Қазақ АКСР - ның құрылуы

Қазақ елінің Қазақ АКСР болып құрылуы мен оның территориясы белгіленіп мемлекет болып қалыптасуын түсінеді.Сабақтың мақсаты: қазақ елінің отарлық езгіден азат ету, эволюциялық конституциялық жолмен Автономиялық ұлттық мемлекет құрылғанын түсінеді. Сабақтың міндеттері: Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республиканың құрылу заңдылықтарын түсінеді.түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушының шығармашылығын дамыту.Отанын сүйетін азаматтар тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жеке, топтық жұмыс. Сабақт...
Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы: 9 «Б» Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ АКСР-ның құрылуы.

Сабақтың мақсаты: қазақ елінің отарлық езгіден азат ету, эволюциялық

конституциялық жолмен Автономиялық ұлттық

мемлекет құрылғанын түсінеді.

Сабақтың міндеттері:

  • Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республиканың құрылу заңдылықтарын түсінеді.

  • түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушының шығармашылығын дамыту.

  • Отанын сүйетін азаматтар тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жеке, топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Көрнекі-құралдар:

1.Карта Қазақ жерінің АКСР-нің құрамына бірігуі

2. Ұлт қайраткерлерінің суреттері.

3. Интерактивті тақта, салайд.

4. Тарихи және әдеби кітаптар, таным арттыратын тапсырмалар.

Пән аралық байланыс: дүниежүзі тарихы, география.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыра сұрау.

III. Жаңа сабақ

IV. Критерий бойынша бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.

1. ЖИГСО әдісі. Бұл әдіс арқылы тақырыпты әрқайсысы жеке оқып, топта талқылып, келесі топқа барып талқылап, қайта өз жанұясына оралғанда тақырыпшаларын қорғайды.

Қазақ автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы. Патша үкіметі Оралдан асып, Тынық Мұқитқа жетер жолда Еуразия аумағын мекен еткен жауынгер елдерді бағындыру үшін екі ғасырға жуық аяусыз күрес жүргізіп келді.

Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекеттігі идеяларымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы да көрсетті. Олар кеңістік негізінде Қазақ автономиясын құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізуге мәжбүр болды.

1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөнніндегі революциялық Комитет туралы декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құралатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері - контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік шаруашылық және мәдени құрлыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленді. Революциялық комитетінің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді.

Қазақ ревкомының басшысы болып, ұлты поляк, 1902 жылдан Компартия мүшесі, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды.Ревком құрамында В.Лукашев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев енді.

Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, адал пиғылды ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрлысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревкомның органы - «Ұшқын» газетіне шығарылды. 1920 жылы 9-наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі » деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды.

1920 жылы 26 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» Декрет шығарды.

1920 жылы 4-қазанда Орынбор қаласында Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ АКСР) Кеңестерінің құрылтай сьезі болды. Съезде РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Қаз АКСР-і) жарияланды.

ҚазАКСР-нің тұңғыш астанасы Орынбор болды.

2. Мағынаны тану.

Дәптермен жұмыс (бұл кезде оқушылар дәптерге хронологиялық кесте түсіреді)

1. Қазревком 1919 жылы 10 шілдеде құрылды.

2. 1920 жылы 26 тамызда Қазақ АКСР құрылды.

3. 1920 ж. 9-наурызда Алашорда таратылды.

I топ. «Дұрысын тап»

  1. Қай жылы Қазревком құрылды?

  2. Қазревкомның мақсаты қандай?

  3. Қазревкомның газетінің аты?

  4. Қаз АКСР-і қай жылы жарияланды?

II топ: «Құпияны аш»

  1. Большевиктер деген сөздің мағанасын аш?

  2. Автономия дегеніміз не?

  3. РКФСР тарқатамыз

  4. Қазревком сөзін тарқатамыз

III топ «Кім көп біледі?»

  1. Қазақ АКСР-нің жоғарғы өкімет органдары? Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі.

  2. Қазақ Атқару Комитетінің төрағасы болып кім сайланды? С.Меңдешев

  3. Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып кім сайланды ?В. Радус-Зенькович.

  4. Орынбор қай жылдар аралығында астана болды?

3. Ой-толғаныс.

а) таным арттыратын топтамамен жұмыс (мемлекет басшыларымен зиялылар туралы мәлімет беріледі)

ә) деректі материалдар мен оқулықпен жұмыс

б) сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.

4. «Миға шабуыл» әдісі.

1. 1920 жылдан 1924 жылға дейінгі Қаз АКСР-ы астанасы:

A) Орал.

B) Ақмола.

C) Омбы.

D) Қызылорда.

E) Орынбор.

2. Қазақстанда азамат соғысы аяқталған жыл:

A) 1920 ж.

B) 1919 ж.

C) 1922 ж.

D) 1921 ж.

E) 1923 ж.

3. 1919 жылы қазақ өлкесіндегі жоғарғы әскери-азаматтық басқарма:

A) Қазақ АКСР төтенше комитеті.

B) Ревтрибунал.

C) Қазревком.

D) Қазақ АКСР ОАК.

E) Қазақ АКСР ХКК.

4. 1917 ж. қарашаның 22-сінде Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV съезді ашқан қазақ азаматы:

A) С. Сейфуллин

B) Ә. Бөкейханов

C) М. Шоқай

D) А. Байтұрсынов

E) Т. Рысқұлов

5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтары:

A) Жетісу және Ақтау

B) Торғай және Жетісу

C) Жетісу және Қаратау

D) Ақмола және Өскемен

E) Торғай және Қарағанды

6. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының барысында орнаған қос өкіметке енді:

A) Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі.

B) Кеңес үкіметі және ақсақалдар кеңесі.

C) Уақытша үкімет және ақтар диктатурасы.

D) Уақытша үкімет және казактар округінің әскери үкіметі.

E) Уақытша үкімет және Құрылтай жиналысы.

7. Қазақ АКСР-ның құрылғанын жариялаған құжат:

A) КСРО Конституциясы.

B) Құрылтай съезінің резолюциясы.

C) "Қазақ АКСР-ның құрылуы жөніндегі" декрет.

D) Қазақ АКСР-ның құрылуы туралы Заң.

E) Қазақ АКСР-ның Конституциясы

8. 1924 жылы Қазақстан астанасы көшірілген қала:

A) Орал.

B) Қызылорда.

C) Ақмола.

D) Орынбор.

E) Алматы.

IV. Критерий бойынша бағалау.


Бағалау

  1. Мәтінді толық игеруі 1

  2. Өз деңгейінде топқа түсіндіре алуы 2

  3. Картамен жұмыс жасай алуы 2

  4. Сын тұрғысынан көзқарас 1

5. Баяндау тілінің өзіндің ерекшілігі 2

6. Тест 2

Кері байланыс

  • Бүгін мен не үйрендім?

  • Маған не ұнады,не ұнаған жоқ, немесе мен қандай сезімде болым?

Себебін көрсет

  • Бүгінгі сабақ бойынша сұрағың немесе пікіріңді жаз.

VI. Үйге тапсырма беру: Қазақ АКСР-ның құрылуы тақырыбындағы

деректі материалдармен жұмыс.

Тақырып бойынша тест құрастыру.

© 2010-2022