ХҮІІ ғ Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ХҮІІ ғ Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайыХҮІІ ғ Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайыҚызылорда облысы,

Шиелі ауданы,

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Тарих пәні мұғалімі: Махаш Г

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ ғ Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Ирандағы сефевидтер әулеті билеген кездегі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттау;Нәдір шах тұсындағы Иранның ішқі-сыртқы саясатына да шолу жасай келіп, ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы Каджар әулеті билеген кездегі Иранның жағдайын оқушыларға түсіндіру.

  • Оқушыларды өз бетімен ізденулеріне арналған қосымша материалдарды оқуға дағдыландыру.

  • Әр елдің даму тарихын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі -баяндау, сызба сызу, оқулықпен жұмыс.

Көрнекілік: Дүние жүзінің саяси картасы

Жетекші ұғымдар: Сефевид мемлекеті, дивани, хассэ, уакф, мульк, арбаби, райяттар, иляттар,

«ұлы уәзір», вилаеттер мен эялетер, шариғат соты.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • 1.Дәптермен жұмысты тексеру

  • 2.Сөздерге анықтама беру

  • 3.Сипаттама беру

  • 4.Сұрақ-жауап

  • 5.Бос орынды толтыру.

ІІІ.Өткен материалды қорытындылау.

ІҮ.Жаңа материалды баяндау:

Сабақтың жоспары:

  • 1.ХҮІІ ғасырдағы Ирандағы Сефевид мемлекеті.

  • 2.Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы саясаты.

  • 3.Иранда Каджар әулетінің билікке келуі.

Сабақтың мазмұны:

1.Сефевид мемлекетінің құрамына Иран жерінен басқа ,ХҮІ-ХҮІІ ғғ.жаулап алынған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Мерв қаласына дейінгі Орта Азияның бір бөлігі, Ауғанстанның Герат, Фаррах және Қандағарды қосқандағы батыс жағы және бүкіл Белуджистан кіреді

Шах (шексіз билеуші)

билеуші

Сефевид

әулеті

Ұлы уәзір



Ұлы уәзір


Меншік иелері


1)Феодалдық меншік

2)Мемлекеттік меншік( Дивани)

3)Отбасының меншігі (хассэ)

4)Дін орындарының жер иеліктері (уакф, мульк, арбаби)

Шаруашылықтары: 1.Мал шаруашылығымен айналысатындар (иляттар)

2.Егін шаруашылығымен айналысатындар (райяттар )

2.Нәдір шахтың Иран жерінен ауғандар мен түріктерді қуып шығуы оның беделін өсіреді. 1736 жылы феодал ақсүйектері мен дінбасылары құрылтай шақырып Нәдірді Иранның шахы етіп жариялады.

Жылы

Қай жерге жорық жүргізді?

Нәтижесі

1729 ж.

Ауған басқыншыларына

Иран жерінен қуды.

1730-1735жж.

Түріктерге қарсы шықты.

Иран жерінен қуды

1736-1739жж.

Үндістанға жорық жасады.

Орта Азияға, Дағыстан жеріне Қосөзенді басып алу мақсатымен Түркияға қарсы шығады. Делиді талқандады.

Барлығы сәтсіз аяқталды.

1747 ж.Нәдір шахқа халық қарсы шығады.Хорасанда бүлікшілер шахты өлтіреді.


  1. ХҮІІІ ғасырдың соңында Иранда Каджар әулетінің билігі орнады.

1796 ж. Иран шахы болып Аға Мұхамед хан тағайындалды. Ирандағы Каджар әулетінің астанасы Тегеран қаласы болды.

Иран жері әкімшілік жағынан Вилаеттер( облыс) мен Эялеттерге (провинция) бөлінді.

Вилаеттерді шах тағайындаған хакімдер басқарды.

Эялеттердің басында шахтың мұрагерлері- шахзадалар отырды.

Ү. Бекіту: Сұрақ- жауап.

1.Иранда ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. феодалдық жер иеленудің қандай түрлері болды?

2.Нәдір шах қандай елдерге басқыншылық жорықтар жасады?

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма: §11.Оқу.

ҮІІІ. Қорытындылау.








© 2010-2022