5-cынып Ежелгі түркілер ашық сабақ

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 21. Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.

  • Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.

  • Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата-бабалары түріктердің жан-жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: 1.Түркі дөуірінің картасы.

2.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.

З.Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

2-3 окушыға Еділге тарихи тұлға ретінде берген мінездемесін дауыстатып оқытамын. Қалған оқушылар оны тыңдай отырып, өздерінің алып-қосатындары болса қосымша қосады. Одан параграфтың соңындағы қалған сұрақтар бойынша тексеріп шығамын. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, оқушылардьщ өткен сабақта алған білімдерін тиянақтағаннан кейін жаңа тақырыпка көшемін.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. «Түрік» атауы.

2. Түріктердің көршілерімен саяси карым-қатынасы.

3. Қағандықтың құрылуы.

4. Түрік қағандары.

5. Қағандық халқының кәсібі.

6. Түріктердің рухани мәдениеті.

Б.з-дың I мыңжылдығының орта шенінде Қазакстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік (ежелгі түркі) немесе көне түркі дәуірі деп атаймыз деп, одан әрі ұлы даланың тұрғындары түріктердің шығу тегі туралы аңыздарға тоқталамын. Одан кейін тақтадағы картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталамын. Оқушыларға еске сактауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.


Ирандықтар

Тунгус-манчьжурлар

Қытайлықтар

Түркілер

Тохар тайпалары


Түріктер өздері мемлекеттің құру жолында осы тайпалармен бірде достық бірде жаулық қарым-қатынастарда болғандығын сипаттай отырып, Түрік қағандығының құрылып, қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілу кезеңдерін түсіндіремін. Осы кезеңде параграфтағы маңызды даталарға ерекше тоқталып, сабақ барысында олардың хронологиялық кестесін құру.

Маңызды даталар

Болған оқиғалар

Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы

Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.

542 жыл

Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.

У-ГУ ғасырларда

Орта Азияның тарихында түрік этносының жаңғыруы.

VI р-дың ортасына дейін

Түріктердің жужандарға бағынышты болуы.

551-555 жылдар

Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.

551-744 жылдар

Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.

551 жыл

Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.

552-553 жылдар

Қараеске кағанның билік етуі.

553-572 жылдар

Мұқан қағанның билік еткен жылдары.

VІ-VІІ ғасырларда

Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.

VII ғасырдың басында

Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державала-рының колында болуы.

714-715 жылдар

Сырдария бойындағы өлкеге арабтардың жорығы.

VІ-ХІІ ғасырдың ортасында

Буддизм, манихейлік, христиандық діндердің түркі тілдес халықтардың арасында кең тарауы.

Осылайша оқушы білімін дамыта отырып, кағанат халқының кәсібі, оның қағандык өмірінде алатын орны мен маңызын ашып көрсетемін. Окушылардың эстетикалық дамуын назарда қалдырмау үшін түрік халықтарының діни наным-сенімдері, жазу мәдениеті мен әдебиеті туралы жан-жақты сипаттама беріп, оқушыларды имандылык, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Бекіту сұрақтары:

1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?

2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?

3. Ескі сына жазуларда түріктер өздерін қандай атпен жазған?

4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?

5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.

6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?

7. Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?

8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?

9. «Құдатғу-білік» еңбегінің авторы кім?

10. 714-715 жылдары түркілер кімдермен шайқасты?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 21-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.










5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 11. Қазақстан халқы

Сабақтың мақсаты.

  • Білімділік: Қазақстанның көп этносты мемлекетке айналуының алғышарты, себеп-салдары туралы және этнос, диаспора үғымдарына түсінік беру.

  • Дамытушылық: Оқушылардың ұлт және халык туралы бұрыннан калыптасқан, білген ұғымдарын одан әрі дамытып, сыни тұрғыда талдай білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Көп этнос өкілдері мекендеген Қазакстандағы казақ ұлтының және де баска этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, мөдениетін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пән аралық байланыс: география, бейнелеу

Көрнекілі:

1. Плакатка сызылған кесте.

2. Қазакстан Республикасының Конституқиясы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың дайындығын тексеру үшін тақтаға алдын ала толтырылған сызбаны іліп қоямын.

Кестені толтыр.

Қазба байлықтар

Қайда өңдіріледі?


Оқушылар тапсырмаларды орындау талабына сай өз еріктерімен бір-бірден тақтаға шығып кестені толтырады. Тапсырма орындалмас бұрын сыныптан қатарлас отырған екі оқушыға көршісімен дәптерлерін алмастырып, тақтадағы дұрыс жауапқа сүйеніп бір-бірлерінің үй тапсырмасын тексеріп шығу тапсырылады. Тақтаға жазып қойған бағалау кретерийі бойынша есептеледі. Мысалы: 9 дұрыс жауап «5»...

Бұдан кейін үйге берілген такырыпты әр баладан кезек-кезек сұрап шығамын, қалған оқушыларға оны толықтырып отыру тапсырылады. Бұл жерде уакытты үнемдеу үшін бір оқушыға жауапты тақырыпша бойынша бастатқызып, келесі оқушыға оны жалғастыруды талап етемын.

Оқушыларға: Сендер өткен сабақта кең-байтақ Қазақстанның әр алуан табиғат байлығы, жануарлар дүниесімен таныс болдыңдар. Табиғат байлығы жағынан Қазақстан әлемдегі еш мемлекеттен кем емес екеніне көздерің жетті. Бүгінгі сабағымызда Казақстанның әлемдегі көп этносты мемлекеттердің бірі екендігі жөне оның қалыптасу тарихымен танысасыңдар деп жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақ халқы осындай кең-байтақ жерді иеленіп, жауға бермеу үшін талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірсе де мойымағанын айтып, оқушыларды туған жерді қорғауға, елінің қамын ойлауға тәрбиелеймін. Соған қарамастан тарихтың небір сындарлы жылдарында күштеп көшірілген ондаған этнос өкілдерінің Отаны бола білген Қазақстан шыққан тегі, затына қарамастан олармен бір үзім нанды бірге бөлісіп жеп, туысқандай қонақжайлық көрсеткендігін айтамын. Ұжымдастыру, индустрияландыру, репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру сияқты тарихи оқиғалармен окушылар әлі таныс болмағандықтан, олардың түсініктерін қалыптастыру мақсатында бұл оқиғалардың тарихына қыскаша тоқталып өтемін. Төмендегі кестені пайдалана отырып, басқа этнос өкілдерінің Қазақстанға күштеп көшірілу себептерін, ақтаңдақтарға толы тарихын оқушыларға ашып көрсетемін.

Қазақстанға келіп қоныстанған этнос өкілдері

Қандай тарихи оқиғаға байланысты қоныстандырылды?

96 мың кәрістер соғыс карсаңында

Екінші дүниежүзілік

105 мың поляктар

Ұлы Отан соғысы карсаңында

1 млн-нан аса немістер, оның 400 мыңы Қазакстанға

Ұлы Отан соғысы карсаңында

Жалпы саны 2,5 млн-дай баска ұлт өкілдері

Ұлы Отан соғысы кезінде

2-млн-дай баска ұлт өкілдері

Тың жөне тыңайған жерлерді игеру жылдары

Одан әрі бүгінде жер бетінде 3000-дай этнос өмір сүрсе, олардың 130-ға жуық өкілдері Қазакстанда мекен етеді. Олар да қазақ ұлты сиякты Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне күш салуда. Қазақстан Республикасының Ата Занында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанды мекен ететін барлык этностардың тең екендігі жазылғанын айтып, Қазақстан Республикасы Конституциясынан үзінді келтіремін.

Жаңа тақырыпты меңгеруде окушылармен жүргізетін келесі жұмыс сатысы - жана сөздермен жұмыс.

Тақтаға этнос, диаспора, большевиктер деген жаңа сөздердің аныктамасын жазып қоямын. Окушылар тактадағы осы сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырма бойынша оқушылармен жұмыс жүргіземін. Одан кейін сабақтың соңында төмендегі сұрақ-жауап жарысы арқылы такырыпты оқушылар калай меңгергенін тиянақтаймын.

Сұрақтар:

1. Қазакстанның көп этносты мемлекет болып қалыптасуына себеп болған тарихи оқиғаларды атап шығыңдар.

2. Қазакстанға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қандай этнос өкілдері көшіп келді? Неліктен?

3. Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аякталды?

4. Тың және тыңайған жерлер қай жылдары игерілді?

5. Бүгінде жер бетінде қанша этнос өкілдері өмір сүреді?

6. Басқа ұлт өкілдеріне Қазақстанда қандай мүмкіншіліктер жасалған?

7. Этнос дегеніміз не?

8. Диаспора дегеніміз не?

Үй тапсырмасы: 11 -параграфты соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен мазмұнын түсініп оқып келу. Келесі сабақта өтетін жаңа такырыпқа дайындық ретінде, оқушыларға «Қазакстан қалалары» бойынша қосымша деректер, кітаптар, суреттер жинастырып алып келуді тапсырамын.











5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 15. Қола дәуірінің қоныстары

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін үғыну.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1.«Ежелгі Қазақстан» картасы.

2. Жергілікті өлкетану мұражайындағы қола дәуірінің ескерткіштері.

3. Тас бетіне түрлі суреттер салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін суреттері.

Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақ-тапсырмалардың көмегімен бірнеше оқушыдан жеке-жеке сұрап шығамын.

1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат кандай болды?

2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?

3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?

4. Мезолит аңшылары кандай жетістіктерге жетті?

5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?

Жаңа такырыптың жоспары:

1. Қола дәуірі.

2. Қола дәуірінің ерекшелігі.

3. Қола дәуірі (мық) мәдениеті.

4. Ескерткіштері.

Тас дәуірінен кейінгі ірі дәуір қола дәуірі деп аталады Ол б.з.б. II-I мыңжылдықты камтиды. Одан кейін коланың мыстан айырмашылығын ашып көрсетемін. Қола мыс пен калайының қосындысы. Бұдан кейінгі уақыттарда адамдардың негізгі шаруашылык құрал саймандары негізінен қоладан жасала бастағанын, оны игеруді адамдар калай үйренгені жөнінде кызықты етіп әңгімелеп беруге болады. Еуразияның далалы аймақтарында қоланы игеру ісі ерекше қарқынмен дамыды. Қола дәуірінде рулық қатынастар біржола ыдырап, арнайы шаруашылықпен айналысатын тайпалық бірлестіктер пайда болды. Одан кейін кола дәуіріндегі ерекшелігін мына кесте түрінде ашып көрсетемін.

Қола дәуірінің ерекшелігі

  • Түсті металдар мен алтынды игеру

  • Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы

  • Теселі егіншіліктің пайда болуы

Андрон (мық) мәдениеті тақырыпшасын окушыларға кезек-кезек оқытамын, ал қалған окушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушылардың Андрон мәдениеті туралы түсінігін еске жаксы сақтауы үшін мына төмендегі тірек сызбаны пайдаланамыз.

  • Мық

  • Орталык Қазақстан

  • Бұғылы

  • Ачинск

Андрон мәдениеті

  • Кент арий, тур, қиян

  • 150-жуьщ қабір 30-ға жуық коныс

  • егіншілік

  • мал шаруашылығы

Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның солтүстік, орталық және батысынан табылған. Солардың негізгілері Алексеевка, Ұралысай, Тастыбүлак, Тамғалы, Петровка, Бесбай, Алғабас, Беласар, Бұғылы, Қанай, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Оқушыларға қосымша мәлімет ретінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы әңгімелеп айтып беремін.

А. X. Маргулан. Бегазы-Дандыбаевская кулътура Қентрального Казахстана. Алма-Ата, 1979; Ғұлама тұлга, тағдыр, тагылым(ӘлкейМаргрлан туралы естелік мақалалар). Павлодар, 2004.

Жаңа тақырыпты меңгерудің келесі сатысы сабакта өткен жаңа сөздер бойынша жұмыс: алдын ала үйден дайындап жазып әкелген теселі егіншілік, Андрон мәдениеті, петроглифтер деген сөздер жазылған плакатты тактаға іледі. Тақырыпты окушылар калай меңгергендігін тексеру үшін төмендегі сұрактарды коямын. Оқушылар сұрактың жауабын жылдам беруі тиіс.

1. Қола дәуірі кай кезеңді камтиды?

2. Қола калай алынады?

3. Қола дәуірінің үш ерекшелігін айтып беріңдер

4. Қола дәуірінің ірі мәдениеті неліктен Андрон немесе мық мәдениеті деп аталады?

5. Қола дәуірінде Қазақстан тұрғындарын қалай атаған?

6. Қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған өңір?

7. Қазак жерін кола дөуірінде мекендеген тайпалар қан-дай тілдік топқа жаткан?

9. Ңола дәуірінде егіншіліктің қандай түрі пайда болды?

10. Қола дөуірінің ескерткіші Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашкан көрнекті ғалымды ата.

Үйге тапсырма. 15-параграфты оқып, соңындағы сұрак-тапсырмалар бойынша дайындалып келу. Қола дәуірінің еңбек кұралдарының суретін өздерінің ойынша салып келіп, әңгімелеп айтып беру.













5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §18. «Алтын киімді адам»

Сабақтың мақсаты.

  • Білімділік: Сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалды, рухани мәдениеттің көрсеткіші - өнер туындыларымен сақтардың мәдени-экономикалык даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру.

  • Дамытушылық: Картаның көмегімен сак дәуіріне катысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, тарихи-мәдени ескерткіштер негізінде сактардың экономикалық, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету.

  • Тәрбиелік: Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география

Көрнекілік: Сак қорғандарына жүргізілген экспедициялы жұмыстардың картасы. Сақтардың мәдениетін сипаттайтын зергерлік өнер туындыларының суреті.

Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы

Тақырыптың соңындағы мына сұрақ тапсырмаларға сүйене отырып сыныптың сабақка дайындығын тексеріп шығамын.

1.Тарих атасы Геродоттың жазбаларында сақтардың жауынгерлігі қалай бейнеленген?

2. Отаншылдық, ұлтжандылық деген сөздерді калай түсінесіңдер?

3. Шырактың ерлігі туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.

4. Парсылармен бірге одак кұрып, сақтар қандай елдерге жорық жасады, сол мемлекеттердін аумағын картадан белгілендер.

5. Сақтарға катысты тақырыптың мәтіндерін пайдалана отырып, жасалған хронологиялық ретпен тарихи оқиғаларды баяндап шығыңдар.

Төмендегі тапсырманы орындаңдар: Бұлар кімдер?

Кир- .....................................................................................

Томирис -.............................................................................

Спаргапис -..........................................................................

Ескендір Зұлкарнайын -......................................................

Зарина- ................................................................................

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Есік қорғаны.

2. «Алтын киімді адам».

Бүгінгі тақырыбымыз бұрынғы сабақтарда өткен сактар тарихының жүйелі жалғасы екендігі, «ерте көшпелілер дәуірі» деген атпен белгілі бұл дәуірдің басты ерекшеліктерін, оның Қазақстан тарихында алатьш орнын айта келіп, окушылардың танымын жаңа арнаға бағыттаймын. Көрнекі құралдар арқылы оқушы назарын жаңа сабақка аударып, олардың тақырыпка қызығушылығын тудыруға күш саламын.

Сақ коғамы мәдениетінің даму дәрежесі көрсеткіші ретінде сак дәуірінің өнер туындыларын оқытқанда төмендегі негізгі міндеттерді басшылыкка аламын:

  • сактардың жерлеу дәстүрі,

  • сактардың өнер туындыларының стильдік ерекшелігі,

  • өнер туындылары негізінде сактардың дүниетанымын керсету.

Бұл такырыпты өткенде , сактардың өнер туындыларының ең бір тамаша куәгері - «Алтын киімді адам» көне заманның теңдесі жоқ жәдігері деп атап, оны зерттеп тапкан белгілі ғалым, археолог К. Ақышевтің еңбек жолымен таныстырып, «Алтын киімді адамның» табылу тарихына токталып кетемін. Окушылардың үйден жинастырып, дайындап келген суреттерін пайдалана отырып, сақ өнерінің стильдік ерекшеліктерін сипаттаймын. «Алтын киімді адамға» окулыкта берілген сипаттаманы оқи отырып, оны суреттен тауып алуға әрекеттендіремін. Бұл оқушыларды байқағыштыкка икемдейді. Одан кейін қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің символына айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сак жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың Елтаңбасынан орын табуына сендер қандай баға беріп, ой корытындылайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сұрақ қоямын. Оқушылардың көзбен көріп, есте сақтау қабілетін дамыту үшін төмендегі тапсырма орындалады.

1-тапсырма. Сақ өнері мен мәдениетінің даму дәрежесін көрсететін колөнер жөне зергерлік бұйымдарының суретін сал.

Сабақты бекіту мақсатында окушыларға мынандай сұрақтар қойып шығамын.

1. «Алтын киімді» адам кай жерден табылды?

2. «Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым-археолог кім?

3. Сақ жауынгері мүрдесі басы кай жакка каратылып жерленген?

4. Қабірдің қай бөлігінен ыдыстар, зергерлік бүйымдар табылды?

5. «Алтын киімді адам» қанша алтын әшекейлермен жабдықталған?

6. Қабірден табылған қолөнер заттары қандай стильде бейнеленген?

7. Сақтардың беліне бекітіп жүретін канжары калай аталады?

8. «Алтын киімді адамның» жанынан табылған күміс тостағанда не бейнеленген?

9. Сақ жауынгерінің бас киімінде не бейнеленген?

Қорытындылау: Сақ қоғамының бізге жеткен өнер туындыларын көрсетіп, сақтардың қолжеткен жетістіктерін қалайша бағалайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сабақты қорытындылатамын.

Бағалау:

Үйге тапсырма. 18-параграфты оқып, қосымша деректер жазып келуге тапсырма беру.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §24. Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: ІХ-ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.

  • Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.

  • Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1. Қазақстан картасы.

2. «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет. Әл-Фарабидің т.б. ғалымдардың портреті.

3. Қанатты сөздер жазылған плакат.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасы: оқушылардан Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы және оны картадан көрсетуді тапсырамын. Тақырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша оқушылардан ауызша сұраймын. Ұлы Жібек жолының Қазакстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызы зор болды. Көшпелілер отырықшыланып, тұрақты мекендерін салды. Өзара сауда байланысы нәтижесінде шаруашылықты игерудің түрлі әдіс-тәсілдерімен бір-бірімен алмасты. Қалалар өркендеп гүлденді деп, үй тапсырмасын қорытындылап жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Қазак елінің ежелгі ғалымдары.

2. Әл-Фарабидің өмір тарихы.

3. Әл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.

Ең алдымен тақтада ғылым, білімнің маңызын ашатын қанатты сөздерге тоқталып, оқушылармен мағынасын талқылаймын.

«Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім».

Әл-Фараби.

«Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі - жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас». М.Сагди.

«Жер үстінде адам өмір еткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер».

Жаңа тақырып жоспарындағы бірінші тақырыпша туралы оқулықта жазылмағанымен, қосымша үйден дайындап келген «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет пен кестенің көмегіне сүйеніп түсіндіріп шығамын.

Буклеттегі ежелгі ғалымдардың портреттерін көрсетіп, өмір тарихы, ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталамын.

Ғалымдар,

туған жылы, жері

Ең

басты еңбегі

Не туралы

айтылған?

Жусіп Баласағүн (1030-1090) қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағүнда дүниеге келген.

«Құтадғу білік» («Құтты білік» -қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген дастанды жазды.

Саясат жүргізу, мемлекет баскару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты адамдардың касиеттері жөнінде айтылады.

Махмұт Қашкари, толык аты-жөні Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед - XI ғасырда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барыскан қаасында туған.

«Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) еңбегін жазды.

Орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тауып, ғылыми талдау жасаған. Мұнда түркі тайпаларының шығыстан батыска қарайғы географиялык картасы берілген.

Қожа Ахмет Йасауи 1104 жылы Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген.

«Диуани хикмат» (Даналык жайындағы кітап).

Шығармада өзінің бала күнінен 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер келтірілген.

Әбу Райхан Биру

«Астрономиялык

Ол дүниенің гелио

ни Мұхаммед Ибн

кілт», «Асыл тас

қентристік жүйе

Ахмед (973-1050).

тар», «Өткен бу

сін Коперниктен

Ежелгі Хорезмнің

ындардың ескерт

500 жыл бұрын,

астанасы Қият қа

кіштері», «Үндіс

денелердің жерге

ласынын іргесін

тан», «Масуд таб

тартылысын Гали-

дегі ауылда дүние

лиқалары».

лейден чсөне Нью-

ге келген.

тоннан 600 жыл

бұрын айтқан.

Бұдан кейін негізгі тақырып, ғұлама ғалым әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылымға қоскан үлесіне тоқталып, оқушыларға тақырыпты кезек-кезек оқытамын. Оқушылардың түсінігін тексеру үшін, төмендегі тірек сызба кестесін толтыртамын.

Әл-Фараби

Оқушылар оны алдымен жеке, сосын жұппен, содан кейін топтасып орындайды. Қойылатын талап -тірек кестені барынша көп толтыру болып табылады. Одан кейін тірек кестеге толтырылған сөздерді окушыларға мазмұнына қарай, түрлі түсті маркерді пайдалана отырып, топтастыру ұсынылады. Әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылым жолындағы еңбегіне қатысты жоспар кұру тапсырылады. Біз төменде үлгі ретінде мына жоспарды ұсынамыз.

1. Әл-Фарабиді дүниеге әкелген отбасы.

2. Әл-Фараби білім жолында.

3. Өл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.

4. Осы үлгідегі жоспар бойынша сабақты қорытындыланады.

Бекіту: Ол үшін темендегі кесте толтырылады.

ІШІНЕ

СЫРТЫНА


«Ішіне» және «Сыртына» деген бағанға үйден бүгінгі сабаққа қатысты және қатысты емес сөздерді дайындап алып келіп, кезек-кезек араластырып оқушыларға оқытамын. Оқушылар «Ішіне» бағанына бүгінгі сабаққа қатыстысын жазады, ал қатысты еместерін «Сыртына» бағанына толтырады.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

24-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсымалар бойынша дайындалып келу.








© 2010-2022