«Дебат «Интернет пен әлеуметтік желілердегі оқушы рөлі». »

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы

№ 9 орта мектебі» ММ.


«Дебат«Интернет пен әлеуметтік желілердегі оқушы рөлі».»

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Дебат«Интернет пен әлеуметтік желілердегі оқушы рөлі».»



Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімі

Ильясова Ж.А.




Сабақтың тақырыбы: Дебат«Интернет пен әлеуметтік желілердегі оқушы рөлі»

Сабақтың мақсаты: І. Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен
таныстыру. Интернет пен әлеуметтік желілерге байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, пәнге қызығушылығын арттыру.
ІІ Оқушылардың Интернет пен әлеуметтік желілерге туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық , ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

III Адамгершілікке, ізеттілікке техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер.Плакаттар мен суреттер.
Әдіс Сұрақ-жауап, баяндау
Түрі Пікір-сайыс.
Сабақтың өту барысы

Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер және оқушылар!Пікір- сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты:

Елбасысымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2015жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму.» Жолдауында«ХХІ ғасыр жастардың жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі заманда IT- технологияларды өмірізде кеңінен қолдану, атап айтсақ білім беру жүйесінде, медицинада, өндірісте және тағыда басқасалаларда пайдалануымыз қажет » деп атап көрсеткендей, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді.Соның ішінде Интернет пен әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және әлеуметтік желілер арқылы хат алысып жатады.. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен әлеуметтік желілердің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізбен таразыға салып көрейік.

ҚатысушыларСайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда үш спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын, дефинициясын, критерийін, аргументтерімен) (дәлелдерін) таныстырады.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.

ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.
Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
2. Қорытынды.

Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.

Сайысымыздың сарапшыларымен төрешілерін сайлап алып, таныстырайық:
«Келешек» тобының сарапшысы
«Болашақ» тобының сарапшысы
Төрешіміз-
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады.

Бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру Уақыттарыңыз-1- минут

Жақтаушы жақтың спикері:(Болашақ тобы) -

Қарсы жақтың спикері: (Келешек тобы)- .

  • Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі -2 минут.

«Болашақ» жақтаушы фракциясы тобы сөз кезегі сіздерде.
- Жүргізуші: Дәлелдеңіз.

  • Жүргізуші: Қарсы жақ -даттаушы «Келешек» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде.

  • Жүргізуіш: Дәлелдеңіз.

  • Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут

  • Жүргізуші: «Болашақ тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?

Жақтаушы жақ уақытыңыз - 3минут. Ұсыныс:

  • Жүргізуші: Енді қосымша айтарларыңыз бар ма? Қарсы- даттаушы жақ

Қосымша айтар болса уақыты -2 минут.

  • Жүргізуші: Келесі «Болашақ тобы» Қосымшаны хабарлайтын -Қасымбекова Жанар, уақыты -2 минут:

  • Жүргізуші: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз бар болса, уақыттарыңыз 2 минут.

  • Жүргізуші: Екі фракцияда сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі кезеңдегі сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.Олай болса Жақтаушы жақтың«Болашақ» тобының сарапшысы өз ойыңызды ортаға салсаңыз, уақытыңыз -3 минут

  • Қарсы- даттаушы жақтың «Келешек» тобының сарапшысысөз кезегі өзіңізде, уақытыңыз -3 минут.

  • Жүргізуші: Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер төрелік сөздерге тоқтаған, ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешіміз;лицейдің әдіскері Ж.Бегімбетке сөз береміз.

  • Жүргізуші:Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор, яғни интернет пен әлеуметтік желілер техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мадени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қыйын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

«Интернет -бір күндік
Кітап-мәңгілік»- дегендей, кітаптан қол үзіп қалар шақта тұрған мына заман интернет пен әлеуметтік желілертің заманы.

Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл Болашақының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен әлеуметтік желілертің де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде бейнелеген.
Тау суындай гүрілдеп,
Айбынды алаш елім дер
Алтын арқа жерім дер
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма сұңқарға
Талу бар ма тұлпарға
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін - дегендей ,

ХХІ ғасыр - жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар -дейміз.



© 2010-2022