Жамбыл Жабаев. Алғадай туралы әрбір ой, Аттандыру 7-сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Жамбыл Жабаев «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

Оқушыларға жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің мазмұнын ашу. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты:

Өлеңдерді мәнерлеп оқыта отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
а) Жамбыл Жабаевтың портреті
ә) Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты қосымша материалдар.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру,
сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үйге берілген тапсырма:

ІІІ Топтық жұмыс

1-топ.

1.«Саған айтқан сөзімнен

Сабақ алсын тыңдаған»

деген жолдардың мағынасы

2.Өлеңнің мазмұндық желісінен әкенің балаға берген батасы екенін байқауға бола ма?

2-топ.

1.Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай беріліп жүргені жайында өз ойларың.

2.Өлең жолдарына сүйене отырып, Алғадайдың адамгершілік қасиеттерін атаңыз.

3-топ.

1.«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің І,ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?

2.ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

4-топ.

1.«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің басқа өлеңдерден айырмашылығы.

2.Осы өлеңнен ауыз әдебиетінің жоқтау үлгісі байқала ма?

IV Жағдаяттар (Кемпірқосақтағы түстерге қарай отырып, берілген түйін сөздердің мазмұнын ашу)

1.Қызыл түс.

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.

2. Қызыл сары түс

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

3.Сары түс.

Жүк ауырын нар көтерер,

Ер ауырын ел көтерер.

4.Жасыл түс.

Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.

5.Көк түс.

Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден - бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным

6.Қара көк түс

Адамның ең ұлы қасиеті-бақытты болуға талпыну.

7.Көкшілдеу түс

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

V Қорытынды

Рефлексия

VI Үйге тапсырма

Жамбыл Жабаевтың «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой»

өлеңдерін жатқа оқу.


© 2010-2022