Тәрбие сағаты «Бүгінгі тәуелсіздік ғасырларға мұра»

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бүгінгі тәуелсіздік ғасырларға мұра»

Сабақ мақсаты: Өз ұлтының тарихын сүюге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:слайд, нақыл сөздер;

Жоспар: 1. Тарихымызға көз жүгіртсек:

2. Тәуелсіздік таңындағы 25 жыл

3. Болашаққа болжам ........

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Атыңнан айналайын, егемен ел.

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер,

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп міне, ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізгенімізге де 25 жыл болды.

Айналайын алтын әнім, жас өрені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймыз деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы.

М. Шаханов

ІІ негізгі бөлім

Тарихымызға көз жүгіртсек:

  • ХҮ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық.Алайда еліміз тыныш өмір сүре алмады.Ұлан - байтақ елімізге жан - жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

  • 1723 жыл. Ел жайлауға көшіп қаннен қаперсіз күн көріп жатқан елімізге Жоңғар тұтқиылдан шабул жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, ақ табан шұбырынды болды. Жұрт Алакөлге аялап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

  • 1923-33 жылдарда адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиардтай адамның 2,2 миллионы опат болды.

Қырылмаса аштықтан бауырларың

Жазықсыз құрбан қылып шыбын жанын,

Қазақ деген қандай ел болар едік.

Көркейткен байлығымен әлем сәнін.

  • 1941-1945 жылдар азамат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, азаттықты қорғап ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта халық қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абройлы атақ берілді.

  • 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар, алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға, айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттың намыс құдіретін әлемге паш етті. Желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігі үшін құрбан болған Сабира, Ләззәт апайларымыз, Қайрат ағаларымыз секілді талай жастар желтоқсанның құрбаны болды.

Қазақстан тарихында ХҮІІІ ғасырдан Қазан төңкерісіне дейін 200- дей көтерілістер болды. Бірнеше ғасырға жалғасып бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясының қаулысымен Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

Тәуелсіздік таңындағы 25жыл:

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта, еліміз көптеген жетістіктерге жетті.

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

1991 жылы 2 қазанда алғаш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президентіміз сайланды.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

Енді бүгін өлген Туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңба

Баяғыша төрге келіп ілінді.

1993 жылы 28 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы -Ата заңымыз қабылданды.

1993 жылы қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды

1995 жылы ақыл - ойдың данышпаны Абай Құнанбаев атамыздың 150 жасқа толған тойы тойланды.Осы жылы Ұлы жеңіске 50 жыл толды.

1996 жылы Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

Болашақ арманы:оқушылар шығармашылығы.

Жарқын болашаққа жылы тілектерімізді жолдайық!

Қорытынды: Қазақстанның, елдің болашағы бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. « Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел ақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.

Егер тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай, құрметтеп, ардақтайық! Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін, Отанымыз көркейсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Тарих пәнінің мұғалімі: Торгузова Д.Н.

© 2010-2022