План урока по истории на тему Ғажайыптар әлемінде

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Бозой орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі Рскалиева Жадыра Шамғонқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайыптар әлемінде» ІІІ бөлім бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік:

Оқушылардың қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері, археологиялық ескерткіштері, діни наным-сенімдері туралы алған білімдерін қойылым арқылы бекіту.

Б)Дамытушылық:

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыра отырып, ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

В) Тәрбиелік:

Оқушылардың ұлттық сана сезімін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: инерактивті тақта, киіз үй, суретті үлгілер, бесік, домбыра.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Қойылым сабақ

Сабақтың әдісі: қойылым қою, СТО элементтері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

ІІ. Сабақтың барысы:

- Балалар, қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында наурыз мерекесі өтіп жатыр екен, жүріңдер біз де наурыз мерекесін тойлауға барайық!

- Сәлеметсіздерме балалар! Мен мына қазақ деген халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тарихымен танысқалы келіп едім.

- Біз қазақ алыстан елімізге қонақ келсе төрімізге отырғызып, қастерлеген халықпыз. Балалар, тіпте бельгиялық ғалым Ян Вансина 25 жыл бойы Африканың жергілікті тайпасымен бірге өмір сүріп, сол тайпаның тарихын зерттеген еді ғой. Ендеше, сізге біздің ортамыздар орын табылады. Бізбен бірге наурыз мерекесін тойлауға жүріңіз.

- Наурыз? Бұл не деген мағынаны білдіреді?

- Наурыз сөзі парсы тілінен енген сөз. «Нау» - жаңа, «руз» - күн деген ұғымды білдіреді. Қазақстанда наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да тоқтап қалды. Тек 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз Қыдыр ата қыдырады деп айтады. Сол себепті, осы түн - Қыдыр түні деп есептеледі. Осы түні жалғыз шала сәуле болмас деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22 наурыздың түс уақытында қарсы алады. Ал, кәнекей, балалар ендеше мерекені тойлауға барайық.

- Мынау неткен керемет ғимарат? Бұл қандай ғимарат?

- Бұл қазақ жеріндегі тамаша сәулет ескерткіштерінің бірі Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йассауидің басына тұрғызылған кесене. Бұл кесене 1396-1404 жылдары Орта Азия, Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Құрылыстың биіктігі - 40 метр, ғимаратта 35 бөлме бар. Ішінде тайқазан және кітапхана да бар.

- Бұндай кесенелер қазақ жерінде өте көп. Соның бірі, Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында 13 ғасырда салынған күмбезді күйдірілген кірпіштен қаланған Жошы хан кесенесі.

- Қазақ өлкесіндегі кесенелердің бірі Арыстан баб кесенесі. Кесене көне Отырардың батыс жағында 3 км. жерде орналасқан. Аңыз бойынша ол VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Оның құлап қалған күмбезін Әмір Темір XIV ғасырда қайта салғызыпты. Кесене екі бөлмеден тұрады.

- Кесенелердің бірі Алаша хан кесенесі. Кесене XIV-XV ғасырлар аралығындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Бұл кесененің өзіндік ерекшелігі - далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынуы. Күмбездің қабырға сыртын әсемдеуде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі кең қолданылған. Күмбез Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған.

- Иә, қазақ өлкесі мәдени мұраға өте бай өлке. ХІ-ХІІ ғасырларда салынған ғимараттардың бірі Тараз қаласынан 18 км жерде Айша бибі кесенесі орналасқан. Ал енді жүрейік мерекеден кешігіп қалармыз.

(Адамдар бір-бірімен тілек айтысып көрісіп жатады)

- Адамдар бір-бірімен неге көрісіп жатыр?

- Наурыз тойы күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, бір-бірімен көрісіп, іштеріндегі ашу-ызаларынан арылады. Наурыз тойында көңілді ойын-сауықтар құрып, ат жарыс, палуан күрес, айтыс, ән-би өнерлері шырқалады.

Кәнекей, балалар, Төлеби мен Қарлығаштың айтысына кезек берейік.

Жігіттің сөзі:

Қаратауым дегенде, Қаратауым,

Тау басынан соғады қара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге

Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.

Қыздың сөзі:

Бәдік кетіп барады таудан асып,

Таудан асқан бұлтпенен араласып.

Енді екеуміз бәдікті тауып алып,

Шын мәнінде шығайық сабаласып.

Жігіттің сөзі:

Темір бәдік дегенде, темір бәдік,

Қу қыздардың шекесін кемір, бәдік.

Семіз қыздың ішіне кіріп кетіп,

Бүйрек майын же дағы семір, бәдік.

Қыздың сөзі:

Бәдік кетіп барады Мекесіне,

Ешкі арығын білдірмен иесіне.

Одан көшер жағыңды мен айтайын,

Бар да жабыс жігіттің шекесіне.

Жігіттің сөзі:

Қаратаудан кей бәдік асып кеткен,

Жігіттердің үрейі қашып кеткен.

Етегіне бір табақ топырақ салып,

Көрген қыздың көзіне шашып кеткен.

Қыздың сөзі:

Бозбаланың көш, бәдік, санына көш,

Жатып ішір жалқаудың қарнына көш.

Онан көшер жеріңді мен айтайын,

Жігіттердің қушиған жағына көш.

- Мені таң қалдырып тұрған мына нәрсе. Бұл қандай үй?

- Бұл көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы - киіз үй. Киіз үй көшпелілер үшін жинап-тігуге өте ыңғайлы болған. Киіз үйдің қаңқаларына үйдің шеңбер қабырғасын - кереге деп, киіз үйдің күмбезді төбесін - шаңырақ деп, шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлшегін - уық деп атайды.

Жігіттің сөзі:

Бәрекелді қыздар! Ал ендеше қазақтың ұлттық ойындарын тамашалайық.

- Слайдтан ұлттық ойындар көрінісін көрсету.

- Балалар, біздің бүгінгі мерекемізге тіпте майталман күйшілер де келген екен. Әнекей ана жақтан күмбірлеген күдің дыбысы шығып жатыр, кәнекей тыңдап көрейікші бұл кімнің күйі екен?

Оқушыларғы Құрманғазының күйін тыңдату.

- Балалар бұл төкпе күйінің негізін салушы Құрманғазы Сағырбайұлының күйі емес пе.

- Иә, дұрыс айтасың, тіпте шертпе күйінің негізі үлгісін жасаған Тәттімбет Қазанғапұлы деген де күйші бар емеа пе.

Әженің сөзі:

- Ал менің кішкентай балаларым наурыз мерекелерің құтты болсын!

- Сәлеметсіз бе әже, наурыз мерекесі құтты болсын. Әже сіз қазақ халқының қандай салт - дәстүрін білесіз?

- Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге өте бай халық . Бала дүниеге келгеннен бастап түрлі салттарын жасайды. Ендеше мен баланы бесікке бөлеу рәмізін көрсетейін.

Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап (алас-алас), «тыштырма» жасап алады да, баланы бесікке салады. Бесік үстіне жеті қадірлі зат жабады. Қазақ халқы жеті санды қасиетті деп,жабылған әр нәрсенің өзіндік мәні бар дейді.

( Әже баланы бесікке салу рәмізін көрсетеді )

-Әже наурыз көжеден ауыз тиіңіз.

- Бұл не деген сусын?

- Наурыз көже- наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көже сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да басқа тағамдарды қосып пісіреді және келгендерге ұсынады.

- Қандай керемет тәтті көже.

- Тойымызға Қыдыр келді. Қыдыр ата келе жатыр!

Қыдыр атаның сөзі:

- Уа, халқым, балаларым! Мен Қыдыр атамын. Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтап , ақ батамды бергелі келдім.

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин.

- Құрметті балалар. Мен сіздердің арқаларыңызда қазақ деген халықпен, олардың мына біздерді таңқалдырған мәдени өнері, салт-дәстүрлерімен таныстым. Мен Бүгінгі күнімді сіздермен бірге өткізгеніме еш өкінбеймін.

Арайлап таңың атты, аттан, қазақ,

Ерікті елдік алдың, мақтан, қазақ.

Аңсаған арманыңа қолың жетті,

Күреске белің буып аттан, қазақ.

Ұмытпа өткеніңді, асыл қазақ,

Еселеп ерлігіңді асыр, қазақ.

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық,

Жасасын адамшылық, имандылық!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілеймін бақыттылық, баяндылық!

- «Жүрек жылуы» психологиялық тренинг (Наурыз мерекесіне орай бір-біріне жылы тілектерін айту)

ІІІ. Қорытынды:

- топтастыру.

Көрікті

кесенелер

Наурыз

Ғажайыптар

әлемі

Материалдық мәдениет

Шешендік

өнер

Қазақ халқының наным-сенімдері

Дала

музыкасы



IV.Бағалау

V. Үйге тапсырма беру

© 2010-2022