісін үлгі етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті.

Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.

Сабақтың көрнектілігі:

1. «Алғашқы мемлекеттер картасы» -дүние жүзі тарихынан.

2.Ежелгі көне жазулардың суреті.

3.Ежелгі алфавит пен қазіргі алфавиттің салыстырмалы суреті.

4. Бізге дейін жеткен ертеде әр елде пайда болған кітаптардың суреті.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын тексеру және бағалау мақсатында, алдымен сыныпты байқап шығамын. Одан кейін оқушылар өздері үйден тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қойып сұрақ-жауап ойынын өткіземін. Әр топтың жауаптарын тақтаға оқушылар көріп отыратындай етіп жазып, белгілеп отырамын. Осылайша үй тапсырмасын оқушылармен бірге қорытындылап, жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

  1. Жазу тарихы.

  2. Алфавиттің пайда болуы.

  3. Тарихи оқиғалардың және жеке тұлғалардың қағаз бетіне түсіу.

Оқулықтағы оқу материалы көлемді болғанына қарамастан, оқушылар бұл жаңа тақырыптан мол жаңалықтар алып шығу мүмкіншіліктері бар.

Тақырыпты тақтаға жазып қойып, «Балалар, жазу, оқу бізге не үшін қажет?», «Егер жазу, оқу,кітап болмаса біздің қалай болатынымызды елестетіп көріңдерші?» деген сияқты сұрақтармен жазу, оқу, кітаптың маңызын ашып, қызыққа толы тарихын тақтаға ілінген көрнекіліктерді пайдалана отырып қысқаша әңгімелеп беремін. Мәтінді кезек-кезек оқушыларға оқытып, оның мазмұнын сұрап отырады. Осылайша жаңа тақырыпты түсіндіре отырып әр абзацтағы жаңа көздерді пиктография, иероглиф, шумерлер, финикиялықтар, папирус, пергамент т.б сөздердің мағынасын тақтаға жазып отырамын. Оқушылар оны дәптеріне жазып алады.

Бекіту: Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» 1-2 тапсырмаларды сыныпта орындатып, тексеріп шығамын.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

  1. 3 параграфты оқып келу

  2. Оқушылардың қызуғышылығын арттыру үшін бір-бірлеріне Ежелгі сурет жазуларымен хат жазуға тапсырма беремін.


© 2010-2022