Қазақ халқының рухани мәдениеті

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 «А,Ә»сынып 08-11.02.16ж

Сабақтың тақырыбы: рухани мәдениеті Қазақ халқының

Білімділік: Қазақ халқының шешендік сөз өнерінің қыр сырын түсіндіру және рухани мәдениеттің ерекшелігі жайында мағлұмат беру.

Дамытушылық: Өз ойларын түйіндей білуге үйрету және тілдік қорларын дамыту.

Тәрбиелілік: Жүйелі түрде сөйлеуге және қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

І. Үй тапсырмасы:

ІІ.Қызығушылығын ояту:

1-тур: Қарақшылар

2-тур: Жұлдыздар әлемі

3-тур: Асық ату

4-тур: Ауыр тас

1-тур. Қарақшылар Қазақ халқының рухани мәдениеті

  1. Мәдениет қандай түрлері бар, оларды ата:

(материалдық, рухани)

  1. Материалдық мәдениетке не жатады?

(баспаналар, киім-кешектер, еңбек құралдар)

  1. Киіз үй үлкен-кішілігіне қарай неше қанатты болып бөлінеді? (4-6-8-12 қанатты)

  2. Ғұн заманында дүниеге келген сәулет өнерінің туындысы? (дың аталатын құрылыстар)

  3. Грек тілінен аударғанда "пантеон" сөзі қандай мағынаны білдіреді? (құдайлар мекені)

  4. Шапанның қандай түрлері бар? (сырмалы, қаптал, қималы)

  5. Рухани мәдениетке не жатады? (сөз өнері, білім, әдет-ғұрып)

  6. Қазақ хандығы тұсында салынған ескерткіш? (Алаша хан)

  7. Қандай сәулет ескерткіштерін білесіңдер? (Арыстан баб, Қ.А.Йасауи, Алаша хан, Жошы хан)

Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Сөз өнері

  2. Ауызша тарих - ежелгі дүние айнасы

  3. Ауызша тарих айту дәстүрі

  4. 2-тур. Жұлдыздар әлемі

  1. Төле бидің әкесі Әлібек би бала Төлені сынауы (көрініс)

  2. Қазыбек бидің сөзінен жеңілген қонтайшы Қазыбекке қандай атақ берді? (үзінді айту)

  3. Әйтеке бидің нақыл сөздерін айту

  4. 3-тур. Асық ату Қазақ халқының рухани мәдениеті

  1. Ақыл-парасаты ғасырлар бойы аңыз болған, аңыз - ертегілердің кейіпкерлерін атаңдар?

(Жиренше шешен, Аяз би, Алдаркөсе,Тазша бала)

  1. Әз Тәуке мен Абылай ханның заманындағы билер мен шешендер?

( Әнет баба, Төле.Қазыбек,Әйтеке билер, Сырым батыр)

  1. Қазақ халқының шешендік сөз өнері дамыған ғасыр? (ХУІІІ ғасырда)

  2. Қазақтың ақыны - шешен, шешені - ақын болған тұлғаларды атаңдар?

(Бұқар Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Абай Құнанбайұлы)

  1. Әйгілі шешен Қаз дауысты Қазыбек кімдерден бата алған?

(Әнет баба, Сырым батыр, Малайсары биден)

  1. Айтыстың қандай түрлері бар?

(Суырыпсалма, қайым, жұмбақ, қыз бен жігіт)

  1. Көне түріктердің құлпытас бетіне қашап жазған тарихи-мадақ жыр

жазбаларын атаңдар? (Күлтегін,Бумын қаған,Тоныкөк)

  1. Ауызша тарихқа не жатады? (эпос,жыр-аңыз, шежірелер)

  2. "Қазақ шежіресін" хатқа түсірген кім және "шежіре" сөзінің

мағынасы? (Машхур Жүсіп Көпеев «шежіре» сөзінің екі түрі бар араб тілінде ағаштың бұтағы,тармағы десе көне түрік және монғол тілдерінде есте сақтау, жадында ұстау)

4-тур. Ауыр тас

  1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды

  2. Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді

  3. Аузы қисық болсада, байдың баласы сөйлесін

  4. Өнер алды қызыл тіл

  5. Жақсы сөз жан сүйіндірер, жаман сөз жан күйіндірер

  6. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле

  7. Сөйлей-сөйлей шешен боларсың, көре-көре көсем боларсың

  8. Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған ақын алады

  9. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ

  10. Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді

  11. Түйенің бурасы жақсы, сөздің турасы жақсы

  12. Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні

Кері байланыс.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: Нақыл сөздерді жаттап келу.









Төле бидің айтқандары

Қазақ халқының рухани мәдениеті

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

- Балам, мынаны сындырып көрші дейді
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.

Сол кезде Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

Қазақ халқының рухани мәдениеті

ХУІІІ ғасырда қазақ-жоңғар қатынастарының қиын- қыстау кезінде Қазыбек бидің жоңғар қоңтайшысына айтқаны сөзі

« Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз. Елімізден күг-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дөмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, кун боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз...» Қазыбектің осы сөзінен жеңілген қоңтайшы оған «қаз дауысты» деп атақ беріп, айтқанының бәрін орындапты.




Әйтеке бидің айтқандарыҚазақ халқының рухани мәдениеті

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;

Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Қазақ даласы - Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт береке - атаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Мейірімді - анаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::.

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::


Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін!..

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емес пе,

Қара қылды қақ жарған әділ болса!?.

::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда болса да,

Уақыты жеткенде,

Қурамайын құрақ жоқ.

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

Дүние деген фәни бұл,

Панасы жоқ, тұрақ жоқ.

Баласы жоқта, мият жоқ,

Бәрінен де сол қиын,

Түнде жанған шырақ жоқ,

Артта қалған тұяқ жоқ,

Шүкіршілік етіңіз!

:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::


Мұнайлы ауданы

№1 орта мектеп



Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының рухани мәдениеті

(ашық сабақ)

Өткізген: Қазақбаева З

Сыныбы: 5 «А»


2015-2016 оқу жылы



І топ «Тапқырлар»


ІІ топ «Шешендер»

ІІІ топ

«Билер»


© 2010-2022